Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Дүниежүзілік соғыстың кейін АҚШ тың алғашқы жылдары

АҚШ-тың сыртқы саясаты. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін АҚШ саяси-экономикалық дамуы жағынан капиталистік елдер арасында алдыңғы елге айналды. Бұл мемлекет 1948 жылы капиталистік елдерде өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің 54,6 %-ын өндірсе, алтын корының 53,3 %-ы АҚШ-тың колында
Дүниежүзілік соғыстың кейін АҚШ тың алғашқы жылдары АҚШ-тың сыртқы саясаты. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін АҚШ саяси-экономикалық дамуы жағынан Дүние жүзіндегі ең ірі капиталистік мемлекетке айналып, өз ықпалын шексіз жүргізуге жол КСРО халыкаралык катынаста социалистік жүйені корғап, дүние жүзінде өзінің ыкпалын күшейту үшін 1947 жылы АҚШ сыртқы саясатта өзінің негізгі бағытын жаса-ды. КСРО және социалистік АҚШ-тың сыртқы саясатын шын мәнінде жүзеге асыру үшін Батыс Еуропа елдерін өзінің Маршал жоспары 1948—1952 жылдарға арналып, АҚШ-тан 17 миллиард доллар көмек алуға тура Соғыстан кейінгі АҚШ-тың “қырғи-қабақ” соғыс саясатының барысында алғаш рет КСРО мен АҚШ 1948 жылғы президенттік сайлау. Сайлау қарсаңында АҚШ-та саяси текетірес кең етек алды. Республикалық Маккартизм. Соғыстан кейін АҚШ-тың ішкі дамуы оңшыл топтардың күшеюіне әкелді. Республикалық партия президенттік Соңы
Слайды презентации

Слайд 2 АҚШ-тың сыртқы саясаты. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін

АҚШ-тың сыртқы саясаты. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін АҚШ саяси-экономикалық дамуы

АҚШ саяси-экономикалық дамуы жағынан капиталистік елдер арасында алдыңғы елге

айналды. Бұл мемлекет 1948 жылы капиталистік елдерде өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің 54,6 %-ын өндірсе, алтын корының 53,3 %-ы АҚШ-тың колында болды. 1949 жылға дейін дүние жүзінде атом бомбасы бар жалғыз ел Америка болды. Сөйтіп, АҚШ әлемнің қамқоршысына айналды.


Слайд 4 Дүние жүзіндегі ең ірі капиталистік мемлекетке айналып, өз

Дүние жүзіндегі ең ірі капиталистік мемлекетке айналып, өз ықпалын шексіз жүргізуге

ықпалын шексіз жүргізуге жол ашылды. Бірақ, бұл саясатын жүзеге

асыруға кедергі жасай алатын бірден-бір ел КСРО (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) болды. Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен, майданның негізгі ауыртпалығын көтерген КСРО соғыстан кейін ең куатты елге айналды. Орталык жоне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерін фашизм езгісінен азат етіп, бүл елдерде халыктық-демократиялық революцияның барысында социалистік қоғам орнатты. Дүниежүзілік социалистік жүйе күрылып, оған КСРО өз өктемдігін жүргізіп, халыктык-демократиялык коғам калыптасты.

Слайд 6 КСРО халыкаралык катынаста социалистік жүйені корғап, дүние жүзінде

КСРО халыкаралык катынаста социалистік жүйені корғап, дүние жүзінде өзінің ыкпалын күшейту

өзінің ыкпалын күшейту үшін АҚШ-ка карсы күресін үдете түсті.

