FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.
Email: Нажмите что бы посмотреть
Аэросуреттің ортаңғы проекциясы.
Суретте А,В,С – жергілікті жер нүктелері, Рн –негатив жазықтығы. Ол S жобаланатын орталықтан кейін Sо арақашықтығында орналасқан, Рп – позитив жазықтығы . Ол S орталығы мен түсірілетін зат арасында орналасқан. Рп жазықтығы Рн жазықтығына параллельді.
а,b,c нүктелері Рн жазықтығымен АS, BS, CS жобаланатын сәулелердің қиылысу іздері және А,В,С жергілікті жердің ортаңғы проекция нүктелері болып келеді. а/,b/,c/ нүктелері сол секілді тек қана Рн жазықтығымен АS, BS, CS жобаланатын сәулелердің қиылысу іздері болып келді және А,В,С жергілікті жердің ортаңғы проекция нүктелері болып келеді. о және о/ нүктелері S проекция орталығынан Рн және Рп жазықтықтарына жүргізілген перпендикульяр негізі болып келеді. Sо арақашықтығы Sо = Sо/ = f, мұнда f фотоаппараттың фокустық ара қашықтығы.
Рн және Рп орналасу шартына қарай негативті және позитивті бейнелер конгруэнтті екенің көруге болады, яғни бір бірінің үстіне салынғанда сәйкес келеді және өз ара тек қана кері орналасуымен ажыратылады.