Слайд 3
Ұрмалы музыкалық аспап. Шанағыннан қанқасы ағаштан, темірден жасалады да, екі беті көнкемен қапталады. Барабан діни ғұрыптар, жаугершілік, би өнеріне
байланысты шыққан. Б А Р А Б А Н
Слайд 4
БУБЕН Ежелгі Шығыс елдерінде ертеде пайда болған ұрмалы аспап.
Ағаштан істелген дөңгелек шанақтың үстіне жұқа былғары керіледі, шанақтың
жан-жағына екіден темір шылдырауықтар тағылады. Бүбенді сілкілеу арқылы, қолмен соғу немесе саусақтармен дірілдетіп ойнауға да болады. Бубен симфониялық оркестрге XIX ғасырда қолданыла бастаған. Сонан соң, ол Италия мен Испанияның халық аспабы болып келді. Ол жақта бірде-бір би бубенсіз биленбеген.
Слайд 5
Үшбұрыш Ұрмалы музыкалық аспап. Оны темірден үшбұрыштап иіп жасайды.
Дыбысы нәзік, әрі ашық болады. Аспапты металл таяқшамен ұру
арқылы ойнайды.
Слайд 6
Грек тілінен аударғанда „дыбыс шығаратын ағаш". Ксилофон қаз-қатар
тізілген, қысқалы-ұзынды ағаштан жасалады. Ұзын ағаштары — жуан дыбыс,
қысқа ағаштары — жіңішке дыбыс шығарады. Ксилофонның дыбысы басы жұмыр келген екі таяқшалармен соғып ойнау арқылы шығады. Дыбысы құрғақ, сақылдап, сыңғырлап шығады.