облыс тұрғындары ғана емес, шетелдіктер де тәнті
Казақстан корейлері ассоциациясының президенті
Роман Ким
Өткен жылғы Атырауды биылғымен салыстыруға мүлдем келмейді. Жергілікті тұрғындарға байқала бермейтін шығар, ал біздер экономикасы жылдам өсіп келе жатқан осындай өңірге қызыға қараймыз. Өйткені, бұл аймақ экономикасы да, әлеуеті де қарыштап дамуымен өзгелерге үлгі тұтарлық облыс. Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жәй ғана мерекелеп қоятын дата емес, бұл бір мемлекеттің өткенге шолу жасайтын, қорытынды шығаратын сындарлы сәті.
Біздің аймақ өзге өңірлерден оқ бойы оза шығып, алыс-жақын шетелдіктердің қызығушылығын туғызып отырған мекен. Оның айғағы – экономикамызды өрістету мақсатында облыс аумағында жұмыс жасап жатқан сан алуан шетелдік компаниялар ерекше маңызға ие жобаларды жүзеге асырып, кешендер салуда. Біз әлем елдері алдында үлкен беделге ие бірнеше мемлекетпен ортақ мәмілеге келіп, бейбіт қарым-қатынас қалыптастырдық.
Корей Республикасының
Қазақстандағы елшілігінің консулы
Квон Донсок