Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему по математике на тему: Картотека дидактических игр

Содержание

№ 1«Біреу және көп» Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету. Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум-көп гүл. Үшбұрыш үйшікке кіріп,
Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру бойынша дидактикалық ойындар  КАРТОТЕКАСЫ № 1«Біреу және көп»  Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға № 2«Шаршы құрастыр»  Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету. № 3«Зат неге ұқсайды?» Мақсаты: Геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту; №4«Айырмашылығын тап» Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз № 5«Біреуі артық» Мақсаты: «Біреу – көп» ұғымын бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; №6«Сипап сезу арқылы санау» Мақсаты: Сипай сезіп санау арқылы қарамай-ақ екі топтағы №7«Сөзді керісінше ата» сөздік ойыны  Мақсаты: Балаларды қарсы мағынадағы сөздерді таба №8«Аңдарды қоректендір» дидактикалық ойын Мақсаты: 1саны, және цифры туралы алғашқы білімдерін бекіту; № 9«Ненің баласы?»  Мақсаты: Балалардың «үлкен», «кіші» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту; № 10«Цирктің әртістері»  Мақсаты:балалардың 2 саны және цифры туралы алған білімдерін № 11«Жыл атасы» дидактикалық ойыны Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдері және айларымен таныстыру; № 12«Зат неге ұқсайды?»  (2-сабақтың нұсқасын қараңыз). - Буратиноның үйіндегі қандай № 13«Сиқырлы қалта» Мақсаты: Балаларды заттарды қолмен ұстап, санауға үйрету. 1-нұсқа – №14«Шаршы құрастыр»  Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Тәрбиеші тапсырманың орындалуын қадағалайды. Егер №15«Жануарларды орналастыр» Мақсаты: Балаларды тақтада және қағаз бетінде бағытты таба білуге үйрету. № 16«Өз орныңды тап»  Мақсаты: Цифрлардың сандар қатарындағы орны, көрші сандар №17 «Жыл атасы»  Тақтада – жыл мезгілдері бейнеленген 4 карточка, балаларда № 18«Заңдылығын тап»  Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, заңдылықты қоя білу дағдыларын № 19«Суретші қай жерде қателесті?»  Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, суреттегі № 20«Сиқырлы қапшық»  Қапшықта геометриялық пішіндер: Балалар қолымен ұстап, сезу арқылы №21«Не өзгерді» Мақсаты: Көру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру. Мазмұны: Тәрбиеші екі жолақты № 22«Дауыстап санау» Ойынның мақсаты: Дауыстап санауға, қорытынды санды есте сақтауға үйрету. № 23«Адасқан цифрлар»  Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру. Мазмұны: Тәрбиеші 2, №24«Ненің жұбы болады» Мақсаты:Балаларға қандай заттардың жұпсыз болуы мүмкін емес екендігін көрсету,
Слайды презентации

Слайд 2 № 1«Біреу және көп»
Мақсаты: «Біреу және көп»

№ 1«Біреу және көп» Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға

ұғымын ажырата алуға үйрету. Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және

көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум-көп гүл. Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастады. Бір уақытта біреу есікті қағады. Үшбұрыш: «Бұл кім?» деп сұрайды. Шаршы көрінеді. Балалар оны атайды, егер балалар атын атауға қиналса, тәрбиеші өзі атайды. Бәрі бірге оның бұрыштарын санайды, барлық қабырғаларының бірдей екендігін атап өтеді

Слайд 3 № 2«Шаршы құрастыр»
Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір

№ 2«Шаршы құрастыр» Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету.

зат құрастыруға үйрету. Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті

шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші оларға көмектеседі. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды, құрастырылған шаршының түсін айтады. 1-нұсқа: әрбір бала өзі жеке жинайды. 2-нұсқа: шаршыны топ болып жинайды (қайсысы жылдам?). 3-нұсқа: жеке немесе топпен, кім тез бітсе, күрделірек түрін беру.

Слайд 4 № 3«Зат неге ұқсайды?»
Мақсаты: Геометриялық денелер мен фигуралар

№ 3«Зат неге ұқсайды?» Мақсаты: Геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін

туралы білімдерін бекіту; айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата білу

дағдыларын дамыту. 1-нұсқа. Тәрбиеші геометриялық пішінді немесе геометриялық денені балаларға көрсетеді, ал балалар оның қоршаған ортадағы қандай затқа ұқсайтындығын табады немесе естеріне түсіреді. 2-нұсқа. Тәрбиешінің үстелінің үстінде геометриялық пішіндерді немесе заттар мен суреттер жатыр. Бала суретті не затты таңдай отырып, оның қандай пішінге ұқсайтындығын айтады. Өзінің жауабын түсіндіреді.

