Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему по самопознанию на тему Жақсылық жасай білейік (4 класс)

Содержание

Қазіргі сабақСабақтың тақырыбы:Мақсаты: 1. Білімділік:1.Білімді қалыптастыру (оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қоймай, оларға тың мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру).2.Пән бойынша білім- білік дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін бағалау.3.Оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік
Тақырыбы: “Жақсылық жасай      білейік”Құндылық: Ақиқат.Қасиеттер: Адалдық,сүйіспеншілік, Қазіргі сабақСабақтың тақырыбы:Мақсаты: 1. Білімділік:1.Білімді қалыптастыру (оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қоймай, Оқушыларды 5Т ережесі бойынша: тәртіп, тазалық, талап, тыныштық, татулыққа шақыру.І.Ұйымдастыру кезеңіТыныштық сәті:“Нұрға бөлену” Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға Адам ата ұрпағын не үшін сынады? Неліктен адам Жақсылықтың айтқандарын орындады деп *“Біреуге жақсылық етсең, ол Адамға жақсылық жасасаң, риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ІҮ. Мұғалім сыйы. Әңгiмелеу.В.А.Сухомлинский “Нағыз адам” Сусыз далада құдық бар.Оның қасында бір үй тұр. Онда атасы мен немересі Сұрақтар2.Олар қандай жағдайға тап болды?3.Бірінші, екінші жолаушылар әрекеттерінен нені аңғардыңдар?4.Үшінші жолаушыны қандай Шығармашылық жұмысЖақсылықтамшыларыОқушылардың санына сәйкес алдын ала дайындалған тамшы үлгісінде қиылған қағаздар үлестіріледі.Әр Мейірімді , қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақниетпен жақсылық ҮІ. Топпен ән айту.        “Бала ҮІІ. Үйге тапсырма:№17 сабақ. Б.Әділовтың «Қанат пен Жанат»атты әңгімесін үйден оқып келу, дәптердегі тапсырманы орындау. ҮІІІ. Соңғы тыныштық сәті.Жақсылық көрсең біреуден,Мен қандаймын деп ойла.Жамандық көрсең біреуден,Мен қандаймын Жақынды ,досты аяла,Қанатың сонда талмайды.Барыңды жұрттан аяма,Жақсылық жерде қалмайды.Жайдары жүзбен жарқыра,Қатыгез болсаң-сол Назарларыңызға рахмет!
Слайды презентации

Слайд 2 Қазіргі сабақ
Сабақтың тақырыбы:
Мақсаты: 1. Білімділік:
1.Білімді қалыптастыру (оқушыларды білімнен

Қазіргі сабақСабақтың тақырыбы:Мақсаты: 1. Білімділік:1.Білімді қалыптастыру (оқушыларды білімнен хабардар етіп қана

хабардар етіп қана қоймай, оларға тың мәліметтер беріп, білімді

қалыптастыру).
2.Пән бойынша білім- білік дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін бағалау.
3.Оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.

2.Тәрбиелік:
1.Адамгершілік тәрбиесін беру (Қазақстандық, патриотизм, ұлттық келісім ұғындарын дұрыс қабылдау.
2. Еңбек тәрбиесі (табиғат пен өнердегі сұлулықты түсінуге,әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу).
3. Дамытушылық:

1. Жеке тұлғаны дамыту (талдау,салыстыра білу қабілеттеріндамыту, оқу материалынан ең бастысын, мазмұнын ажыратуы, клкссификациалау).
2. жалпы қабілетті дамыту(әдебиеттер мен көрнекіліктерді қолдану).
3. Еріктілікті дамыту (қабілеттілік пен белсенділік,танымдық қиыншылықты жеңуге тырысу).
4. Танымдық қызығушылықты дамыту. (қызығушылық стимулы, жаңашылдық ,ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білу)
.
5. Сезімді дамыту.


