Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Мәдени мұра

Содержание

Қашан да Егемендікті аңсап, елдіктің туын өз алдына көтеруді арман-мақсатына айналдырған қасиетті қазақ халқы ХХ ғасырдың 90-жылдарында сол бір асыл мұраттарына қол жеткізді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ, ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ №3 МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТақырыбы: Қашан да Егемендікті аңсап, елдіктің туын өз алдына көтеруді арман-мақсатына айналдырған қасиетті Ел түбірімен егемендік алды. Көгінде көк байрағы желбіреді. Төрінде Елтаңбасы жарқырады. Әнұраны Замана толқынымен өткен, ғасырлар қойнауына еніп кеткен ғажап тарихымызды білу, одан кейінгі ТЫЛСЫМ СЫРЫН ІШІНЕ БҮГІП ЖАТҚАН, ТАРИХЫ ТЕРЕҢГЕ ТАРТҚАН ҚҰМИЯН МЕН АҚҚОРҒАН, ӨЗГЕНТ Кезінде Самарқанды билеген Ақсақ Темір Сығанаққа келіп түстеніп кетсе, ХIХ ғасырдың ортасында Қазақстанның көз жетпес көсіліп жатқан ұшы-қиырсыз дала төсінде тіршілік жаралғалы адамзат баласының Ғылыми жүйеге түскен тарихи деректерге сүйенсек, б.д.д. VII-IV ғасырларда Орта Азия мен Академик В.В. Бартольд қаңлы тайпалары Сырдарияның орта тұсында өмір сүрген деп тұжырымдайды. IX ғасырдан бастап Сырдарияның орта және төменгі ағысын, Қаратаудың өңірін оғыздар жайлап, XI-XII ғасырларда Қыпшақ мемлекеті дәуірлей бастады. Қыпшақтар Орал тауының қыраттарынан Арал теңізіне XIII ғасырда Орта Азия мен Қазақстан жеріне басталған монғол шапқыншылығы халықтың саяси, Шыңғысхан өзінің жаулап алған жерлерін төрт ұлына – төрт ұлыс етіп бөліп VII-VIII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанды арабтардың жаулап алуына байланысты Ислам мәдениеті Ия, Жаңақорған өңірі қилы-қилы небір заманды басынан өткізген ғой. Сырдарияның оң жағындағы Зерттеуші П. Лерх пен А.Ю. Якубовский: «Қаратаудың күнгей бетінде, ұлы өзеннің қойнауы Халық енді суы мол, қонысқа қолайлы жер іздейді. Сол кезде Сунақтан шыққан Бұл бекініс жөнінде Алексей Брагин «Третье рождение» деген кітабында: «Жаңақорған – жаңа Сыр бойын жайлаған қазақтар, оның ішінде Жаңақорған халқы XVII-XVIII ғасыларда жоңғарлардың зорлық-зомбылығына Аспанды торлай бастаған қара бұлттың көп ұзамай дауылға айналатындығы, үлкен бір болатын 1928 жылы қаңтарда Сырдария губерниясы тарап, орнына Қызылорда, Сырдария округтері құрылды. Түркістан 1930 жылдың күзінде Жаңақорған ауданындағы барлық шаруашылықтың 80 пайызы ұжымдастырылды. 1930 жылғы 1925 жылдың қыркүйегінде Ф.И. Голощекиннің Қазақ Өлкелік партия Комитетінің Бірінші хатшысы болып Жаңақорған қонысынан Түркістан қаласына қарай үлкен трасса бойымен бет алғанда, 3-4 шақырымдай 1934 жылы 19 қаңтарда Жаңақорған ауданының орталығы Шиеліге көшіріліп, орталығы Шиелі поселкесі 1941 жылы 22 маусымда Герман фашист басқыншылары бейбіт жатқан елімізге қарақшылықпен түн 1945 жылдың 1 мамырында Рейхстаг күмбезіне Жеңіс Туы тігілді. 2 мамыр күні Соғыстан кейінгі бес жылдықта ауданның ауыл шаруашылығы едәуір дамыды. Аудан еңбеккерлері ынта-жігермен 1957-1961 жылдары аудан колхоздары 4 совхозға біріктірілген. Талап, Бірлік, Красная Звезда, Төменарық, Жаңақорғанда негізі 1918 жылы қаланған, кезінде Одаққа белгілі Жаңақорған шипажайы жұмыс істейді.Қазыналы 1994 жылы 29 наурызда аудандық Мәслихаттың 1 сесиясы шақырылды. Мәслихат хатшысы болып Аудан қазір әкімшілік – территориялық жағынан 2 кент, 13 ауылдық округтерге бөлінген. Жаңақорған кентінде 23800 адам тұрады. Мұның ішінде орыс – 197, түрік – 20-дан аса адам Жаңақорған қонысының және кентінің «Құрметті азаматы» атағына ие болған. Уақыттың ұлы көшіне ілесіп, іргелі ел болу жолында мың өліп, мың тірілсе Күні кеше біреудің боданында жүріп, ада-күде жоғалтып алуға шақ қалған ұлттық қасиет Ендеше болашаққа дұрыс жол тауып, көшелі де көрікті ел, келешегі кемел халық Біз, жаңақорғандықтар – Сырдариядай ұлы өзен бойын мекен еткен бабаларымыздың, тіршілігімізге жан Соншама бай рухани қазынаны, мол мұраны, тамаша тарихымызды зерттемеуге, зерделемеуге, жинақтап, елдің Мектеп тарихы – ұрпақтар сабақтастығы   Сыр мен Қаратауды тел емген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Республикада мал шаруашылығын өркендетуге байланысты қабылдаған қаулысына сәйкес алыс 1963 жылдың 13 тамызынан 1980 жылдарға дейін мектеп-интернатқа білікті ұстаз Ә.Әшірбековбасшылық жасайды. Ә. Әшірбеков 1976 жыл Жаңақорған поселкесінің «Құрметті азаматы» деген атаққа ие болады. Оқу-тәрбие жұмысындағы жақсы табыстары үшін №3 мектеп-интернат 1967 жылы Ұлы Октябрь Социалистік Өтеген Убайдаев – аға мұғалім, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, 1963-1980 жылдары мектеп-интернатты «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» Ә.Әшірбеков, 1980-81 жылдары Ф.Тілеубаева, 1996-97 оқу жылының басында мектеп-интернатта 253 оқушы болды. Осы жылы пәндік олимпиадаға 1997-98 оқу жылында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Жыл мұғалімі-98» байқауында өзін Сананы тербеп ой-ағын,Сіздерге қарап қоямын.Түлегің болып ұшсам да,Оқушың болып қаламын.Таңдана қарап өткенге,Мұратқа Аннотация Уақыттың ұлы көшіне ілесіп, іргелі ел болу жолында мың өліп, мың
Слайды презентации

Слайд 2


Қашан да Егемендікті аңсап, елдіктің туын өз алдына

Қашан да Егемендікті аңсап, елдіктің туын өз алдына көтеруді арман-мақсатына айналдырған


көтеруді арман-мақсатына айналдырған қасиетті қазақ халқы
ХХ ғасырдың 90-жылдарында

сол бір асыл мұраттарына қол
жеткізді.

Слайд 3 Ел түбірімен егемендік алды. Көгінде көк байрағы желбіреді.

Ел түбірімен егемендік алды. Көгінде көк байрағы желбіреді. Төрінде Елтаңбасы жарқырады.

