Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Заманауи білім беру үдерісінде оқушының субъектілігін критериалды бағалау

Содержание

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар шығармашылық,
Заманауи білім беру үдерісінде оқушының субъектілігін критериалды бағалауЖакупбаева Г.К. – ШҚО, Өскемен Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге Осы жолда жас буынның болашағы жарқын, еліміздің келешегі кемел болатындай заманауи талаптардың Критерий - ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі Қалыптастырушы (ағымдағы) бағалау – сабақта  күнделікті жүзеге асатын,  білім мен дағдыны меңгеру деңгейін Критериалды бағалау моделіҚалыптастырушы бағалауЖиынтық бағалауКритериалды бағалауБөлім бойынша жиынтық бағалауТоқсандық жиынтық бағалауБілім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалау Критериалды бағалаудың міндеттері:Тақырыптың әр бөлімшесі бойынша әр оқушының дайындық деңгейін анықтауОқу бағдарламасының ӨткізіледіҚалыптастырушы бағалауАқпараттандырадыОқушының рөліМұғалім әр сабақ сайын тоқсан барысында өткізедіМатериалды оқу барысында тапсырманы Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктеріОқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейі анықталадыӘрбір оқушының Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыруОқушының жеке басы емес, тек Критериалды бағалауМұғалімдер үшінАта-аналар үшінОқушылар үшінСапалы нәтиже алуды қажет ететін критерийлер құрастырадыОқу бағдарламасының Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы бізОқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттауТұлғаны өзіндік Оқушы – субъектілік, яғни құзыреттілік тұлға.Ғалым С.М.Вешниякованың «Кәсіптік білім беру» сөздігінде: «Құзыреттілік Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға қоядыНақты құбылыстарды танып білу мен түсіндірудіПрактикалық өмірде  мамандық Құзыреттілік ең алдымен оқушылардың  ақпараттық сауаттылығы мен  кез-келген мәселені дұрыс шеше білу қасиетінен көрініс Ұстанымдар негіздеріБағамен оқушының жұмысы бағаланадыДескрипторлар оқушыға алдын-ала белгілі болуы шарт.Оқушы өз білім Сабақта критерий арқылы бағалауды қолдануСабақтың мақсаты критерий құрудың негізі болып табылады.Сабақтың бөлімнің Критериалды бағалауКритериалды бағалаудың функцияларыКритериалды бағалаудың принциптеріТүзетуӘділдікЖүйелікНақтылықЫнталандыру Белсенділік Дамытушы Критерий арқылы бағалаудың оқыту үшін маңызы:Оқушы өзін-өзі талдау мен рефлексия жасау тәжірибесін Критерий:І тапсырмаға – 2 баллЖіңішке сұраққа жауап берсеңіз – 1баллЖуан сұраққа жауап Бағалауды сауатты ұйымдастыру оқу процесіндегі ең қиын міндеттердің бірі. Ал оқытудың жаңа Қорыта келе, көңілге түйгеніміз критериалдық бағалау жүйесін қолдануда біз оқушының тұлғалық бағытын
Слайды презентации

Слайд 2 Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір

өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен

қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден –бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау . Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.  

Слайд 3 Осы жолда жас буынның болашағы жарқын, еліміздің келешегі

Осы жолда жас буынның болашағы жарқын, еліміздің келешегі кемел болатындай заманауи

кемел болатындай заманауи талаптардың бір жүйеге енуі, оның жүзеге

асуы, басым бағыттарының болғаны білім берудің бағдаршамына айналды.                          
Бүгінде заманауи талаптар негізінде туындаған білім саласындағы жаңа бағыттардың бірі – критериалды бағалау болып отыр. Ол - білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқындалған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау – оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Оқыту үдерісін басқарудың алтын кілті бағалауда деп айтуға болады.
Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
Мектепте оқыту сапасын жоғарлату
Мектеп  бітірушілердің білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру.




Слайд 4
Критерий - ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша

Критерий - ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі,

шешім қабылдау ережесі, негіздемесі және белгісі.  Әр критерийдің дискрипторы

болады, онда оқу тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды.

Бағалау критерийі – білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме.

Дескриптор ,сипаттауыш, сипаттаушы (ағылш. descriptor – описатель, описывающий) – оқушының сабақ үдерісінде берілген тапсырманы қаншалықты нәтижелі орындағанын бағалайтын тұжырым.

Тапсырма – оқушының құзыреттілік деңгейін (пәндік, тілдік және т.б.) бағалауға мүмкіндік беретін нақты жағдай.


