жолдың торабы, халықаралық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің бойында орналасқан.
Елді-мекен 1928 жылы құрылған. Оның жалпы жер көлемі 29 984 гектар. Оның ішінде ауылшаруашылық жер көлемі 15 139 гектар, егістік 5369 гектар, жайылымдық жер 5264 гектарды құрайды. Ауылдың облыс орталығынан қашықтығы 60 шақырым болса, аудан орталығынан 20 шақырым қашықтықта. Қазіргі таңда халықтың көптен күткен арманы көпір құрылысы аяқталып, қолданысқа берілгелі бері тұрғындардың аудан орталығына қатынауы қалыпқа түсті. Шағанда халық саны 4434 адам, соған орай отбасы саны 826-ны құрайды. Ауылдың жарық, ауыз су жүйелері орталықтандырылған.
Слайд 4
Шаған ауылы Сырдария ауданындағы берекелі ,жері шырайлы,тұрғыны мол
елді мекеннің бірі.Елді мекенде жылына орта есеппен 120 сәби
өмірге келеді. Ауылдың негізгі жұмыс көзі- ЖШС ”Шаған-Жер” агрофирмасы. Ол 650-800 жуық жұмысшыны өзіне тартып отыр.
Шаған ауылы шаруашылығы
Слайд 5
Ауыл орталығындағы №37 орта мектепте 1040-тан астам оқушы
екі мезгілде білім алады.Мектеп 1927ж 4 сыныпты бастауыш мектеп
ретінде іргесі қаланған.2015ж 1 қыркүйегінде мектеп жаңадан салынып,оны Қырымбек Елеуұлы Көшербаев өзі ашып берген.