Сөйтіп, соғыстан кейін екі жүйенің басшысы болған АҚШ пен КСРО арасында карама-кайшылык тереңдей түсті. Әлемде бір бірі-не қарама-карсы екіполюсті саясат калыптасты. АҚШ-тың сырткы саясаты КСРО-ға карсы қүрылды. Бұл халыкаралык катынастар тарихында «кырғи-кабак» соғыс саясаты деп аталды. «Қырғи-кабак» соғыс саясатының моні антикоммунистік жоне антисоциалистік болды. КСРО-ға карсы күрылған саясатты жүзеге асыру үшін АҚШ өзінің стратегиялык жоспарын жасады. Бүл саясат 1946 жылы наурыз айында басталды. Черчилль АҚШ-қа сапарын кезінде Миссуридің Фултон каласында сөйлеген сөзінде КСРО-ның Еуропаны екіге бөліп, “темір қақпа” саясатын орнатқанын, сондықтан Батыс Еуропадағы демократияны сақтап қалу үшін “коммунизмге” қарсы күреске шығу қажет екенін ескертті.

Слайд 8 1947 жылы АҚШ сыртқы саясатта өзінің негізгі бағытын

1947 жылы АҚШ сыртқы саясатта өзінің негізгі бағытын жаса-ды. КСРО және

жаса-ды. КСРО және социалистік елдерді әлсірету үшін “тежеу”, “күш

көрсету” саясатын жүргізу қажеттігін белгіледі. Атом бомбасы негізгі шоқпары болды. АҚШ президенті Трумэн соғыстан кейін “Греция мен Түркияны “коммунистік қауіптен” арашалау үшін де-мократияны сақтап , “еркін әлемді” қорғау үшін барлық күш-қуатты аямауымыз керек” деді. “Трумэн доктринасы” АҚШ-тың сыртқы саясатының негізгі бағыттарының бірі болды.

Слайд 10 АҚШ-тың сыртқы саясатын шын мәнінде жүзеге асыру үшін

АҚШ-тың сыртқы саясатын шын мәнінде жүзеге асыру үшін Батыс Еуропа елдерін

Батыс Еуропа елдерін өзінің одақтасына айналдыру саясатын іс жүзіне

асыра отырып, бұл елдерге экономикалық-ақша көмегін көрсету бағытында Маршал жоспары қабылданды. Маршал жоспары арқылы бұл елдерді ақшаға кіріптар ету саясаты жүргізілді. Бұл жоспарды социалистік мемлекеттердің қайталауына болатын еді, бірақ Сталин өз ықпалындағы елдерге көмекті аямау керектігін көрсетті. Сталиннің саясаты капиталистік елдерге тәуелді болмау еді.

Слайд 11 Маршал жоспары 1948—1952 жылдарға арналып, АҚШ-тан 17 миллиард

Маршал жоспары 1948—1952 жылдарға арналып, АҚШ-тан 17 миллиард доллар көмек алуға

доллар көмек алуға тура келді. Бұл саясатын АҚШ көршілес

Латын Америкасына да ұсынды. 1947 жылы РИО-де-Жанейро қаласында келісімге қол қойылды. Сөйтіп, соғыстан кейін АҚШ әлемде әскери-саяси одақ құруға тырысты. АҚШ Үкіметі Батыс Еуропадағы капиталистік елдерді өзінің одақтастарына айналдырып, КСРО және социалистік елдерге қарсы тұру үшін жаңадан әскери одаққа біріктіре бастады. 1949 жылы сәуір айында Вашингтонда Батыс Еуропа елдерімен бірігіп, Солтүстік Атлантикалық альянс ұйымы — НАТО-ны құрды. Бұл ұйымның мақсаты “демократиялық әлемді” КСРО ықпалынан құтқару болды. Алғаш қ ұрылғанда 12 ел мүше болды. 1955 жылы Батыс Германия — ГФР (Герман Федеративтік Республикасы) кірді.

Слайд 13 Соғыстан кейінгі АҚШ-тың “қырғи-қабақ” соғыс саясатының барысында алғаш

Соғыстан кейінгі АҚШ-тың “қырғи-қабақ” соғыс саясатының барысында алғаш рет КСРО мен

рет КСРО мен АҚШ Корей түбегіндегі соғыста бір біріне

қарсы т ұрды. Корей-американ соғысы екі таптық ж үйенің әскери тұрғыдан бірінші рет бетпе-бет келуі болды. Сөйтіп, екінші дүниежүзілік соғыста одақтас болған қос елдің арасындағы “балдай татулық” ұзаққа барған жоқ.

