Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Мәдениеттану пәнінен Еуропалық қайта өрлеу дәуірі тақырыбында презентация

Жаңа заман еуропалық мәдениеті -Еуропа үшін жаңа заман (XVII—XIX ғасырлар) мәдениеттің дамуындағы маңызды тарихи кезең болып саналады. Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи уақиғаларға, мәдени төңкерістерге толы. Жаңа заман — өнеркәсіптік өркениеттің қарыштап алға басып, қоғамның барлық
Тақырыбы: Еуропалық қайта өрлеу және жаңа заман кезеңіндегі мәдениет.Пәні: Мәдениеттану Жаңа заман еуропалық мәдениеті -Еуропа үшін жаңа заман (XVII—XIX ғасырлар) мәдениеттің дамуындағы XVII ғасыр ғылыми революция — адамзат баласының өзін қоршаған дүниені танып-білуге деген Жаңа заманда еуропалықтардың күш-жігері табиғатты меңгеруге жұмсалды, сондықтан да болар XVII ғасырда Жаңа заман стильдері.Бірақ осы жағдайға қарап XVIII ғасыр XIX ғасырдың мәдениетіЖаңа заман мәдениетінде XIX ғасыр мәдениеті ерекше орын алады. «Классика Еуропа мәдениетінің тағдырына дәуірдің үш ұлы уақиғасы:Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі,Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік Ұлттық мәдениеттің қайнар бұлағына зер салу, мәдени құбылыстарды тарихи тұрғыдан алып қарастыру, XIX ғасырлардың 50 жылдарында Еуропа өнері декаданс дәуірін басынан кешірді. Декаданс («құлдырау»
Слайды презентации

Слайд 2


Жаңа заман еуропалық мәдениеті -Еуропа үшін жаңа заман

Жаңа заман еуропалық мәдениеті -Еуропа үшін жаңа заман (XVII—XIX ғасырлар) мәдениеттің

(XVII—XIX ғасырлар) мәдениеттің дамуындағы маңызды тарихи кезең болып саналады.

Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи уақиғаларға, мәдени төңкерістерге толы. Жаңа заман — өнеркәсіптік өркениеттің қарыштап алға басып, қоғамның барлық салаларында түбегейлі өзгерістердің белең алғандарға байланысты жаңа сипатқа, жаңа мазмұнға ие болды. Ғылымның дамуына еркіндіктің берілуі қоғамдық сананы жаңа сатыға көтерді. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында жетекші орынға ие бола бастаған ғылым — адамдардың нәсіліне, ұлтына, табына қарамастан халықтың рухани дүниесін байытуда айтарлықтай рөл атқарды. Мемлекет тарапынан жасалынған үлкен қамқорлықтың арқасында XVII ғасыр ғылыми революцияның даму қарқыны өте жоғары болды. Ғылыми революция математика және механика саласында басталды да, басқа ғылым салаларындағы ғылыми жаңалықтармен жалғасты.

Слайд 3 XVII ғасыр ғылыми революция — адамзат баласының өзін

XVII ғасыр ғылыми революция — адамзат баласының өзін қоршаған дүниені танып-білуге

қоршаған дүниені танып-білуге деген құлшынысының жемісі болды. Ғылымның қарышты

қадаммен алға басуы және оның қоғамдық өмірдің барлық саласына біртіндеп кіре бастауы рационализмнің қалыптасу процесін аяқтауға мүмкіндік берді. Рационализм жаңа заман адамының өмірі мен бет-бейнесін жан-жақты айқындай отырып, халық санасынан еркін орын алды. Рационализм қоғамдағы орын алған тарихи жағдайларды ескере отырып, христиан дінінің католиктік тармағымен, оның дүниені құдайдың жаратқандығы туралы ілімімен де санасып отырды.

Слайд 7
Жаңа заманда еуропалықтардың күш-жігері табиғатты меңгеруге жұмсалды, сондықтан

Жаңа заманда еуропалықтардың күш-жігері табиғатты меңгеруге жұмсалды, сондықтан да болар XVII

да болар XVII ғасырда ғалымдарының басты назары табиғат құбылыстарын

ғылыми тұрғыдан зерттеуге бағытталды. Сонымен қатар XVI—XVII ғасырлар қалыптасқан ұлттық, мемлекеттік, экономикалық және саяси қарым-қатынастардың негізінде философиялық, әлеуметтік және саяси-құқықтық теориялар өмірге келді. Олардың авторлары ғасыр ойшылдары: Гоббс, Джон Локк, Спиноза, Гуго, Гроций және т.б. болды.

Слайд 10 Жаңа заман стильдері.


