атауы бар тізбегі. Бұл Windows жүйесінде жұмыс жүргізетін ақпараттың
құрылымдық бірлігі. Файл не программа, не құжат болуы мүмкін. Файлдардың негізгі типтері: құжаттар, суреттер, бағдарламалар.
Файл аты оң және сол жақ бөліктерден тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және олар файл типін анықтайды. Сол жақ бөлігінің ұзындығы 1-ден 255 символға дейін жетеді.
Файл атын жазғанда әріптерді, 0-ден 9-ға дейінгі цифрларды, арнайы символдарды, дефис(-), астын сызу(_), леп белгісі(!) және мына символдарды: @, #, $, %, ^, &, (,), {, } қолдануға болады.
Ал мына символдарды: жұлдызша(*), қос нүкте(:), нүктелі үтір(;), сұрақ белгісі(?), бөлгіш(/), үлкен(>), кіші(<), тырнақша(«»), нүкте(.) қолдануға болмайды.