Слайд 2
Шығыс Азия – Азия материгінің шығыс
бөлігі. Тынық мұхитымен қоңыржай, субтропиктік және тропиктік белдеулерде шектесіп
жатыр. Жер бедері таулар мен жазықтардың күрделі бірігуімен сипатталады. Шығыс Азияның негізгі бөлігі Батыс-Тынық мұхиттық геосинклинальды белдеуінде орналасқан. Бұл аймаққа жанартау түзгіштік пен сейсмикалық белсенділік тән. Климаты муссонды, мерзімдік ылғалды. Тайфундар мен су басулар жиі болып тұрады. Солтүстік бөлігінде аралас және тайга ормандары, оңтүстігінде жалпақ жапырақты субтропиктік және тропиктік ормандар басым.
Шығыс Азия аудандарына Ресейдің Қиыр Шығысы, Қытай, Тайвань, Жапония, Корей Халық Республикасы, Корея және Монғолия жатады.
ШЫҒЫС АЗИЯ
Слайд 3
Қиыр Шығыс – Азияның Солтүстік-Шығыс, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс
бөліктерін біріктіретін аудан. Ресейдің 1/6 бөлігін алып жатыр. Ол
Чукоткадан Уссурий жағалауына дейін, Тынық мұхиты жағалауымен және оның теңіздері бойымен 4500км-ге созылып жатыр. Қиыр Шығыстың солтүстік аудандары поляр шеңберінде жатса, оңтүстік бөлігі жерортатеңіздік ендіктерге дейін жетеді.
Қиыр Шығыстың жер бедері негізін – таулар құрайды. Бұл ауданда жер сілкінісі мен цунамилер жиі болып тұрады, яғни сейсмикалық зона болып табылады. Оңтүстігінде орташа, аласа таулар – Сихотэ Алинь, Джугуджур; Камчатка түбегінде биік таулар басым. Аумақтың маңызды бөлігін муссондық климат қамтиды. Жылдық жауын-шашын мөлшері 2000мм дейін жетеді.
РЕСЕЙДІҢ ҚИЫР ШЫҒЫСЫ
Слайд 4
Камчатка түбегі
Камчатка – Евразия материгінің солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан
түбек. Батысында – Охот теңізімен, шығысында – Беринг теңізімен
және Тынық мұхит суларымен шайылып жатыр. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 1200км-ге созылған. Ауданы 472,3мың шаршы км. Түбектің шығыс жағалауы қатты тілімденген, сондықтан көптеген шығанақтар мен мүйістер түзілген. Түбектің орталық бөлігін Орталық және Шығыс жоталар кесіп өтеді. Олардың арасында Орталық Камчатка ойпаты орналасқан, бұл жермен Камчатка өзені ағып өтеді.
Жанартаулар – Камчатка түбегінің көзге көрінерлік объектілері болып табылады. Мұнда барлығы 160мыңнан астам жанартаулар бар. Камчатканың көпшілік өзендері бастауын тау етегінен және мұздықтардан алады. Гейзерная және Шумная өзендерінің қосылған жерінде әлемге әйгілі Гейзерлер Аңғары орналасқан. Ең ұзын өзені – Камчатка өзені.
Слайд 5
Камчаткада өсімдіктердің 1200-ден астам түрі таралған, соның ішінде
ағаштардың, бұталардың, лиандардың 100-ден аса түрі бар. Ағаштардың ең
көп таралған түрі – Эрман қарағайы, ұзындығы 15-20м, диаметрі 90см болып келеді. Түбектің эндемигіне – “пихта грациозная” өсімдігі жатады.
Камчатканы шайып жатқан сулар әртүрлі моллюскілерге, теңіз сүтқоректілеріне және де балық қорына мол. Түбекте құстардың 220-ға жуық түрі бар. Жабайы аңдарының ішінен ең ірісі әрі атақтысы – Камчатка аюы.
Слайд 6
Камчатка түбегіндегі вулкандар
Слайд 7
Охот теңізі – Тынық мұхитынан Камчатка түбегі, Куриль
аралдары және Хоккайдо аралы арқылы бөлініп тұрған бөлігі. Солтүстік-шығыс
Азияда орналасқан. Ресей және Жапонияның жағалауларын шайып жатыр. Ауданы – 1603мың км кв. Орташа тереңдігі – 1780м, ал терең нүктесі – 3916м. Теңіздің батыс бөлігі материктік қайраңда жатқандықтан, таяз болып келеді. Теңіздің орталық бөлігінде Дерюгин және Тинро ойпаттары орналасқан. Қазан айынан бастап мамыр-маусым айларына шейін мұз басып жатады. Теңіздің солтүстік жағалауы қатты тілімденген.