Төрінде Елтаңбасы жарқырады. Әнұраны рухы биік ұрпақтың мақсат-мұратын паш

етті. Бүкіл қазағын асыл армандарына бастап Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзгелерден оқ бойы озып, алда жүрді. Болар елдің болашағының сенімін нығайтты.

Бүгінде төрткүл дүние таныған, мойындаған құрыш қазаққа айналдық. Уақыт көшінде тоқтау жоқ. Желмая желіспен ілгері жылжиды. Өткен күн тарих жылнамасына айналып, келер күн шежіре бетінің парағын толықтырады. Сондықтан, кез-келген салада – дария, шежіреден сыр шертіп, кейінгі ұрпаққа мирас ету бүгіннің міндеті.


Слайд 4

Замана толқынымен өткен, ғасырлар қойнауына еніп кеткен ғажап

Замана толқынымен өткен, ғасырлар қойнауына еніп кеткен ғажап тарихымызды білу, одан

тарихымызды білу, одан кейінгі кешегі жүріп өткен сан тараулы

жолымызды зерделеу және жаңа ғасырдың алғашқы онжылдығын артқа тастап, алға қадам басқан бүгінгі жарқын өмірімізді сараптай отырып, алдымыздағы кемел келешегімізді бағамдау – ғибраттылық болмақ. Бұл қазіргі және өскелең ұрпағымыз үшін де – парыз.

Бұрыннан қаймағы бұзылмаған, ынтымағы мен бірлігі жарасқан, Алаштың анасы атанған Сыр бойы, мұның ішінде Жаңақорған ауданы – тарихи шежіреге толы өңір. Олай дейтініміз, мұнда ХII ғасырда Қыпшақ мемлекетінің, XIV-XV ғасырларда Ақ Орда мемлекетінің астанасы болған Сығанақ қаласы жатыр. Мұнда Орыс хан, Барақ, Әбілқайыр, Тоқтамыстар хандық құрған. Кезінде қырғидай тиген жоңғарлар шабуылына берілмеген, жеті қабат қорғандармен қоршалған Сауран қамалы да осы өңірде. Атақты Алпамыс батырдың әйелі Гүлбаршын сұлудың басына орнатқан күмбезді «Көккесене»орны да Қожамберді ауылының күнбатыс іргесінде жатыр.


Слайд 5 ТЫЛСЫМ СЫРЫН ІШІНЕ БҮГІП ЖАТҚАН, ТАРИХЫ ТЕРЕҢГЕ ТАРТҚАН

ТЫЛСЫМ СЫРЫН ІШІНЕ БҮГІП ЖАТҚАН, ТАРИХЫ ТЕРЕҢГЕ ТАРТҚАН ҚҰМИЯН МЕН АҚҚОРҒАН,

ҚҰМИЯН МЕН АҚҚОРҒАН, ӨЗГЕНТ ПЕН ОРДАКЕНТ СЕКІЛДІ ҚҰМ ЖҰТҚАН

ҚАЛАЛАР МЕН ҚАМАЛДАР ДА ОСЫНДА.



Слайд 6


Кезінде Самарқанды билеген Ақсақ Темір Сығанаққа келіп түстеніп

Кезінде Самарқанды билеген Ақсақ Темір Сығанаққа келіп түстеніп кетсе, ХIХ ғасырдың

кетсе, ХIХ ғасырдың ортасында Кенесары хан қоқаңдаған қоқандықтарды Жаңақорған

қамалынан қуып шығып, осында түсіп, атының белін суытқан




Слайд 7 Қазақстанның көз жетпес көсіліп жатқан ұшы-қиырсыз дала төсінде

Қазақстанның көз жетпес көсіліп жатқан ұшы-қиырсыз дала төсінде тіршілік жаралғалы адамзат

тіршілік жаралғалы адамзат баласының қаншама ізі қалды. Сол қасиетті

ата-баба ізін өзгеге таптаттырмай бүгінгі ұрпақтары жалғастырып келеді. Кең байтақ Қазақстан жерін бағзы заманнан бері басқа ел жайламаған. Мұнда қазір өмір сүріп отырған өскелең ұрпақтың арғы ата-бабалары мекен еткен, тіршілік жасаған.
Қазіргі Жаңақорған халқы да жел айдаған қаңбақтай бір жақтан жер ауып келген емес. Осы Сыр бойында туып, тұрақты өмір сүрген, өсіп-өнген сонау заманалардағы түбі бір ата-бабаларымыздың заңды да табиғи жалғасы. Олай болса, бұл халықтың да адам баласының алғашқы қауымдық – тас дәуірін, қола дәуірін, темір дәуірін де басынан өткізгендігінде дау жоқ.

Слайд 8 Ғылыми жүйеге түскен тарихи деректерге сүйенсек, б.д.д. VII-IV

Ғылыми жүйеге түскен тарихи деректерге сүйенсек, б.д.д. VII-IV ғасырларда Орта Азия

ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан жерін сақтар мекендеген. Сырдария

өзені бұл кезде Яксарт деп аталған. Сақ тайпалары осы Яксарт бойында, Қаратау өңірінде қоныстанған.
Б.д.д. III ғасырдан бастап қазіргі заманның VII ғасыры аралығында өмір сүрген қаңлы тайпалары сақ тайпаларының жалғасы болып келеді. Осы Сыр бойын мекендеген қаңлылар өздерін түркіміз деп санаған.


Слайд 9
Академик В.В. Бартольд қаңлы тайпалары Сырдарияның орта тұсында

Академик В.В. Бартольд қаңлы тайпалары Сырдарияның орта тұсында өмір сүрген деп

өмір сүрген деп тұжырымдайды. Ал археолог-тарихшы А.Н. Бернштам бұл

пікірді қуаттай келіп, сол қаңлы тайпаларының бір саласы Сырдарияның орталық ағысындағы Жаңақорған қаласынан солтүстік-батысқа қарай, Қазалыға дейінгі үлкен аймақты алып жатқандығын айтады. Бұдан кейінгі ғасырларда түркілердің ата-тегі саналатын ғұн тайпалары шаңырақ көтерді, бұдан бірнеше тайпалар мен ел-жұрттар өрбіді.
VI ғасырда қазақ жерінде Түрік қағанаты бой көтерді. Түрік қағанаты Батыс және Шығыс болып екіге бөлінген кезде Жаңақорған өңірі де Батыс Түрік қағанатының құрамына кіргені сөзсіз.

Слайд 10 IX ғасырдан бастап Сырдарияның орта және төменгі ағысын,

IX ғасырдан бастап Сырдарияның орта және төменгі ағысын, Қаратаудың өңірін оғыздар

Қаратаудың өңірін оғыздар жайлап, феодалдық Оғыз мемлекеті (IX-XI ғ.ғ.)

пайда болды. Қаратауды баурайлап, Сырдарияны жағалап Ұлы Жібек жолының өтуі бұл жердегі халықтардың экономикалық жағдайы мен мәдениетінің өсуіне, өзге ру-тайпалармен қарым-қатынасының күшейіп, алыс-берісінің дамуына ықпал етті

Слайд 11 XI-XII ғасырларда Қыпшақ мемлекеті дәуірлей бастады. Қыпшақтар Орал

XI-XII ғасырларда Қыпшақ мемлекеті дәуірлей бастады. Қыпшақтар Орал тауының қыраттарынан Арал

тауының қыраттарынан Арал теңізіне дейін, Орталық және Шығыс Қазақстан,

Жетісу өңірлеріндегі ұланғайыр алқапты алып жатты. Қыпшақ мемлекетінің астанасы Сығанақ қаласы болды.

