Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Астана менің жүрегімде тақырыбындағы тәрбие сағаты

Астананың тарихына зер салсақ
Астана менің жүрегімде Астананың тарихына зер салсақ Елбасы 1992 жылы Қазақстанның Президенттігіне сайланғаннан кейін сол жылы Ақмолаға келді. Есілде 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласына Астана қаласы деген атау берілді. 1998
Слайды презентации

Слайд 2 Астананың тарихына
зер салсақ

Астананың тарихына зер салсақ

Слайд 3 Елбасы 1992 жылы Қазақстанның Президенттігіне сайланғаннан кейін сол

Елбасы 1992 жылы Қазақстанның Президенттігіне сайланғаннан кейін сол жылы Ақмолаға келді.

жылы Ақмолаға келді. Есілде көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында

тұрып өзенге қарайды. Елбасына қашанда қаланың ортасынан ағып жататын өзен ұнайтын. Өзен қалаға ерекше көрік береді, мәртебесін көтереді. Елімізде көпдеген қалалар өзеннің бойында орналасқан.  «Өзіндік ортада туған, бәсекеге қабілетті тұлға алдымен өз халқының тілін, тарихын мәдениетін білу керек» деген Н.Назарбаев  Астана халқымыз ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздіктің рәмізі және қуатты факторы болады. «Астана – жаңа Қазақстанның қуаты және оның көпұлтты халқын біріктірудің қайнар бұлағы» деген Н.Назарбаев  Ақмола орталық Қазақстанның Солтүстігінде, Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Ғұн тілінде «ақ» - «батыс», «мол» «қамал» деген мағына береді. Демек «Ақмола» сөзі «Батыс қамалы» болып аударылады.  ХІ ғасырда осы қаланың орнында ең алғаш Бозок қамалы сауда байланысы дамып, ортағасырларда қала мәртебесіне ие болды.  1830 жылы Қараөткелдің бойында Ақмола бекінісінің негізі қаланып, 1832 жылы бекініс пайдалануға берілді. Есіл өзенінің таяз жерін Қараөткел деп атаған. 1830 жылы Астана Есіл өзенінің жағасында қазақ – орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.  1954 жылы басталған тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты Қазақстанның солтүстігінде 6 облысы тың өлкесіне жатқызылды да, 1961 жылы Ақмола қаласы Целиноград қаласы болып өзгертілді. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы Ақмола атауы қайта қалпына келтірілді.  1994 жылы 6 шілдеде жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасы астанасын Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру туралы шешім қабылдады. 1995 жылы 20 қыркүйекте тәуелсіз Қазақстанның президенті Н.Назарбаев жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданды.  1997 жылы 20 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды. 1997 жылы 10 желтоқсанда президент Н.Назарбаев ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы ресми түрде Алматыдан Ақмолаға көшірілді. Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының Жаңа астанасы болды. Бұл шешім көптеген себептерге, ең алдымен экономикалық және геосаяси сипатқа байланысты болды.  Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз «Елдің бас қаласы» дегенді білдіреді. «Астана» сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол «киелі орын», «босаға» деген мағыналарға ие. 

Слайд 4 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласына Астана қаласы

1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласына Астана қаласы деген атау берілді.

деген атау берілді. 1998 жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасының

жас астанасының тұсау кесер тойы болды. Биыл 6 шілдеде Астананың 15 жылдық мерейтойы болды.  Қаланың сәулеттік бітімін әзірлеуде президент Н.Назарбаевтың қалаға Еуразиялық келбет беру туралы идеясы назарға алынды. Құрылыста Еуразиялық технологиялар қолданылды. Жергілікті фирмалармен бірге түрік, италия, француз, швейцар компаниялары қатысты. Құрылыстың жедел қарқынмен және халықтың қолдау көрсетуі 6 – 7 жыл ішінде Қазақстанның даласында қазіргі заманғы қайталанбас келбет және модернизацияланған қала салуға мүмкіндік берді.  1999 жылы ЮНЕСКО – ның шешімі бойынша Астана қаласына «Әлем қаласы» деген атақ берілді және «Бейбітшілік қаласы» деп аталды. Астана – ХХІ ғасыр қаласы. Жаңа Астана тағдыры жас ұрпақ тағдырымен, жастардың үмітімен тығыз байланысты.  Қаланың ортасынан ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы қалың қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды. Осының бәрі Н.Назарбаевтың еңбегі.  Қазақстан халқы 1 желтоқсан күні еліміз үшін елеулі оқиға –Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. 2011 жылы ел Парламенті 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Себебі тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ,1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы – Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан халқына берген антын тұтастай және толық орындағанын көрсетті. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі сол күні-ақ Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертті. Еліміз бүгінде бүкіл әлемге танымал жаңа атқа ие болды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 1991 жылғы 16 желтоқсан күні қабылданды. Осы заң негізінде еліміз өзінің Тәуелсіздігін жария етті. Осы заңның 1-тарауында: «Қазақстан Республикасы – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет. деп көрсетілді. Расында да Қазақстанды қазірде әлем мойындайды. Найзаның ұшы, білектің күшімен ата-бабадан қалған елімізді бүгінде 27 жылға жуық басқарған Н.Ә.Назарбаев Қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем танымастай етіп өзгертті.

  • Имя файла: astana-menің-zhүregіmde-taқyrybyndaғy-tәrbie-saғaty.pptx
  • Количество просмотров: 121
  • Количество скачиваний: 0