Жәңгірдің баласы Тәуке хан (1680-1718) тұсында Қазақ хандығының күш-қуаты өсіп, бірлігі артты. Тәукенің туған жылы белгісіз, ал қайтыс болған жылына байланысты ғылыми зерттеулердегі пікірлер де әр түрлі. Жәңгір ханның ұлы және мұрагері Тәуке 1680 жылы Қазақ
Слайд 2
Жәңгірдің баласы Тәуке хан (1680-1718) тұсында Қазақ хандығының
күш-қуаты өсіп, бірлігі артты. Тәукенің туған жылы белгісіз, ал
қайтыс болған жылына байланысты ғылыми зерттеулердегі пікірлер де әр түрлі. Жәңгір ханның ұлы және мұрагері Тәуке 1680 жылы Қазақ хандығының тағына отырды. Ол асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсады. Хандық билікті күшейтуге бағытталған реформалар жүргізді.
Слайд 7
Тауке ханның “Жеті жарғы” заңнамалар жинағы XVII ғасырдың соңы 5
би құрастырған Жарғыға негіз болған заңдар жинағы Тараулары
Слайд 8
Жарғыға негіз болған заңдар Қасым ханның қасқа жолы Есім ханның
ескі жолы Хақназардың хақ жолы
Слайд 9
«Жеті жарғыда» қылмысты іс-құқық нормаларына үлкен орын бөлінген.
Қылмыс ретіне: кісі өлтіру, мертіктіру, әйелді зорлау, соққыға жығу,
қорлау, ұрлық істеу және тағы басқалары жатқан. Кінәлілер жасаған қылмыс деңгейіне сай әртүрлі жазаға кесілген. Бұл жинақта «қанға қан» заңы сақталды. Бірақ билер сотының екі жақ келісуі бойынша жазаны құн төлеумен алмастыруға мүмкіншілігі болған. Құн төлеу төрт жағдайда рәсімденген. Олар: егер әйелі күйеуін өлтірсе және күйеуінің туыстары оны кешірмеген жағдайда, егер әйел некесіз туған баласын өлтірген жағдайда, жұбайлар арасындағы «көзге шөп салушылық» дәлелденген жағдайда және «құдайға тіл тигізгені анықталған жағдайда». Өлім жазасының екі түрі болған: дарға асу және тас лақтыру әрекеттерін қолдану.
Слайд 10
Тараулары
Ғалым Нұралы Өсеров көрсетуі бойынша: Мемлекет тұтастығы Тән
тазалығы Дін беріктігі Отбасы бірлігі Қылмыс пен жаза Адам құқығы және мүлік меншігі Билік
тәртібі
Слайд 11
Тәуке ханның кезіндегі ел ордасы Жазғы ордасы Күйгенжар (Астана
қаласынан 10 шақырым жерде) Қысқы ордасы Түркістан
Слайд 12
1687 жылы Тобыл қаласына Тәшім батыр бастаған елші
жібереді 1694 жылы Тайқоңыр Құлтабай бастаған елшілерді Ресейге аттандырады
1716 жылы қыркүйекте М.Гагаринге елшілер Екишев, Байдаулет Бөреев келеді 1687-1688 жылдары Бұхар ханы Субханқұлымен сауда-саттық жөнінде келіссөз жүргізген
Тәукенің көрші елдерімен сауда қарым қатынасы
Слайд 13
Тәуке хан өзінен бұрынғы хандар тұсында ішкі тартыс
салдарынан ыдырай бастаған үш жүздің басын қосты, жеке-жеке ұлыстарды
билеген сұлтандардың бөлектенуіне тежеу салып, Қазақ хандығының ішкі бірлігін бекемдеуге барлық шараларды қолданып, оны едәуір күшейтті. Бұл тұста едәуір қырғыз тайпалары мен қарақалпақ тайпалары Тәуке ханның қарауында болды. Тәуке қырғыздарды олардың өз биі Қоқым Қарашор арқылы, қарақалпақтарды олардың Сасық биі арқылы басқарып отырған. Бұл іс жүзінде жоңғарлардың шабуылынан қорғануды негіз еткен қазақ, қырғыз және қарақалпақ халықтарының әскери-саяси одағы еді.