Слайд 12 XIII ғасырда Орта Азия мен Қазақстан жеріне басталған

XIII ғасырда Орта Азия мен Қазақстан жеріне басталған монғол шапқыншылығы халықтың

монғол шапқыншылығы халықтың саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын әлсіретіп

кетті. Қалалар қирады, отырықшы халықтардың берекесі кетті. Монғол шапқыншылығынан кейін қалалар мен елді мекендер көп жылдарға дейін оңала алмайды. Тек XIV-XV ғасырларда ғана бұл жерлердің шаруашылық жағдайлары біртіндеп қалпына келе бастайды.

Слайд 13 Шыңғысхан өзінің жаулап алған жерлерін төрт ұлына –

Шыңғысхан өзінің жаулап алған жерлерін төрт ұлына – төрт ұлыс етіп

төрт ұлыс етіп бөліп берді. Қазақ халқының басым көпшілігі

Жошы ұлысының құрамына қосылып, алғашқыда Алтын Орда хандығында, кейіннен оның сол қанаты болды. XIV ғасырдың басынан Ақ Орданың құрамына кіреді. Ақ Орданың астанасы Жаңақорған аумағындағы Сығанақ қаласы болды. XV-XVI ғасырларда Қазақ хандығы құрылады.


Слайд 14 VII-VIII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанды арабтардың жаулап

VII-VIII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанды арабтардың жаулап алуына байланысты Ислам

алуына байланысты Ислам мәдениеті қалыптасты. Ежелгі Сыр бойы мұның

ішінде Жаңақорған өңірі – бір Алланың нұрына бөленген әулие-әмбелердің жамбасы тиген тектілер мекеніне айналды. Ислам мәдениеті араб жазуымен араб тіліндегі «Құран» арқылы алғашқы бастауын алады. Кейінірек араб тілінің арқасында бірқатар түркі ғалымдары мен ақын-шайырларының еңбектері таныла бастады. Бұл жөнінде Әл-Фараби, Хисамеддин әл-Сығанакилерді айтуга болады.

Слайд 15 Ия, Жаңақорған өңірі қилы-қилы небір заманды басынан өткізген

Ия, Жаңақорған өңірі қилы-қилы небір заманды басынан өткізген ғой. Сырдарияның оң

ғой. Сырдарияның оң жағындағы темір жол бойында орналасқан қала

типті Жаңақорған қонысының тарихы да әріде жатыр. Село XIX ғасырдан бері «Жаңақорған» деп аталады. XVI-XVIII ғасырларда «Дінқорған», «Шепқорған» аталған. Оның түбінде ертеде шағын қала болған. Оның қазіргі сыртқы көрінісі – оңтүстіктен солтүстікке қарай 100 метрге созылып жатқан төбе. Археологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде құманның, табақтың, керсеннің, күбінің сынықтары табылған. Ыдыстардың сыртында ою-өрнектер салынбаған. Археологиялық материалдарға қарағанда, бұл көне қала б.з. I-VIII ғасырларында өмір сүрген. Тұрғындары егін егіп, мал өсірген. Кейінгі зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, Жаңақорған орнындағы ең алғашқы қоныс б.д. I-V ғасырларда пайда болған. Оның орны – қазіргі Құмсаба. Құмсабаның астында көне қаланың орны бар.
Бұл жөніндегі пікірді қазақтың мәдениеті мен тарихына терең барлау жасап жүрген белгілі қаламгер Дүкенбай Досжан қуаттайды.

Слайд 16 Зерттеуші П. Лерх пен А.Ю. Якубовский: «Қаратаудың күнгей

Зерттеуші П. Лерх пен А.Ю. Якубовский: «Қаратаудың күнгей бетінде, ұлы өзеннің

бетінде, ұлы өзеннің қойнауы бұрылатын тұсында, оң жағалауда отырықшы

оғыздардың қорғаны, мекен-жайы болды», - деп жазады. Бірақ Құмсаба тұрғындары бұл жерде тұрақтап қоныс тебе алмады. Өйткені, дария арнасы бір аунаған кезде қала судың астында қалып қояды. Халық енді Дінқорған қамалын салады. Мұнда Қоқан билеушілерінен зәбір көрген халық тағы да босқынға түседі. Олар енді қашықтағы жазық далаға орналасып, сол жерді тіршілік ұясына айналдырады. Бұл жерді – Ордакент деп атайды. Бірақ бұл мидай жазық дала тұрғындарға қолайлы қоныс бола қоймайды, суы да тапшылау болады.

Слайд 17 Халық енді суы мол, қонысқа қолайлы жер іздейді.

Халық енді суы мол, қонысқа қолайлы жер іздейді. Сол кезде Сунақтан

Сол кезде Сунақтан шыққан Сасықбай батыр жергілікті сунақ халқын

ұйымдастырып, көл жағасынан жаңа қорған салады. Бұл қорған – Жаңақорған деп аталады. Бұл 1803 жыл еді. Созылған қорғанның орны қазіргі Жаңақорған қонысындағы Қорған (Крепость) көшесінің айналасы болады. Сол кездері бекініс ретінде салынған биік те жалпақ қорғанның қалдықтары қазіргі аудандық Мәдениет Үйінің солтүстік іргесінен орталық базардың орнына дейін (1944-1945жж.) созылып жатқандығын дербес зейнеткер Тастемір Жүзбаев әңгімелейді.

Слайд 18 Бұл бекініс жөнінде Алексей Брагин «Третье рождение» деген

Бұл бекініс жөнінде Алексей Брагин «Третье рождение» деген кітабында: «Жаңақорған –

кітабында: «Жаңақорған – жаңа бекініс күтпеген жерден пайда болды,

көпшілікке байқаусызда соғылды. Бекініс төрт бұрышты қорғанмен қоршалды. Қорғанға қойып ататын білтелі мылтықтары болды. Жаңақорғанның ұрма дуалдары Ақмешіттегідей ұрма саз балшықтан тұрғызылған. Оған шығыс жағындағы жаппалы қақпа арқылы кіруге болады. Қорған ішіндегі қалашықтың жартысы саздан салынған, аздап ағаштан тұрғызылған үйлер де бар. Сонымен бірге кішігірім сұр киіз үйлер мен ауқатты ақ боз үйлер болған», - деп жазды.

Слайд 19
Сыр бойын жайлаған қазақтар, оның ішінде Жаңақорған халқы

Сыр бойын жайлаған қазақтар, оның ішінде Жаңақорған халқы XVII-XVIII ғасыларда жоңғарлардың

XVII-XVIII ғасыларда жоңғарлардың зорлық-зомбылығына шыдап бақса, XIX ғасырдың басында

Қоқан феодалдық езгісіне төтеп берді.
Осы кезеңде отаршылдық саясатты ұстанған Ресей империясы да Сыр бойын қоқандықтардан тазартып, өз үстемдігін жүргізе бастайды. Жаңақорғандықтар енді Ресей империясының шырмаулы торына келіп түседі.
Қазан төңкерісіне дейінгі бұл өңірдегі үлкен оқиғалардың бірі – 1904-1905 жылдары Жаңақорғанның үстінен Орынбор – Ташкент темір жолының өтуі болды. Темір жол өзімен бірге үлкен жаңалық – отаршылдық саясатқа қарсы ереуілдік қозғалыстардың хабарларын әкелді.

