Тері өңдеу, ұқсату
Халық тұрмысында
мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату көптен бері келе жатқан тәсілдердің бірі. Сондықтан бұған байланысты түрлі-түрлі ұғымдар туды. Мысалы, ірі қара малдың иленбеген терісін шылғи тері немесе шылғи қайыс, ал тері иленіп ұқсатылғаннан кейін оны қайыс деп атайды.
Теріден: саба, мес, торсық, етік, көрік, оймақ, аба (тері киімі), көнек (түйенің мойын терісінен жасалған шелек), сүйретпе, т.б. құрал-жабдықтар дайындалады.
Слайд 3
Теріден жасалған құрал-жабдықтар
Ағаш бұйымдары
Қазақтың ұлттық қолөнерінде ағаштан көптеген
заттар жасалады. Балташылар, ағаш ұсталары, ершілер қайыңды, үйеңкіні, үйшілер, ағаш ойып, шыбық өріп тоқушылар талды пайдаланады. Ағаштан бұйым жасайтын шеберлер: емен, қайың, самырсын, үйіңкі, қызыл қарағай, қара ағаш, тасжарған, қайыңның түбірі, жөке, тал, арша сияқтыларды пайдаланады. Бұлардың бірі қатты, бірі жонуға оңай, жылтыр, ал кейбіреуі жарылмайтын, қаңсымайтын болса, енді кейбіреуі иілгіш, жеңіл, су сіңбейтін бірақ бояу сіңгіш, желім ұстағыш болады. Әрбір істің ерекшелігіне қарай әр түрлі сападағы ағаштар пайдаланылады.
Мүйіз өңдеу
Халқымыздың
ертеден келе жатқан қолөнер мәдениетінің үлгілері ішінде мүйізден жасалған әсем заттар асқан шеберліктің белгісіндей оқшау тұрады. Әрбір мүйіз өрнек ата-бабаларымыздың ерлік еңбектері мен ежелгі ел салтының шежіресі іспеттес. Мүйіз сүйекке қарағанда жонуға, июге, кесуге, тесуге, шегелеуге қолайлы. Сондықтан мүйізден түрлі ожау, құты, түйме, тарақ, семсер, пышақ, біз саптары, қаламсап, қамшы сабы, шығыршың мен бұранда сияқты көптеген заттар өрнектеліп жасалады.
Мүйізді ұқсатудың негізгі әдісі қыздыру, не қайнатып балқыту. Сөйтіп оны белгілі бір нұсқаға келтіреді.
Слайд 7
Мүйізден жасалған құрал-жабдықтар
ОЮ-ӨРНЕКТЕР.
Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келеді. ОЮю деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір.
Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен
3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Ою-өрнектердің мынадай түрлері бар: қошқармүйіз, сынықмүйіз, қосмүйіз, арқармүйіз, сынықмүйіз, қошқармүйіз, қырықмүйіз, өркеш, шыныгүл, гүл, шытырман, түйетабан, сыңарөркеш, балдақ, қармақ, тарақ, қосалқа, т.б.