Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему по информатику на тему Қазақстаным менің (6 класс)

Мақсаты:Қазақстан Республикасының еліне, жеріне, тарихына, рәміздеріне, байлықтарына қысқаша шолу жасай отырып, өз Отанымыз Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, ел тарихында болған оқиғалардың маңыздылығын таныту.Жас ұрпақтың Қазақстан Республикасы туралы білімін кеңейте отырып, олардың ой -
№1 Т. Әлиев атындағы орта мектепТақырыбы: “Қазақстаным менің”Дайындаған: 6 «Ә» сынып оқушысы Мақсаты:Қазақстан Республикасының еліне, жеріне, тарихына, рәміздеріне, байлықтарына қысқаша шолу Қазақстаным менің Отан... Атамекен... Атажұрт...Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ Қазақстанның жер бедерінде, негізінен, жазық далалы, шөлді және шөлейт Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде Ғаламындағы ғажап тіршілігінің қасиетті мекенін сүймейтін адам болмайды. «Отан – «…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде Қазақстан рәміздері  «Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол ТМД елдері арсында алғаш рет қазақ елінің ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі Қазақстан экономикасының өрлеуі Туған жердің қандай жақсы күзі де,Туған жердің қандай жақсы қысы да!Туған жердің Еліміз күн өткен сайын еңсесін тіктеп, қияға құлаш ұруда. Көкті
Слайды презентации

Слайд 2 Мақсаты:

Қазақстан Республикасының еліне, жеріне, тарихына,

Мақсаты:Қазақстан Республикасының еліне, жеріне, тарихына, рәміздеріне, байлықтарына қысқаша шолу

рәміздеріне, байлықтарына қысқаша шолу жасай отырып, өз Отанымыз Қазақстан

туралы білімдерін кеңейту, ел тарихында болған оқиғалардың маңыздылығын таныту.

Жас ұрпақтың Қазақстан Республикасы туралы білімін кеңейте отырып, олардың ой - өрісін, сана – сезімін ояту. Ақпараттық технологияға қызығушылығын арттыру, шығармашылық белсенділіктерін дамыту.

Оқушылардың елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту. Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа тәрбиелеу, эстетикалық талғамын арттыру. Ұлттық сана – сезімін, ұлттық намысын қалыптастыру.


Слайд 3 Қазақстаным менің

Қазақстаным менің

Слайд 4 Отан... Атамекен... Атажұрт...Тарих... Бұл

Отан... Атамекен... Атажұрт...Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер

қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге

келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды...
Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан – асыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсетін. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз – ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс – жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяныңың –шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы.


Отан... Атамекен... Атажұрт...Тарих...


Слайд 5 Қазақстанның жер бедерінде, негізінен, жазық

Қазақстанның жер бедерінде, негізінен, жазық далалы, шөлді және шөлейт

далалы, шөлді және шөлейт аймақтар басым. Олардың арасында Сарыарқа

мен Үстірт, Тұран ойпаты мен Батыс Сібір ойпаты, Мойынқұм мен Бетпақдала ұлы өңірлері бар. Таулы аймақтар республиканың оннан бір бөлігін алып жатыр. Оларға Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань тау жоталары кіреді. Ірі өзендер: Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл.
Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының түкпірінде орналасқан. Қазақстан батыста, солтүстік –батыста және солтүстікте Ресеймен, оңтүстікте, оңтүстік-батыста Орта Азия республикалары Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен, оңтүстік-шығыста және шығыста Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы –13034км. Қазақстан аумағының көлемі –2 млн. 714,9 мың шаршы км. Оған Батыс Еуропаның Франция, Португалия, Испания, Италия, Греция, Норвегия және Финляндия мемлекеттері түгел сыйып кетер еді. Міне, қазақ даласы – кең байтақ! Қазақстан жер көлемі жөнінен Ресей, Қытай, АҚШ, Австралия мен Үндістаннан кейін алтыншы орын алады. Сондығынан ғой, күмбір – күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда – «Ұшса құстың қанаты талады, шапқан аттың тұяғы тозады, Атырауы – айшылық, Қаратауы – күншілік,» - деп толғаған

Кең байтақ жерім менің


Слайд 6 Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені,

Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде

ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді,

оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері.
Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір – бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай- талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған.
Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады.