Слайд 20 Аспанды торлай бастаған қара бұлттың көп ұзамай дауылға

Аспанды торлай бастаған қара бұлттың көп ұзамай дауылға айналатындығы, үлкен бір

айналатындығы, үлкен бір болатын өзгерістің жақындап келе жатқандығы сезіліп

тұрды.
1917 жылдың ақпанында Ресейде буржуазиялық-демократиялық төңкеріс жеңіп, елде қос өкімет орнады. Ұзамай 1917 жылы 25 қазанда (7қарашада) большевиктер бастаған қарулы төңкеріс жеңіп шығып, Уақытша үкімет құлатылды. «Ресейдің отарлық саясатынан құтылдық па?» деп ойлаған ел енді қызыл империяның саясатшыл шекпеніне оранғанын да білмей қалды. Ертеден бері сарғая күтіп аңсаған азаттықтың ауылы тағы да алыстай түсті. Бұл кезде Жаңақорған болысы Сырдария губерниясы Түркістан уезіне қарайтын.
1926 жылы жүргізілген Бүкілодақтық санақта Жаңақорған болысының территориясындағы халық саны 31645 адам болған. Оның 0,4 пайызы басқа ұлттардан құралған.

Слайд 21 1928 жылы қаңтарда Сырдария губерниясы тарап, орнына Қызылорда,

1928 жылы қаңтарда Сырдария губерниясы тарап, орнына Қызылорда, Сырдария округтері құрылды.

Сырдария округтері құрылды. Түркістан уезі таратылып, Сырдария округінің қарауындағы

уездер мен болыстардан аудандар ұйымдастырылды. Төменарық, Жаңақорған, Сауран, Өзгент болыстарының ізімен Жаңақорған ауданы болып қайта құрылды. Орталығы Жаңақорған селосы болды.
Ауданның құрылуы байлардың мал-мүлкін тәркілеу және ұжымдастыру науқанымен қатар іске асты. 1928 жылдың күзінде Г. Бабашев, Ә.Арқабаев, Ә.Толқынбаев, Б.Сердалиев сияқты байлардың малы тәркіленіп, кедей шаруаларға берілді. Қуғын-сүргін басталды.

Слайд 22 1930 жылдың күзінде Жаңақорған ауданындағы барлық шаруашылықтың 80

1930 жылдың күзінде Жаңақорған ауданындағы барлық шаруашылықтың 80 пайызы ұжымдастырылды. 1930

пайызы ұжымдастырылды. 1930 жылғы 17 желтоқсанда Сырдария округі тарап,

аудандық бөлініс енгізілді және ірілендірілген жаңа аудандар құрыла бастады. Жаңақорған мен Шиелі бір ауданға бірікті. Шиелі мен Жаңақорғанның ауыл шаруашылығы өнімінің 3 жылдық көрсеткіштері сарапқа салынып, 3 жылда да Жаңақорғанның табысы мол болғандығына байланысты іріленген ауданның аты Жаңақорған деп аталды, орталығы Жаңақорған поселкесі болды.

Слайд 23 1925 жылдың қыркүйегінде Ф.И. Голощекиннің Қазақ Өлкелік партия

1925 жылдың қыркүйегінде Ф.И. Голощекиннің Қазақ Өлкелік партия Комитетінің Бірінші хатшысы

Комитетінің Бірінші хатшысы болып келуі – елде зобалаңның басталуының

басы болды. Ол «Кіші Қазан өткізу керек», - деп, «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген сыңаржақ ұранды ту ғып ұстады. 1930 жылғы «бай-кулактармен күрес жөніндегі шаралар туралы» қаулыдан кейін-ақ қауіпті деген адамдар «Халық жауы» деген атпен қамауға алынып, түрмелерге жабылды, жер аударылды. Елдің жағдайы өте нашар еді. Осындай қайғы-қасіреттер қабырғасына қатты батқан қоғам қайраткерлері – Ғ. Мүсірепов, М. Ғатаулин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев 1932 жылы Ф.И. Голощекинге хат жазды. Бұл «Бесеудің хаты» деп аталады. Осы хаттың авторларының бірі – Е.Алтынбеков 1925 жылдан Компартия мүшесі еді. Ол хат жазған кезде Алматыдағы Коммунистік Жоғары оқу орнының оқу ісі жөніндегі проректоры болатын. 1933-1937 жылдары Алтынбеков Жаңақорған аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет істеді.Асыра сілтеу салдарынан қолдан жасалған ашаршылық зұлматы халықты күйзелтіп, ел-жұртты аздырып-тоздырып жіберді.

Слайд 24 Жаңақорған қонысынан Түркістан қаласына қарай үлкен трасса бойымен

Жаңақорған қонысынан Түркістан қаласына қарай үлкен трасса бойымен бет алғанда, 3-4

бет алғанда, 3-4 шақырымдай жерде оң жақ қабатта биік

төбе бар («Секретарь төбе»). Осы жылдары басқа жақтан ауып келген адамдар Сырдария бойына жете алмай, осы төбе маңында аштан қырылып, қалған екен.

Слайд 25 1934 жылы 19 қаңтарда Жаңақорған ауданының орталығы Шиеліге

1934 жылы 19 қаңтарда Жаңақорған ауданының орталығы Шиеліге көшіріліп, орталығы Шиелі

көшіріліп, орталығы Шиелі поселкесі болды. 1966 жылдың басында Жаңақорған

ауданы Шиелі ауданынан бөлініп шықты. Ашаршылықтан аман қалған жұрт енді есін жинай бергенде, 1937-1938 жылдардағы сталиндік қуғын-сүргін басталды. Қарадай жүрген адал адамдар табан астынан «халық жауы» болып ұсталып, алды 10 жылға қамалып, соңы жазықсыз атылып жатты. Аудан бойынша 1 мыңнан аса адам қамауға алынып, бұлардың көбісі жазықсыз атылып кетті. Оларға: Сұлтанбек Қожановты, Нәзір Төреқұловты, Садықбек Сапарбековты айтуға болады. 1997 жыл – Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланды. 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп белгіленді. Ауданның орталығында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап тұрғызылған ескерткіш бар.

Слайд 26 1941 жылы 22 маусымда Герман фашист басқыншылары бейбіт

1941 жылы 22 маусымда Герман фашист басқыншылары бейбіт жатқан елімізге қарақшылықпен

жатқан елімізге қарақшылықпен түн жамылып, таңғы сағат 4-те тұтқиылдан

шабуыл жасады. Ұлы Отан соғысы басталды. Жаңақорған ауданынан Ұлы Отан соғысына 4949 жауынгер аттанды. Аудан еңбекшілері майданда да, тылда да ерен ерліктер жасады.
Жаңақорғандық жауынгерлер майдандас достарымен тізе қоса отырып, Мәскеуді қорғады, Сталинград пен Курск шайқастарына қатысты, Украина мен Белорус майдандарында, партизан жорықтарында болды. Еуропа елдерін басқыншыларынан азат етісті, Берлинге дейін барып, Рейхстагқа шабуылмен кірді.