Слайд 5 Қалыптастырушы (ағымдағы) бағалау – сабақта  күнделікті жүзеге асатын,  білім

Қалыптастырушы (ағымдағы) бағалау – сабақта  күнделікті жүзеге асатын,  білім мен дағдыны меңгеру

мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы бағалау білім

беру процесінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз  байланысты жүзеге асырады.
          Ішкі жиынтық  бағалау – оқу ақпараты блогын оқып болғаннан кейін білім және оқу дағдысының қалыптасу деңгейін анықтау.
          Сыртқы жиынтық  бағалау – оқу дағдысы мен білімін қалыптастыру деңгейін анықтайды, оқытудың есеп беру кезеңінің қорытынды бағасын анықтауға негіз болып табылады.
          Модерация – білім беру процесінің нәтижесі мен сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.


Слайд 6 Критериалды бағалау моделі
Қалыптастырушы бағалау
Жиынтық
бағалау
Критериалды бағалау
Бөлім бойынша жиынтық

Критериалды бағалау моделіҚалыптастырушы бағалауЖиынтық бағалауКритериалды бағалауБөлім бойынша жиынтық бағалауТоқсандық жиынтық бағалауБілім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалау

бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау
Білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалау


Слайд 7 Критериалды бағалаудың міндеттері:
Тақырыптың әр бөлімшесі бойынша әр оқушының

Критериалды бағалаудың міндеттері:Тақырыптың әр бөлімшесі бойынша әр оқушының дайындық деңгейін анықтауОқу

дайындық деңгейін анықтау
Оқу бағдарламасының тиімділігін саралау
Сабақ үдерісі мен білімнің

меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарының орындалу барысын қадағалау

Оқушының білім алу барысындағы жіберген қателіктері мен олқылықтарын айқындау

Әртүрлі жекелей, жұппен, топпен жұмыс барысындағы алған өз бағасының  әділдігіне көзін жеткізу

Жеке оқушының даму жетістігін бақылау


Слайд 8 Өткізіледі
Қалыптастырушы бағалау
Ақпараттандырады
Оқушының рөлі
Мұғалім әр сабақ сайын тоқсан
барысында

ӨткізіледіҚалыптастырушы бағалауАқпараттандырадыОқушының рөліМұғалім әр сабақ сайын тоқсан барысында өткізедіМатериалды оқу барысында

өткізеді
Материалды оқу барысында тапсырманы қаншалықты орындағаны жөнінде оқушылар ақпарат

алады.
Оқушының ілгерлеуі жөнінде мұғалім ақпарат алып, оқыту үдерісіне өзгерістер енгізе алады.

Оқытуға белсене қатысады;
Күтілетін нәтижені түсінеді;
Өзін – өзі бағалайды, бірін – бірі бағалайды.

Мұғалімнің рөлі

Өткізілу формасы

Оқу жоспарына сәйкес бағалау критерийлерін анық жазады
Бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастырады.
Тапсырмаға дескриптор құрастырады.
Оқушыларға тиімді кері байланыс береді
Оқыту мен бағалау үдерісіне түзету енгізеді.

Жеке
Жұппен
Топпен
Ауысатын топтар құрамында


Слайд 9 Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері
Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының

Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктеріОқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейі анықталадыӘрбір

дайындық деңгейі анықталады
Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақыланады
Оқу үрдісін

ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету

Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы жүргізіледі

Оқу бағдарламасының күрделілігі анықталады


Слайд 10 Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру
Оқушының

Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыруОқушының жеке басы емес,

жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады
Оқушының жұмысын бағалау

алдын-ала ұсынылған критерийлерге негізделеді

Оқушы нақты қандай мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі

Мұғалім оқушы деңгейін біліп отырады

Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық түрде көрініп тұрады

Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала беріледі

Білім берудің сапасы артады


Слайд 11 Критериалды бағалау
Мұғалімдер үшін
Ата-аналар үшін
Оқушылар үшін
Сапалы нәтиже алуды қажет

Критериалды бағалауМұғалімдер үшінАта-аналар үшінОқушылар үшінСапалы нәтиже алуды қажет ететін критерийлер құрастырадыОқу

ететін критерийлер құрастырады
Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге

мүмкіндік береді

Әрбір оқушының оқу мүмкіндіктерін ескере отырып,оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын жасайды

Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін тиісті ақпарат алады

Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға көңіл бөледі

Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін біледі және түсінеді

Рефлексияға,яғни өзін және өз достарын бағалауға қатысады

Тарихи кеңістік (тарихи уақыт, тарихи оқиға, тарихи тұлға т.б.) туралы білімі кеңейіді.

Сын тұрғысынан ойлай білуге үйренеді

Өз ойларын еркін жеткізуге ұмтылады.