Слайд 5 №4«Айырмашылығын тап»
Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын

№4«Айырмашылығын тап» Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге;

таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл-ойларын дамыту;

шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру. Мазмұны. Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді, кеңістік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді. Ары қарай салыстыратын заттардың санын арттыра отырып, бірнеше нұсқаларын қатарынан істеуге болады. Ойын өткен материалды бекітуге арналған. Тәрбиеші балалардың сөйлемді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалайды. Балалар екі сайқымазақты салыстырады. Салыстыруда мына сөздер пайдаланылады: кең – тар, қалың – жұқа, ұзын – қысқа.

Слайд 6 № 5«Біреуі артық»
Мақсаты: «Біреу – көп» ұғымын бекіту;

№ 5«Біреуі артық» Мақсаты: «Біреу – көп» ұғымын бекіту; ойлау қабілеттерін

ойлау қабілеттерін дамыту; заттарды топтастыра білуге үйрету. Мазмұны. 1-нұсқа. Балалар барлық карточкалардың

арасынан бір зат бейнеленген карточканы тауып, атауын айтады, содан кейін көп зат бейнеленген карточканы көрсетеді. Бір бала жауап береді, қалғандары тексеріп отырады. 2-нұсқа. Барлық балаларға карточка үлестіріледі (карточкалар қайталанбайды). Барлық балалар өз карточкасы бойынша жауап береді. Бір партада отырған екі бала бірдей дұрыс жауап қайтарса, олар жұлдыз алады. Қай партада жұлдыз көп болса, солар жеңеді. 3-нұсқа. Балалар өз бетімен партада жұмыс істейді. Жауаптың орнына балалар жай қарындашпен бір зат бейнеленген суретті айналдырып сызады. Кім тез бітсе, сол балаға тағы бір карточка беріледі. Екі немесе үш карточкаға жауап берген балалар жеңімпаз деп саналады

Слайд 7 №6«Сипап сезу арқылы санау»
Мақсаты: Сипай сезіп санау арқылы

№6«Сипап сезу арқылы санау» Мақсаты: Сипай сезіп санау арқылы қарамай-ақ екі

қарамай-ақ екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету (артық, кем, тең);

санау дағдыларын бекіту; салыстыруда беттестіру тәсілін қолдана білу. Мазмұны. Тәрбиеші үстелінің үстінде орамалмен жабылған заттардың екі тобы (4 кірпіш, 5 жүк машинасы) қойылады. Шақырылған бала бір топтағы заттардың санын орамалды ашпай қолмен ұстап санау арқылы анықтап, қорытынды санды айтады және осылайша екінші топтағы заттар да саналады. Қарамай-ақ, қай топтағы заттардың артық не кем екенін салыстырады. Содан кейін жабулы орамал алынады да, барлық балалармен жауаптың дұрыстығы тексеріледі. Ары қарай топтарды салыстыру арқылы неше артық, неше кем екенін анықтау, теңестіру жұмыстарын жүргізуге болады.

Слайд 8 №7«Сөзді керісінше ата»
сөздік ойыны Мақсаты: Балаларды қарсы

№7«Сөзді керісінше ата» сөздік ойыны Мақсаты: Балаларды қарсы мағынадағы сөздерді таба

мағынадағы сөздерді таба білуге үйрету; көлем, кеңістіктегі ара қатынас

туралы білімдерін бекіту. Мазмұны. Тәрбиеші көлемді, кеңістіктегі бағытты немесе сандық қатынасты анықтайтын сөзді атап, допты бір балаға лақтырады. Бала осы сөзге қарсы мәндес сөзді атап, допты қайтадан тәрбиешіге лақтырады (үлкен – кіші, кең – тар, ұзын – қысқа, биік – аласа, қалың – жұқа, сол жақта – оң жақта, жоғары – төмен, аз – көп, қалыңырақ – жұқарақ, ұзынырақ – қысқарақ, кеңірек – тарырақ, т.б.