Слайд 27 1945 жылдың 1 мамырында Рейхстаг күмбезіне Жеңіс Туы

1945 жылдың 1 мамырында Рейхстаг күмбезіне Жеңіс Туы тігілді. 2 мамыр

тігілді. 2 мамыр күні – Берлин гарнизоны тізе бүкті.

8 мамырда – Германияның сөзсіз тізе бүгуі туралы Актіге неміс фельдмаршалы Кейтель қол қойды. 9 мамыр – Жеңіс күні боп белгіленіп, Кеңес Одағы халқының Ұлы мерекесіне айналды. Ауданымыздан аттанған 4949 адамның 2289-ы кіндік қаны тамған еліне оралмай, туған жердің топырағы бұйырмай қалды. Жерлестеріміз Әнуар Әбутәліпов пен Александр Дмитриевич Романов Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

Слайд 28 Соғыстан кейінгі бес жылдықта ауданның ауыл шаруашылығы едәуір

Соғыстан кейінгі бес жылдықта ауданның ауыл шаруашылығы едәуір дамыды. Аудан еңбеккерлері

дамыды. Аудан еңбеккерлері ынта-жігермен аянбай еңбек етті. Майданнан оралған

жауынгерлер бейбіт еңбекке араласты.
1931 жылы ауданда МТС ашылып колхоз құрылысы басталды. 1939 жылдары ауданда 24 колхоз, 1 өндірістік артель, 1 МТС болған. Негізінен, мақта өсіріп, егін шаруашылығымен айналысқан. Соғыс жылдары, одан кейін Сунақата, Тайпақкөл, Келінтөбе каналдары қазылып, егіс көлемі ұлғайған. Жылқышылар К.Тағаев, Н.Ержанов, С.Құрымбеков, С. Сұлтанмұратов, күрішшілер Ә. Еламанов, Ә.Исаев, И. Цой, шопан Қ. Омаровтарға Еңбек Ері атағы берілген.

Слайд 29 1957-1961 жылдары аудан колхоздары 4 совхозға біріктірілген. Талап,

1957-1961 жылдары аудан колхоздары 4 совхозға біріктірілген. Талап, Бірлік, Красная Звезда,

Бірлік, Красная Звезда, Төменарық, 1965 жылдан Түгіскен массиві игеріле

бастап, жаңадан күріш совхоздары (Задарья, Келінтөбе, XXIII, XXIV партия съезі атындағы, Түгіскен, Өзгент) ашылып, суармалы егіс шаруашылығы дамыды.
Аудан көлемінде Жиделі, Бесарық, Ақүйік өзендері негізінде Жиделі су қоймасы 1985 жылы салынса, Ақүйік су тоспасы 1989 жылы салынған. Бесарық су қоймасы 1977 жылы салынған.

Слайд 30 Жаңақорғанда негізі 1918 жылы қаланған, кезінде Одаққа белгілі

Жаңақорғанда негізі 1918 жылы қаланған, кезінде Одаққа белгілі Жаңақорған шипажайы жұмыс

Жаңақорған шипажайы жұмыс істейді.
Қазыналы Қаратау алқабы мен сұлу Сыр

бойын жайлап жатқан Жаңақорған өңірінің қасиетті топырағынан елге танымал қоғам қайраткерлері, білімдар ғұламалар, ақын-жазушылар мен өнер иелері, еңбегі елеулі азаматтар шыққан. Олар: И. Әбдікәрімов, М. Әлиев, Б. Сапарбаев, С. Шаухаманов, О. Бәйімбетов, М. Ауанов, С. Сартаев, А. Илялетдинов, т.б. Жаңақорған өңірі осынау азаматтарымен тұлғаланып, Жаңақорған аспаны осынау азаматтарымен биіктеп тұрады. Жаңақорған – талай тарлан таланттарды шығарған, әлі де шығара беретін киелі мекен, қасиетті топырақ.
Кешегі Аблай хан армандап өткен, Кенесарыны мерт еткен, семсер сөзді Махамбет басын тіккен, Алашордашылар межелеп кеткен – осындай Тәуелсіздікті қазақ баяғыдан күткен! 1991 жылы осы Ұлы арманға да қол жеткіздік.

Слайд 31 1994 жылы 29 наурызда аудандық Мәслихаттың 1 сесиясы

1994 жылы 29 наурызда аудандық Мәслихаттың 1 сесиясы шақырылды. Мәслихат хатшысы

шақырылды. Мәслихат хатшысы болып Срайыл Скендіров, тексеру комиссиясының төрағасы

болып Есен Оңалбаев сайланды. 1999 жылы 16 қарашада екінші аудандық Мәслихаттың ұйымдастыру сессиясы болған. Онда Мәслихаттың хатшысына Сәулебек Дүйсебеков, тексеру комиссиясының төрағасы болып Есен Оңалбаев сайланды. Мәслихаттың депутаты – 15, аппаратта істейтіндер – 7 адам. Үшінші аудандық Мәслихаттың ұйымдастыру сессиясы 14 қазан 2003 жылы болды. Мәслихаттың хатшысына Сәулебек Дүйсебеков, тексеру комиссиясының төрағасы болып Тұрғанбай Мелдебеков сайланды. Төртінші аудандық Мәслихаттың ұйымдастыру сессиясы 29 тамыз 2007 жылы болды. Мәслихаттың хатшысына Сәулебек Дүйсебеков, тексеру комиссиясының төрағасы болып Тұрғанбай Мелдебеков сайланды. Мәслихаттың хатшысына Сәулебек Дүйсебеков, тексеру комиссиясының төрағасы болып Есдәулет Сейілов сайланды.

Слайд 32 Аудан қазір әкімшілік – территориялық жағынан 2 кент,

Аудан қазір әкімшілік – территориялық жағынан 2 кент, 13 ауылдық округтерге

13 ауылдық округтерге бөлінген. Аудан орталығында Жеңістің 50 жылдығына

байланысты «Жеңіс кешені» салынған, Сұлтан Сартаев 2007 жылы 9 мамырда біздің ауданымыздың бірінші Батыр анасы – Үміт Ана ескерткішін салдырды . Саябақты қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, ретке келтірілген Сунақата мен Б. Байкенжеевтің ескерткіштері С.Сартаевтың өз қаражаты бойынша салынған. Бүгінгі таңда ауданда халықтық атағы бар өнерлі ұжымдар мен ойын-сауық отауы, Халық ақыны М.Көкеновтың, композитор Б.Байкенжеевтің шығармашылық өнер мектептері, Әлшекей атындағы өнер мектебі жұмыс істейді.

Слайд 33 Жаңақорған кентінде 23800 адам тұрады. Мұның ішінде орыс

Жаңақорған кентінде 23800 адам тұрады. Мұның ішінде орыс – 197, түрік

– 197, түрік – 168, кәріс – 28, грек

– 20, татар – 8, шешен – 12, башқұрт – 4, өзбек – 2, неміс – 1 адам. Кентте 3680 отбасы бар. Жаңақорған кентінің негізгі шаруашылығына егін мен мал шаруашылығы, кіші кәсіпкерлік жатады. Кент бойынша 517 кәсіпкер, 70 шаруашылық бар. Кент көлемінде 79 мекеме жұмыс жасайды.
Кент тұрғындарының жыл өткен сайын әл-ауқаты артып, тұрмыс күйі жақсарып келеді. Жаңадан салынған үйлер қанат жайып барады. Көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселе бастады. Ауыз су мәселесі шешілу үстінде.
Мәдениет саласы бойынша 2 мәдениет үйі және орталықтандырылған аудандық кітапхана мен аудандық балалар кітапханасы, 2 кенттік кітапхана мәдени-көпшілік жұмыстарын жасап келеді.