Охот теңізінің солтүстік-шығысында ең ірі шығанағы – Шелихов шығанағы орналасқан. Теңізге Амур, Охота, Кухтуй өзендері келіп құяды.
Теңіздің атауы Охота өзенінің атымен аталған. Ол эвен тілінде “өзен” деген мағынаны білдіреді. Бұрын Лам теңізі, Камчатка теңізі деп те аталған.
Қыста су бетінің температурасы -1,8 – +2С, жазда 10-18С-қа дейін көтеріледі. Суының тұздылығы 32,8-33,8промиллені құрайды.
Слайд 9
Шелихов шығанағы – Азия жағалауы мен Камчатка түбегі
аралығында орналасқан Охот теңізінің шығанағы. Ұзындығы – 650км, ені
– 300км, тереңдігі – 350м дейін жетеді. Шығанаққа Гижига, Пенжина, Яма, Малкачан өзендері келіп құяды. Желтоқсан – мамыр айлары аралығында бетін мұз басып жатады. Шығанақ балық ресурстарына өте бай.
Шелихов шығынағының оңтүстік бөлігінде Ям архипелагы орналасқан. Оның құрамына: Матыкиль, Атыкан, Баран, Хатемалью, Коконце аралдары кіреді.
Шығыс Азия өзені. Ресей, Қытай және Монғолия территорияларымен ағып
өтеді. Амур өзенінің бассейні Шығыс Азияның қоңыржай ендіктерінде орналасқан. Өзен бассейні 4 зонаны алып жатыр: орман, орманды дала, дала, шөлейт. Бассейннің оңтүстік-батысындағы шөлді бөліктерінде жылдық жауын-шашын мөлшері – 250-300мм, ал Сихотэ-Алинь жотасында 750мм дейін жетеді.
Амур өзені Шилка және Аргунь өзендерінің бірігуінен түзіледі. Өзеннің жалпы ұзындығы - 4359км. Бассейнінің ауданы – 1855 мың км кв. Ауданы жөнінен дүние жүзінің өзендері бойынша 10-орында.
– Шығыс Азиядағы аралдық мемлекет. Тынық мұхитында
орналасқан. Охот теңізінен бастап, солтүстікте Шығыс Қытай
теңізі және оңтүстігінде Тайваньға дейінгі аумақты қамтиды.
Жапония 6852 аралдан тұратын Жапон архипелагында орналасқан. Архипелагтың жалпы ауданының 97%-н 4 ірі арал – Хонсю, Хоккайдо, Кюсю және Сикоку аралдары құрайды. Аралдарының көпшілігі таулы, жанартаулы болып келеді. Жапонияның ең биік нүктесі – Фудзи жанартауы, 3776м. Халқының саны 127 млнды құрайды және әлемде 10-орында. Астанасы – Токио қаласы. Онда 30млн адам тұрады және ол әлемдегі ірі қала агломерациясы болып табылады.
Жапонияның ауданы - 377,9мың шаршы км-ге жуық, оның ішінде құрлық -364,4мың шаршы км, су – 13,5мың шаршы км-ді құрайды. Жағалау сызығының жалпы ұзындығы – 19240км. Ірі түбектері – Кии, Осима. Ел аумағының 75%-н аласа және орташа таулар қүрайды. Ең ірі ойпаты – Канто.
Климаты солтүстікте салқын температурадан оңтүстікте субтропиктік белдеуге дейін ауытқып тұрады. Және де бұл жердің климаты қыста құрлықтан, ал жазда мұхиттан соғып тұратын маусымдық желдерге де тәуелді. Мемлекеттің 66%-дан астам бөлігін ормандар алып жатыр. Жапонияда ағаштар мен бұталардың 700-ден астам түрі, шөптесін өсімдіктердің 3000 жуық түрі кездеседі. Ал фаунасына сүтқоректілердің- 270, құстардың- 800, жорғалаушылардың -110 түрі кіреді.
