Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Ұлы Отан соғысы

Содержание

Ешқашан талықсып кетпейді… Ұлы Отан соғысы (1941—1945) — Кеңес Одағының нацистік Алманияға және оның еуропалық одақтастарына (Мажарстан, Италия, Румыния, Финляндия, Словакия, Хорватия) қарсы жүргізген соғысы; Екінші Дүниежүзілік соғыстың ең маңызды және шешуші бөлігі.
9 мамыр – Ұлы Отан соғысы1941-194570 жылКГУ «Дворовый  клуб отдела образования Ешқашан талықсып кетпейді… Ұлы Отан соғысы (1941—1945) — Кеңес Одағының нацистік Алманияға Кеңес барлау мекемелерінің ескертулері1941жылдың бірінші бөлігінде кеңес барлауы немістердің шабуыл дайындап жатқаны 1941 жылдың мамыр айында әскерлер ішкі округтардан Днепрдің батысына,шекараға жақынырақ жерге жылжытыла Қазақстаннан әр ұлт өкілдері Ұлы Отан соғысына қатыстыҚазақ жерінен 1200000 адам  соғысқа аттанды. Ұлы Отан соғысында құрбан      болған адам саны Ешкімде,ештеңе де ұмытылмайды.Талғат БигелдиновМәншүк Мәметова Қасым ҚайсеновРақымжан ҚошқарбаевБауыржан МомышұлыӘлия Молдағұлова Мәншүк Жиенғалиқызы МәметоваМәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922, Орал облысы Әлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаӘлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп Біздің жүрегіміз темір емес.Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, Нева алабын қорғаңдар,Ленинградтың ерлері, Ұрпаққа үлгі болыңдар,Заманымның өрнегі. Ленинградтық   өрендерім Ж.Жабаев Жеңіс күні — Қазақстанда мамырдың 9 (Батыс Еуропада мамырдың 8. Себебі Капитуляция Жеңіс күні  Құтты болсын!!!
Слайды презентации

Слайд 2 Ешқашан талықсып кетпейді…
Ұлы Отан соғысы (1941—1945) — Кеңес

Ешқашан талықсып кетпейді… Ұлы Отан соғысы (1941—1945) — Кеңес Одағының нацистік

Одағының нацистік Алманияға және оның еуропалық одақтастарына (Мажарстан, Италия,

Румыния, Финляндия, Словакия, Хорватия) қарсы жүргізген соғысы; Екінші Дүниежүзілік соғыстың ең маңызды және шешуші бөлігі.

Слайд 3 Кеңес барлау мекемелерінің ескертулері
1941жылдың бірінші бөлігінде кеңес барлауы

Кеңес барлау мекемелерінің ескертулері1941жылдың бірінші бөлігінде кеңес барлауы немістердің шабуыл дайындап

немістердің шабуыл дайындап жатқаны туралы хабарлаумен болды. Хабарларда қарама-қайшылықтар

кездесіп отырды. Мысалы, шабуыл басталатын күн (мамырдың 1-і, 15-і, маусымның басы, 22-ші маусым), соққылардың бағыттары, соғыс жоспарлары туралы хабарлар әртүрлі болды. Осының бәрі Германияның шынайы ақпаратты жалған ақпаратпен араластырып, түрлі буындар арқылы таратқанының салдары болды.
Кеңес жетекшілері барлаушыларға әрқашан сене берген жоқ, себебі кейде олардың берген ақпараттары (мысалы, Рихард Зорге жіберген мәліметтер) расталмай отырды. Кейбір дерек көздері бойынша, Германияның соғыс бастайтыны туралы ескертулер қарама-қайшы (ал қазіргі зерттеулер көрсетіп отырғандай, кейде тіпті жалған) мәліметтер қамтып отырды. Ақпарат шынайы болған күннің өзінде одан жаңсақ қорытындылар жасалып отырды (мысалы, әскери барлаудың жетекшісі Голиковтың қате қорытындылары). Германиямен жасаспау туралы келісім, неміс әскерилерінің Британия аралдарына дайындалып жатқан шабуыл туралы әңгімелері 1941 жылы соғыс болмайтын шығар деген үміт тудырып отырды. Германия басқа шабуылдарының қарсаңындағыдай, ешқандай саяси талаптар жасамады.
Сталин Германияның шабуыл жасауы мүмкін екендігі туралы барлау мәліметтеріне сенбеді.

Слайд 4 1941 жылдың мамыр айында әскерлер ішкі округтардан Днепрдің

1941 жылдың мамыр айында әскерлер ішкі округтардан Днепрдің батысына,шекараға жақынырақ жерге

батысына,шекараға жақынырақ жерге жылжытыла бастады.Шекаралық дивизияларды толықтыру үшін запастан

800 000 адам әскерге шақырылды,маусымның 16-18-дерінде шекаралық округтардың резерв дивизияларын алға жылжыту басталды. Оларға шекараның маңында бекіну туралы бұйрық берілді.Бұл шаралар тым кеш жасалғандығы Германияның шабуылы басталғаннан кейін анық болды.Әскерлер неміс шабуылын жүздеген шақырымға созылған,ұйымдаспаған күйде қарсы алуға мәжбүр болды.1941 жылғы маусымның 18-інде КСРО-ның әскери теңіз флоты мен шекара әскерлері ұрысқа әзірлік жағдайына келтірілді.ЖШҚӘ-ге бұндай бұйрық тек маусымның 21-інде ғана берілді.