Слайд 9 №8«Аңдарды қоректендір» дидактикалық ойын
Мақсаты: 1саны, және цифры туралы

№8«Аңдарды қоректендір» дидактикалық ойын Мақсаты: 1саны, және цифры туралы алғашқы білімдерін

алғашқы білімдерін бекіту; қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту. Мазмұны. Тақтада аңдардың

суреті ілінген, ал тамақтың суреті тәрбиеші үстеліне қойылған. - Марат, қалай ойлайсың, бананды қай аңға береміз? Апарып бер. Сен пілдің баласына неше банан бердің? Осы цифрды ата және көрсет. Басқа аңдармен де осындай жұмыс жүргізіледі. - Ал аю нені жақсы көреді? Әрине, балды. - Жолақтары бар карточканы алыңдар. Солдан оңға қарай жоғарғы жолақты, содан кейін төменгі жолақты саусақтарыңмен жүргізіңдер. - Енді жоғарғы жолақтың сол жағына бір аюды қой. Тәрбиеші бірнеше баладан неше аюдан қойғандарын сұрайды. - Төменгі жолаққа сол жақтан оңға қарай балы бар көп бөшкелерді қойыңдар (фишкалар). Тәрбиеші бірнеше баладан жекелей сұрайды: - Қонжықтар нешеу?

Слайд 10 № 9«Ненің баласы?»
Мақсаты: Балалардың «үлкен», «кіші» ұғымдары

№ 9«Ненің баласы?» Мақсаты: Балалардың «үлкен», «кіші» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту;

туралы түсініктерін бекіту; жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін

кеңейту. Мазмұны. Үлкен және кіші ойыншықтар бөлек тұрады. Бала үлкен ойыншықты таңдап алады және оған кішкене ойыншықтарды іріктеп алады (немесе керісінше). Өзінің таңдап алған жұбын атайды. Мысалы: ит үлкен, ал күшік кішкентай.

Слайд 11 № 10«Цирктің әртістері»
Мақсаты:балалардың 2 саны және цифры

№ 10«Цирктің әртістері» Мақсаты:балалардың 2 саны және цифры туралы алған білімдерін

туралы алған білімдерін бекіту. Мазмұны. 1-нұсқа. Ковралан тақтада жануарлар бейнеленген суреттер әр

жерге орналасқан. Тәрбиеші бүгін циркте тек мұнда 2-ден ғана бар әртістер өнер көрсететінің айтады. Балалар суретті таңдап, оларды бөлек қойып санайды, көрсетеді, цифрды атайды. 2-нұсқа. 1-нұсқада көрсетілгендей, бірақ бұл жерде мазмұнды суреттер қосылады. Балалар 2-ден болатын заттарды әртістерге таратады. Барлығына жеткендігі тексеріледі, цифрды атайды және көрсетеді. - Қандай заттар бір-бірден қалды? (1цифрын көрсету, атау). 3-нұсқа. 2-нұсқаға ұқсас, бірақ тапсырма күрделенеді. Жұп заттардың суреттері түсіне, көлеміне қарай іріктеліп алынған: ұзын, қысқа секіртпе үлкен, кіші барабан (тәрбиеші өз нұсқаларын ойлап табуына болады.) Тәрбиеші бір нұсқаны таңдайды.

Слайд 12 № 11«Жыл атасы» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдері

№ 11«Жыл атасы» дидактикалық ойыны Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдері және айларымен

және айларымен таныстыру; 1-ден 3-ке дейінгі сандар қатары туралы

алған білімдерін бекіту. Тақтада Жыл атасының суреті. Балалар жыл мезгілдерін атайды, оларды санайды. - Қазір жылдың қай мезгілі? Тәрбиеші қазір қай ай екенін сұрайды, балалар қайталайды. Әрбір жыл мезгілінде 3 айдан бар екенін айтып, күз айларын атайды. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. - Бүгін жыл атасы бізбен күз туралы әңгімелескісі келеді. Ол бізге сары карточка әкеліпті. - Не үшін сары карточка әкелді? Әрбір карточкада керекті санды қоюға арналған күз айларына сәйкес келетін тор көз бар. Тәрбиеші айды атайды, балалар керекті цифрды бос орынға қояды. Одан кейін тәрбиеші цифрды атайды, ал балалар айды атайды.

Слайд 13 № 12«Зат неге ұқсайды?»
(2-сабақтың нұсқасын қараңыз). -

№ 12«Зат неге ұқсайды?»  (2-сабақтың нұсқасын қараңыз). - Буратиноның үйіндегі

Буратиноның үйіндегі қандай заттар тіктөрбұрышқа ұқсайды? - Міне, барлық қонақтар

мерекелік дастарқан басына жиналды. Кім Буратиноға жақын отыр? - Кім Буратинодан алыс отыр? - Кім Карабас-Барабасқа жақын отыр? - Кім Карабас-Барабастан алыс отыр? Үлестірмелі материалмен жұмыс. - Паровозда неше тіктөртбұрыш және дөңгелек бар? Не артық?

