Сабақтың мақсаты: -1812 жылғы соғыс туралы хабарды қазақтардың қалай
қарсы алғанын айтып түсіндіру.
-Ұрысқа қатысқандар туралы оқушыларға әңгімелеу.
-Ұлтаралық тәрбие оқушыларға қазақ халқы мен орыс
халқының достығы тек шаруашылық пен мәдениет
саларымен шектеліп қана қоймағанын көрсету.
-Оқулықпен өздігінен және топ болып жұмыс істеу
дағдыларын дамытуды одан әрі жалғастыру.
Материалдар мен құралдар: «1812 жылғы Отан соғысы», «1813 – 1815
жылдардағы орыс армиясының шетелдік
жорықтары», «ХІХ ғасырдағы Қазақстан»
карталары. Интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пән аралық байланыс: география, қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі. (оқушыларды түгелдеп, назарларын сабаққа аудару)
Сыныпты екі топқа бөлемін: І топ – Тәуелсіздік тобы, ІІ топ – Болашақ тобы.