кірмелер:
құмдар
су булары күкіртсутеккөмір қышқыл газы
Ауыр көмірсутектердің конденсаттары
FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.
Email: Нажмите что бы посмотреть
көмір қышқыл газы
Ауыр көмірсутектердің конденсаттары
Ілеспе газдарды мұнайдан бөлу.
Сеперациялық секция сұйықтық пен газды бөлуге арналған . Кіретін келте құбыр (1) тангенциалды орналасқан. Орталықтан тепкіш күш сұйықтықтың көп мөлшерінің газдан бөлінуіне мәжбүр етеді. Шөктіру сексиясында көтеріліп келе жатқан газ ағынынан мұнай тозаңдары шөгеді. Босату сексиясында инерция күшінің әсерінен газ мұнай тозаңдарынан түпкілікті тазарады. Бұл сексияда газ ағынынан сұйықтықтың ұсақ тамшылары газ траптан шықпас бұрын бөлініп алынады. Тұндыру сексиясында газдан барлық үш секцияда бөлінген сұйықтықты жинайды. Тұндырғыш сұйықтықты өлшейтін және сұйықтық деңгейін тұрақты етіп ұстап тұратын қондырғымен жабдықталған. Барлық секциялар тұндырғышпен құрғатқыш, дренаждық құбырлдар (2) арқылы байланысады, ол арқылы мұнай жүргенде, көтеріліп келе жатқан газ ағынына жанаспай, тұндырғышқа ағады.
Газ - конденсаттық кәсіпшіліктегі газ бен конденсатты бөлу.
Графиктен сепарациялау температурасы t төмендеген сайын, конденсаттың шығымы C күрт артатыны көрініп тұр. Конденсатты жою конденсацияның максималдық қысымында (Р max конд.) жүргізіледі.
Газды механикалық қоспалардан тазарту.
Майлы шаң ұстағыштар сфералық түбі бар тік цилиндрлі ыдыс болып табылады. Шаң ұстағыш 3 бөліктен тұрады: төменгі жуғыш А бөлігі, онда майдың тұрақты деңгейі әрқашан ұсталып тұрады. Орта шөктіру Б бөлігі, онда газ майдың ірі бөлшектерінен ажырайды. Жоғары босату В бөлігі, онда газдың майдан түпкілікті тазалануы жүреді.
а-циклондық шаң ұстағыш сұлбасы;
ә- циклондық шаң ұстағыш элементі;
1- газ шығуға арналған келте құбыр; 2- корпус; 3- жоғарғы тор; 4- газ кіруге арналған келте құбыр; 5- циклондық шаң ұстағыш элементі; 6-төменгі тор; 7- дренажды жалғастық; 8- сыртқы бұрандалы қалақшалар; 9- газдың кіруі; 10- газдың шығуы.
Н₂S және СО₂ қаныққан газ құбырмен 1 абсорбердің 2 төменгі бөлігіне газ құбырмен 3 шығады. Газға қарсы этаноламиннің регенерацияланған сулы ерітіндісін жібереді, ол газбен жанасып, Н₂S және СО₂ жұтады. Этаноламиндкрдің Н₂S және СО₂-мен химиялық қосылысының өнімдері жылу алмастырғыш 4 арқылы өтіп, булағыш бағанаға 5 келеді, онда қыздырылады. Қосымша қыздыру қайнатқышта 6 жүргізіледі. Мұнда шамамен 100ºС температурасында реакция кері бағытта жүреді, этаноламиндер регенерацияланып, Н₂S және СО₂ бөлінеді, олардың құрамында этаноламиндердің булары болады. Тоңазытқышта 7 қоспаның бұл булары салқындатылады және сеператорда 8 газға және конденсатқа бөлінеді. Соңғысы сорғымен 9 алынып, булағыш бағанаға бағытталады, ал газдар күкірт, күкірт қышқылын алу үшін әрі қарай өңдеуге кетеді немесе егер оларды пайдалану экономикалық тұрғыдан тиімсіз болса, онда залалсыздандырылады (жағылады). Регенерацияланған этаноламиндердің ерітіндісі булағыш бағананың төменгі бөлігінен сорғымен 10 абсорберге беріледі. Ол кезде ерітінді жылу алмастырғыш 4 және тоңазытқыш 11 арқылы өтіп салқындайды.