Слайд 10
Сезім мүшелері Бүйір сызығы – балықтарға тән ерекше сезім
мүшесі, ол екі жағында бүйірінде созылып жатады, ол арқылы
балықтар су ағынының бағытын анықтайды, қауіпті сезеді. Иіс сезу – танау тесігінде иіс сезу қапшықтарынан тұрады. Өте жақсы дамыған, иісті бірнеше метрден сезінеді. Көру – балықтар жақыннан көреді, олардың қасаң қабығы жабық, көз бұршағы шар пішінді. Есту, тепе-теңдік сақтау - ішкі құлақта орналасқан, ол иірімді өзекшелерден тұрады, сол арқылы дыбыстарды естиді.
Слайд 11
Зәр шығару жүйесі Екі жұп бүйрек және екі жұп
несепағар түтігінен тұрады. Сүйекті балықтарда алғашқы қуық пайда болады.
Аталықтарында несепағар түтігі зәр шығару және жыныс жасушаларын сыртқа шығару қызметін атқарады. Даражынысты, шеміршекті балықтар іштей, ал сүйекті балықтар сырттай ұрықтанады. Жыныс бездері жұп болып, бүйрек маңында орналасады. Ұрпақтары тікелей дамиды.