Мақсаты: “Жақсылық” ұғымын ақиқат құндылығы ретінде мәнін ашу, түсіндіру.

Жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
Жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту;
Оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу;

Міндеттері:


Слайд 3

Оқушыларды 5Т ережесі бойынша: тәртіп, тазалық,
талап, тыныштық,

Оқушыларды 5Т ережесі бойынша: тәртіп, тазалық, талап, тыныштық, татулыққа шақыру.І.Ұйымдастыру кезеңіТыныштық сәті:“Нұрға бөлену”

татулыққа шақыру.
І.Ұйымдастыру кезеңі
Тыныштық сәті:
“Нұрға бөлену”


Слайд 4




Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге

тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз. Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіңіз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеіңізден шығып жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде. Мен Нұрмын”. Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жәймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.



Слайд 5 Адам ата ұрпағын не үшін сынады?
Неліктен адам

Адам ата ұрпағын не үшін сынады? Неліктен адам Жақсылықтың айтқандарын орындады

Жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсыңдар?
“Жамандыққа ерсең жаман боласың,

жақсылыққа
ерсең жақсы боласың”деген ой туралы
қандай пікір айта аласыңдар?


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
№16 сабақ. “Жақсылық пен жамандық” ертегісін оқып, талдау.


Слайд 6 *
“Біреуге жақсылық етсең, ол

*“Біреуге жақсылық етсең, ол     жақсылығыңды міндет етпе”


жақсылығыңды міндет етпе”

Ы.Алтынсарин

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Жақсылықты риясыз жасау дегеніміз не деп ойлайсыңдар?
Жақсылықты риясыз жасайтын адамның бойында қандай қасиеттер қалыптасады?


Слайд 7 Адамға жақсылық жасасаң, риясыз жасау керек. Өйткені ол

Адамға жақсылық жасасаң, риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен,

жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс. Оған ақы

сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. Жақсылық зая кетпейді.

Слайд 8 ІҮ. Мұғалім сыйы.
Әңгiмелеу.
В.А.Сухомлинский
“Нағыз адам”

ІҮ. Мұғалім сыйы. Әңгiмелеу.В.А.Сухомлинский “Нағыз адам”

Слайд 9 Сусыз далада құдық бар.Оның қасында бір үй тұр.

Сусыз далада құдық бар.Оның қасында бір үй тұр. Онда атасы мен

Онда атасы мен немересі тұрады.
Құдық басында ұзын арқанға байланған

қауға тұр. Жолаушылар құдық басына тоқтап, салқын суға қанады, тынығады, қана жатып атайға алғыс айтады.
Бір күні арқан тозып үзілді де, қауға құдыққа түсіп кетті. Атайдың арқаны жоқ еді. Енді құдықтан су тартып ішетін ештеңе қалмады. Немересі мен атай бірнеше күн су ішеді.Екеуі әбден қалжырады.Үшінші күні таңертең атайдың үйінің қасына арбалы жолаушы келіп тоқтады. Атай арбада сабан астында жатқан шелекті көрді. Жолаушы әуелде құдыққа, сосын немерелі атайға қарады да, атын қамшылап жүріп кетті.
-Бұл қандай адам? – деп сұрады немересі.
-Бұл адам емес , - деп жауап берді атасы.
Түске таман тағы бір жолаушы келіп тоқтады. Арбадан шелегін алды, оған арқан байлап су тартты. Атай мен немересін суға қандырды. Қалған суды құмға төкті де, шелегі мен арқанын алып жүріп кетті.
-Бұл қандай адам? – деп сұрады немересі.
-Бұл адам емес , - деп жауап берді атасы.
Кешке үшінші жолаушы келіп тоқтады. Ол арбасынан шелеқ пен арқан алды. Арқанды шелекке байлап су тартты. Суға қанып алды да, шелегі мен арқанын құдық басына қалдырды.
-Бұл қандай адам? – деп сұрады немересі.
-Бұл – нағыз адам , - деп жауап берді атасы.






