Олар ұша алмайды, бірақ құрлықта (ашық алаңқай жерлерде) өте
жылдам жүгіреді. Қанат қауырсындары доғалданып келген, аяқтары өте жақсы жетілген. Бұған барлық құрлықта кездесетін түйеқұстар жатады. Оларды тіршілік ететін аймақтарын сәйкес жеке отрядтарға топтастырады. Мысалы: африкалық түйеқус (страус), америкалық түйеқус (нанду), австралиялық түйеқұстар (эму, казуар) және Жаңа Зеландияда кездесетін қанатсыз түйеқус (киви) деп аталады. Түйеқұстардың ең ірісі - африкалық түйеқұс (страус). Олардың басқа құстардан басты айырмашылығы - аяқтарында екі ғана саусақ болады. Өте ірілерінің салмағы 90 килограмға жетелі. Африка да, өзге де ел дер де арнайы қолда әсіре ді. Оның етін, жүмыртқасын тағам ретінде, ал қауырсынын әсемдік үшін пайдаланады. Африкалық түйеқұс Қазақстанда да қолда өсіріле бастады. Түйеқұстардың ішіндегі ең кіші түрі - киви, оның салмағы 2 - 3 килограмдай. Ол Жаңа Зеландия аралдарында кездеседі. Оның жұмыртқасы өте ірі (0,5 кг). Түйеқұстар өсімдіктермен де, ұсақ бунақденелілермен де қоректенеді.
Нанду - үш саусақты, қанаты жақсы дамыған, бірақ ұша алмайды, жылдам жүгіреді. Оның 2 түрі бар (кәдімгі және үзынтұмсықты нанду). Оңтүстік Американың далалы, шөлейтті аймақтарында таралған. Қораздары да жұмыртқа басады әрі ұрпақтарына қамқорлық жасайды. Салмағы 25 кг. Өсімдік жапырақтарымен, бүршіктерімен және ұсақ бунақденелілермен қоректенеді. Еті, қауырсыны, жұмыртқасы бағалы болғандықтан, көптеп ауланады. Казуардың қауырсындары ірі қылшықты. Басында мүйізтекті айдары бар. Мойны қауырсынсыз, ашық қызғылт түсті тері, қатпарлы. Салмағы 80-90 кг. Ішкі саусағындағы өткір тырнағымен қорғанады. Жаңа Гвинея, Австралия және сол маңдағы ұсақ аралдарда кездеседі. Жұмыртқаны қоразы басады. Еті бағалы болғандықтан, қолда өсіреді.
Қыртөссіздер