Слайд 14 № 13«Сиқырлы қалта»
Мақсаты: Балаларды заттарды қолмен ұстап, санауға

№ 13«Сиқырлы қалта» Мақсаты: Балаларды заттарды қолмен ұстап, санауға үйрету. 1-нұсқа

үйрету. 1-нұсқа – затты қолмен ұстап санау. 2-нұсқа – қандай зат

екенін ұстап көріп, анықтау. Тәрбиеші балалардың ортасына «сиқырлы қалтаны» әкеледі. Балалардың арасынан бір баланы таңдап алады. Ол бала көзін жұмып, қолын «сиқырлы қалтаға» салып, кез келген түймелері бар жолақты таңдап алып, қолын «сиқырлы қалтадан» шығармаған бойы түймелерді саусағымен санайды. Қалтадан қолын шығарып, санын айтады. Балалар тексереді және түймелердің санына (1-5) сәйкес цифрларды көрсетеді. Ұл балалар Ілиястың, қыздар Айсұлудың неше түйме қадағандығын анықтайды. Балалар әкесіне кафель төсеуге көмектесуді ұйғарады. Бірнеше кафель жерге құлап, сынып қалды. Балаларға оны жинауға көмектесуді сұрайды.

Слайд 15 №14«Шаршы құрастыр»
Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Тәрбиеші тапсырманың орындалуын

№14«Шаршы құрастыр» Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Тәрбиеші тапсырманың орындалуын қадағалайды. Егер

қадағалайды. Егер бала орындауға қиналса, оған көршілес партадағы бала

көмектеседі. Мұғалім күрделі шаршыны дұрыс құрастырған бір партадағы балаларға жұлдызша беріп, мадақтайды. - Ілияс пен Айсұлу жануарлардың әрқайсысын өз үйлеріне орналастырмақшы. Тәрбиешінің үстеліне жануарлардың суреттері, ал тақтаның әр бұрышына үйшіктер қойылған.

Слайд 16 №15«Жануарларды орналастыр»
Мақсаты: Балаларды тақтада және қағаз бетінде бағытты

№15«Жануарларды орналастыр» Мақсаты: Балаларды тақтада және қағаз бетінде бағытты таба білуге

таба білуге үйрету. 5 бала кезекпен тақтадағы тапсырманы, ал қалғандары

үстелдің үстіндегі парақ қағазда фишкамен орындайды. - Оң жақтағы жоғарғы үйшікке ақтиінді орналастыр. - Сол жақтағы төменгі үйшікке мысықты орналастыр. - Төменгі оң жақтағы үйшікке аюды орналастыр. - Жоғарғы сол жақтағы үйшікке қасқырды орналастыр. - Барлық аңдарға үйшіктер жетті ме? - Неше үйшік екенін санаңдар. Осы санды цифрмен көрсетіңдер. - Неше аң? Цифрмен көрсетіңдер. - Қай сан артық? 4 пе, әлде 5 пе? - Аңдардың қайсысы артық? Неге? Балалардың нұсқалары әртүрлі болуы мүмкін. Балалардың өз ойларын айтуына мүмкіндік беру.

Слайд 17 № 16«Өз орныңды тап»
Мақсаты: Цифрлардың сандар

№ 16«Өз орныңды тап»  Мақсаты: Цифрлардың сандар қатарындағы орны, көрші

қатарындағы орны, көрші сандар туралы білімдерін нақтылау. Тәрбиеші балаларға 0-ден

10-ға дейінгі цифрларды таратып береді. (балалар цифрлар болады). «Цифрлар» музыка ырғағымен билеп жүреді. Музыка тоқтасымен балалар тез бір қатарға тұра қалады. Қалған балалар «цифрлардың» орындарын дұрыс тапқандықтарын тексереді. Содан кейін тәрбиеші бірнеше баладан аталған сандардың көрші сандарын атауды сұрайды.

