жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда «наурыз» сөзі «жаңа күн»
деген мағынаны білдіреді. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер және т.б. атап өтеді.Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі 22 наурыз күні не сәйкес келеді.
Наурыз кезінде наурыз-көже дайындалады. Көже жеті тағамның қосындысынан тұрады: арпа, бидай, күріш, қара бидай, сүт, ет , май. Наурыз-көже – мейрамның, көктем келгендігінің белгісі.
Наурыз ерекшеліктері:
- Сіз келген күні таңертең ата, ағаларымыз қолдарына күрек. Ал аналарымыз құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға шығады.
- Бұлақ көрсең көзін- аш- деп, ағаларымыз төңіректегі бастаулардың көзін ашады.
- Бір тал кесең, он тал ек- дескен қариялар бұлақбасына тал егеді. Ал әйелдер атып келе жатқан Күнге тәу етіп, “Армысың қайрымды Күн-Ана!”, - деп иіліп сәлем береді және кеудесі түкті жер- Ана, құт дарыт, жарылқа!- деп ашылған бұлақ көзіне май құйып, жаңа егілген ағаштарға ақ бүркеді.