Слайд 2
Адам экологиясының пайда болуы туралы түсінік
Қоршаған ортаның бүкіл табиғи байланысы,
сол сияқты адам әрекетінің басымдылығы мен соның ішінде ғылыми-техниканың қоғам өміріне жедел енуімен ХХ ғасырдың орта шенінен бастап, географиялық ортаның күрт өзгеруі – экология терминіне жаңаша ғылыми көзқарас қалыптастырады. Ғылымның барлық салаларының жетістіктерінде – экология кең етек жая бастады. Соңғы он жылдың ішінде экология ғылымының жаңа құрылымы басталды. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі жасап отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану үшін керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс ХХ ғ. ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған.
Слайд 4
Адам экологиясы,
а н т р о п
о э к о л о г и я
1) биосфераның (оның құрамдас бөліктерінің) және адамзаттың (оның түрлі топтары мен жеке тұлғалардың) өзара қарым-қатынасындағы ортақ заңдылықтарды зерттейтін кешенді ғылым саласы;
2) адамның жеке басының қасиеттерін жетілдіріп, өзіндік болмысын қалыптастыру, қорғау туралы пән;
3) жалпы адамзат баласының, соның ішінде этностардың өсіп-өніп, таралуы туралы ғылым саласы.
Слайд 5
Табиғат - адамзаттың тіршілік ететін ортасы, сондықтан оның
көптеген сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады.
Слайд 6
Ю.П.Лисицын (1973), А.В.Кацура, И.В.Новак, А.Г.Воронов (1974). О.В.Бароян
(1975), Н.Ф.Реймерс, т.б. авторлар өмір сүруге қолайлы жағдайлады зерттегенде
адамдар экологиясы мәселенің екі жағын: биологиялық және әлеуметтік, ескеруі қажет екенін атап көрсетті.
Слайд 7
«Ноосфера» ұғымы бүгінгі күні «нооэкология» ұғымына айналды. Ноэкологияны
грек тілінен аударсақ, «Ноо – ақыл ой, адамның рухани
байлығы, күші» деген мағынаны білдіреді. Ал, литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера деген бірін-бірі толықтырушы, күрделі байланыстағы – географиялық орта – табиғаттың бүкіл қалыптасуы осы ортада жүреді. Аталған табиғи ортаны адамның ақыл-ойы арқылы басқаруын В. И. Вернадский – «ноосфера» деп, терминді тұжырымдаған болатын. Кейінгі экология ғылымының қалыптасуына,дамуына байланысты ноосфера – нооэкология деп орынды аталып жүр.
Слайд 8
Адам – биоәлеуметтік тіршілік иесі, яғни табиғаттан пайда
болып, соның ішінде өмір сүреді, есейеді, қартаяды, аяғында табиғаттың
заңдылығына сай өледі. Бірақ осы аралықта өмір сүру деңгейінің әлеуметтік жағын өзгерте алады.
Адамдар табиғатты өзгерте отырып, әрекетінен пайда болған ерекше жаңа қоршаған ортаны қалыптастырады. Сол ортаның адам өміріне қолайлы не қолайсыз әсер ету деңгейін «Адам экологиясы» зерттейді.
Слайд 10
Қазіргі кездегі экологиялық проблема сыртқы саясаттың күрделі элементіне
айнала бастады. Сол себепті де экология және саясат кейбір
жағдайларда бөлінбейтін жағдайға жетті. Суды қорғау, қышқыл жауындардан орманды қорғау проблемаларын өкімет басшылары және министрлер талқылауда.
Дүние жүзінің көптеген мемлекеттері өзекті экологиялық жағдайларды қалай шешудің жолдарын қарастыруда. Табиғи ресурстарды тиімді паидаланудың келесі жолы рекрацияға пайдалану. Бұл проблемамен рекрациялық экология айналысуда.
Слайд 12
Қазіргі таңда адам экологиясының алдында маңызды бірнеше теориялық
мәселелер тұр:
1. Популяциялық, топтық, жекелей деңгейде адамның бейімделу механизмдерін
зерттеу;
2. Қоршаған орта әсерлеріне арнайы, арнайы емес организмнің конституциялық реакцияларын анықтау;
3. Бейімделу реакцияларының қалыптасуына уақыт факторының мәнін зерттеу;
4. Әр түрлі аймақта тұрақтап тұрып жатқан халықтың эволюция-генетикалық сипатын және олардың бейімделу механизмдерінің ерекшеліктерін зерттеп, анықтап олардың экологиялық портретін жасау;
5. Адам денсаулығына космостық, жердік, әлеуметтік қоғам факторларының және олардың ырғағының әсерлерін зерттеу, анықтау.
Слайд 16
Адамның биологиялық табиғаты барлық жанды затқа тән тіршілікті
сақтап қалудан және оны көбею арқылы уақыт пен кеңістікте
жалғастырудан, қауіпсіздік пен қолайлылықты барынша қамтамасыз етуден көрінеді. Барлық адамдар қоректік тізбекте І және ІІ қатардағы консументтер бола отырып, тағам тұтынады. Олар биогенді элементтердің айналымына қатысатын басқа организмдерге (редуценттермен) қажетті физиологиялық алмасу өнімдерін бөліп шығарады.
Слайд 17
Адам – жер бетіндегі қазір белгілі болған үш
миллион биологиялық түрлердің бірі. Салыстырмалы эмбриология мен анатомияның мәліметтері
адам тәнінің дамуы мен құрылысынан жануарларға ұқсас белгілерді айқын көрсетеді.
бетіндегі казір белгілі болған үш миллион биологиялық түрлердің бірі
Слайд 21
Адам эволюциясы әрі қарай жалғаса ма? Көптеген зерттеушілер
бүл сауалга теріс жауап береді. Бүның себебі мәдени эволюцияның
арқасында бүған дейін адамдардың популяциясының ішіндегі әлсіз, ойлауы баяу және нашар дараларды жойып отырған биологиялық табиғи слрыптау қазір өз күшін жоғалтып отыр. Бұдан жүз жыл бұрын бала кезінде өліп қалуы мүмкін болатын физикалық жетіспеушілігі бар адамдар қазір тірі қалып, өзінің болашақ ұрпақтарына генетикалық кемістіктерін бере отырып ұрпак таратуда. Адамның эюлюциясының тоқталуына көшіп-қону да әсер етгі. Қазір Жер бетінің тұрғындарының бірде-бір тобы жаңа түрге айналу үшін үзақ уақыт бойы оқшауланған жагдайда тіршілік етпейді. Жануарлардың көптеген түрлерінің тіршілік ету үзактыгы 3 млн. жылдан аз уакытты құрайды. Біздің түрге - барлық түрдің ең саналы түріне - осы мерзімнің ең болмаса жартысындай уақыт бөлімінде өз тіршілігін сактап қалу үшін оның барлық тапқырлығы қажет болуы мүмкін.
Слайд 22
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Ә.
Бейсенова, А. Самақова, Т. Есболов, Ж. Шілдебаев.
2. Экология
негіздері. Ғ. Сағымбаев.
3. Экология. Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозматаева.
4. Денсаулық журналы.
5. Экология. Ә. С. Бейсенова, Ж. Б. Шілдебаев, Г. З. Сауытбаева