Баласының білім деңгейлерін бақылай алады

Мұғаліммен тығыз байланыста болады

Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді


Слайд 12 Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз
Оқушының тұлғалық бағытын

Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы бізОқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттауТұлғаны

белсенді позицияға бағыттау
Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу
Білім

алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау

Әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға болады (Өздік жұмысы, күнделікті баға, үй жұмысы т.б)

Қалыптастырушы және жиынтық бағалаулар арқылы оқушының нақты білімін анықтау

Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз


Слайд 13 Оқушы – субъектілік, яғни құзыреттілік тұлға.
Ғалым С.М.Вешниякованың «Кәсіптік

Оқушы – субъектілік, яғни құзыреттілік тұлға.Ғалым С.М.Вешниякованың «Кәсіптік білім беру» сөздігінде:

білім беру» сөздігінде: «Құзыреттілік (латынша competenens) – қабілетті, қатысты

деген мағынада. Белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері» деген анықтама берілген болса, А.В.Баранниковтің айтуынша: «Құзыреттілік дегеніміз өз бетінше іске асырылатын қабілеттілік, ол оқушының алған білімдеріне, өмірдегі тәжірибелеріне, құндылықтарына негізделеді». Ал шотландиялық ғалым Джон Равен «құзыреттілік» терминіне «жеке тұлғаның көп қасиеттерін топтайтын ұғым» деген анықтама береді. Ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, біз «құзыреттілік» ұғымына – оқушылардың жеке тұлғалық психологиялық ерекшеліктеріне байланысты меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін, танымдық және тәжірибелік іскерлігін   өмірде дұрыс қолдануы деген анықтама бере аламыз. 
                                                               


Слайд 14 Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға қояды
Нақты құбылыстарды танып білу

Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға қоядыНақты құбылыстарды танып білу мен түсіндірудіПрактикалық өмірде

мен түсіндіруді
Практикалық өмірде  мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім

алуға дайындығын бағалауды

Өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін

Еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда өмірден өз орнын анықтауды

Қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруді


Слайд 15 Құзыреттілік ең алдымен оқушылардың  ақпараттық сауаттылығы мен  кез-келген мәселені дұрыс

Құзыреттілік ең алдымен оқушылардың  ақпараттық сауаттылығы мен  кез-келген мәселені дұрыс шеше білу қасиетінен

шеше білу қасиетінен көрініс табады. 
Сыртқы ортадан ақпарат алу, оны

өңдеу оқушы мінезін қалыптастырудың қайнар көзі болып табылады. Ақпараттарды өз бетімен алуға, талдауға, қайта өңдеуге үйрету ақпаратық құзыреттілікті қалыптастыруға негіз болады. Мұнда оқушылардың өз бетімен жұмысына көп мән беріледі. «Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын, ол одан әрі жақсы оқи түседі»,- деген Питер Клайннің сөзі орынды айтылған.
Оқушылар өз беттерінше жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен ғаламтордан, түсіндірме сөздіктерден, түрлі тарихи ақпараттар алып, сабақ барысында пайдаланады. Бұл құзыреттілік оқушылардың оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етсе, ал оқытушының  мақсаты – оқушыға білімді өздігінен игеру амалдары мен тәсілдерін үйретіп,оның өзіндік дүниетанымын қалыптастыруына жағдай жасау, кеңестер және бағыт-бағдар беру.
 


Слайд 16 Ұстанымдар негіздері
Бағамен оқушының жұмысы бағаланады
Дескрипторлар оқушыға алдын-ала белгілі

Ұстанымдар негіздеріБағамен оқушының жұмысы бағаланадыДескрипторлар оқушыға алдын-ала белгілі болуы шарт.Оқушы өз

болуы шарт.
Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы қажет.
Нақты

білімділік мақсатты бағалауы қажет.

Слайд 17 Сабақта критерий арқылы бағалауды қолдану
Сабақтың мақсаты критерий құрудың

Сабақта критерий арқылы бағалауды қолдануСабақтың мақсаты критерий құрудың негізі болып табылады.Сабақтың

негізі болып табылады.
Сабақтың бөлімнің басында оқу мақсатын түсіндіру.
Алдын-ала критерийлердің

үлгісін дайындау, оқу мақсаттарына сай келуін қарау.
.

Критерийлерді оқушылар тіліне аудару, оларға түсінікті болу үшін өздеріне құрғызу (немесе) бірге құру.

Оқушыларға
өз жұмысын құрылымдауға көмек беру үшін жоспарлауға/жазуға арналған ережелер.

Критерийлерді тақтаға немесе оқушының дәптерлеріне жаздырту.

Белгіленген критерийлерді оқушылардың барлығы бірдей түсінгеніне көз жеткізу.


