Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Тау-бұрғылау жұмыстарын ұйымдастыру

Тау-бұрғылау жұмыстары Жалпы мәліметтер. Геологиялық барлау ұңғымаларды бұрғылау – геологиялық ақпаратты алуға арналған аса кең тараған жұмыс түріне жатады. Ол геологиялық зерттеулердің барлық сатыларында дерлік қолданылады. «Геологиялық барлау ұңғымалары» термині мақсатына қарай бірнеше ұңғыма тобын жалпылайды:
ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ  Тау-бұрғылау жұмыстарын ұйымдастыру Давильбекова Жибек Хусаиновна(Оқытушының ТАӘ)dnx37@mail.ru(Оқытушының электрондық поштасы)ҚАЗАҚСТАН Тау-бұрғылау жұмыстары Жалпы мәліметтер. Геологиялық барлау ұңғымаларды бұрғылау – геологиялық ақпаратты алуға Бұдан басқа, ұңғымалар дербес міндеттерді шешу үшін де қолданылады: Геофизикалық өлшеулерді жүргізу Ұңғымаларды бұрғылау процесінің негізгі міндеттері және үрдісті ұйымдастыру бағыттары. Уақытты және оны Өндірістік процестің құрылымы. Барлау ұңғымаларын бұрғылау – бұрғылаудың өзінен және сол сияқты Ұңғыманы бұрғылау Тб, уақытымен белгіленеді, ол өз кезегінде негізгі операцияны орындау – Ну = Ту + Тпк + Тн + (Тсп + Тпзсп Алмалы-салмалы керн қабылдағыш снарядтармен бұрғылау кезінде уақыт нормасы мына формула бойынша анықталады: Тпр және жартылай Т плго орындау уақыты ғана салалық нормативтермен регламенттелген, қалған Бұрғылау процесі аяқталғаннан кейін бұрғылауға ілеспе бірқатар үрдістерді өткізу қажеттілігі пайда болады.
Слайды презентации

Слайд 2
Тау-бұрғылау жұмыстары
Жалпы мәліметтер. Геологиялық барлау ұңғымаларды бұрғылау

Тау-бұрғылау жұмыстары Жалпы мәліметтер. Геологиялық барлау ұңғымаларды бұрғылау – геологиялық ақпаратты

– геологиялық ақпаратты алуға арналған аса кең тараған жұмыс

түріне жатады. Ол геологиялық зерттеулердің барлық сатыларында дерлік қолданылады. «Геологиялық барлау ұңғымалары» термині мақсатына қарай бірнеше ұңғыма тобын жалпылайды: карталау, құрылымдық (тірек), геологиялық іздеу және барлау, инженерлік-геологиялық, сейсмобарлау (жарылыс) және арнайы (желдеткіш, геотехнологиялық, тік қазылатын (шурфо) ұңғымалар және т.б.). Бұрғылау алуан түрлі геологиялық ақпараттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, ұңғымаларды бұрғылау кезіндегі керн мына міндеттерді шешуге көмектеседі: пайдалы қазбаның аралық координаттарын, тереңдігін және жатқан элементтерін анықтау; құлау және созылым бұрыштарын өлшеу, сондай-ақ таулы жыныстар мен кенді денелердің жекелеген қабаттарының қуаттылығын анықтау; бұрғыланған жыныстардың заттық құрамын белгілеу, соның ішінде инженерлік-геологиялық минералогиялық-петрографиялық және физикалық-механикалық мәнге ие қасиеттерін белгілеу және т.б.




Слайд 3 Бұдан басқа, ұңғымалар дербес міндеттерді шешу үшін де

Бұдан басқа, ұңғымалар дербес міндеттерді шешу үшін де қолданылады: Геофизикалық өлшеулерді

қолданылады:
Геофизикалық өлшеулерді жүргізу үшін (электр, радиоактивті, акустикалық және

т.б.), тау жыныстарының қабаттарының орналасқан жерінің және орнының элементтерін, ал жекелеген жағдайда олардың сандық құрамын анықтау үшін фото суретке түсіру және телеметриялық өлшеулер жүргізу;
Жалпы бұрғыланған арақашықтық және жекелеген горизонттар бойынша жер асты суларының статикалық және динамикалық деңгейін анықтау, тартып шығару, температураны өлшеу және су мен газ сынамаларын іріктеу; ерітінділердің циркуляциясын және геотехнологиялық сынамаларды іріктеуді қамтамасыз ету; арнайы жұмыстарды орындау (тау қазбаларын желдету, жарылыс жұмыстары және т.б.).


Слайд 4 Ұңғымаларды бұрғылау процесінің негізгі міндеттері және үрдісті ұйымдастыру

Ұңғымаларды бұрғылау процесінің негізгі міндеттері және үрдісті ұйымдастыру бағыттары. Уақытты және

бағыттары. Уақытты және оны орындаудың салыстырмалы өзіндік құнын азайту

бұрғылау процесін ұйымдастыру кезіндегі басты міндет болып табылады. Бұрғылауды ұйымдастыру үшін бұрғылау техникасымен және технологиясымен тығыз байланыста болатын бірқатар мәселелерді қарастыру қажет. Оған мыналар жатады: бұрғылау әдісін таңдау және ұңғыма конструкциясының элементтерін негіздеу, жынысты бұзатын құрал түрлерін таңдау және оңтайлы, технологиялық бұрғылау режимін анықтау; бұрғылау бағанының түрін, диаметрін және материалын таңдау, бұрғылау, қуаттық және қосымша жабдықтардың өлшемдері мен түрін таңдаудың негіздемесі; шайғыш сұйықтықтарды әзірлеу рецептурасын, технологиясын және ұйымдастырылуын белгілеу; бұрғылау бригадасының жұмыс орнындағы жекелеген операцияларды және еңбекті ұйымдастыру сұлбаларын даярлаудың тиімді тәсілдерін әзірлеу; алаңды даярлау және көлік-монтаждық жұмыстардың орындалуын оңтайлы ұйымдастыру; бұрғылау процесінің оңтайлы технологиялық режимдерінің сақталуына үздіксіз бақылауды ұйымдастыру және т.б. Бұл ретте жобада берілген сапалы көрсеткіштер сақталуы тиіс – кернның нақты сынамаларын іріктеу және ұңғыма тармақтарының жобалық бағытын ұстану.


Слайд 5

Өндірістік процестің құрылымы. Барлау ұңғымаларын бұрғылау – бұрғылаудың

Өндірістік процестің құрылымы. Барлау ұңғымаларын бұрғылау – бұрғылаудың өзінен және сол

өзінен және сол сияқты бірқатар процестерден құралған күрделі өндірістік

процесс. Барлау бұрғылауының бүкіл процесінің құрылымын іс жүзінде көрсету үшін, бұрғылау қондырғысының жұмыс уақыты теңгерімінің (баланс) элементтеріне тоқтала кетейік.
Негізгі жұмыс-процесі – ұңғыманы бұрғылау - бұрғылау снарядын ұңғымаға түсірген сәттен бастап, снарядты ұңғымадан көтеру аяқталған сәтке дейінгі– жекелеген рейстерден-жұмыс уақытының кеңістіктерінен тұрады.
Әрбір рейсте қайталанып отыратын операциялар негізгі, даярлық –қорытынды және қосымша функцияларын қамтиды.


Слайд 6 Ұңғыманы бұрғылау Тб, уақытымен белгіленеді, ол өз кезегінде

Ұңғыманы бұрғылау Тб, уақытымен белгіленеді, ол өз кезегінде негізгі операцияны орындау

негізгі операцияны орындау – ұңғыма кенжарын (забой) тереңдету

уақытынан (таза бұрғылау уақытынан) Ту және әрбір рейстегі Твоқалған қосымша операцияларды орындау уақытының сомасынан тұрады.
Уақыт Тво жыныстардың бұрғылануына, жынысты бұзатын құрал түріне (алмасты немесе қатты-балқымалы тәж, қашау тісті қашау және т.с.) және бұрғылау параметрлеріне байланысты Бірыңғай уақыт нормаларымен (БҰН) регламенттеледі. Тво уақыты да құбырларды қайта бекітуге және түсіріп-көтеруге, ұңғыманы шаюға және т.б., БҰН нормативтерінің сомасынан құрылады, оны 1 м ұңғыманы бұрғылауға жұмсалған уақыт нормасының есебі формуласынан көруге болады:

Слайд 7
Ну = Ту + Тпк + Тн

Ну = Ту + Тпк + Тн + (Тсп +

+ (Тсп + Тпзсп + Тпр + Тзк +

Тзи)/Р, сағ/м,
мұндағы Ну — бұрғылау процесінің құрамына кіретін орындалған барлық негізгі, даярлық-қорытынды, көмекші операцияларының сомалық уақытын қамтитын уақыт нормасы: Ту — ұңғыма кенжарын тереңдету уақыты (таза бұрғылау уақыты), с/м; Тпк — жетек құбырды қайта бекіту бойынша қосымша операцияны орындау ауқыты, с/м; Тн — тереңдетілуіне қарай бұрғылау құбырларының бағанын өсіру уақыты, с/м; Тсп — бұрғылау колоннасын түсіру және көтеру уақыты (құбырларға дірілге қарсы май жағу уақытын қоса есептегенде), с; Тпзсп — көтерумен және түсірумен қатарлас дайындық және қорытынды операциялардың уақыты (бұл операциялардың құрамына, мысалы, колонкалы жиынтықты түсіру және көтеру, станокты жеткізу және шығару және т.б. жатады), с; Тпз — снарядты ұңғыма кенжарына қою уақыты, с; Тпр — снарядты түсірер алдында және көтергенге дейін тазалауға және шаюға жұмсалған уақыт, с; Тзк — кенжардан кернды сыналау және үзу өндірісінің уақыты, с; Тзи — жынысты бұзатын құралды (тәжді-коронки, қашауды-долота) ауыстыру уақыты , с; Р — бір рейстегі ұңғыманы тереңдету мөлшері, м.

Слайд 8 Алмалы-салмалы керн қабылдағыш снарядтармен бұрғылау кезінде уақыт нормасы

Алмалы-салмалы керн қабылдағыш снарядтармен бұрғылау кезінде уақыт нормасы мына формула бойынша

мына формула бойынша анықталады:   
Ну сск= Ту +

Тпк + Тн + (Тсп + Тпзсп + Тпр + Тзк + Тзи)/
Р+ Тпзск+ Тспск+ Тпз+ Тпр+ Тзк,)Ц, с/цикл, (9.2)
мұндаТпзск — алмалы-салмалы керн қабылдағышты түсіру-көтеру кезіндегі даярлық-қорытынды операцияларға жұмсалатын уақыт, с;
Тспск — алмалы-салмалы керн қабылдағышты түсіру-көтеру уақыты, с; Ц — бір циклда ұңғыманы тереңдету, м.
Қосымша процестер тобы келесі уақыт шығыны жиынтығымен сипатталады:
Т’всп = ТТо + Ткр+ Тиис + Трш + Тгис + ТГГ + Тпч + Тплго + Гдеф, (9.3)
мұндағы Тто — жабдықтарға техникалық қызмет көрсету; Ткр — ұңғыманы шегендеу құбырларымен бекіту; Ткм — кернометрияны жүзеге асыру; Тиис — ұңғыманы жасанды қисайту; Трш — ұңғыманы кеңейту (бұрғылау); Тгис — бұрғылау процесінде ұңғымадағы геофизикалық зерттеулер; Тгг. —бұрғылау процесінде ұңғымадағы гидрогеологиялық зерттеулер; Тпч — қосымша процестерді жүргізу алдында оқпанды шаю және тазарту; Тплго — анжылау мен цементтеуді қоса есептегенде, ұңғымалардағы геологиялық қиындықтардың алдын алу және жою; Гдеф— бұрғылау құбырлары мен жүк көтергіш құралдың дефектоскопиясын өткізу.


Слайд 9 Тпр және жартылай Т плго орындау уақыты ғана

Тпр және жартылай Т плго орындау уақыты ғана салалық нормативтермен регламенттелген,

салалық нормативтермен регламенттелген, қалған қосымша процестер жергілікті нормалармен реттеледі.


Көлік-монтаждық процесс алдын ала дайындалған бұрғылау қондырғысын монтаждау, бұрғылау аяқталған кезде оны демонтаждау және өндірістік жұмыс учаскесінің шегінде тасымалдау уақытымен сипатталады — Тмт. Барлық қарастырылған уақыт сомасы өнімділік уақытын құрайды:
Тпр,= Тб+ТКвсп + Тмт.
Аталған процестерді орындау уақытынан бөлек жұмыс уақытының теңгеріміне Тжөн учаскесіндегі жабдықтарды ағымдағы жөндеу уақыты, Тбт жабдықтардың бос тұру уақыты және Т аж ұңғымадағы аварияларды жою уақыты кіреді.
Сөйтіп, жұмыс уақыты теңгерімінің сомалық өрнегі мынаны құрайды: Тбрв = Тпр + Трем + Тп +Тмт.

  • Имя файла: tau-bұrғylau-zhұmystaryn-ұyymdastyru.pptx
  • Количество просмотров: 124
  • Количество скачиваний: 0