Слайд 14 1948 жылғы президенттік сайлау. Сайлау қарсаңында АҚШ-та саяси текетірес

1948 жылғы президенттік сайлау. Сайлау қарсаңында АҚШ-та саяси текетірес кең етек алды.

кең етек алды. Республикалық партиядан президент-тік сайлауға Т. Дьюй

өз кандидатурасын ұсынды. Демократиялық партия Г. Трумэннің кандидатурасын қалдырды. Сайлау науқаны кезінде республикалық партия елде неоконсерватизм бағытын ұстанып, Трумэннің либералдық ішкі саясатын сынау арқылы өз үгіт-насихаттарын жүргізді. Екі партиялық жү йедегі дағдарысты пайдаланып, демократтар партиясынан бөлініп, Г. Уоллес өз алдына үшінші партия құрды. Жаңадан құрылған прогрессивтік партия Трумэннің агрессиялық сыртқы саясатын сынап, КСРО -мен қарым-қатынасты реттеуді, ал ішкі саясатта жаңа либералдық реформалар жүргізуді, Тафта-Хартли заңын жоюды талап етті. Жаңа демократтардың қимыл-қозғалысы кең етек алды. Негр халқының азаматтық құқықтарын қорғау қозғалысын қолдап, прогрессивтік партия демократиялық партия арасына жік салды, Трумэннің сайлауда жеңіп шығу мүмкіндігіне қауіп туғызды. Сайлаушылар демократиялық партияның сайлау қарсаңындағы Трумэннің “әділетті бағыт” бағдарламасын, АҚШ Үкіметінің “қырғи-қабақ” соғыс саясатын және ішкі реакциялық күштер — “антикоммунистік” күштерді қолдады.

Слайд 16 Маккартизм. Соғыстан кейін АҚШ-тың ішкі дамуы оңшыл топтардың күшеюіне

Маккартизм. Соғыстан кейін АҚШ-тың ішкі дамуы оңшыл топтардың күшеюіне әкелді. Республикалық партия

әкелді. Республикалық партия президенттік сай-лаудан кейін Трумэннің “әділетті бағыт”

саясатына қарсы күресін өрістетті. Елдегі реакциялық топтар демократиялық партияның саясатын әшкерелеп отырды. 1948—1949 жылдары АҚШ-та экономикалық дағдарыс басталып, халық арасында сенімсіздік күшейе түсті. Ішкі саясаттағы тұрақсыздық Америка қоғамын “коммунизм қаупінен” қорғануға топтастырды. АҚШ-тың ішкі оңшыл топтары сыртқы саясаттағы әлсіздікті сылтау етіп, КСРО-ға қарсы “қырғи-қабақ” соғыс саясатын батыл жүргізуге шақырды. 1945—1949 жылдары социалистік жүйе елдерінде халықтық-демократиялық революция жеңіске жетіп, социализм негізі қалана бастады. КСРО-ның Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде беделі өсті. 1949 жылы Герман Демократиялық Республикасы және Қытай Халық Республикасы қ ұрылып, коммунистік қоғамның дүниежүзілік жүйесі бұрынғыдан да күшейе түсті. 1949 жылы 30 тамызда Қазақстандағы Семей полигонында КСРО тұңғыш рет атом бомбасын сынады. Сөйтіп, АҚШ бұдан былай атом бомбасы арқылы дүние жү зіне қауіп төндіре алмайтын болды. АҚШ пен КСРО елдері атом державасына айналды. АҚШ-тың “қырғи-қабақ” соғыс саясатындағы күш көрсету сипатындағы жеке өктемдігі жойылды. АҚШ өзінің саясатын жалғастыра отырып, әлемдегі демократиялық дамуды “ коммунизм қаупінен” қорғаушы ретінде күресіп, жаңа өзгерістерге икемделген саясат жүргізді.


  • Имя файла: dүniezhүzіlіk-soғystyң-keyіn-aҚsh-tyң-alғashқy-zhyldary.pptx
  • Количество просмотров: 221
  • Количество скачиваний: 0