ЖАПОНИЯ
Слайд 14
Жапонияның спутниктен көрінісі
Топографиялық картасы
Слайд 15
Осакадағы бизнес-парк
Ұлттық спорты – сумо
Токио университеті
ASIMO
роботының моделі
Слайд 16
Жапон теңізі – Тынық мұхит теңізі, мұхиттан Жапон
аралдары, Сахалин аралы арқылы бөлініп тұр. Басқа теңіздермен және
Тынық мұхитымен 4 бұғаз арқылы байланысқан: Корей, Сангар, Лаперуза және Невель. Бұл теңіз Ресей, Корея, Жапония және Корей Халық Республикасының жағалауларын шайып жатыр.
Ауданы – 1062мың км кв. Ең терең нүктесі – 3742м. Теңіздің солтүстік бөлігі қыста қатып қалады.
Климаты қоңыржай, муссондық. Теңіздің солтүстік және батыс бөліктері салқын келеді. Жазғы муссон теңізге жылы және ылғалды ауа алып келеді. Күзде тайфундар көп болып тұрады. Суының тұздылығы – 33,7-34,3 промилле.
Жапон теңізінің солтүстік пен оңтүстіктегі суасты әлемі бір-бірінен қатты ерекшеленеді. Солтүстік және солтүстік-батыс аудандарда қоңыржай ендікке тән флора мен фауна қалыптасқан. Теңізде теңіз жұлдыздары мен теңіз кірпілері өте көп.
Слайд 18
Сахалин – Азияның шығыс жағалауында орналасқан арал. Ресей
Федерациясының иелігіне кіреді. Охот және Жапон теңіздерімен шайылып жатыр.
Материктен Татар бұғазы арқылы, Хоккайдо аралынан Лаперуза бұғазы арқылы бөлініп тұр. Ауданы 76,4 мың км кв. Жер бедері орташа биіктіктегі таулар, аласа таулар мен ойпаттардан тұрады. Аралдың орталық-оңтүстік бөліктері Батыс Сахалин және Шығыс Сахалин таулары болып бөлінеді. Олардың аралығында Тымь-Паранай ойпаты орналасқан. Ірі шығанақтары – Анива, Терпения. Климаты – қоңыржай муссондық. Орташа жылдық температура солтүстікте -1,5 С, оңтүстікте +2,2 С. Охот теңізінен келетін салқын ауа массасы аралға мол әсер етеді. Ірі өзендері: Поронай, Тымь, Найба, Лютога, Вал т.б.
Слайд 19
Татар бұғазы – Евразия материгі мен Сахалин аралы
арасындағы бұғазы. Жапон мен Охот теңіздерін жалғастырып тұр. Ұзындығы
663 км. Татар бұғазы Жапон теңізінің ең суық бөлігі болып табылады. Қыс айларында Жапон теңізінде қататын мұздардың 90%-ы осы Татар бұғазында қалыптасады. Тіпті мұздың қалыңдығы 1,5 метрге дейіе жетіп отырады.
Слайд 20
Хонсю (Хондо, Ниппон) – Жапон архипелагының
ең ірі аралы. Аралдың ұзындығы 1300 км, ені 50-230
км аралығында. Ауданы 230500 км кв құрайды. Жағалау сызығының ұзындығы 5450 км.
Хонсю аралында Жапонияның ірі қалалары орналасқан: Токио, Иокогама, Осака, Киото, Хиросима, т.б. Жалпы халық саны - 103млн (2005ж). Аралда атақты Фудзи жанартауы орналасқан. Жер сілкінісі жиі қайталанады.
Әкімшілік аймақтары: Канто-Кинки-Тохоку-Тюбу-Тюгоку.
Слайд 21
Фудзи, Фудзияма – Хонсю аралындағы жанартау, Токио
қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 90 км қашықтықта орналасқан. Биіктігі –
3776м. Соңғы рет 1707-1708жж атқылаған.
Діни тұрғыдан жергілікті халқы бұл жанартауды қасиетті деп санайды. Бүгінде Фудзи шыңында синтоистік шіркеу мен метеостанция салынған.
Фудзи тауы Еуразия, Филиппин және Охот плиталарының түйіскен нүктесінде, көпжылдық жанартау атқылау ауданында орналасқан. Бір қызығы, шілде-қыркүйек аралығында таудың басындағы қар түгелімен еріп кетеді.
