Слайд 2
Жоспар:
Бұлшық еттерге жалпы сипаттама.
Бұлшық ет түрлері.
Іштің бұлшық еттері.
Іштің
сыртқы қиғаш бұлшық еті.
Іштің ішкі қиғаш бұлшық еті.
Іштің көлденең
бұлшық еті.
Слайд 5
Адамдарда бірыңғай салалы бұлшық еттерді ішкі мүшелердің тамырлар
мен терілердің құрамынан ғана кездестіруге болады. Көлденең салалы бұлшық
еттер — дененің күшті және тез кимылдайтын бұлшық еттері. Адам көлденең жолақты бұлшық еттердің әсерімен денені икемдеп жүре алады, көлденең жолақты бұлшық еттер теңдікті сақтауға қатынасады Жалғыз тақтайлы көпірден өте алуымыз т. б. Бұлшық еттер әрекетінен адам қол- аяғын өз еркімен козғай алады, тыныс алады, күшеніп кұрсақты қатайтады, олар сөйлеуге; ымдауға, шайнауға, зәр шығаруға да қатысады. Ал бірыңғай салалы және жүректің бұлшық еттері адамның еркінсіз кызмет атқарады. Сондықтан бұларды еріксіз өрекет жасайтын бұлшық еттер деп атайды. Бұларға жүректегі, ішек-қарындағы, қуықтағы және т. б. бұлшық еттерді мысал етуге болады.
Слайд 7
Бірыңғай салалы бұлшық
еттердің қызметтері:
1) қуыс мүшелеріндегі
қысымның тұрақтылығын қамтиды;
2) қан тамырлардағы қысымды реттейді.
Слайд 9
Көлденең-жолақты бұлшық еттердің қызметтері:
қозғалыс (динамикалық және статикалық)
тыныс
алуды қамтамасыз ету;
3) мимикалық;
4) рецепторлық;
5) қор жинағыш;
6)
жылу реттегіш.
Слайд 10
Жүрек бұлшықеті
Жүрек бұлшық еті – қан тамырлар арқылы
қанның қозғалысын қамтамасыз ететін қызмет атқарады.
Слайд 11
Іштің сыртқы қиғаш бұлшық еті (наружная косая мышца
живота,m.obliguus externus abdominis)-жалпақ ет, төменгі VIII қабырғадан басталып, мықын
сүйектің қырына барып жабысады. Іштің сыртқы қиғаш бұлшық етінің талшықтары қиғаш орналасқан. Ол іштің алдыңғы қабырғасының, іштің ақ сызығының құрылысына қатынасады, төменге қарай бағытталып шат байламына ауысады.
Слайд 12
Іштің сыртқы қиғаш бұлшық етінің атқаратын қызметі: омыртқа
жотасын бүгіп, оны бір жағына қисайтады, тұлғаны бұрап, кеудені
төмен түсіреді.
Слайд 13
Іштің ішкі қиғаш бұлшық еті (внутренняя косая мышца
живота,m.obliguus internus abdominis) - сыртқы қиғаш бұлшық еттің астында
желпуішше болып орналасқан. Ол бел-кеуде шандырынан, мықын сүйегінің қырынан және шат байламынан басталып, арқада қабырғаға жабысады, іштің III қабырғасының алдында апоневрозға айналады.
Атқаратын қызметі: омыртқа жотасын бүгіп, кеудені төмен түсіреді, жамбасты көтеріп, тұлғаны бұруға қатынасады.
Слайд 15
Ішкі қиғаш бұлшық еттің шандыры төменге қарай бағытталып
ұрық бауымен бірге ұмаға барып, аталық жыныс безді көтеретін
бұлшық етпен бірігеді.
Іштің көлденең бұлшық еті (поперечная мышца живота, m.transversus abdominis) - ол екі алдыңғы бұлшық еттің астында орналасқан. Төменгі алты қабырғаның ішкі бетінен, бел-кеуде шандырынан, мықынның мен шат байламынан басталады. Бұлшық ет талшықтары ішке көлденең орналасқан, алдына келіп апоневрозға айналады. Іштің көлденең бұлшық еті іш қуысының артқы қабырғасының құрылысына қатынасады.
Атқаратын қызметі: іш қуысына соғымдап қысым түсіріп тұрады, төменгі қабырғаларды көтеріп, дем шығаруға ықпал етеді.