Слайд 2
Жоспары:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлімі:
Мейоз туралы жалпы түсінік
Генетикалық рекомбинация
түсінігі және мейоздағы мәні
Мейоздың биологиялық маңызы
Мейоз процесінде тұқым құалаушылық
материалының өзгеруі
Митоз бен мейоздың арасындағы ұқсастық пен айырмашылық
ІІІ. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Слайд 3
Мейоз-бұл жыныс жасушасының бөлінуі және диплоидты хромосома саны
гаплоидтыға төмендейді.
Мейоздың жалпы үлгісі: жасушада бір рет хромосоманың екі
еселенуі /ДНҚ-репликация/, бөліну 2-і циклдан тұрады:
1-ші және 2-ші мейозды бөліну нәтижесінде бір диплоидты жасушадан төрт гаплоидты жасуша түзіледі.
Жасушаның бөліну фазалары: интерфаза, профаза, метафаза, анафаза, телофаза және бөлінуден кейін тағы да интерфаза.
Кроссинговер – гомологиялық хромосомалар арасында бөліктердің алмасуы, бірінші мейозды бөлінудің профазасында жүреді (профаза I), оның келесі этаптары бар: лептотена, зиготена, пахитена, диплотена, диакинез
Лептотена фазасында хромосома конденсациясы жүреді, олар ақуызды жіп және ұзын жұқа талшық түзеді. Әрбір хромосома екі соңымен ядро мембранасына бекінеді, сонымен қатар хроматидтен тұрады.
Зиготена синапсисадан, екі гомологтың тығыз конъюгациясынан басталады. Гомологтар конъюгациясынан кейін, олардың ақуызды жіптері жақындап синаптонемальді комплексті түзеді. Конъюгация процессі хромосоманың бірнеше нүктесінен басталады және ұзынан бойлай қосылады. Гомологты хромосоманың конъюгацияға ұшыраған жұптары бивалент деп аталады.
Слайд 4
Пахитена. Син.комплекс кроссинговерге ұшырайды және алғашқы әртүрлі хроматидтер
арасында, бөліктердің алмасуы жүреді. Гендер бір хромосомадан басқа хромосомаға
ауысады және жаңа генді комбинация басталады.
Диплотенада– синаптонемальді комплекс ыдырайды. Гомологты хромосомалардың биваленттері бір-бірінен ажырайды, бірақта олар кроссинговер жүрген жерде өзара хиазмамен байланысады. Аталық жыныс жасушасында хиазма саны 60-70, ал аналық жасушада -100-ге жуық.
Диакинез. Центромера және хиазмамен байланысқан гомологты хромосома хроматидтері бір-бірін итеруі әрі қарай жүреді. Хромосома соңы ядро мембранасынан ажырайды. Диакинез кезеңінде ядро қабықшасы, ядрошық жойылады
Слайд 7
Жыныс клеткалары даму процесінде бір ізді екі бөлінуден
түратын мейозға ұшырайды:
Оның біріншісі кәдімгі хромосома санын екі есе
азайтатын редукциялық (диплоидты клеткалар гаплоидты эквациалық (теңестіруші) бөліну, бұл кезде клеткалар хромосомаларының гаплоидты жиынтығын сақтайды.Мейоз циклі бір ізді бірқатар фазадан тұрады, ол кезде хромосомалар заңды өзгерістерге ұшырайды. Бірінші белінуте қа-тысты фазаларды I рим цифрымен белгілеу, екінші бәлінудің фазаларын II рим цифрымен төмендегідей белгілеу қабылданған:
Слайд 8
Мейоздың бірінші бөлінуі (мейозІ)
Бұл ең ұзақ және күрделі
фаза, оны жиі бес кезеңге бөледі: лептотена, зиготена, пахитена,
диплотена және диакинез.
1.Лептотена (жұқа жіпшелер кезеңі). Спирализация процесінде хроматин жіпшелері қысқарып, қалыңдайды. Бірақ олардың спирализация дәрежесі төмен, митозға қарағанда. Хромасомаларында қалыңдаулар байқалады – хромомерлер. Бұл жерде хромасомды материалдың спиральдануы күштірек. Әлсіз спиралденген учакелерде РНҚ синтездеуін жалғастырып келеді. Хромасомалар екі хроматидалардан тұрады, олар центромермен байланысқан, бірақ осы кезеңде олар бірігіп болып көрінеді. Ядроның формуласы – 2n4c.
