ұшқан қыран бейнеленген, сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік
жолағы бар көгілдір түсті мата.Тудың біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әркашанда бейбітшілік, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады. Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті – қазақстандықтар ұғымында – дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.
Қазақстан Республикасы Мемлекетік туының авторы – суретші Шакен Ниязбеков