таралуымен сипатталатын адамзат тарихындағы алғашқы қауым және ертедегі таптық
дәуір. Темір дәуірінің мәдениетіне сол дәуірде Қазақстанды мекендеген көшпелі тайпалар – сақ-савромат, ғұн-сармат, үйсін, қаңлылардың материалдық мәдениетінің, атап айтқанда, скиф-сақ аң стилінде жасалған өнер туындылары, қару-жарақтары, тұрмыстық және діни-ғұрыптық бұйымдары, әсіресе, сақтар мәдениетінің қайталанбас бірегей ескірткіштері Есік, Шілікті, Берель, Бесшатыр, Тасмола т.б. обаларынан табылған артефактлер мен Жалаулыкөмбесі, Қарғалы көмбесі, Шілікті обасы, Берел, Покровка, Тарасу ескерткіштерінен табылған көне археологиялық алтындар қамтылады.