Слайд 18 №17 «Жыл атасы»
Тақтада – жыл мезгілдері

№17 «Жыл атасы»  Тақтада – жыл мезгілдері бейнеленген 4 карточка,

бейнеленген 4 карточка, балаларда – 1 көк карточка. - Жыл

атасы бүгін бізге қандай карточканы қалдырады? Неге олай ойлайсыңдар? (Қалған карточкалар алынып тасталынады). - Қыстың алғашқы екі айы қалай аталады? - Оларды өз орындарына қойыңдар. Бір бала тапсырманы тақтада, қалғандары партада орындайды. Түнде аяз күшейіп, Күндіз тамшы тамады. Күн білінбей ұзару, Бұл қай кезде болады? (Ақпан) - Ақпан айы қай айдан кейін болады? - Қыс айларын атаңдар. Содан соң тәрбиеші балалардың бір-біріне сұрақ қоюын сұрайды. Бір бала кез келген айды белгілейтін цифрды көрсетеді, ал қалғандары қай ай екенін айтады. Келесі кезекте бала айды атайды, қалғандары осы айда белгілейтін цифрды көрсетеді.

Слайд 19 № 18«Заңдылығын тап»
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, заңдылықты

№ 18«Заңдылығын тап» Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, заңдылықты қоя білу дағдыларын

қоя білу дағдыларын дамыту. Тәрбиеші 9 тор көзден тұратын, олардың

алтауы заттармен кезектесіп отыратын кесте бар. 3 зат үстелдің үстінде жатыр. Орналасу заңдылығын анықтап, заттарды өз тор көздеріне қояды. Егер балалар тапсырманы дұрыс орындап, өз әрекеттерін түсіндіруде қиналатын болса, онда тәрбиеші оларға көмектеседі.

Слайд 20 № 19«Суретші қай жерде қателесті?»
Мақсаты: Балалардың ойлау

№ 19«Суретші қай жерде қателесті?» Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, суреттегі

қабілетін дамыту, суреттегі сәйкессіздікті таба алға үйрету. Ойынның мазмұны. Тәрбиеші суретшінің

«Қыс» тақырыбына сурет салғанын айтады. Балалардан оның бәрін дұрыс салғандығын тексеруді сұрайды. Балалар қыс мезгілінде болмайтын көріністерді тауып, оның қай мезгілде болатынын айтады.

Слайд 21 № 20«Сиқырлы қапшық»
Қапшықта геометриялық пішіндер: Балалар қолымен

№ 20«Сиқырлы қапшық»  Қапшықта геометриялық пішіндер: Балалар қолымен ұстап, сезу

ұстап, сезу арқылы қандай пішін екенін айтады. 4.Таяқшалардан әртүрлі пішіндер

құрастыру. 5.Тәрбиеші 7 санына байланысты 7 күн, 7 түс, 7 шелпек ұғымдарын түсіндіреді. «Жеті» - көсеу баяғы, Жалғыз оның аяғы. 7 цифрын жазып үйрену, . 7 санының құрамын ажыратып, дәптердегі өзіндік жұмыстарды орындату.

Слайд 22 №21«Не өзгерді»
Мақсаты: Көру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру. Мазмұны: Тәрбиеші

№21«Не өзгерді» Мақсаты: Көру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру. Мазмұны: Тәрбиеші екі

екі жолақты карточканы тақтаға іліп, бірінші жолағына бір алмұрттың

суретін, екінші жолағына көп алманың суретін іледі де, балалармен бірге салыстырады. Содан кейін, керісінше, бірінші жолаққа көп алманы, екінші жолаққа бір алмұрттың суретін іледі. Бұдан не өзгергенін сұрайды.

Слайд 23 № 22«Дауыстап санау»
Ойынның мақсаты: Дауыстап санауға, қорытынды санды

№ 22«Дауыстап санау» Ойынның мақсаты: Дауыстап санауға, қорытынды санды есте сақтауға

есте сақтауға үйрету. 1-нұсқа. Тәрбиеші үстелді бірнеше рет соғады. Балалар іштерінен

санайды. Тәрбиеші 2-3 баладан қанша рет соғылғанын сұрайды, балалар тақтаға цифрымен көрсетеді. Егер жауаптар әртүрлі болса, тағы да соғып, қайта санатады. 2-нұсқа. Балалар жауап бермейді, дыбыстың санына байланысты цифрды көрсетеді. Тәрбиеші балаларға екі түрлі үйдің суретін көрсетеді. - Үйлердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? (Биік – аласа, тар – кең, үлкен – кіші).

Слайд 24 № 23«Адасқан цифрлар»
Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру. Мазмұны:

№ 23«Адасқан цифрлар» Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру. Мазмұны: Тәрбиеші 2,

Тәрбиеші 2, 4, 6, 7, 3, 5, цифрлары жазылған

карточкаларды тақтаға іледі, балалар қалып қойған санды атайды.

  • Имя файла: prezentatsiya-po-matematike-na-temu-kartoteka-didakticheskih-igr.pptx
  • Количество просмотров: 150
  • Количество скачиваний: 1