ыңғайланады. Үй иесі есікті ашқаны сол еді бір мысық
кіре кетті. Алдардың көзі кірген мысыққа түсті, мысыққа қарады да, құлақшынын алып жатып былай деді:-Құлақшынымды кие салайын, далада суық екен
Сұрақ: Далада күн суық екенін Алдар қайдан білді?
Жауабы: Үйге кірген мысықтың жүніне қарап Алдар далада күннің суық екенін білді. Күн суықта барлық жануарлар, соның ішінде мысықта жүнін үрпитіп, торсыйтады да, оның арасына көбірек ауа жинай түседі, ал ауа жылуды нашар өткізеді.
«Бу» тобына.
Алдар көсе тағы да Шықбермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Алдардан оңайлықпен құтылмайтын білген бай тағы да бәйбішесіне ыстық шай әкелуін бұйырады. Дастарханға лезде ыстық шайда келеді. Бай мен Алдар әңгімелесіп отырып, ыстық шайға көшеді.Бәйбіше екеуіне де ыстық шай ұсынады. Бай Алдардың аузына қарап мәз-мейрам болып отыра береді де, Алдар алдына келген шайға бір ас қасық шекер салап қояды да, әңгімесін жалғастыра түседі. Біраз уақыт өткеннен кейін ішек сілесі қатқан бай өзінің шайына бір ас қасық шекер салады.