Бірақ осы

Жаңа заман стильдері.Бірақ осы жағдайға қарап XVIII ғасыр мәдениеті

жағдайға қарап XVIII ғасыр мәдениеті мен өнерінің өзіндік ерекшеліктері,

дәлірек айтқанда өзіне ғана тән көркемдік стильдері мүлде болмаған екен деген ұғым туып қалмау керек. Өнер саласында біртектес стильдер (романдық және готикалық стильдер) қалыптасқан өткен тарихи кезеңдерге қарағанда бұл дәуір өнері өзіндік бет-бейнесімен, өзіндік сипатымен ерекшеленді. Жаңа заман стильдері — заман талабынан туған мәдени қажеттілік болып саналады.

Слайд 11 XIX ғасырдың мәдениеті
Жаңа заман мәдениетінде XIX ғасыр мәдениеті

XIX ғасырдың мәдениетіЖаңа заман мәдениетінде XIX ғасыр мәдениеті ерекше орын алады.

ерекше орын алады. «Классика ғасыры» деп аталатын бұл кезеңде

буржуазиялық өркениет кемелдену шағына аяқ басумен қатар, тоқырау кезеңін де басынан кешірді. Мұндай әділ бағаның авторлары заманымыздың ұлы ойшылдары: О. Шпенглер, Й. Хейзинга, X. Ортега-и-Гассет және т.б. XIX ғасыр, мәдениеті — бүкіл жаңа заман мәдениетінен рухани нәр алып, көне дәуір мәдениетінің негізінде қалыптасты.
Олар :
рационализм,
антропоцентризм,
сциентизм,
еуроцентризм және т.б. болды.

Слайд 12 Еуропа мәдениетінің тағдырына дәуірдің үш ұлы уақиғасы:

Англиядағы өнеркәсіп

Еуропа мәдениетінің тағдырына дәуірдің үш ұлы уақиғасы:Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі,Солтүстік Америка отарларының

төңкерісі,
Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін күресі
Ұлы Француз революциясы ерекше

ықпал етті.

Слайд 13 Ұлттық мәдениеттің қайнар бұлағына зер салу, мәдени құбылыстарды

Ұлттық мәдениеттің қайнар бұлағына зер салу, мәдени құбылыстарды тарихи тұрғыдан алып

тарихи тұрғыдан алып қарастыру, басқа халықтардың өмірімен танысу кездерінде

романтиктер бұл тарихи процестердің қайталанбайтындығына, өте сирек кездесетініне, олардың өздеріне тән ерекшеліктері бар екендігіне көз жеткізді. Олай болса «романтикалық тарихилық» — буырқанған революциялық дәуірдің жемісі болып табылады. Романтиктердің көзқарастары бойынша, ақыл-ой немесе адамның санасы арқылы тарихи болашақты, оның бұралаң жолдарын адам болжай алмайды, олай болса таным процесінің басты көздерінің бірі — жүректің үні, интуиция (сезіну) болып табылады. Осыдан келіп романтизмнің «индивидуалистік субъектизм» бағыты келіп туындайды. Оның мән-мағынасы — жат дүниеде адамның өзінің жалғыздығын сезінуі, адам санасында өмірден түңілушілік сезімінің пайда болуы. В. Вейдле «Романтизм дегеніміздің өзі — жалғыздық» деп тегіннен-тегін айтпаған сияқты. Романтиктер өздері өмір сүрген қоғамға көңілдері толмаса да, бостандық пен еркіндік жолындағы күрескер — энтузиастар болды.

Слайд 14 XIX ғасырлардың 50 жылдарында Еуропа өнері декаданс дәуірін

XIX ғасырлардың 50 жылдарында Еуропа өнері декаданс дәуірін басынан кешірді. Декаданс

басынан кешірді. Декаданс («құлдырау» деген мағына береді) өзінің қалыптасу

кезеңінде реализмнің түрлі бағыттарымен байланыста болды, сондықтан да болар бұл қарама-қайшылықтарға толы күрделі ағым болып саналады. «Декаданс» термині XIX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басында пессимистік, селсоқтық көңіл-күйлерге байла¬нысты рухани мәдениет пен өнер саласындағы дағдарысты көрсету мақсатында қолданыла бастады. Мұндай көңіл-күй алғаш рет француз «символизмінде», ағылшын «эстетизмінде», «өнер өнер үшін» концепциясының теоретиктерінің (Д. Рескин, О. Уайльд және т.б.) шығармаларында көрініс тапты. Одан кейінгі уақытта «декаданс» сарыны «модернистерге» де пайда болып, «импрессионизм» ағымында өз жалғасын тапты.

  • Имя файла: mәdeniettanu-pәnіnen-europalyқ-қayta-өrleu-dәuіrі-taқyrybynda-prezentatsiya.pptx
  • Количество просмотров: 386
  • Количество скачиваний: 3