Слайд 34 20-дан аса адам Жаңақорған қонысының және кентінің «Құрметті

20-дан аса адам Жаңақорған қонысының және кентінің «Құрметті азаматы» атағына ие

азаматы» атағына ие болған.
Ауданның агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың

ұзақ мерзімді бағдарламасы жасалған. Ауданда 463 шаруашылық егін кәсібімен, 244 шаруашылық мал шаруашылығымен айналысады.
Аудандық кәсіпкерлік бөлімі жүйелі жұмыс жасайды. Ауданда 2128 кәсіпкерлік болса, оның 1149-ы ауылдық округтерде. Бұларға 4750 жұмыс қолы тартылған.
Ауданда 30 күріш ақтайтын, 6 ұн шығаратын, 1 наубайхана 1 сүт зауыты халыққа қызмет көрсетуде. «Исатай» және «Асыл» селолық тұтыну кооперативтері ет және сүт өнімдерін өңдейтін шетелдік озық технологиялық жабдықтармен жабдықтармен жабдықталған. Ет өңдеу цехы бір мезгілде 500 килограмм қайнатылған, ысталған шұжық дайындаса, сүт зауыты бір мезгілде 205 тонна сүтті өңдеп айран, қаймақ, май, сүзбені «тетрапакетпен» шығарады.

Слайд 35 Уақыттың ұлы көшіне ілесіп, іргелі ел болу жолында

Уақыттың ұлы көшіне ілесіп, іргелі ел болу жолында мың өліп, мың

мың өліп, мың тірілсе де өзінің тұтастығын, түп іргесі

мен болашаққа деген берік сенімін бойтұмардай қастерлеп сақтай білген халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы жүзеге асқан бақытты сәті туды. Егемендік пен тәуелсіздікке қол жеткізіп, байрағымыз әлемнің жүздеген мемлекеттерімен қатар биікте желбіреуде. Тіліміз, дініміз, имандылығымызбен қайта табысып, келешегі кемел жеке-дара өркениетті даму даңғылына түстік. Дүниежүзілік тәжірибеге сүйенсек, бүкіл алдыңғы қатарлы елдер жүріп келе жатқан бұл жолдың әсте оңай еместігі, нардың белін қайыстырар ауыртпалықтары болатындығы бесенеден белгілі. Ал, егер тағдыр сыйлаған сол тарихи мүмкіндігімізді толық пайдалана алмасақ – ешқашан кешірілмейтін үлкен өкінішке ұрынарымыз шүбәсіз. Ендеше, осынау күрделі әрі жауапты сын, тар өткелден сүрінбей өту – елдігімізге де, ерлімізге де серт.

Слайд 36
Күні кеше біреудің боданында жүріп, ада-күде жоғалтып алуға

Күні кеше біреудің боданында жүріп, ада-күде жоғалтып алуға шақ қалған ұлттық

шақ қалған ұлттық қасиет пен намыс, отансүйгіштік сезім, азаматтық

зердеміздің орнын қалайша толтырмақпыз? Табиғи мінез-құлқымыздан безіп, тура ізімізден жаңылып, зерде- жадымызды жойып, ең масқарасы – өзімізге жарық дүние сыйлап, алақанына салып аялаған туған жеріміз бен еліміздің мыңдаған жылдық тамаша қаһармандық тарихын білмей немесе бұрмалап, бұра тартып, көрсоқыр күйге түсіп, мәңгүрттіктің шегіне жетіппіз. Біз үшін одан өткен өзекті өртер ащы өкініш пен қасірет жоқ.

Слайд 37
Ендеше болашаққа дұрыс жол тауып, көшелі де көрікті

Ендеше болашаққа дұрыс жол тауып, көшелі де көрікті ел, келешегі кемел

ел, келешегі кемел халық болуымыз үшін барымызды бағалап, нағыз

ақиқат тұрғысыдағы тарихымызды жасауымыз қажет. Бізге ол аттың жалы, атанның қомында азап пен бейнетке белшеден батып жүріп, ол шеті мен бұл шетіне жеткенше тұлпардың тұяғы тозып, сұңқардың қанаты талатын ұлан-байтақ Отанымызды білектің күші, найзаның ұшымен қорғап, көзінің қарашығындай сақтап, өзімізге аманат етіп қалдырған аға ұрпақ алдындағы перзенттік, адамдық, имандылық парызымыз бен қарызымызды өтеуіміз үшін керек.

Слайд 38
Біз, жаңақорғандықтар – Сырдариядай ұлы өзен бойын мекен

Біз, жаңақорғандықтар – Сырдариядай ұлы өзен бойын мекен еткен бабаларымыздың, тіршілігімізге

еткен бабаларымыздың, тіршілігімізге жан да, нәр де берген шапағатты

Сыр-Ананың арда емген ұрпағымыз. Барша тарихтың тілсіз куәсі қарт Қаратауымыз кемеңгерліктің белгісіндей, арқа сүйер айбар-айбатымыздай. Ал, күллі жер-жаһан мойындап, қадір тұтқан қос әулие, қос заңғар Қожа Ахмет Йассауи мен Қорқыт бабалардың аруақтары түстігіміз бен теріскейімізде елімізді қанатының астына алып, желеп-жебеп тұрғандай.
Ұлтымыздың ғасырлар бойы Сыр өңірінде, соның ішінде Жаңақорған өңірінде қаймағы бұзылмаған, қастерлеп сақталған салауатты салт-дәстүрін, тілін одан әрі дамытып, байытып, өркен жайғызу барша жаңақорғандықтардың үлкен тарихи және азаматтық жауапкершілігіне айналуы шарт.

Слайд 39
Соншама бай рухани қазынаны, мол мұраны, тамаша тарихымызды

Соншама бай рухани қазынаны, мол мұраны, тамаша тарихымызды зерттемеуге, зерделемеуге, жинақтап,

зерттемеуге, зерделемеуге, жинақтап, елдің кәдесіне жаратпауға біздің хақымыз бар

ма? Олай етпеу өткенімізге, тарихқа және халыққа қиянат емес пе?
Дәл осы игі мақсатымызды жүзеге асыруда «Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында тәрбиенің 2006-2011 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы «Мәдени мұра» бағдарламалары» сара жол салары хақ.

Слайд 40 Мектеп тарихы – ұрпақтар сабақтастығы
Сыр мен Қаратауды

Мектеп тарихы – ұрпақтар сабақтастығы  Сыр мен Қаратауды тел емген

тел емген әулиелі өңір Жаңақорғанның өзіндік шежіре-тарихы, әрине жетіп

артылады. Талай ондаған жылдарды басынан кешкен халық ағарту саласындағы өткенді маздату – бүгінгі көзі қарақты ұрпақтың бірінші парызы. Өйткені, сонау бір XX ғасырдағы 20-30 жылдардың оқиғасын қолмен қойғандай етіп айта алатын зерделі қариялар мен естігенін сол қалпында жеткізер құйма құлақ жандар бұл күндері өте сиреп барады. Өткен ғасыр тоғысында (1900 жылдар шамасында) жер-жердегі мешіттердегі діни оқулары – қазақ халқының сауат ашуының алғашқы баспалдақтары. Ауданымыздағы мектеп тарихы, бала оқыту кезеңі сол 1904 жылдан бастау алған 2 жылдық қазақ-орыс мектебінен өрбітеміз. Ендігі сөз – ұрпақтар сабақтастығының алтын діңгегіне айналған ауданымыздағы №3 мектеп-интернаттың тарихнамасы жайлы.

