Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Есік қаласы және туризм

ЕСІК ҚАЛАСЫ ЖӘНЕ ТУРИЗМ
ЕСІК ҚАЛАСЫ ЖӘНЕ ТУРИЗМ Есік – Іле Алатауының солтүстік баурайында, теңіз деңтейінен 935-1040 метр биіктікте орналасқан Есік обасы - сақ дәуірінен сақталған ескерткіш. (б.з.б. 5 — 4 ғасырлар) Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласының маңында, Есік Демалыс орыныАқбұлақ шипажайы Биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 сантиметр шамасында екен. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты Ал алтыншы оба — әлемдік маңызы бар “Алтын адамның” табылуы себепті ғылым Алтын адам музейі 1963 жылы шілденің 7-сі күні Алматыдан 55 шақырым жердегі Есік көлін сел Туризмге сұранып  тұрған мекен Есік аумағы бүгінгі таңда Қазақстанда жаңа қарқын ала Тарихты ұнатсаңыздар Есікке келіңіздер!!! Қысқаша негізгі мәләметтер)))Географиялық орны;Облыс орталығы — Алматы қаласынан шығысқа қарай 43 км-дей жерде, Іле Алатауының солтүстік
Слайды презентации

Слайд 2 ЕСІК ҚАЛАСЫ ЖӘНЕ ТУРИЗМ

ЕСІК ҚАЛАСЫ ЖӘНЕ ТУРИЗМ

Слайд 3 Есік – Іле Алатауының солтүстік баурайында, теңіз деңтейінен

Есік – Іле Алатауының солтүстік баурайында, теңіз деңтейінен 935-1040 метр биіктікте

935-1040 метр биіктікте орналасқан қала болып саналады. Алматы облысындағы

Еңбекшіқазақ ауданының осы орталығында тұрғындар саны 31,3 мың болса, оның басым көпшілігін жергілікті халық құрайды. Сондай-ақ орыс, түрік, шешен және басқа да көптеген ұлт өкілдері тұрады.  Есік қаласының орнын адамдар өте ертеден мекендеген. Қаланың солтүстік жағында сақ мәдениетінің б.з.б. V-IV ғасырлардағы аса көрнекті ескерткіші — Есік обасы бар. Бұл маңдағы сақ дәуірінен сақталған обалар бірнеше топқа бөлінеді. Мұның ішінде ең көрнектісі – үлкен Есік қорымы. Қорым құрамында солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып ауданы 3 шаршы шақырым жерді алып жатқан 45 топырақ бар. Әр топырақ көлемінің диаметрі 30-90 метрді, ал биіктігі 4-15 метрді құрайды. Өкінішке қарай, обалардағы қыш құмыралар, алтын және көптеген бағалы заттар патшалық Ресей тұсында көптеп тоналған болатын. Сонымен қатар Есік қаласының маңынан тарихқа бай көмбелерді де кездестіруге болады. Есік көмбелерін 1953-1958 жылдар аралығында Г.Мартынов, Қ.Ақышев, И.Копылев зерттеді. Көмбелер Есік қаласының және Жетісу өлкесінде көптеп кездеседі. Мұндай деректер осы өңірдің ежелгі дәуірлерде қола құю, темір соғу ісі жақсы дамыған үлкен металлургиялық орталығы болғанын дәлелдейді.
Алтын адам – еліміздің азаттық  символы
Есік аумағы жайлы сөз еткенімізде ең алдымен байтақ қазақ елінің атын әлемге әйгілеген, отандық қана емес, әлемдік тарихқа жаңалық әкелген сақ ханзадасы – «Алтын адам» ойға оралады. 1970 жылдың басында Есік қорғанында сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. Қорған қазбалары Қазақстанда мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді. Бұны археолог Кемел Ақышев тапқан. «Алтын адамның» киімі 4 мыңға жуық барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелері бар алтын әшекейлермен безендірілген. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас.

Слайд 4 Есік обасы - сақ дәуірінен сақталған ескерткіш. (б.з.б. 5 — 4

Есік обасы - сақ дәуірінен сақталған ескерткіш. (б.з.б. 5 — 4 ғасырлар) Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік

ғасырлар) Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласының маңында, Есік өзенінің жағалауында орналасқан. 1969 — 70

жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев, мүшелері Б.Нұрмұханбетов, А.Г. Максимовалар) зерттеген. Бұл маңдағы сақ дәуірінен сақталған обалар бірнеше топқа бөлінеді. Мұның ішінде ең көрнектісі — үлкен Есік қорымы. Қорым құрамында солтүстіктен оңтүстікке созыла ауданы 3 км² жерді алып жатқан 45 топырақ (диаметрі 30 — 90 м, биіктігі 4 — 15 м) оба бар. Арасынан алты үлкен оба қазылды, бұлардың қатты тоналған үшеуінен заттай дерек кездеспеген. Төртіншісінен үлкен төртбұрышты қабір ішіне басын батысқа қарата бірге жерленген екі адамның мүрдесі, темір түйреуіш, көптеген алтын жапсырмалар табылды. Есік обасы біздің заманымыздан бұрын V-IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының тарихы мен мәдениетінен хабар беретін аса көрнекті ескерткіш. Обадан табылған 4 мыңнан астам бұйымдардың көбі алтыннан жасалған.



