ТуберкулезТуберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох ашты. Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10 мкм, ені 0,2
Слайд 2
Туберкулез Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам
мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микробактерияны (“Кох таяқшасын”)
неміс микробиологы Р.Кох ашты. Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10 мкм, ені 0,2 – 0,6 мкм.
Слайд 3
Тарихы Туберкулез ауруы көне заманнан белгілі. Ауру белгілері бұдан
7 мың жылдай бұрын неолит кезеңіндегі адам сүйегін зерттегенде табылған, біздің
заманымыздан бұрын 3 – 2-мыңжылдықта египет мумияларынан анықталған.
Слайд 4
Алғашқы деректер Туберкулездің клиникасы туралы алғашқы деректер 2 ғасырда
өмір сүрген каппадокиялық дәрігер Аретейдің(Aretaіos) еңбектерінде кездеседі. Одан кейін Гиппократ, Гален, т.б.
ғалымдардың еңбектерінде де туберкулез ауруы еске алынады. Бірақ олар туберкулезді жұқпалы ауру қатарына жатқызбаған.
Аретей
Гиппократ
Слайд 5
Әбу Әли ибн Сина өзінің “Дәрігерлік ғылымның каноны” деген
еңбегінде туберкулезді тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатқызған. Туберкулездің жұқпалы
ауру екенін бірінші рет италиялық ғалым Дж.Фракасторо (1478 – 1553) дәлелдеді.
Әбу Әли ибн Сина
Дж.Фракасторо
Деректер
Слайд 6
Адамға қалай жұғады? Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі науқас
адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен
туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады.
Слайд 7
Туберкулез қай жастан басталады? Туберкулез көбінесе үш жасқа дейінгі
балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі
де нашар дамыған, сондай-ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ Туберкулезбен ауыратын ата-ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті баласына жұқтырып, баланың Туберкулезбен ауруы мүмкін.
Слайд 9
Ауруды анықтау түрі
Ауруды әр түрлі әдіспен анықтайды. Туберкулезді
ертерек анықтау мақсатымен балаларға тері астына дәрі жіберіп, жаппай
тексеру жүргізіледі (Манту реакциясы). Халықты жаппай флюорографиялық (рентгенологиялық жолмен) тексерудің маңызы зор.
Слайд 10
Емі Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби
дүниеге келгеннен 3 – 5 күннен кейін іске асырылады.
Ауруды емдеудің терапиялық, хирургиялық, т.б. әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Санаторийлерде емделу өте пайдалы. Қазақстанда туберкулезге қарсы жұмысты туберкулез мәселері ұлттық орталығы үйлестіріп отырады. Әрбір облыс орталығынданда арнаулы диспансер, жергілікті жерлерде олардың бөлімшелері жұмыс істейді. Республика туберкулезге қарсы қажетті дәрі-дәрмекпен, емдеу орындары төсек-орынмен жеткілікті қамтамасыз етілген.