Слайд 23
Хоккайдо (“солтүстік теңіз жолы”) – Жапониядағы 2-ші
ірі арал. 1859жылға дейін Мацумаэ деп аталып келген. Ауданы
– 83500 км кв. Халқы – 5600мың адам.
Хонсю аралынан Сангар бұғазы арқылы бөлініп тұр. Аралдың солтүстік жағалауы Охот теңізімен шайылып жатыр. Ең биік шыңы – Асахи тауы. Ірі қаласы – Саппоро.
Климаты Жапонияның басқа аудандарына қарағанда біршама салқындау; жазы құрғақ, қысы қатаң болып келеді. Орташа жылдық температура +8 С. Тынық мұхитымен жуылып жатқандықтан бұл аралда орташа есеппен жылына 17 ашық күндер, жазда 149 жаңбырлы, қыста 123 қарлы күндер тіркелген.
Слайд 24
Кюсю – Жапон архипелагындағы 3-ші ірі арал. Ауданы
35,6 мың км кв шамасында. Халқы 14,7млн адам (2003ж).
Әкімшілік жағынан 7 ауданға бөлінеді: Кагосима, Кумамато, Миядзаки, Нагасаки, Оита, Сага және Фукуока. Хонсю аралынан Каммон бұғазы арқылы бөлініп тұр. Арал шығысында Тынық мұхитымен, солтүстік-шығысында Ішкі Жапон теңізімен, батысында Шығыс Қытай теңізімен шайылып жатыр. Жағалаулары қатты тілімденген. Жер бедері таулы: солтүстік-батысында аласа таулар мен төбелер, оңтүстік-шығысында орташа биіктіктегі таулар орналасқан. Ең биік нүктесі – Кюдзю сөнген жанартауы. Климаты – субтропиктік, муссондық. Жылына 3000 мм-ге дейін жауын-шашын түседі. Тайфундар жиі болып тұрады. Кюсю Куросио және Цусим жылы ағыстарымен жуылады. Өсімдіктері биіктік белдеулік бойынша таралған.
Слайд 25
Сикоку – Жапон архипелагындағы 4 ірі аралдың ең
кішісі. Ежелгі атауы – Ие-но-футана-сима. Ауданы – 18 813
мк кв, халық саны – 4 141 955 адам (2005ж). Сикоку аймағына 4 аудан кіреді: Кагава, Коти, Токусима және Эхимэ. Хонсю аралымен Акси-Кайке көпірі арқылы байланысады. Көлемі бойынша дүние жүзіндегі 50-ші арал. Аралда аласа таулар бар. Мысалы, Исицуки тауының биіктігі 1982м.
Слайд 26
БИВА көлі – Жапониядағы ең ірі тұщы
көл. Хонсю аралының орталық бөлігінде орналасқан.
Ауданы – 670,4 км
кв. 3 аралы бар және Хиконэ, Оцу қалалары орналасқан. 400 өзен келіп құяды.
Ежелгі көлдердің бірі, 4 млн жыл бұрын қалыптасқан. Мұнда 1100 түрі тіркелген.
Слайд 27
Тонэ – Жапониядағы өзен, Канто ауданының территориясы бойымен
ағып өтеді. Өзеннің ұзындығы 322 км. Бассейнінің ауданы 15
760 км кв. Жапонияның ірі өзендерінің бірі болып табылады. Бастауын Оминаками тауынан алып, Тынық мұхитына барып құяды.
Теміржол салынбастан бұрын бұл өзен маңызды көлік артериясы болған. Оның бойымен жергілікті азық-түліктер тасымалданған. Тонэ өзенін жергілікті халық Бандо-Таро деп те атайды.
Слайд 28
Корея түбегі – Азияның шығыс бөлігіндегі,
шығысында Жапон теңізімен, Корея бұғазымен, оңтүстігінде Чеджу бұғазымен және
батысында Сары теңізбен қоршалған. Ауданы 150 мың км кв жуық. Жер бедері таулы болып келеді. Ең биік нүктесі – Пэктусан тауы, 2744м. Түбектің теңізбен шектесетін жағалаулары жазықты келеді. Климаты – қоңыржай муссондық, оңтүстігінде субтропиктік. Қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде -20 С, оңтүстігінде +4 С; шілденің орташа температурасы солтүстігінде +24 С, оңтүстігінде +26 С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 мм. Түбектің 2/3 бөлігін ормандар мен бұталар алып жатыр. Көптеген ұлттық парктер ұйымдастырылған. Корея түбегінде Корея Республикасы мен Корей Ұлттық Демократиялық Республикасы орналасқан.
