Слайд 7 1492 жылы Х. Колумб бастаған испан экспедициясының материктің
оңтүстік жағалауларын ашқанын білесіңдер. Олардан көп бұрын, Х ғасырдың
аяғында Исландия жағалауы арқылы Гренландия жағалауына жеткен нормандар солтүстіктің қатаң климат жағдайында бірнеше жүз жыл бойы аралдың оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс жағалауында тұрған. Кейінірек олар Лабрадор түбегінің солтүстік-шығыс жағалауына дейін жеткен. Кейіннен ХV ғасырдың аяғында ағылшын қызметіндегі италиялық Джон Кабот Ньюфаундленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауын ашты. Ал 1519 жылы Эрнан Кортес бастаған испандардың жорығы ацтектер мемлекеті орналасқан қазіргі Мексика жерін басып алумен аяқталды