Слайд 10
Сұрақтар
2.Олар қандай жағдайға тап болды?
3.Бірінші, екінші жолаушылар әрекеттерінен

Сұрақтар2.Олар қандай жағдайға тап болды?3.Бірінші, екінші жолаушылар әрекеттерінен нені аңғардыңдар?4.Үшінші жолаушыны

нені аңғардыңдар?
4.Үшінші жолаушыны қандай адам деп айтуға болады? Неге?
1.Атасы

мен немересі қайда тұрушы еді?

5.Жақсылық жасаудың қандай маңызы бар?


Слайд 11 Шығармашылық жұмыс
Жақсылық
тамшылары

Оқушылардың санына сәйкес алдын ала дайындалған тамшы

Шығармашылық жұмысЖақсылықтамшыларыОқушылардың санына сәйкес алдын ала дайындалған тамшы үлгісінде қиылған қағаздар

үлгісінде қиылған қағаздар үлестіріледі.Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы

істерін жазып көрсетеді.Мұғалім тақтадағы ақ қағазға тамшыларды ілуді ұсынады.Әр бала өзгелерге өзі жасаған жақсылықтарын жария етеді.
Мұғалім шығармашылық жұмыс нәтижесін қортындылайды. Тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария суретін апарып іледі.



Слайд 12 Мейірімді , қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға

Мейірімді , қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақниетпен

дайын тұрады. Ақниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын

жан сұлулығын көрсетеді.Риясыз жақсылық жасау – биік адамгершіліктің белгісі.





Слайд 13 ҮІ. Топпен ән айту.

ҮІ. Топпен ән айту.    “Бала тілегі”

“Бала тілегі”

Сөзі: С.Молдасанұлы
Әні: Ф.Жолдасова


Бал -балалық балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел , достарым , әндетіңдер, билеңдер
Гүлденсін деп атамекен қара орман.} 2 рет
 
Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік - ұлан – байтақ елімде
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. } 2 рет
 
Қалықтаған көгершіні көгінде,
Мұңаймасын ешбір бала елімде.
Ата берген батаменен көркейсін,
Ұлы Отаным,тілегім сол менің де . } 2 рет
 


Слайд 14 ҮІІ. Үйге тапсырма:
№17 сабақ. Б.Әділовтың «Қанат пен Жанат»атты

ҮІІ. Үйге тапсырма:№17 сабақ. Б.Әділовтың «Қанат пен Жанат»атты әңгімесін үйден оқып келу, дәптердегі тапсырманы орындау.

әңгімесін үйден оқып келу, дәптердегі тапсырманы орындау.


Слайд 15
ҮІІІ. Соңғы тыныштық сәті.


Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп

ҮІІІ. Соңғы тыныштық сәті.Жақсылық көрсең біреуден,Мен қандаймын деп ойла.Жамандық көрсең біреуден,Мен

ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла!

Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің

- ақыл айнасы
Тиеді саған мәні бар
“Өзіңді тану” пайдасы.

Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңдер?
Бір сәт ойлана отырып, сол ойлаған нәрсемізді
жүрегімізді сақтап қалайық!


Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс
жасайық!


Слайд 16
Жақынды ,досты аяла,
Қанатың сонда талмайды.
Барыңды жұрттан аяма,
Жақсылық жерде

Жақынды ,досты аяла,Қанатың сонда талмайды.Барыңды жұрттан аяма,Жақсылық жерде қалмайды.Жайдары жүзбен жарқыра,Қатыгез

қалмайды.
Жайдары жүзбен жарқыра,
Қатыгез болсаң-сол қайғы.
Қайырымды бол халқыңа,
Жақсылық жерде қалмайды.




  • Имя файла: prezentatsiya-po-samopoznaniyu-na-temu-zhaқsylyқ-zhasay-bіleyіk-4-klass.pptx
  • Количество просмотров: 180
  • Количество скачиваний: 3