Слайд 6 Демалыс орыны

Ақбұлақ шипажайы

Демалыс орыныАқбұлақ шипажайы

Слайд 7 Биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 сантиметр шамасында екен.

Биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 сантиметр шамасында екен. Мойнында дөңгелек жүзік

Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, көкірегінің тұсы, жеңі

алтын тоғалармен өрнектелген, сау­сағында екі алтын жүзік, қамзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар – ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы V-IV ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология салаларынан мол дерек беретін «Алтын адам» сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Бүгінгі таңда «Алтын адам» – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді. Көкке ұмтылған көркем таулар, шұрайлы да, көрікті Жетісудың көркем де келісті бір бөлігі «Есік» ша­һары жайлы айтқанымызда біздің көз алдымызға төбесі көк тіреген таулар, Алатаудың көз моншағындай мөлдіреп жатқан Есік көлі мен Жасылкөл, сұлулығы көз суыратын Түрген шатқалы, жартасты жарып, таудан тулай аққан сарқырамалар келері сөзсіз. 1854 жылы бұл көне қоныс орнында Надеждинск станцасы қаланыпты. 1923 жылдан бастап ол Есік станицасы аталды. 1968 жылы қала мәртебесін алған, қалада қазіргі күні «Көктем», «Есік шарап зауыты», «Дионис», «Елес», «Фудмастер», «Голд Продукт» сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істейді. Сондай-ақ қалада құрылыс, көлік мекемелері мен шағын өндірістік кәсіпорындар, сонымен қоса жалпы білім беретін 9 мектеп, педагогикалық колледж, біріккен қазақ-түрік лицейі, мәдениет үйлері, кинотеатрлар, клуб, аурухана, емхана, дәріханалар бар. Қаладан оңтүстікке қарай 17 шақырым жердегі әсем тау шатқалында демалыс және туризм аймағы саналатын Есік көлі орналасқан.

Слайд 8 Ал алтыншы оба — әлемдік маңызы бар “Алтын

Ал алтыншы оба — әлемдік маңызы бар “Алтын адамның” табылуы себепті

адамның” табылуы себепті ғылым мен мәдениетке “Есік обасы” деген

атпен енді. Сақ ханзадасы диаметрі 60 м, биіктігі 6 м обаның астындағы шырша бөренелерден жасалған ағаш қабірге қойылған. Мұның өзі бүйірдегі қосымша қабір, ал негізгі қабір толығынан тоналып кеткені анықталды. Ханзада 4 мың алтын әшекей тағылған киімімен, қару-жарақ, ыдыс-аяғымен жерленген. Күміс тостағанға түсірілген 26 таңбалы жазу қазір “Есік жазба ескерткіші” деген атпен белгілі және мұның әліпбилік жазу екендігіне күмән келтірілмейді. Бұдан солтүстік-батысқа таман орналасқан тағы бір обаның диаметрі 58 м, биіктігі 4,5 м. Қазу барысында обаның бірнеше рет кезектесіп қаланған тас және топырақ қабаттарынан тұратыны, сондай-ақ, тоналғандығы да анықталды. Үлкен қабірдің аумағы 5,1х2,3 м, тереңдігі 1,8 м. Тонау кезінде біршама бүлінген қабір ішінен кішірек жұқа алтын жапсырмалар, күміс сырға, қыш ыдыстар және қоладан құйылған ғұрыптық ыдыс табылды. Сирек кездесетін мұндай ыдыс Жетісуда тұңғыш рет кездесті, ол конус пішіндес аласа тұғыр мен жайпақ тостағаннан тұрады. Ғұрыптық жораларды өткізу кезінде сақтар осындай ыдысқа хош иіс шығаратын заттарды жағып түтіндетіп қоятын болған. Есік обасы сақ кезеңінің әлеуметтік-экономикалық деңгейін көрсететін ерекше ескерткіштерге жатады.