КОРЕЯ ТҮБЕГІ
Слайд 30
КОРЕЯ ҰЛТТЫҚ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ
КҰДР
немесе Солтүстік Корея – Корея түбегінің солтүстік бөлігінде орналасқан
Шығыс Азия мемлекеті. Солтүстігінде Қытаймен, солтүстік-шығысында Ресеймен, оңтүстігінде Корея Республикасымен шектеседі. Батысында – Сары теңіздің, шығысында – Жапон теңізінің суларымен шайылып жатыр. Астанасы – Пхеньян. Халқы – 23 113 019 адам (2006ж). Ауданы – 120 540 км кв, дүние жүзінде 97-орында. 2004 жылы Солтүстік Корея жері әкімшілік жағынан 9 провинция, 2 қала, 3 аймаққа бөлінді. Елдің аумағы таулы болып келген, көптеген жазықтармен тілімденген. Солтүстік Кореяда қорықтар, ұлттық парктер, таулар мен ормандар, сарқырамалар көптеп кездеседі. Климаты – муссонды. Қысы құрғақ, салқын, ал жазы ыстық, ылғалды болып келеді. Пхеньяндағы қаңтардың орташа температурасы күндіз -3 С, түнде -13 С; ал тамыздың орташа температурасы күндіз +29 С, түнде +20 С.
Слайд 32
Сары теңіз – Азияның шығыс жағалауында Корея түбегінің
батысында жартылай қоршалған Тынық мұхитының шеткі теңізі болып табылады.
Сары теңіз Қытай, Солтүстік Корея және Корея Республикаларының жағалауларын шайып жатыр. Солтүстік-батысында Бохай бұғазымен бірігеді, ал солтүстігінде Батыс Корея шығанағымен, оңтүстігінде Шығыс Корея теңізімен шектеседі.
Ауданы – 416 мың км кв. Ең терең нүктесі -106м. Аралдары: Чеджудо, Чиндо, Чаншаньдао, Люгундао т.б. Шығанақтары: Батыс-Корея, Ляодун, Бохайвань, Лайчжоувань т.б. Құятын өзендер: Хуанхэ, Хайхэ, Ляохэ, Ялуцзян және Луаньхэ.
Климаты - қоңыржай, муссондық. Қантардың орташа температурасы солтүстігінде -10 С, оңтүстігінде +3 С; шілдеде +23 С, +26 С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 600-1000 мм аралығында.
Слайд 33
Батыс Корея шығанағы – Корея мен Қытай жағалауларын
шайып жатқан Сары теңіздегі шығанақ. Батысында Бохай бұғазынан Ляодун
түбегімен бөлініп жатыр. Шығанақтың көп бөлігі 50метрден төмен жатыр. Жағалау бөліктерінде жартасты аралдар шоғырланған. Шығанаққа Ялуцзян өзені келіп құяды.
Корея түбегінде орналасқан Шығыс Азия мемлекеті. Оңтүстік Корея деп те аталады. Корея Республикасы Корея түбегінің оңтүстік бөлігін алып жатыр. Батысында Сары теңізбен, шығысында Жапон теңізімен, оңтүстігінде Корей бұғазы және Шығыс Қытай теңізімен шайылып жатыр. Елдің жалпы ауданы – 99 617,38 км кв. Жер бедері таулы болып келген, жазықтар тек елдің 30%-н ғана алады. 3000-ға жуық аралы бар. Климаты муссондық, жазы ыстық, құрғақ; қысы салқын, құрғақ. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1400 мм жуық. Әлемдегі қайық шығарушы ірі елдердің бірі, 45% тиесілі.
КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ
Слайд 35
Чеджудо (Чеджу) – Оңтүстік Кореяның ең ірі аралы
және ең кіші ауданы. Астанасы – Чеджу қаласы. Арал
Корей бұғазында орналасқан. Ауданы – 1 845,55 км кв. Халқы – 560 мың адам (2004ж). Мұнда Оңтүстік Кореяның ең биік тауы болып табылатын Халласан жанартауы орналасқан (1950 м). Климаты субтропиктік, Кореяның басқа бөліктеріне қарағанда жылы. Аралдың әсем табиғаты Бүкіләлемдік мұра ретінде ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған.