2.Зиготена (гомологиялық хромасомалардың жұптасып қосылу кезеңі). Гомологиялық, яғни мөлшері мен формасы бірдей, хромасомалар, олардың біреуі «аталық», ал екіншісі «аналық», жақындасып, ұзына бойы қосылады, арнайы ақуыздар арқылы бекініп тұрады. Бұл процесті конъюгация деп аталады. Конъюгацияланған хромасомдар жұбы, әрқайсысы екі хроматидалардан тұрады,бивалентті деп аталады, немесе тетрада. Ядрода жұп гаплоидты хромасома бар, немесе бивалентті. Бұл уақытта ДНҚ репликациясы аяқталады. Ядроның формуласы – 1n4c.
3. Пахитена (толық жіпшелер кезеңі).Гомологиялық хромасомалар конъюгация жағдайында ұзақ уақыт болады, бір бірімен тыңыз байланысып. Биваленттің кейбір жерінде әртүрлі гомологтарға ие хроматидалар қосылып, ажырайды. Хроматидалардың ажырауының қалпына келу процесінде гомологиялық хромосомалар сәйкес учаскелермен алмасады. Осындай учакелермен алмасуды кроссинговер деп атайды. Кроссинговер бірнеше учаскелерде өтуі мүмкін, жынысты жасушалардың тұқым қуалаушылық ақпараттың рекомбинациясының жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді. Ядросының формуласы - 1n4c.
Слайд 9
4.Диплотена (екіге бөлінген жіпшелер кезеңі). Гомологиялық хромасома, ,
бивалентті құрайтын, бір бірінен тебісе бастады, бірақ кроссинговер болып
жатқан учаскеде олар бірігіп тұр. Бұл учаскелерді хиазма деп атайды. Бұл кезеңде хромасомалардың екі хроматиді бар екені жақсы көрініп тұр. Ядроның формуласы-1n4c.
5.Диакинез (гомологиялық хромасомалардың тебілісу кезеңі). Гомологиялық хромасомалардың тебілісуі жалғастырылып келеді, бірақ олар әлі хиазмамен қоршалған. Хиазмалардың мөлшері конфигурацияны анықтайды. Қиылысқан түрі хиазмасы бар биваленттерге тән, сақиналы түрі екі хиазмасы бар биваленттерге тән. Бұл кезеңде хромасомалар максималді спиральденген, қысқарған, қалыңдаған. РНҚ синтезі тоқтатылады. Ядроның формуласы – 1n4c.
Слайд 13
Генетикалық рекомбинация — бір торшаны екі түрлі вируспен
зақымдағанда болатын будандасу. Генетикалық рекомбинация нәтижесінде аналық вирустарда жоқ
мәліметтер жинағы жазылған ұрпақ геном пайда болады. Вирустарда бұл байланыс екі түрлі әдіспен өтеді: молекулалар алмасуы және ген алмасуы. Молекула алмасуда нуклеин қышқылының бөлшектері алмасады, мұнда ковалентті байланыс үзілмейді (мысалы,. грипп вирусындағы РНҚ үзінділерінің алмасуы).
Ген алмасуында нуклеин қышқылының ковалентті жалғаулары үзіліп қайта қосылады. Бүл жағдайда екі геном бірімен бірі араласып кетсе, жаңа ұрпақ геномы пайда болады. Мұндай жағдай екі түрлі вирус бір торшаға кірсе ғана туады. Ген араласу әдісімен үзік геномды вирустар ғана будандасады. Онда екі вирустың геном кесінділері бір бірімен алмасады.
Гомологиялық хромосомалардың өзара ұқсас жерлерімен алмасуы гендердің алмасуын, яғни гендердің рекомбинациясын (латынша «ре»-кейін, «комбинаре»-қосу) қамтамасыз етеді, сөйтіп эволюцияда комбинативтік өзгергіштіктің ролін едәуір арттырады.Үйлескен жаңа белгілері бар организмдердің пайда болу жиілігіне қарап хромосомалардың айқасқандығы жөнінде пікір айтуға болады. Мұндай организмдерді рекомбинанттар деп атайды.Кроссинговерге ұшыраған хромосомалары бар гаметалар кроссоверлі деп, ал кроссинговерге ұшырамаған гаметалар кроссоверлі емес гаметалар деп аталады.Осы кроссоверлі гаметалардан пайда болған ұрпақтар кроссоверлер немесе рекомбинанттар деп аталады, ал бірінші кроссоверлі емес гаметаларынан пайда болған кроссоверлі емес немесе рекомбинантты емес организмдер деп аталады.