Сыр мен Қаратауды тел емген әулиелі өңір Жаңақорғанның өзіндік шежіре-тарихы, әрине жетіп артылады. Талай ондаған жылдарды басынан кешкен халық ағарту саласындағы өткенді маздату – бүгінгі көзі қарақты ұрпақтың бірінші парызы. Өйткені, сонау бір XX ғасырдағы 20-30 жылдардың оқиғасын қолмен қойғандай етіп айта алатын зерделі қариялар мен естігенін сол қалпында жеткізер құйма құлақ жандар бұл күндері өте сиреп барады. Өткен ғасыр тоғысында (1900 жылдар шамасында) жер-жердегі мешіттердегі діни оқулары – қазақ халқының сауат ашуының алғашқы баспалдақтары. Ауданымыздағы мектеп тарихы, бала оқыту кезеңі сол 1904 жылдан бастау алған 2 жылдық қазақ-орыс мектебінен өрбітеміз. Ендігі сөз – ұрпақтар сабақтастығының алтын діңгегіне айналған ауданымыздағы №3 мектеп-интернаттың тарихнамасы жайлы.


Слайд 41 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Республикада мал шаруашылығын өркендетуге байланысты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Республикада мал шаруашылығын өркендетуге байланысты қабылдаған қаулысына сәйкес

қабылдаған қаулысына сәйкес алыс мал жайылымындағы малшы балаларын мемлекет

қамқорлығына алу мақсатында, оларды оқытып, тәрбиелейтін оқу орны ретінде Жаңақорған ауданы орталығынан 280 балалық №3 сегізжылдық мектеп-интернат 1963-1964 оқу жылында ашылған. Мектеп-интернат алғашқы ашылған жылы аудан орталығы Шиелі болғандықтан, интернат контингенті Бәйгеқұмнан бастап қамтылған.
Малшы балаларын түгел қамту мақсатында интернатта кезінде 280 оқушы қабылданып, олар төсек-орынмен, киім-кешекпен, жазу-сызу құралдарымен, 4 мезгіл тамақпен тегін қамтамасыз етіледі. Мектепте 12 мың кітап қоры бар кітапхана, 140 орындық оқушыларды 4 мезгіл тамақтандыратын асхана, жуынуға арналған 4 душ бөлмесі, оқу өндірістік шеберхана, арнайы жабдықталған спорт залы, акт залы, 32 жатын бөлме, әр түрлі пәндік кабинеттер жұмыс істеп келеді.

Слайд 42 1963 жылдың 13 тамызынан 1980 жылдарға дейін мектеп-интернатқа

1963 жылдың 13 тамызынан 1980 жылдарға дейін мектеп-интернатқа білікті ұстаз Ә.Әшірбековбасшылық

білікті ұстаз Ә.Әшірбековбасшылық жасайды. Жас ұрпақты тәрбиелеуде мәнді де

мазмұнды еңбегі үшін ол партия мен үкіметтің лайықты наградасын алған. Нақтылап айтсақ, 1966 жылы «Қазақ ССР-нің еңбегі сіңірген мұғалімі» атағы берілсе, В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына байланысты 1970 жылы «Еңбектің ерлігі үшін» медалімен наградталады. 1972 жылы «СССР-дің халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісін алады.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оқу-тәрбие ісін жақсартудағы және қоғамдық істерге белсене қатысқаны үшін Ә. Әшірбеков Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Құрмет грамотасымен екі рет, Қызылорда облыстық партия комитеті мен облыстықатқару комитетінің бірнеше рет, облыстық оқу бөлімінің жоғары мектеп және ғылыми мекемелер қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің Құрмет қағазымен әлденеше рет марапатталады.

Слайд 43 Ә. Әшірбеков 1976 жыл Жаңақорған поселкесінің «Құрметті азаматы»

Ә. Әшірбеков 1976 жыл Жаңақорған поселкесінің «Құрметті азаматы» деген атаққа ие

деген атаққа ие болады. 27 маусым 1978 жылы «Октябрь

Революциясы» орденімен наградталады.
Осы жылы Мәскеуде өткен мұғалімдердің Бүкілхалықтық III съезіне делегат болып қатысады.
Ә. Әшірбеков ұстаздық, басшылық қызметіне қоса, аудан өміріндегі қоғамдық-саяси жұмыстарға да белсене араласады. Ол 22 жыл бойы аудандық партия комитетінің мүшесі, 30 жылдан астам уақыт жергілікті Кеңестердің депутаты болып сайланып, берілген аманатты кезінде орындап келген. Ә. Әшірбеков басқарып отырған кезде №3 мектеп-интернат республикадағы ең таңдаулы мектептердің бірі болған. Жыл өткен сайын мектеп-интернаттың материалдық базасы бұрынғыдан да жақсара түскен. Сабақ оқытудың кабинеттік жүйесіне көшкен.

Слайд 44 Оқу-тәрбие жұмысындағы жақсы табыстары үшін №3 мектеп-интернат 1967

Оқу-тәрбие жұмысындағы жақсы табыстары үшін №3 мектеп-интернат 1967 жылы Ұлы Октябрь

жылы Ұлы Октябрь Социалистік революциясының 50 жылдығы және 1970

жылы В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуымен Қазақ ССР-нің 50 жылдығына байланысты екі рет облыстың «Құрмет тақтасына» жазылған.
№3 мектеп-интернаттың ұжымы Социалистік жарыстың жеңімпазы ретінде Ұлы Октябрь Социалистік революциясының 50 жылдығы құрметіне Қызылорда облыстық партия комитеті мен облыстық атқару комитетінің дипломымен наградталған. 1971 жылы облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты №3 мектеп-интернат ұжымының оқу-тәрбие жұмысының тәжірибесін «Мектеп-интернат – тәрбие орталығы» деген атпен плакат етіп шығарып, облыс мектептеріне таратып, көпшілік игілігіне айналдырған.
Интернатта тәрбиеленушілер арасында санитарлық-гигиеналық жағдай туғызғаны үшін 1975 жылы №3 мектеп-нтернат СССР денсаулық Министрлігі мен ағарту, жоғары мектеп және ғылыми мекемелер қызметкерлері кәсіподағы Орталық комитетінің мақтау қағазымен, ал 1977 жылы жас ұрпаққа тәрбие беру мен оқытудың жетістіктері үшін Қазақ ССР оқу Министрлігі мен ағарту, жоғары мектеп және ғылыми мекемелер қызметкерлері кәсіподағы республикалық комитетінің «Құрмет грамотасымен» марапатталады. Осындай жақсы жұмыстарымен көрінген №3 мектеп-интернатта алғашқы жылдары төмендегі мұғалім-тәрбиешілер қызмет атқарды: Н.Үрзіматов, Ә.Ақылбеков, Ы.Іскендіров, Б.Бибасаров, Б.Әбжалелов, Т.Әбдрасилов, Н.Жаманбаев, К.Әзімханов, Н.Отарбаев, Ж.Үпенов, В.Дудина, Е.Шекимова, Ф.Дәуренбекова, Ж.Увашев, Ж.Исаев, Ө.Убайдаев. Олар өздерінің еңбек еткен жылдарында оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде жасаған қызметтері үшін бірқатар атақтарға ие болды:

