Күш қолдану, жанжал атаулыны болдырмауға бар ерік-жігерімізді аямаймыз. Осы
мақсат жолында Қазақстандағы барлық ұлттар өкілдерінің бір кісінің баласындай, бір қолдың саласындай күш біріктіруіне мүдделіміз ".
Слайд 6
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн Артта қалды бодан
болған азап күн Елім, жерім қазағым деп тебіренем Өйткені мен –
тәуелсізбін, азатпын.
Слайд 7
” Қазақстан Республикасы 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ мүше
болды.
Қазақстан Халықаралық қайта құру және өркендеу банкіне,Еуропалық қайта құру
және өркендеу банкіне,Халықаралық валюта қорына,ЮНЕСКО-ға мүше болып кірді.
Слайд 8
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы әлеуметтік экономикалық
жағынан дамыған алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылу үшін
жоспарлы түрде дамып келеді. Жылдан жылға жетістіктеріміз артып келеді. Биылғы жылы болған Рио олимпиадасында 17 жүлдеге қол жеткіздік. 2017 жылы Астана қаласында ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрме өтіп Қазақстанның жетістіктері әлемге паш етіледі. Осындай жетістіктеріміз өте көп. Және оларды көбейте беру жас ұрпақ біздің міндетіміз.
Слайд 9
Бүгінгі Қазақстан - әлем назарында өзінің болашағынан үлкен
үміт күттіретін, жері бай, халқы бейбіт ел. Біз — қазақпыз!
Біз оны жүрегіміз толы мақтанышпен, құрметпен айтамыз. Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Слайд 10
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен
тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы
істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымызды аяқтаймыз. Тыңдап сабаққа қатысқандарыңыз үшін рахмет!