Слайд 14
Шыққан тегі әр түрлі (әкесінен және шешесінен) гомологиялық
хромосомалар ақ және қара түс. Мысал ретінде гомологиялық емес
екі жұп хромосомалары бар (2п = 4) клеткалар алайық. Мысалы, гаплопаппус (Наріорарриз ^гасі-Ііз) деген өсімдіктің, астық тұқымдас өсімдіктің (2іп£егіа Ьіе-Ъегзіеіпіапа) және қан сорғыш шыбындардың бір түрінің (Еизіггшііит зесигііогте) хромосомалар саны осындай болады. 11 профаза кезектесіп келетіи бірнеше стадиядан тұрады. Лептонема стадиясы кезінде интерфазалық ядроның торлы қүрылымы жойылады да, жіңіщке жеке жіпшелер көріне бастайды, олар хромосомалар болып табылады. Жарықтық микроскоптан көрінетін жіпшелердің саны диплоидты болады. Лептонема стадиясы кезінде хромосома жіпшелері ең кемі екі еселеніп жұптанған болатыны электрондық микроскоп көмегімен анықталды, бүл жағдай хромосомалардың екі еселенуі интерфаза кезінде болып кеткенін көрсетеді. Бұл фаза кезінде хромосомалардың спиральдануы әлі жеткіліксіз болғандықтан және олардың жартылары біріне-бірі тығыз жанаса орналасқандықтан, хромосомалардың жұптанған табиғаты жарықтық микроскоптан көрінбейді.
Слайд 17
Келесі стадия — зигонемада гомологиялық хромосомалар ұқсас учаскелері
арқылы біріне-бірі тартыла бастайды. Олардың жүптанып қосылуы кәбінесе екі
шетінен (кейде центромера-лардан) басталады. Жақындасу бір нүктеден басталады да,хромосоманың бүкіл үзындығына таралады. Гомологиялық хромосомалардың мүндай өзара тартылысын коньюгация немесе синапсис деп атайды.
Молекулалық биологияның мәліметтеріне сүйенген қазіргІкөзқарастар бойынша, гомологиялық хромосомалар коньюгациясының негізінде алғашқы қүрылымдары бірдей ДНК молекулаларының бірін-бірі «тануына» байланысты болады. Зигонемада шағын ғана мөлшерде (0,3%) ДНК синтезделетіні авторадиография тәсілімен анықталады; мүндай синтездің нашарлауы хромосомалар коныогациясының бүзылуына әкеліп соғады, сондықтан синтезделетін ДНҚ коньюгацияның жүруінде белгілі қызмет атқарады деп болжауға мүмкіндік береді. Хромосомалар коньюгацияланғаннан кейін, олардың түйісіп| байланысуы синаптонемальды комплекс деп аталатын субмикроскоптық деңгейде үсталып түрылады, бүл өте күрделі, хромосомаларды езара тартып, оларды бірінен-бірі 100 м қашықтықта ұстап тұрады.
Хромосомалар коньюгациялары аяқталған, ал олардың спиральдануы ары қарай созылуы нәтижесінде хромосомалардың қысқаруы және жуандауы жалғасатын стадия пахинема деп аталады. Гомологиялық хромосомаларда спиральдану процесі бір мезгілде жүреді. Бұл кезде гомологиялық хромосомалардың әрқайсысының жүптанған қүрылысы жақсы көрінеді. Мүнда әр хромосома екі сіңлілі хроматидтен түрады, оларды бір центромера біріктіріп ұстап тұрады. Коньюгацияланған гомологиялық, екі хромосома төрт хроматидтен құралған бивалент түзеді. Гомологиялық екі хромосоманың хроматидтерін сіңлілі емес (не - сестринские) деп атайды. Төрт хроматид тетрада фигурасын түзеді. Хромосоманың нәзік құрылысын зерттеуге осы стадия қолайлы болады.
Пахинема стадиясының сонында және келесі стадия — диплонемада хромосомалар ширатылып бірі-не-бірі оралады. Гомологиялық хромосомалардың сәйкес учаскелері бірін-бірі итере бастайды. Бірін-бірі итеру, бірдей зарядталған денелер сияқты, центромерадан басталады да, екі шетіне таралады. Сөйтіп зиготена стадиясында болған қубылысқа кері процесс басталады. Хромосомалардың ажырауы кезінде олардың ширатылуы тарқайды. Осы көрсетілген себептерге байланысты «х» тәріздес фигура түзіледі, ол хиазма деп аталады.
