Слайд 2
Өркениетті қоғам құруға бет алған жұрттың бәрі де
алдымен өзінің тарихи тамырын танытып, тарихи жадын қалпына келтіруге
күш салады. Қазақ тарихы осы күнге дейін отаршылдардың еркінше бұрмаланып келді. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтар бүркемеленіп,оның орнына жасанды, қазақ менталитетіне жат рухани өлшемдер орнатылды. Осының салдарынан халық өз тарихы туралы шындықтан адасып қалды.
Слайд 3
Ұлтымыздың ғасырлар бойы армандап,аңсаған,
қол жеткізген егемендігі – мемлекетіміздің тәуелсіздік тұғырын биіктетіп, елдің
іші-сыртын бүтіндеп, шекарасын белгілеп, іргетасын шайқалтпай қымтап, өркениет үрдісінде өзіндік даму жолын таңдауға қол жеткізді.
Слайд 4
Халқымыздың асыл ұл-қыздары,адал перзенттері, тоталитарлық жүйенің дәуірлеп тұрған
кезінің өзінде де, ана тілін – ардағын аялап, тағдырына
арашашы болып, егеменді ел болып, тәуелсіздікке қол жеткізіп, байып-көркеюіне үлес қосуды өздеріне мұрат тұтқан. Солардың бірі – халқымыздың дарынды да дара туған, абзал ұлы, қазақ феодалдық мемлекетінің бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп, өз хандығы кезінде елдің саяси-экономикалық дамуына түбірлі өзгерістер енгізген, атақты мемлекет қайраткері - хан Абылай.
Слайд 5
Халқымыздың асыл ұл-қыздары,адал перзенттері, тоталитарлық жүйенің дәуірлеп тұрған
кезінің өзінде де, ана тілін – ардағын аялап, тағдырына
арашашы болып, егеменді ел болып, тәуелсіздікке қол жеткізіп, байып-көркеюіне үлес қосуды өздеріне мұрат тұтқан. Солардың бірі – халқымыздың дарынды да дара туған, абзал ұлы, қазақ феодалдық мемлекетінің бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп, өз хандығы кезінде елдің саяси-экономикалық дамуына түбірлі өзгерістер енгізген, атақты мемлекет қайраткері - хан Абылай.
Слайд 6
Әбілмансұр (1711 – 1781жж, Оңтүстік Қазақстан, Арыс жағасы)
– қазақ ханы, мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Жәңгір
ханның бесінші ұрпағы. Ол «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмамбет төренің жылқысын да бағады. 1730-33 жж аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры жоңғар билеушісі Қалдан сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Жауға «Абылайлап» ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.
Слайд 8
1738-41 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншыларына
бірнеше мәрте соққы береді. 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл
жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. 1740 ж.тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, т.б. 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым-қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды.
Слайд 9
Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ
хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. 1752 ж ол бастаған қазақ
әскері шамасы 15-20 мың адам ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753 ж желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754 ж сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, сол жылдың шілде-тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алып келді. 1756 ж Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді.
Слайд 10
1757 ж Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40
мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. Абылай
бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны (Давациды)шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. 1754-55 және 1764 ж қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шабады. Осы себепті Абылай 1755, 1765 жылдары Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды.
Слайд 11
. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына
қарсы тынымсыз күрес жүргізеді. 1765-67 ж. Абылай қолының Қоқан
билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым-салық төлеп тұратын болды.
Слайд 12
1771 ж жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды.
Үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай
іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды. Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурғанимен келіссөз жүргізді. Орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 ж қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев көтерілісі кезінде 3 мың әскерімен «Қасірет белдеуі» бойындағы орыс бекіністерін шапты. Шоқан Уәлиханов: «1771 жылы хан сайландырып, ант бергісі келмеді. Сөйтіп ол өзін халық қалап, баяғыда-ақ бұл дәрежеге лайықты қойғанын желеу етті», - деп жазды.
Слайд 13
Абылай қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды
күйші ретінде де белгілі. Абылай өмір жолын ат үстінде
жорықтарда өткізіп, Арыс өзенінің жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды.