Шығыс Азия мемлекеті. Солтүстігінде Ресеймен, шығысы, оңтүстігі және батысында Қытаймен шектеседі. Теңізге шыға алмайды. Ауданы – 1 564 116 км кв. Астанасы – Улан-Батор. Аумағын теңіз деңгейінен 900-1500 метр биіктіктегі үстірттер алып жатыр. Осы үстірттердің бойымен таулы массивтер мен жоталар тізбегі орналасқан. Олардың ең биігі – Монғол Алтайы. Ал Гоби Алтайы соның жалғасы болып табылады. Монғолияның оңтүстік бөлігін Гоби шөлі алып жатыр. Жербеті сулары мұнда сирек болғанмен, жерасты суларының деңгейі үлкен. Өзендері таулардан басталады. Ең ірілері: Селенга, Керулен, Онон, Халхин-Гол. Ел аумағында 1000-нан астам көл бар. Ірілері: Убсу-нур, Хара-Ус-нур, Хиргис-нур. Монғолияның климаты шұғыл континентті, яғни қысы қатаң, жазы құрғақ ыстық. Жауын-шашын елдің солтүстік-батысында 250-510 мм болса, Улан-Баторда тек 230-250мм. Монғолия 21 аймаққа және Улан-Батор астанасы болып бөлінеді. Экономикасы ауыл шаруашылығы мен пайдалы қазбалар өндіруге негізделген.
МОНҒОЛИЯ
Слайд 38
ГОБИ – Монғолия мен Қытай аумағын алып жатқан
кең ауқымды аймақ. Шөлді және шөлейтті ландшафттарымен сипатталады. Алтай
және Тянь-Шань тауларынан басталып, Сотлүстік Қытай үстіртіне дейін созылып жатыр. Климаты шұғыл континентті; қысы өте суық, күшті желдер болып тұрады; жазы ыстық болып келеді. Қыста температура -40 С-қа дейін, ал жазда +45 С-қа жетуі мүмкін.
“Гоби” сөзі “сусыз жер” деген мағынаны білдіреді.
Гоби шөлі бірнеше географиялық аймаққа бөлінеді :
1. Алтайлық Гоби.
2. Монғолдық Гоби.
3. Алашань.
4. Гашундық Гоби.
5. Жоңғария.
Слайд 39
Қытай Халық Республикасы (ҚХР) –
Шығыс азия мемлекеті. Әлемдегі халқы саны бойынша ең бірінші
орындағы ел. Ауданы 9,6 млн км кв. Аумағы бойынша Ресей мен Канадан кейінгі 3-орында. Астанасы – Пекин. Шығысында Тынық мұхит теңіздерімен шайылып жатыр. Жер бедері алуан түрлі. 3 ірі орографиялық аймаққа бөлінеді:
Тибет таулы қыраты, елдің оңтүстік-батысында, теңіз деңгейінен 2000м биіктікте орналасқан.
Таулар мен биік жазықтар белдеуі, солтүстік бөлікте, 200-2000м биіктікте орналасқан.
Терең жазықтар, биіктігі 200м; және аласа таулар, елдің солтүстік-шығысы, шығысы және оңтүстігінде орналасқан. Мұнда Қытай халқының көп бөлігі шоғырланған.
Климаты алуантүрлі – оңтүстігінде субтропиктіктен бастап солтүстігінде қоңыржай белдеуге дейінгі аймақтарды қамтиды. Жағалауында муссондық климат қалыптасқан. Елдің 2/3 бөлігін тау жоталары, таулы қыраттар мен үстірттер, шөлдер мен шөлейттер алып жатыр. Қытайдың оңтүстік және шығыс облыстары тайфундар мен су тасқындарынан жиі апатқа ұшырап отырады. Қытайдың өзендері ішкі және сыртқы алапқа бөлінеді. Сыртқы: Янцзы, Хуанхэ, Чжуцзян, Нуцзян, Ялуцангпо өзендері Тынық, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхитына құяды.
ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ
Слайд 40
Ұлы Қытай жазығы – ауданы
325 мың км кв құрайтын тегіс жазық. Сары және
Шығыс Қытай теңіздерінің жағалауы бойымен Қытай шығыс бөлігінде орналасқан. Оның шығысын Шаньдун таулары қамтиды. Климаты – субтропиктік, муссондық. Қысы құрғақ, жазы ылғалды келеді. Су тасқындары жиі болып тұрады. Жазық бойымен солтүстіктен оңтүстікке қарай Ұлы канал салынған. Ұлы Қытай жазығы Қытайдың басты егін шаруашылық ауданы болып табылады. Халық тығыз қоныстанған. Қытай географтары жазықты 2-ге бөледі: Солтүстік Қытай жазығы; Янцзының орта және төменгі ағыс жазығы.
Слайд 41
Шығыс-Қытай теңізі – Шығыс Азия жағалауы мен Рюкю,
Кюсю аралдарының аралығында орналасқан Тынық мұхит теңізі. Ауданы –
836 мың км кв. Ең терең нүктесі -2719м. Судың орташа температурасы ақпанда 7-16 С, тамызда 27-28 С. Суының тұздылығы 30-34,5 промилле. Теңізге құятын ең ірі өзені – Янцзы. Теңіздің түбі батыс жағалауында тегіс емес. Мұнда жер сілкіністері көп болып тұратындықтан теңіздің жер бедері өзгеріп тұрады. Және сілкіністің салдарынан бұл жерде цунамилер пайда болады. Аралдардың қасында жүзу өте қауіпті, себебі онда жартастар, рифтер өте көп.
Шығыс Қытай теңізі биологиялық ресурстарға бай. Балық өнеркәсібінің негізін сельд, сардина, краб, теңіз балдырлары құрайды.
Слайд 42
ХУАНХЭ – Қытайдағы өзен. “Сары өзен” деген мағынаны
білдіреді. Тибет таулы қыратының шығысынан басталып, Орин-Нур және Джарин-Нур
өзендері бойымен ағып өтеді де, Ұлы Қытай жазығына шығады, ең соңында Сары теңіздің Бохай шығанағына барып құяды. Ұзындығы 5464 км. Бассейнінің ауданы 752 000 км кв.
Хуанхэнің орта ағысы
Люцзяся СЭС
Хуанхэ өзенінің ауыл шаруашылығындағы маңызы зор. Өзеннің бойына бірнеше СЭС-лары салынған. Ұлы Канал арқылы Хуайхэ және Янцзы өзендерімен біріккен. Өзен аңғарына халық көп қоныстанған. Ондағы ірі қалалар: Ланьчжоу, Иньчуань, Баотоу, Лоян, Чжэнчжоу, т.б.
Ланьчжоу қаласы
Слайд 43
Тайвань – Тынық мұхиттағы
арал, Қытайдың шығыс жағалауынан 150 км қашықтықта орналасқан. Материктен
Тайвань бұғазы арқылы бөлініп тұр. Солтүстігін Шығыс-Қытай теңізі, оңтүстігін Оңтүстік-Қытай, Филиппин теңіздері, шығысын Тынық мұхиты шайып жатыр. Солтүстіктен оңтүстікке 394 км, батыстан шығысқа 140 км созылып жатыр. Ауданы 35 834 км кв. Жағалауы аз тілімденген. Аралды Тайвань таулары алып жатыр. Халқының 90%-ы аралдың батыс бөлігінде тұрады. Климаты солтүстікте – субтропиктік, оңтүстікте – тропиктік муссондық. Жауын-шашын мөлшері 1500-5000 мм аралығында. Тамыз-қыркүйек айларында тайфундар жиі болып тұрады. Өзендері таулардан басталады және су энергетикасы мен суландыру үшін қолданылады. Аралда ылғалды тропикалық ормандар басым. Экологиялық жағдайы нашар. Антропогендік факторлардың әсерінен көп ластанған.
Слайд 44
Хайнань – Қытайдың оңтүстігінде орналасқан арал. Астанасы –
Хайкоу қаласы. Халқы – 8,18 млн адам. Тропикалық арал
болып табылады. Гавай аралдарымен бір ендікте орналасқан, кейде “Шығыс Гавай” деп те аталады. Ауданы 33 920 км кв. Арал Оңтүстік-Қытай теңізімен шайылып жатыр. Оңтүстік және орталық бөліктерін ормандар алып жатыр. Флорасы мен фаунасының көптеген түрлері эндемик болып табылады. Хайнань ауданы бойынша Қытайдың Тайваньнан кейінгі 2-ші аралы. Ауаның орташа жылдық температурасы аралда +24 С; суда +26 С.