Слайд 5 Қазақстаннан әр ұлт өкілдері Ұлы Отан соғысына қатысты
Қазақ

Қазақстаннан әр ұлт өкілдері Ұлы Отан соғысына қатыстыҚазақ жерінен 1200000 адам соғысқа аттанды.

жерінен 1200000 адам соғысқа аттанды.


Слайд 6 Ұлы Отан соғысында құрбан

Ұлы Отан соғысында құрбан   болған адам саны

болған адам саны


Слайд 7 Ешкімде,ештеңе де ұмытылмайды.
Талғат Бигелдинов
Мәншүк Мәметова

Қасым Қайсенов
Рақымжан Қошқарбаев
Бауыржан

Ешкімде,ештеңе де ұмытылмайды.Талғат БигелдиновМәншүк Мәметова Қасым ҚайсеновРақымжан ҚошқарбаевБауыржан МомышұлыӘлия Молдағұлова

Момышұлы
Әлия Молдағұлова


Слайд 8 Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия)

Мәншүк Жиенғалиқызы МәметоваМәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922, Орал

— 1922, Орал облысы Орда ауданы ,— 1943 ж.

қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944). Шын есімі Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен. Мәншүктің өз әкесі - Жиенғали Мәметов. Бірақ Жиенғалидің інісі Ахмет Мәметовте бала болмаған соң, 1925 жылы Мәншүкті сол кісінің қолына берген. Ахмет Саратов қаласында оқып жүргендіктен, Мәншүкті өзімен бірге сол жаққа алып кетеді. Көп ұзамай аласапыран заман басталады да, Ахмет бірнеше жыл ағасымен хабар алыса алмай қалады. Кейін 1931 жылы Алматыға келгеннен соң, жылдың соңында бір-ақ естиді: ағасы Жиенғалидің аштықтан көз жұмған екен. Ахмет Мәметов - қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі, өзі Алашордашы, Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбановтармен жақын араласқан. Сондықтан да 1938 жылдың қаңтар айында ұсталып кетеді.Ахметтің әйелі Әмина Мәметова - Әбілқайыр ханның тұқымы. Атасы молда, әкесі елге сыйлы адам болған, өзі патша заманында әйелдер гимназиясында оқыған, Саратовта аспирантура бітірген, елге келген соң әдебиет пәнінің мұғалімі болып, сол кездегі газеттерге сыни мақала жазып тұрған.
Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді.
1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.
Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т.б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы — А. Михалков-Кончаловский, режиссері М. Бегалин) көркем фильм түсірілді.

Қаһарман қазақ қыздары


Слайд 9 Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлова
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия,

Әлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаӘлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия»

майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым

(кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылы, РКСФР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор.1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды.[1] Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.
Әлия Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.

Слайд 10 Біздің жүрегіміз темір емес.
Бірақ біздің кек отымыз қандай

Біздің жүрегіміз темір емес.Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да

темірді
болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады...
біздің үрейді

жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік.
Б.Момышұлы

Слайд 11 Нева алабын қорғаңдар,
Ленинградтың ерлері,
Ұрпаққа үлгі болыңдар,
Заманымның өрнегі.

Нева алабын қорғаңдар,Ленинградтың ерлері, Ұрпаққа үлгі болыңдар,Заманымның өрнегі. Ленинградтық  өрендерім Ж.Жабаев

Ленинградтық
өрендерім
Ж.Жабаев


Слайд 12 Жеңіс күні — Қазақстанда мамырдың 9 (Батыс Еуропада

Жеңіс күні — Қазақстанда мамырдың 9 (Батыс Еуропада мамырдың 8. Себебі

мамырдың 8. Себебі Капитуляция актіне Орталық Еуропа уақыты бойынша

22:43, мамырдың 8 қолтаңба қойылды, ал Мәскеу уақыты бойынша бұл 0:43, мамырдың 9) мемлекеттік мереке болып табылады. «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Заң нормаларында ұлттық мереке күндері демалыс болып саналады, ал демалыс күндері мен мереке күндері сәйкес келген жағдайда мейрам күнінен кейінгі жұмыс күндері демалыс күндері болып саналады.
1941 — 1945-жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусьті, Балтық маңы мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты.
Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адам Даңқ орденінің толық жинағының иегері атанды.

Жеңіс күні


  • Имя файла: prezentatsiya-Ұly-otan-soғysy.pptx
  • Количество просмотров: 372
  • Количество скачиваний: 11