Слайд 14
Абылайдың Ақ Туы - Абылай ханның жауынгерлік туы;
кезінде бүкіл қазақ халқының атынан айтылатын жауынгерлік ұран ретінде
де қолданылған. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары - Алашорда жетекшілері халықты бірлікке шақырып, «Абылайдың ақ туының» астына жиналайық деген үндеу тастаған. Шын мәнінде «Абылайдың ақ туы» – тарихи зат, жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыста көтерілген ту. Қыл шашақты, көлемі 2 шаршы метр ақ жібек мата. Ту 1930 жылға дейін Арыс қалсының маңындағы «Хан қорған» деген жерде, төре тұқымдарының қолында сақталып келген.
Слайд 15
Ел басқару екінің бірінің қолынан келе бермейтін
бірегей өнер екені баршаға аян. Оның үстіне ел ұстаған
екінің бірі есте қала бермейтін де белгілі ғой. Жымысқы жолмен түлкі боп тиген талайларды, көнесөз тарих біледі. Бірақ олардың атын білгенімен, затын ілтипатқа ілмейді. Демек, ақыл парасатына қажыр-қайраты сай, дегдарлығы мен білімдарлығы бірдей, мінезі маңғаз, жүрегі мейірбан жетекші ғана жұрттың жадында ұзақ сақталмақ. Міне екі ғасырдан астам атақ-даңқы аңыз-әңгімелер арқылы – ақ ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, үдеп бара жатқан Абылай хан осындай қайраткер болған. Рас, Абылай күні бүгінге дейін әділ бағасын ала алмай, тарихтан тиісті орын таппай келген қайраткер. Әйтпесе «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан» кейін көп ұзатпай қазақ халқының басын құрап, жоңғар басшыларына ойсарыта соққы беруді ұйымдастыруы ерен еңбек емес пе?
Слайд 16
Сындарлы саясатшы, сарабдал мәмілегер ретінде ол көрші мемлекеттердің
бәрімен арақашықтықты сақтай отырып, терезесі тең байланыс жасай білген
көреген басшы. Жоңғарияға қарсы азаттық күрестегі, халықтың басын біріктірудегі рөлін, Ресей және Қытай мемлекеттерімен дұрыс дипломатиялық қатынас орнатып, іс жүзінде елдің дербестігін сақтап қалу қайраткердің арманы еді. Ол арман орындалды. Қазір біз, қазақ елі, алдыңғы қатарлы елу мемлекет қатарына өту жолындамыз. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев қазақ елі мен жері үшін, ұрпақ пен ұлт болашағы үшін қарқынды еңбек етуде.
Слайд 18
Егемен елдің ертеңгі ұрпағы тарих толқынындағы құбылыстарды
әділ бағалауы тиіс.
Сондықтан, күні кешегі «Ханның бәрі қанішер,
қанаушы; бай біткен қаныпезер, қарау; би атаулы әділетсіз, алаяқ; батыр болса безбүйрек, басбұзар» - деп бағалаған қасаң заманда алты атасынан уызы арылмаған ақсүйек Абылай ісінің дұрысын, бұрыс деп теріске шығарып, тарихтан сызып тастауға таянған содыр саясат Елбасының арқасында оң бағытқа бет алды.
Слайд 19
Тек бүгінгі уақыт лебінің самалы ғана тарихымыздағы ақтаңдақтар
туралы ашық айтып, ардагерлерімізді арашалап алуға жағдай жасады.
Сол
самалдың шипалы лебімен хан Абылайдың, қаһарман Абылайдың туғанына 300 жыл толуын исі алаш баласы торқалы той ретінде атап өткелі отыр.
Слайд 20
«Абылай ыңғайына қарай біресе орыс үкіметіне, біресе
Қытай үкіметіне бағыныштымыз деп жүрді, - деп жазады орыс
тарихшысы. А.Левшин – Ал шын мәнінде бұлардың ешқайсысына да бағынбады, өзінше билік, өзінше саясат жүргізді».