Слайд 18 Критериалды бағалау

Критериалды бағалаудың функциялары

Критериалды бағалаудың принциптері
Түзету
Әділдік
Жүйелік
Нақтылық
Ынталандыру 
Белсенділік
Дамытушы

Критериалды бағалауКритериалды бағалаудың функцияларыКритериалды бағалаудың принциптеріТүзетуӘділдікЖүйелікНақтылықЫнталандыру Белсенділік Дамытушы

Слайд 19 Критерий арқылы бағалаудың оқыту үшін маңызы:
Оқушы өзін-өзі талдау

Критерий арқылы бағалаудың оқыту үшін маңызы:Оқушы өзін-өзі талдау мен рефлексия жасау

мен рефлексия жасау тәжірибесін үйренеді, оқу үдерісі ғана емес,

бағалау үдерісінің де белсенді қатысушысы болады. өзін-өзі бағалауға баса назар аударады.

Білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі:
1. Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы;
2. Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан
қайшылықтар;   
3. Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі.

Слайд 20 Критерий:
І тапсырмаға – 2 балл
Жіңішке сұраққа жауап берсеңіз

Критерий:І тапсырмаға – 2 баллЖіңішке сұраққа жауап берсеңіз – 1баллЖуан сұраққа

– 1балл
Жуан сұраққа жауап берсеңіз -

2 балл
ІІ тапсырма - 5 балл
Тарихи фактілермен мен тарихи оқиғаларды байланыстыра тізбектей баяндасаңыз – 5 балл
Оқиғалар мен фактілерді баяндасаңыз - 4 балл
Тарихи оқиғалар мен фактілерді жүйесіз баяндасаңыз - 3
Оқиғалар мен фактілерді шатастыра баяндасаңыз - 2 балл
Тарихи оқиғалар мен фактілерден қателесіп, толық жауап бермесеңіз – 1 балл
ІІІ тапсырма – 3 балл
3 тапсырманы дұрыс орындасаңыз - 3 балл
2 тапсырманы дұрыс орындасаңыз - 2 балл
1 тапсырманы дұрыс орындасаңыз - 1 балл


ІV тапсырма - 4 балл
4 тапсырманы толық орындасаңыз – 4 балл
3 тапсырманы дұрыс орындасаңыз – 3 балл
2 тапсырманы дұрыс орындасаңыз - 2 балл
1 тапсырманы дұрыс орындасаңыз - 1 балл
V тапсырма – 5 балл
14-15 балл дұрыс орындасаңыз – 5 балл
11-13 балл дұрыс орындасаңыз - 4 балл
8 - 10 балл дұрыс орындасаңыз – 3 балл
5 - 7 балл дұрыс орындасаңыз – 2 балл
2- 4 балл дұрыс орындасаңыз - 1 балл
Қорытынды балл:
17 - 19 балл - «5»
14 - 16 балл - «4»
10 - 13 балл – «3»
4-7 балл - «2»
 


Слайд 22 Бағалауды сауатты ұйымдастыру оқу процесіндегі ең қиын міндеттердің

Бағалауды сауатты ұйымдастыру оқу процесіндегі ең қиын міндеттердің бірі. Ал оқытудың

бірі. Ал оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақтарға пайдаланған кезде бұл

міндет әлдеқайда қиындай түседі. Негізінен бұл «бағалау» терминінің түпкі төркініне көп мән бере білмейміз. Біз бағаны оқушы білімінің көрсеткіші деп қараймыз. Алайда, бұл бағаның шынайлылығы күмәнді. Себебі, біз кейде бағаны кейде көтермелеп қойсақ, кейде төмендетіп қоямыз. Басында үшке оқыған оқушыға «үш», төрт пен беске оқыған оқушы «жақсы» және «үздік» болып соңына дейін бағаланатыны белгілі. Бұндай бағалау баланың білім деңгейін нақты да шынайы көрсете алмайды.
Критериалды бағалау мұғалімге сапалы нәтиже ауды қамтамасыз ететін критерийлерді құруға, өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға, оқу үдерісінің сапасын жақсартуға, әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отыруға, бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға мүмкіндік береді. Мұғалімнің мұндағы рөлі әр сабақтың күтілетін нәтижесіне қарай алдын-ала сын тұрғысынан ойлана отырып, дұрыс бағыт пен интербелсенді әдістерді оқушының жас ерекшелігіне және қабілетіне қарай дайындалуында.


  • Имя файла: zamanaui-bіlіm-beru-үderіsіnde-oқushynyң-subektіlіgіn-kriterialdy-baғalau.pptx
  • Количество просмотров: 191
  • Количество скачиваний: 0