Слайд 45 Өтеген Убайдаев – аға мұғалім, Қазақ ССР халық

Өтеген Убайдаев – аға мұғалім, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық

ағарту ісінің озық қызметкері, СССР халық ағарту ісінің үздігі.
Бегман

Әбжалелов – Қазақ ССР, СССР халық ағарту ісінің озық қызметкері.
Нұрмахан Үрзіматов – Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері.
Жұмаділла Исаев - Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері атанған.
1964-68 жылдары оқу ісінің меңгерушісі болып Т.Әбдрасилов, 1968-71 жылдары С.Іскендіров, 1971-72 оқу жылында К.Түлкібаева, 1972-80 жылдары И.Молдабеков, 1980-81 жылдары Ж.Жәнібеков, 1981-94 жылдары И.Молдабеков, 1994-99 жылдары Ү.Шахан, 1999 жылдан Ш.Мәжитова қызмет етіп келеді.
Мектеп ашылған жылдары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып Б.Әбжалелов, кейінгі жылдары Ө.Убайдаев, С.Іскендіров, С.Сүлейменова, 1995-1996 оқу жылынан Ұ.Төлеу мектептің тәрбие жұмысына жанды басшылық жасап келеді.
1964 жылдан бері мектеп-интернатты қаншама түлек бітіріп, өмірге жолдама алған. Бұлардың арасында елге танымал азаматтар жеткілікті. Мысалы, Шиелі ауданының бұрынғы әкімі Ж.Тұрабаев, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болған Б.Нұртазаев, әнші-композитор Н.Тастаев, айтыскер ақын Ә.Сыздықов осы мектептің түлектері.

Слайд 46 1963-1980 жылдары мектеп-интернатты «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі»

1963-1980 жылдары мектеп-интернатты «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» Ә.Әшірбеков, 1980-81 жылдары

Ә.Әшірбеков, 1980-81 жылдары Ф.Тілеубаева, 1981 жылдан Қазақстан Республикасы білім

беру ісінің үздігі, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, мұғалімдердің республикалық IV съезінің делегаты, білікті басшы, білгір ұстаз Арасат Фейзулдаев 2001 жылға дейін басқарып келді. Осы жылдың қазан айынан бастап мектеп-интернатқа Зинабдин Шермағанбетов 2010 жылға дейін басшылықты жалғастырды. 2010 жылдан Бақтияр Тоқтыбаев мектеп-интернат директорлық лауазымын жалғастырып келеді.
1988-89 оқу жылына мектепті дайындауда қол жеткен табыстары үшін интернаттардың Республикалық жарысында №3 мектеп-интернат ұжымы Қазақ ССр халық ағарту Министрінің Мақтау қағазымен марапатталды.
1995 жылғы облыстық білім басқармасының №61 қатынасы мен аудандық білім бөлімінің ұсынысына сәйкес Жаңақорған аудандық әкімінің 19 маусым №163 қаулысымен №3 мектеп-интернат 8-11 сыныптарында үздік балалар оқитын аудандық дарынды балалар мектеп-интернаты болып қайта құрылды.
Дарынды мектеп аудан көлеміндегі мектептерден іріктелінген үздік мұғалімдермен толықтырылды. Атап айтсақ, математика пәнінен Ш.Мажитованы, қазақ тілінен Ұ.Бекмұрзаеваны, тарих пәнінен Ұ.Төлеуді №56 мектептен, орыс тілінен Бегентаеваны, №167 орта мектептен информатикадан М.Жандарбекованы, №86 мектептен физик Р.Оспанованы, №160 мектептен биология-география пәні мұғалімі С.Орынханованы (институтты қызыл дипломмен бітіргендер) осында жіберілді.

Слайд 47 1996-97 оқу жылының басында мектеп-интернатта 253 оқушы болды.

1996-97 оқу жылының басында мектеп-интернатта 253 оқушы болды. Осы жылы пәндік

Осы жылы пәндік олимпиадаға 10-11 сыныптың оқушылары белсене қатысқан,

нәтижесінде 19 оқушының 14-і жүлделі орындарға ие болған. 4 оқушы жеке пәндер бойынша бірінші орынды иеленіп, облыстық олимпиадаға қатысып қайтты.
1997-98 оқу жылын 183 оқушы аяқтады. Осы оқу жылында пәндік олимпиадаға 23 оқушы қатысып, оның 10-ы I орынға, 9-ы жүлделі орындарға ие болды. Облыстық олимпиадаға қатысқан 10 оқушының 3-і III орынға ие болды. 1998 жылы аудандық жарыс қорытындысымен №3 дарынды балалар мектеп-интернаты «Білімді мектеп» атанған. Осындай жетістікке мұғалім-тәрбиешілер лайықты үлес қосты. «Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің озық қызметкері» Ұ.Бекмұрзаева, «Астана» медалінің иегері Г.Бегентаева, Қазақ ССР Оқу Министрінің мақтау қағазымен марапатталған Ш.Мажитова, тәрбиешілер Г.Айтлеу, С.Сүлейменова, Г.Жүсипова, Б.Сүлейменова оқушыларға заман талабына сай білім мен тәрбие негізін үйрете білуде.

Слайд 48 1997-98 оқу жылында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен

1997-98 оқу жылында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Жыл мұғалімі-98» байқауында

«Жыл мұғалімі-98» байқауында өзін жан-жақты көрсеткен орыс тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі Бегентаева Ғазиза аудандық «Жыл мұғалімі-98» байқауының бас жүлдесін жеңіп алып, облыстық байқауда жүлделі III орынға ие болған. Білім саласындағы ерекше еңбегі еленіп, Ғ.Бегентаева ауданда алғашқылардың бірі болып «Астана» медалімен марапатталды.
Мектеп қабырғасында көптеген жылдар бойы аянбай еңбек еткен Қ.Кішкенбаеваның, С.Жігітованың, О.Таңбаеваның еңбектері ерекше. Қазір аталған ұстаздар зейнет демалысында.
1998-99 оқу жылынан бастап аудандық білім бөлімінің шешімімен №3 дарынды балалар мектеп-интернаты аудандық «Олимпиадалық орталық» болып құрылып, пәндік олимпиадаға дайындықтың методикалық орталығына айналған.
Қазір мектеп-интернат бұрынғы қалпынан таңған жоқ, тек қана жақсы ұмтылыстарымен көзге түсіп келеді. Сөзімнің соңын мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:

Слайд 49 Сананы тербеп ой-ағын,
Сіздерге қарап қоямын.
Түлегің болып ұшсам да,
Оқушың

Сананы тербеп ой-ағын,Сіздерге қарап қоямын.Түлегің болып ұшсам да,Оқушың болып қаламын.Таңдана қарап

болып қаламын.
Таңдана қарап өткенге,
Мұратқа биік жеткенге.
Риза болып тұрмын,
Осында оқып

кеткенге.
Өзгедей менде бала едім,
Үйірсек жырға бар едім.
Үмітін ақтап ұстаздың,
Тіршіліктерге жарадым.

  • Имя файла: mәdeni-mұra.pptx
  • Количество просмотров: 378
  • Количество скачиваний: 4