Слайд 18
Мейоздық екі белінудің аралығындағы фазаны интеркинез деп атайды.
Интерфазадан интеркинездің айырмасы хромосомалар репродукцияланбайды, ДНК. репликациясы болмайды. Олар
екі еселенген және сіңлілі хроматидтерден түрады, ол хроматидтер де II профазада қосарланған болады, яғни жарты хро матидтерден тұрады. Бүл хромосома жіпшелерінің репродукциясы мейоз басталу алдында, интерфазаның өзінде-ақ болғанын көрсетеді. II профазаның митоз кезіндегі профазадан айырмасы жоқ.
II метафазада хромосомалар центромераларымен экватор кеңістігінде орналасады.
I анафазада центромералар айрылады да, әр хроматид дербес хромосомаға айналады. II телофазада хромосомалардың ажырап екі полюске таралуы аяқталады және цитокинез басталады.
Слайд 19
МЕЙОЗ БЕН МИТОЗДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҚ
Слайд 22
Қорытынды:
Мейоз (гр. meіosіs — кішірею, азаю) — жетіліп
келе жатқан жыныс жасушаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы
(редукциясы). Мейоз кезінде әрбір жасуша екі рет, ал хромосомалар бір-ақ рет бөлінеді. Осының нәтижесінде жасушалардың гаметадағы хромосомалар саны бастапқы кезеңдегіден екі есе азаяды. Жануарларда мейоз жыныс жасушалар пайда болғанда (гаметогенез), ал жоғары сатыдағы өсімдіктерде споралары түзіле бастағанда жүреді. Кейбір төмен сатыдағы өсімдіктерде мейоз гаметалар түзілгенде жүре бастайды. Мейоз барлық организмдерде бірдей жүреді. Егер де ұрықтану диплоидтық жасушаларда жүрсе, онда ұрпақтардың плоидтығы келесі әр буында геометриялық прогрессиямен көтеріледі. Мейоздың арқасында гаметалар барлық уақытта гаплоидты жағдайда болады, бұл организмнің дене жасушаларының диплоидтығын сақтауға мүмкіншілік береді. Мейоздың бөліну уақытындағы екі сатысын 1-мейоз және 2-мейоз деп атайды.
Әрбір мейоздық бөлінуде төрт сатысы бар: профаза, метафаза, анафаза және телофаза.
1-мейоздың профазасы лептотена, зиготена, пахитена, диплотена және диакинез секілді бес кіші кезеңдерден тұрады.
Слайд 23
Лептотенаға (жіңішке жіпшелер сатысы) хромосомалардың тығыздалуы және спираль
тәрізденуі тән. Зиготена (жіпшелердің бірігу сатысы) кезінде гомологты хромосомалар
бір-біріне жақындап ұзына бойы жұптанады да, коньюгацияланады. Пахитена сатысында (жуан жіпшелер сатысы) гомологты хромосомалардың хроматидтері айқасады (кроссинговер). Нәтижесінде әр гомологта аталық және аналық тұқым қуалаушылық материал араласады. Диплотена (екі жіпшелер сатысы) гомологтар бір-бірінен ажырасуынан және хиазма пайда болуынан басталады. Диакинез (екі жіпшелердің ажырасу сатысы) хромосомалардың барынша жуанданып және спираль тәрізденуімен сипатталады; хиазмалар биваленттердің ұшына (шетіне) қарай жылжиды. Диакинез аяқталғанда, ядроның қабықшасы және ядрошықтар еріп, жойылып кетеді. Әр жасушада хромосомалардың саны мейоздың бастапқы кезеңіндей екі қатар (2N) емес, бір N болады. ІІ профаза өте тез өтеді немесе мүлдем болмайды. ІІ метафазада хромосомалар центромераларымен ұршық жіпшелерге жабысып, метафаза пластинкасында орналасады. ІІ анафазада әр центромера екі бөлініп, жаңа хроматидтер хромосомаларға айналып, қарама-қарсы полюстерге орналасады. ІІ телофаза екі гаплоидтық ядроның сыртында ядролық мембрана құрылуымен аяқталады.
Мейоздың тізбектеліп екі бөлінуінің нәтижесінде бастапқы бір диплоидтық жасушадан төрт гаплоидтық жасушалар құрылады. Мейоздың биологиялық маңызы өте зор. Мейоз жыныс жолымен көбейетін организмдер ұрпақтарының хромосома санының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, гаметаларда жаңа гендік комбинациялар пайда болуына мүмкіншілік береді.