Слайд 2
Тақырыбы: “Қазақ және орыс қиял-ғажайып
ертегілерінің арасындағы
үндестік”.
Слайд 3
Тақырыптың өзектілігі ( аннотация)
Осынау өркениетке ұмтылып отырған уақытта ұлттық
болмысымыз қазақ ауыз әдебиетінің түрлерінің ішіндегі қиял-ғажайып ертегілердің маңызы туралы толық мағлұмат бере отырып, қиял-ғажайып ертегілердің ерекшеліктері мен үндестігін анықтау. Ауыз әдебиетінің ішіндегі қиял-ғажайып ертегілері қанша ғасыр өтсе де ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бүгінде маңызын жоймаған, тәрбиелік мәні теренде жатқан тарихи мұра екенің жеткізу.
Осы тақырыпты алу себебім, қазақ әдебиетінен 5-сыныпта өткен қазақ ертегілерінің ішінде қиял-ғажайып ертегілер аса мені қызықтырды. Қиял-ғажайып ертегілері адамдардың арман мен қиялын танытады, болашаққа деген сенімін білдіреді.
Ұлттық болмысымыз бөлек, бір топтық тілге жатпайтын екі
халықтың эпикалық халық ауыз әдебиетін тереңірек білу үшін көмекші құрал ретінде қодануға болады.
5-сыныпта өткен қазақ ертегілерінің ішінде қиял-ғажайып ертегілер аса мені қызықтырады.
Екі елдің қиял-ғажайып ертегілерің салыстыра отырып, үндесітігін зерттедім.
Жұмыстың нәтижесін 5-6 орыс сыныптарында қазақ әдебиеті сабағында көрінекті құрал ретінде, әдеби оқуда қолдануға болады.
Слайд 5
Ертегілердің классификациясы:
Ертегілер фольклорлық (халықтық) және әдеби ертегілер
болып екіге бөлінеді. Әдеби ертегілер авторлық ертегілер болып бөлінеді, өйткені өз авторы бар. Автор өз ертегісінде басты кейіпкерлерді өзі ойдан шығарады, өз сюжеттерін ойлап табады, біз сондықтан бұл ертегі Пушкиннің, Әуезовтың ертегісі деп есте сақтаймыз. Фольклорлық ертегілердің жеке авторы жоқ, өйткені ертегілердің авторы- қарапайым халық. Халық ауыз әдебиетінде ертегілер ғасырдын-ғасырға ауысша түрде жетіп отырған. Ертегілерді 200 жыл бұрын жазбаға түсіре бастаған.
Ертегілер өз сюжетіне байланысты халық ертегілері қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, шыншыл , аң-құстар, жануарлар туралы болып бөлінеді.
Халықтың қиял-ғажайып ертегілерінен аңшы мергендер, қайраты мол ер жігіттермен қатар еңбек. адамдарының да ерліктері орын алады. Еңбек адамдарының неше түрлі гажайып жағдайда жасаған ерлік істері, оларға ұшатын кілем, сөйлейтін жануарлар тағы басқа заттар көмектеседі.
Тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкері қарапайым адамдар. Адамдардың шыншылдығы,озбырлығы және өмірдегі қиындықтар жайлы баяндалады. Бұл ертегілер өте қысқа сюжеттері бір бағытта болып келеді. Бұл жерде алыс сапарға шығуы, ғажайыпқа тап болу туралы байандалмайды. Бір жергілікті ауылды суреттеп баяндалады.
Жан-жануарлар туралы ертегілерді барлығымызға жақсы таныс, олардың кейіпкерлері- қу-түлкі, қорқақ-қоян, озбыр қасқыр және т.б.
Слайд 6
II. Қиял-ғажайып ертегілер:
Мен өз зерттеушілік жұмысымда қиял-ғажайып ертегілерді
зерттедім. Қиял-ғажайып ертегілер сюжеті бойынша басқа ертегілерге
қарағанда өте күрделі. Ертегінің құрылымы басты кейіпкердің барлық кездескен қиындықтарды жеңіп шығуыда керемет адамгершілік қасиетін көрсете отырып суреттелуі. Басты кейіпкердің қиындықты жеңуде сиқырлы заттардың көмектесуі және олардың тапқырлығы туралы баяндалады.