Слайд 9 Алтын адам музейі

Алтын адам музейі

Слайд 10

1963 жылы шілденің 7-сі күні Алматыдан 55 шақырым

1963 жылы шілденің 7-сі күні Алматыдан 55 шақырым жердегі Есік көлін

жердегі Есік көлін сел ағызып әкетті. СССР вице-премьері зілзаланың

кездейсоқ куәгеріне айналды. Ал баспасөз апат пен адам шығыны жайлы екі апта хабарламай отырды.
Сел ағызып кеткенге дейін Есік көлінің ұзындығы - 1 мың 850 метр, ені - 500 метр, ал тереңдігі 50-79 метр болған. Көл теңіз бетінен шамамен 1 мың 800 метр биікте орналасты. Есік көлі шамамен 8 мың жыл бұрын үлкен тастардың опырылып құлауының нәтижесінде, табиғи түрде түзілген. Саяхатшы Семенов-Тян-Шанский «Жергілікті қазақтар көлді «Жасылкөл» деп атайды» деп жазады. Оны тіпті Іле Алатауының інжу-маржанына, гранитті жауһарға, қазақстандық Рицаға (Кавказдағы көл – ред.) теңеген. АПАТҚА ДЕЙІНГІ ТУРБАЗА Есік көліндегі демалыс инфрақұрылымы 1958 жылдың көктеміндегі Қазақ ССР министрлер кеңесінің «Есік көлінде еңбекшілердің мәдени демалысын қамтамасыз ету туралы» қаулысы қабылданғаннан кейін, мейлінше қарқынды дамыды. Есік өзенінің шатқалымен сапалы тас жолы төселіп, үлкен автовокзал салынды. Халық Алматыдан көлдің жағасына дейін автобуспен баратын. Демалыс күндері автобустар колхоздың орталық базары жанындағы бекеттен жарты сағат сайын қатынап тұрды.

Есік көліне барар жолдағы «Әуе шатыры». Алматы облысы, 18 шілде 2010 жыл.
Көл жағасына 100 орындық екі қабатты қонақүй, мейрамхана, фотосалон, монша, шаштараз, би алаңдары салынды. Келушілер катермен, қайықпен, өзен трамвайымен серуендейтін. Көл суық болғандықтан, шомылатындар аз еді. Көп адам көл жағасында арагідік (Таңқурай айлағында, көлдің оңтүстік жағасында – ред.) кездесетін құмдауыт жерлерде күнге қыздырынып жататын. Арнайы құтқару отряды қауіпсіздікті қадағалап отыратын. Жарты ғасыр бұрынғы инфрақұрылымның қалдықтары осы күнге дейін сақталып қалған. Көлге барар жолдағы гидтерге арналған шатыр әлі тұр. Оны «Әуе шатыры» деп атайтын. Автобекет пен оның жанындағы бақылаушы мұнарасы да әлі бар. Жартас сынығына салынған Лениннің үлкен портреті бәз-баяғыша дем алушыларды «қарсы алып тұр».

Слайд 12

Туризмге сұранып  тұрған мекен Есік аумағы бүгінгі таңда Қазақстанда

Туризмге сұранып  тұрған мекен Есік аумағы бүгінгі таңда Қазақстанда жаңа қарқын

жаңа қарқын ала бастаған туризм саласының болашақ үлкен бір

бұтақтарының бірі. Бұл маң табиғи және тарихи-мәдени туризмді дамытуға аса қолайлы аймақ. Көрікті мекенде көненің көзіндей болып бізге жеткен әйгілі сақ қорғандары, тарихын тасқа қашап жазған бабаларымыздың сөзіндей болып аманат қылған тас бетіндегі суреттер, түп-тұқиянымыздың келелі кеңесі мен кемеңгер шешімдері өткен қала жұрттары мен еңселі ордаларының орындары сынды қадіріне жете білсек, қаншама ұрпаққа мақтаныш болар тарихи нысандар болып табылады. Сол мұраларымызды жан-жақты зерттеп, зерделеп, көпшілікке таныстыру, оларды көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманат ету, рухани байлығымыздың қадіріне жете білу үшін, Елбасының қолдауымен қолға алынған «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасы аясында 2010 жылы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы құрылды. Ежелгі сақтардың астанасы орналасқан жерден құрылған бұл мұражайдың атқаратын істері өте ауқымды. Ашылғанына көп бола қоймаған қорық-мұражайға келіп, көне тарихтың құпияларына қанығып, сырына бойлаймын деушілерді ең алдымен кіреберіс дәліздің қабырғасына бекітілген «Қазақстан аумағындағы сақ-скиф дәуірінің ескерткіштері» атты электронды карта қарсы алады. Онда қазақ жеріндегі сол дәуірге тән 155 археологиялық нысандардың орындары көрсетіліп, тізімдері берілген. Келушілер аталмыш картамен танысып болған соң, 145 жәдігерліктері бар екі бірдей экспозициялық зал есігі ашылады. Оның біріншісі – сақтар тарихы мен тұрмыс-тіршілігіне арналған «Сақтардың тарихы мен мәдениеті» залы. Бұл залда келушілер жаңа ғана өздері біраз мағлұмат алып шыққан электронды карта мәліметтерінің заттай деректерімен таныса алады. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы сол аманат жүгін арқалап, баға жетпес рухани құндылықтарымызды бүгінге таныстырып қана қоймай, оны болашаққа да жеткізуді мақсат етеді.

Слайд 14 Тарихты ұнатсаңыздар Есікке келіңіздер!!!

Тарихты ұнатсаңыздар Есікке келіңіздер!!!

  • Имя файла: esіk-қalasy-zhәne-turizm.pptx
  • Количество просмотров: 166
  • Количество скачиваний: 0