Слайд 2
Өздерің білетіндей, Қазақстан 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын
негізге ала отырып, өзінің алдына 10 жыл ішінде бәсекеге
барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кіру жөнінде өршіл мақсат қойды.
Слайд 3
Е-үкімет
Ақпараттық - коммуникациялық технологияның үкіметті басқаруға еніуі үкіметті
басқарудың жаңа сатысына көшуін, яғни е-мемлекет құрылуын көрсетеді (е-Governance).
Слайд 5
АКТ-ның үкіметті басқаруда енгізілуі азаматтарға не береді?
G2C: негізгі
мақсат – азаматтарға үкіметтік қызметтерді пайдаланудың жылдамдығын ұлғайту, яғни
сұраныстардың орындалу жылдамдығын көтеру және сол сұраныстардың орындалу уақытын азайту
Слайд 6
АКТ-ның үкіметті басқаруда енгізілуі бизнеске не береді?
G2B: үкімет
пен бизнес құрылымдарындағы қатынастарының реинжинирингі, яғни директивті-бақылау мемлекетінен нарыққа
сәйкес цивизацияланған қатынастарға ауыстыру
Слайд 7
АКТ-ның үкіметті басқаруда енгізілуі үкіметке не береді?
G2G: әртүрлі
мемлекетті басқару органдарының біртұтас корпоративтік желідегі деректерінің интеграциясына, құжат
айналымын оптимизациялау мен шешімдерді қабылдау және олардың орындалуының механизмін арттыру мемлекеттік аппараттың эффективті жұмыс істеуінің жоғарылауына әкеледі.
Слайд 8
Ақпараттық қоғамдағы
мемлекет
Ақпараттық қоғамдағы
мемлекет
Мемлекет
Атқарушы билік
Заң билігі
Сот билігі
Интернеттегі
басылымдар
(заңдар, түсініктемелер, құжаттар,
веб-түйіндерге сілтемелер)
Электрондық үкімет
Мемлекеттік
қызметтер
(транзакциялар)
электронды түрдегі
интерактивті
қатынастар
ішкі
эффективтілік
Мемлекеттік қызметті беруді ұйымдастыру және тексеру
Слайд 9
Мемлекетті басқару органдарының корпоративті желісі
Слайд 10
Қазақстан халқына президенттің Жолдауында елбасы Қазақстанның әлемдегі
барынша дамыған және бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіру стратегиясын
ұсынды. Жүзеге асыруда осы міндетті шешуге жәрдемдесетін дамудың жеті басым бағыты анықталды. Бұл шешуші басымдықтардың бірі осы заманғы білім мен озық ғылымды дамыту болып табылады.
Слайд 11
26.05.2006 ж.
Еуразия университеті құрылуының 10 жылдығында елбасшымыздың «Инновациялар
мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» дәрісінде
«Біз жаңа
ғасырдың талаптарына жедел бейімделіп, қатал бәсекелестікке әзір болуға тиіспіз. Мен жастар Жолдаудың мәні мен маңызын түсінгенін, оның идеяларына қаныққанын қалаймын.
Слайд 12
Осы заманғы әлем жаһандану кезеңін – адамзаттың біртұтас
ақпарат және коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас
экономикалық рынокқа айналуы дәуірін бастан кешуде.
Жаһандық қоғам әлдеқайда ашық бола түсуде: капиталдың, қаржылардың, адамдардың, ақпараттың еркін қозғалысы осы заманғы “шекараларсыз әлем” тұжырымдамасының негізіне айналды.
Слайд 13
Жаһандануға қандай факторлар жәрдемдесуде?
Бірінші кезекте, бұл тауарлардың
елдер мен экономика секторлары арасындағы қозғалысы. Сауда-саттықты өрістету экономиканың
дамуы мен өсуі үшін стратегиялық тұрғыда қажет.
Соңғы жиырма жылдың ішінде әлемдік сауда-саттық әлемдік ІЖӨ-ге қарағанда әлдеқайда жедел өсті. Егер 70-ші жылдары халықаралық сауда-саттық көлемі әлемдік ІЖӨ көлемінің 30%-ын ғана құраса, біздің ғасырда ол қазірдің өзінде 60%-ды құрайды.
Слайд 14
Жаһандану жолындағы екінші қадам – капиталдардың еркін қозғалысы.
Мысалы, соңғы 20 жылда дамушы елдерге
тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны жүздеген есе өсті. Бүгінде бір Қытай ғана жыл сайын 60 млрд. доллар тікелей шетелдік инвестицияларды тартады, қалған Азия елдері – 172 млрд. доллар, Латын Америкасы елдері – жылына 72 млрд. доллар тартады.
Слайд 15
Үшіншіден, адамдардың кедергісіз қозғалысы.
Бүгінде әлемде елеулі көшіп-қону өзгерістері жүріп жатыр, Батыс елдеріне,
әсіресе, Еуропалық Одаққа, АҚШ-қа, Канадаға мигранттар ағыны күшейді. Қазақстан да бұдан тыс емес. Басқа елдерден келген 500 мыңға жуық мигранттар бізде де жұмыс істейді.
Слайд 16
Төртіншіден, жаһандану факторларының бірі халықаралық валюта рыноктарындағы валюталық
операциялардың серпінді дамуы
Әлемдік валюта жүйесі үш революцияны: реттеудің
алынып тасталуын, интернационалдануды және инновацияны бір мезгілде бастан кешті.