Дархан далам алаулаған


Слайд 7 Ғаламындағы ғажап тіршілігінің қасиетті мекенін сүймейтін

Ғаламындағы ғажап тіршілігінің қасиетті мекенін сүймейтін адам болмайды. «Отан –

адам болмайды. «Отан – оттан ыстық», «Ер ел үшін

туады, ел үшін өледі» - деп түйген халықтың қаһарманы Бауыржан батыр: «Отаның үшін отқа түс күймейсің», - дейді.
Қазақ елінің есімі аңызға айналып, дастандарға арқау болған батыр ұл – қыздары толып жатыр. Олар – атамекенін, туған елін жан аямай қорғап, ата- бабаларының ерлік дәстүрін сақтау арқылы өздерінің өшпес даңқын шығарғандар.
Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған.
Батырлар жырындағы: Атам күйеу болған жер,
Анам келін болған жер,
Кіндік қаным тамған жер, - деген қарапайым жолдарда адамның туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігі мен терең де ыстық сезімі тамаша бейнеленген.

Елім деп, жерім деп егілген менің қазағым


Слайд 8 «…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше

«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде

өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді.

Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенімдімін .»
Н.Назарбаев

Слайд 9 Қазақстан рәміздері
«Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік.

Қазақстан рәміздері «Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті

Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз

керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы-осы»,- деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арнау сөзін Қазақ елінде тұратын және оны өз отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз! Әрине, мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп, қасиеттеу үшін, алдымен мемлекеттік рәміздер туралы терең түсінік болуға тиісті. Мемлекеттік рәміздер де белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі.

Туымыздағы нұр шұғылалы алтын күн бейнесі, қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған дала бүркіті мен рухани болмысымыздың жарқын бір көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек-сондай айтары мол астарлы айшықтар. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тікбұрышты көгілдір түсті мата. Оған қоса, Туды сабының тұсынан ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнелері алтын түсті болуы керек. Тудың ені мен ұзындығының бір-біріне қатынасы ½ бөлшегімен өрнектеледі. Яғни, ені-1,5 метр болса, ұзындығы 3 метр.

Шаңырақ тектес елтаңба бұрын-соңды әлемдік геральдика тарихында болмаған. Қазақтың қасиетті қара шаңырағының бейнесі бүтін қазақ елінің символы іспеттес. Қара шаңырақ-біздің ұлттың алтын бесігі. Асыл діңгек аман болса, алтын бесік мәңгілік өмір жырымен тербеле береді деген ұғым бар. Тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа бірдей ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмыс-бітімімізді сақтай отырып ілеспек ниетіміз бар дегенге мегзейтін бесбұрышты жұлдыз.


Әнұран
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазақғым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!


Слайд 10 Қазақстан – ежелгі ел, бірақ

Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол

әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы

орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!
Еліміз Егемендік алған жылдардан кейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Өз тарихымыз, салт-дәстүріміз зерделеніп, жинақталған, кең мағыналы кітаптар, әдеби зерттеулер жарық көре бастады. Қазақстан Республикасы экономикасы, әлеуметтік тұрмысы тұрақты дамып келе жатқан Орта азиядағы беделді мемлекеттер қатарына қосылды.


Астана – бас қала


Слайд 11 ТМД елдері арсында алғаш рет қазақ елінің ЕҚЫҰ-на

ТМД елдері арсында алғаш рет қазақ елінің ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі

төрағалық етуі


Слайд 12 Қазақстан экономикасының өрлеуі

Қазақстан экономикасының өрлеуі

Слайд 13 Туған жердің қандай жақсы күзі де,
Туған жердің қандай

Туған жердің қандай жақсы күзі де,Туған жердің қандай жақсы қысы да!Туған

жақсы қысы да!
Туған жердің қандай жақсы көктемі!
Туған жердің қандай

жақсы жазы да!
Жақсы екен туған жердің күні де,
Жақсы екен туған жердің түні де!
Жақсы екен туған жердің суы да,
Еш жаманын таба алмайсың осында!

* * *

Тілдесіп көкпен тауларың,
Жайқалды жасыл орманың.
Алатау, Қаратауларым,
Елдікті бізге мұра етіп,
Ерліктің күйін толғадың.
Салтанат пенен сән құрған,
Елім бар бүгін жаңғырған.
Бақытым-атамекенім,
Тұлпарлар тұяқ шалдырып,
Сұңқарлар қанат талдырған.
Қазақты әлем таныды
Сәлемін жолдап сан қырдан.
Берекелі елмін, құтты елмін,
Атты азат таңым-күткен күн.
Қазақстаным мекені-
Ынтымақ пенен достықтың,
Кеңдік пен кемелдіктердің.
Даламды бабам мұра еткен,
Жайқалтар соны түлек мен.
Қалалар жайып қанатын,
Ауылымды арай, нұр өпкен.
Қазақстанымды қасиетті
Сүйемін алау жүрекпен!

Жақсы екен туған жердің күні де


  • Имя файла: prezentatsiya-po-informatiku-na-temu-Қazaқstanym-menің-6-klass.pptx
  • Количество просмотров: 155
  • Количество скачиваний: 0