Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Дүние жүзілік сауда ұйымы

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫ (ДСҰ) Орналасқан орны: Женева қ, Швейцария Құрылған күні: 1 қаңтар 1995 жыл Құрылды: Уругвай раунды келіссөздерінің нәтижелері бойынша (1986-1994) ДСҰ мүшелері: 153 ел. Бюджеті: 2008 жылға 185 млн. швейцар франкі. Хатшылық: 625 адам
Орындаған: 6M011600 география2курс магистранты Құмарбекұлы Санат Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым МинистрлігіДүние жүзілік сауда ұйымы ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫ (ДСҰ) Орналасқан орны: Женева қ, Швейцария Құрылған күні: 1 Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін ДСҰ басты міндеті — іркіліссіз халықаралық сауда-саттықа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің бастамасымен — Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен Қазақстан Үкіметі ДСҰ-ға кіру — елдің сыртқы экономикалық саясатындағы басымды бағыттардың бірі Министерлік конференция – ДСҰ-ның жоғарғы органы, ДСҰ көпжақты келісімдерінің  мәні болып табылатын Бас кеңес ДСҰ-ның мына иерархиясында тұрған үш кеңеске функцияларын жібереді: Тауарлар саудасы Назарларыңызға рахмет!!!
Слайды презентации

Слайд 2 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫ (ДСҰ)
Орналасқан орны: Женева қ,

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫ (ДСҰ) Орналасқан орны: Женева қ, Швейцария Құрылған күні:

Швейцария Құрылған күні: 1 қаңтар 1995 жыл Құрылды: Уругвай раунды келіссөздерінің

нәтижелері бойынша (1986-1994) ДСҰ мүшелері: 153 ел. Бюджеті: 2008 жылға 185 млн. швейцар франкі. Хатшылық: 625 адам Басшысы: Паскаль Лами Бас директор.

Слайд 3 Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай

либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995

жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2005 жылғы 11 желтоқсандағы соңғы мәлімет бойынша оған 149 ел мүше болды.

Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы 2008 жыл 5 ақпанында қабылданды) бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Және Қазақстанды қосқанда 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие.


Слайд 4 ДСҰ басты міндеті — іркіліссіз халықаралық сауда-саттықа мүмкіндіктер

ДСҰ басты міндеті — іркіліссіз халықаралық сауда-саттықа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің

жасау. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада

экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес келуі тиіс: — Саудада еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды; — Сауда кедергілерін азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда импортқа қойылатын көлемдік шектеулер;

ДСҰ міндеттері


Слайд 5 — Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл

— Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар

шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен

және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді;

— Халықаралық саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқықты бәсекелестігі үшін «әділетсіз» тәсілдерді жою, оған экспорттық субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі), жаңа сату нарықтарын иелену мақсатында демпингтік бағаларды пайдалану; — Жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халықаралық саудада жеңілдіктер жасау. Нақ осы бап жоғарыда көрсетілген ұстанымдарға кереғар келеді, алайда ол әлемдік шаруашылыққа осал дамыған елдерді тарту үшін қажет болды. Бұл елдер алғашқы кезеңде дамыған мемлекеттермен бәсекелесе алмайтыны айдан анық, сондықтан да нашар дамыған елдерге ерекше жеңілдіктер қарастыру «әділетті» болар деп есептеледі.


Слайд 6 Қазақстан Үкіметі ДСҰ-ға кіру — елдің сыртқы экономикалық

Қазақстан Үкіметі ДСҰ-ға кіру — елдің сыртқы экономикалық саясатындағы басымды бағыттардың

саясатындағы басымды бағыттардың бірі деп біледі. Қазақстанның ДСҰ-ға кіру

жөніндегі жұмысшы топқа осы ұйымның 38 мемлекеті кіреді, сонымен бірге нарыққа тауарларды шығару жөніндегі келіссөздерге 14 ел, ал қызмет нарығына қатысты 10 ел қатысады.

Қазақстан — ДСҰ-ға кіруге мүдделі

Бүгінгі таңда, Грузия, Пәкістан, Түркия, Оман Сұлтанаты, Корея, Жапония, Куба, Мексика Қырғыз Республикасымен екіжақты келіссөздердің аяқталуы туралы Хаттамаларға және ҚР Индустрия және сауда министрлігі мен Мысыр Араб Республикасының Индустрия және технологиялық даму министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. ҚР мен ДСҰ арасындағы ынтымақтастықтағы маңызды оқиғалардың бірі 2004 жылғы тамыздағы ДСҰ Бас хатшысы С.Паничпакдидің Қазақстанға сапары болды. Осы тұста айта кетер бір жай ДСҰ басшылығы әдетте бір елге арнайы сапар ұйымдастырмайды, қалыптасқан тәжірибе бойынша бірнеше мемлекетті аралап шығады. Осы сапардың барысында ұйым басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, елдің бірқатар министрлерімен кездесіп, ДСҰ келісімдерінің міндеттемелерін қабылдау жөніндегі Қазақстанның ортақ ұстанымын түсінісуге қол жеткізілді.


Слайд 7 Министерлік конференция – ДСҰ-ның жоғарғы органы, ДСҰ көпжақты

Министерлік конференция – ДСҰ-ның жоғарғы органы, ДСҰ көпжақты келісімдерінің  мәні болып

келісімдерінің  мәні болып табылатын барлық мәселелер бойынша шешім қабылдауға

құқылы. Әдетте Конференция екі жылда бір рет шақыралады. Министрлік конференциялар сессияларының арасында қажет болған жағдайда (жылына 8-10 рет) ағымдағы және процедуралық мәселелерді шешу үшін ұйымға барлық қатысушылар өкілдерінен, әдетте ДСҰ-ға мүше елдердің елшілері мен делегация басшыларынан тұратын Бас Кеңес шақырылады. 

ДСҰ ҚҰРЫЛЫМЫ


Слайд 8 Бас кеңес ДСҰ-ның мына иерархиясында тұрған үш кеңеске

Бас кеңес ДСҰ-ның мына иерархиясында тұрған үш кеңеске функцияларын жібереді: Тауарлар

функцияларын жібереді: Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес, Қызмет көрсету саудасы

жөніндегі кеңес және Интеллектуалдық меншіктің құқық аспектілерінің саудасы жөніндегі кеңес. Осы кеңестердің шегінде ДСҰ-ның барлық мүшелеріне мүшелікке көптеген ашық мамандандырылған комитеттер мен жұмыс топтары құрылған. Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес ДСҰ принциптерін сақтау және тауарлар саудасы саласындағы 1994 жылғы тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімнің орындалуына бақылауды жүзеге асыратын мамандандырылған комитеттердің қызметіне басшылық етеді. 

Министрлік конференция (немесе Бас кеңес) өкілеттілік мерзімі 3 жылды құрайтын ДСҰ-ның Бас директорын тағайындайды. Қазіргі кезде Бас директор Паскаль Лами болып табылады, ЕО сауда жөніндегі бұрынғы комиссар, лауазымдық қызметке 2005 жылдың 1 қыркүйегінде кірісті (1999-2002 жылдары Майк Мур болған, Жаңа Зеландияның экс-премьер-министрі, 2002-2005 жылдары – Супачай Паничпакди, Тайландтың бұрынғы премьер-министрі).


  • Имя файла: dүnie-zhүzіlіk-sauda-ұyymy.pptx
  • Количество просмотров: 184
  • Количество скачиваний: 0