Нәтижесінде шетелдік рыноктар туралы мәліметтердің сапасы жақсарды және оларды алу жеделдігі артты, “жерді айналу және тәулік бойғы” қаржы операциялары жүргізіледі, жаңа қаржы құралдары пайда болды.
Слайд 17
Бесіншіден, ақпараттың, интеллектуалдық өнім мен идеялардың еркін қозғалысы
жаһандану факторларының бірі және сонымен бірге салдары болып табылады.
Интернеттің, электрондық поштаның, халықаралық телефон қызметтерінің, ұялы телефон мен электрондық конференциялардың таралуына қарай дүние әлдеқайда өзара байланысты бола түсті. Осымен бір мезгілде спутниктік телевизия және электрондық баспасөз нағыз жаһандық төртінші өлшемді туғызды. Мұндай техникалық мүмкіндіктер бұдан 20-30 жыл бұрын ойға да кіріп шықпайтын.
Слайд 18
Әлемдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың
әркелкілігі күшейді. Жаһанданудың оң тиімділігін әзірге әлемдегі ең дамыған
мемлекеттердің аз тобы ғана сезінді. Бүкіләлемдік жаһанданудың әлеуметтік қырлары жөніндегі комиссияның мәліметтеріне сәйкес, аса бай жиырма және аса кедей жиырма елдің арасындағы жан басына шаққандағы ІЖӨ көрсеткішінің айырмашылығы 1962 жылы 53:1 болса, 40 жылда екі еседен астамға өсіп, 2002 жылы 121:1 болыпты.
Слайд 19
Жаһандану ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне төтенше жоғары
талаптар қояды.
Елдің бәсекеге қабілеттілігін қалай өлшеу керек?
Оны
өлшеудің ең қарапайым тәсілдерінің бірі жан басына шаққанда келетін ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) көрсеткіші болып табылады. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын, ел мен оның азаматтары соғұрлым бай, өмір сапасы соғұрлым жоғары.
Слайд 20
2005 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жан басына
шаққанда ІЖӨ 3700 АҚШ доллары мөлшерінде қалыптасты. Осы көрсеткіш
бойынша 50 елдің қатарында болу үшін ол кем дегенде 5500-6500 АҚШ доллары және одан жоғары болуы керек. Яғни, шамамен Чили, Мексика, Малайзия секілді елдер деңгейінде болуы керек.
Слайд 21
Ал көшбасшылар шағын Люксембург (63500 АҚШ долларынан
жоғары), Норвегия (55000 АҚШ доллары) және Швейцария (50000 АҚШ
доллары) болып табылады.
Слайд 22
Бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші халық тұрмысының жоғары
деңгейі мен сапасы болып табылады.
Бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік жыл
сайынғы жинағын шығаратын Лозаннадағы Менеджментті дамыту институты 320-дан астам көрсеткіштер мен сарапшылар бағаларын талдайды екен, соның ішінде мыналар бар:
83 экономикалық көрсеткіш, 77 үкімет пен басқару тиімділігінің көрсеткіші, 69 бизнес тиімділігінің көрсеткіші, 94 инфрақұрылым көрсеткіші.
Слайд 23
Елдің бәсекеге қабілеттілігі
біріншіден, білім беру деңгейімен айқындалады.
Мәселе мынада, ұлттар тауарлармен және қызметтермен ғана бәсекелеспейді –
олар қоғамдық құндылықтар жүйесі мен білім беру жүйелерімен де бәсекелеседі.
Слайд 24
Екіншіден, адами капиталдың дамуы. Осы заманғы экономикада
салмақ материалдық тауарлар мен қызметтерге қарағанда, “интеллектуалдық әлеуетке” көбірек
түсіріледі. Ұлттың осы заманғы және тиімді білім беру жүйесін ұстануға, жұмысшы күшінің оқыту жолымен интеллектуалдық қырын арттыруға қабілеттілігі бәсекеге қабілеттілігі үшін ерен маңызды болуда.
Слайд 25
Үшіншіден, инновациялық даму. Бәсекеге қабілеттілік индексінің бір
бөлігі болып табылатын “технологиялар индексі” деп аталатын көрсеткіш, инновациялық
даму, технологиялар трансферті, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар дамуы, ғылыми зерттеулер мен талдамаларды инвестициялау көлемінің, бұл салада бизнес пен университеттердің ынтымақтастығы деңгейін бағалау арқылы есептеп шығарылады.
Слайд 26
Төртіншіден, атқарылу сапасы. Жапония, Сингапур, Германия, Швейцария
– идеялар мен технологиялардың нақтылы өнімдер мен қызметтерге асқан
шеберлікпен айналуының арқасында жаһандық экономикада табысқа жетіп келе жатқан елдердің үлгісі болып отыр.
Слайд 27
Бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік кестесінде елдер және солардың
ішінде Қазақстан қалай орналасқан екен?
Мәселен, 2005-2006 жылдарғы экономикалық
өсудің “Давостық” бәсекеге қабілеттілік индексін алайық.
117 елдің ішінен алғашқылар қатарына Финляндия, АҚШ, Швеция, Тайвань, Норвегия, Исландия, Сингапур, Австралия, Канада, Швейцария, Жапония, Ұлыбритания, Германия және Израиль шығыпты. Қазақстан 61-ші орын алыпты.
Біз ТМД-ның барлық мемлекеттерінен алда екенімізді айта кетейік.
Слайд 28
Өзіміздің алдымызға стратегиялық міндет – таяудағы 10
жылда елімізді әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына
шығару міндетін қоя отырып, біз ғылым мен технологияларды дамытудың, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістерін жіті назарда ұстауға тиіспіз.