Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеуге, қастерлеуге, Елінің Туын ,Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге тәрбиелеу.
Слайд 12
Монумент Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына қойылған. Салмағы
16 тонна, табиғи ақ гранитпен қапталған.
Шардың және күннің үстіне
қондырылған қыран-бүркіт Тәуелсіздіктің символы бейнелейді.
Стелланың төрт жағында «Тұлпар» орналастырылған, олардың қанаттарының арасы әшекейленіп қасбетіне Қазақстан Республикасының Гербі орналастырылған және Елбасының Тәуелсіздік туралы сөзі жазылған.
Монумент ерекше белгідегі объект. Өйткені ол қазақ халқының Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы көп ғасырлық күресін көрсетеді.
Сонымен қатар ол тек өткенді ғана емес Қазақстан халқының Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін, болашаққа деген құлшыныстарын көрсетеді.
Жобаның авторы және сәулетшісі Мұрат Байсбай