болып табылады, ол халықтың 12 пайызын жұмыспен қамтып отыр,
елдiң сыртқа шығаратын тауарларының 70 пайызын құрайды. Бұған қоса кит аулаумен де айналысады. 1989 жылы халықаралық жануарларды қорғау қауымдастықтарының араласуымен кит аулауға мораторий жарияланғанымен, 1990 жылдардың ортасына қарай ел басшылығы мораторийдi қайта алып тастады. Сондай-ақ, сыртқы саудада балық өнiмiнен кейiнгi жерасты пайдалы қазбалары алады. Исландия сыртқа алюминий, диатомит, феррокремний шығарумен шұғылданады. Негiзгi сыртқы саудада байланыс құратын елдер - Германия (18%), Ұлыбритания (17,5%), Нидерланды (11%), АҚШ (11%), Испания (5%), Дания (5%), Португалия (4%), Норвегия (4%). Ал импорт жөнiне тоқталғанда, Исландия мұнай өнiмдерi мен азық-түлiк, машиналар тасымалдайды. Импорт байланысын жүргiзетiн елдер мен оның пайыздары төмендегiдей: АҚШ (11%), Германия (11%), Дания (8,5%), Норвегия (8,5%), Ұлыбритания (7,5%), Нидерланды (6%), Швеция (6%).
Астанасы Рейкявик