Ертегілердің мазмұнына байланысты кішігірім эпизодтан тұрады.
Слайд 7
Қиял-ғажайып ертегілерідің өзінше басталуы мен аяқталу ерекшеліктері:
III.
Ертегілердің ұқсастықтары мен ерекшеліктері
Слайд 10
Қазақ, орыс қиял-ғажайып ертегілерін оқи отырып, ертегілердің құрылымы
мен көрінісітерінің ұқсастығына байланысты, ертегілерді сараптай келе кесте
құрдым.
Слайд 11
Қазақ ертегілерінің ерекшеліктері:
Қазақ
қиял-ғажайып ертегілерінің ерекшелігігі жылқы малы туралы бір отбасының кенже
баласы туралы көп айтылады. «Керқұла атты Кендебай», «Аңшы бай» «Мұрагер», және т.б.
Қиял – ғажайып ертегілер – шығу тегі жағынан ертелік прозаның ең көнесі. Алғашқы қауымда пайда болған, жанрлық жанынан біркелкі емес. Бас қаhармандары: аңшы, мерген, кенже бала, тазша бала, жауынгер, батырлар, қарапайым халық. Ертедегі табиғаттың дүлей күштерімен алысып, күнделікті өмір үшін аң – хайуанаттармен күрескен кезде халықтың арманы соларды жеңетін күшті батыр, балуан, мерген болды. Ал кейінгі дәуірде рулық қоғам тұсында халықтың арманы- өз елін бөтен елден, жаудан қорғайтын батыр
Қазақ ертегілерін оқыған оқышылар ертегідегі ғажайып достарының көмегімен мейірімді, адал достықты ардақтайды, оның күшіне мол сенім білдіреді. Оқушы барлық заттарға көзқарасы өзгеріп, кішіпейілдікке, мейірімділікке, дос болуға ішінен ой қорытады.
Слайд 12
Орыс ертегілерінің ерекшелігі:
Орыс ертегілерінің ерекшелігі:
Орыс қиял-ғажайып ертегілерінде жиі
қайталанып отыратын кейіпкерлер; добрй конь-мейірімді жылқы, серый волк-сұр қасқыр,
красная девица-әдемі қыз, добрый молодец- мейірімді жігіт, т.б. Орыс ертегілерінде ерекшеленіп тұратын сөздері; солнце красное, буйну голову повесил,т.б. Ертегілерде жиі кездесетін еркелетіп айтылатын сөздер; маленький, братец, петушок, солнышка, т.б. Тағы бір байқағаным күшейткіш сөздер өте көп айтылады; то, вот, как?, вот чудо-то!, пойду-ка я направо!, что за чудо!,т.б.
Ертегілер қарапайым халыққа түсінікті тілмен жазылған. Қиял-ғажайып ертегі шындықпен ұласып жатыр. Адамның арман-қиялынан туған. Қазақ және орыс ертегілерінің ұқсастығы жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге шақырады, қиыншылықты жеңіп шығып, жақсы өмір жасауға үндейді.
Слайд 13
Қорытынды:
Екі халықтың ғасырлар бойы достық қарым
–қатынаста болғандықтан, ауыз әдебиетіндегі қиял-ғажайып ертегілерде өте ұқсас
сюжеттер көп. Ертегілерді оқып, салыстыра келе екі халықтың тұрмыс жағдайындағы ерекшеліктерді анық көреміз.
Ертегілердегі ұқсастық - екі халықтың да зұлымдықты жеңіп, жеңіске жетуі, ойлаған мақсат, тілектеріне жетуі. Табиғатқа табынуы, қарапайым адамдардың шеберлігіне тәнті болу , сүйіспеншілікке, достыққа сенуі. Тәрбиелік мәні теренде жатқаның көреміз.
,
Слайд 14
Қазақ ауыз әдебиетінің ішіндегі
қиял-ғажайып ертегілердің орыс
және қазақ ертегілердің
орыс тілінде білім
алатын мектеп
оқушылары
арасында
қазақ
әдебиетіне деген
қызығушылығын арттыру.
Біздің келешектегі жоспарымыз: