Бойы 2,5-3 метрге, салмағы 100-160 кг-ға дейін жетеді. Қанаттары
қысқа болғандықтан ұша алмайды. Алайда, өте күшті аяқтарымен сағатына 70 шақырымға дейін жүгіре алады. Бұл оның өзіне төнген қауіптен қашып құтылуына әрі шөл ортасында азығын оп-оңай тауып жеуіне көмектеседі.Түйеқұстардың Африка, Оңтүстік Америка және Австралияда өмір сүретін үш түрі кездеседі. Олар бір-бірінен аяқ саусақтарының саны және іріліктерімен ажыратылады. Бұл үш түрге жататын түйеқұс та артқа да, алдыға қарай 400 кг-ға дейін жететін аса ауыр күшпен тебе алады.