Слайд 2
Оқытудың белсенді әдістері - оқу
материалын
игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке
итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді.
Слайд 3
Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері олардың
негізінде практикалық және ойлау әрекетіне ояту жатыр. Онсыз білімдерді
игеруде алға жылжушылық болмайды. Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы оқытудың алдына оқушыларға білім ғана беріп қоймай, танымдық қызығушылықтар мен қабілеттердің, шығармашылық ойлаудың, өз бетінше ақыл-ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету т.б. жаңа міндеттер қойылуымен байланысты.
Слайд 4
Жаңа міндеттердің пайда болуы ақпараттың
қарқынды дамуына тәуелді. Егер бұрын мектепте, оқу орындарында алынған
білімдер адамға ұзақ уақыт қызмет ете алса, қазіргі ақпараттық заманда оларды үнемі жаңартып отыру қажет. Бұл өз бетінше білім алу жолымен жүзеге асуы мүмкін, ал бұл адамнан танымдық белсенділікті және өзіндікті талап етеді.
Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушыларға белгілі бір білімдер жиынтығын беру ғана емес, сонымен қатар оларда оқуға деген қызығушылықты дамыту, оқи білуге үйрету. Жақсы ойластырылған оқыту әдістерінің көмегінсіз оқу материалының игерілуін ұйымдастыру қиын.
Слайд 5
Дәстүрлі сабақтың дәстүрлі емес басталуы
– сабаққа эмоционалдық бетбұрыс (эпиграф, костюмделген көрініс, видеоүзінді, ребус,
жұмбақ, анаграмма), мақсаттарды, күтілетін нәтижелерді, күдіктерді айқындау.
Проблемалық сұрақтар қою және шешу, проблемалық жағдаяттар құру. Сабақта қолданылатын проблемалық жағдаяттардың типтері: күтпеген нәрсе жағдаяты; конфликт жағдаяты; белгісіздік жағдаяты; болжам жағдаяты; таңдау жағдаяты.
Слайд 6
Оқу материалының тұсаукесері – ақпараттық
технологияны, электронды оқу құралдарын, интерактивті тақтаны және т.б. пайдалану.
Интербелсенді оқыту формаларын немесе олардың элементтерін пайдалану: «жобалар әдісі», «миға шабуыл», «пікірталас», «түрлі кейіпкерлерден интервью алу» жатады.
Слайд 8
Оқытудың белсенді әдістері :
оқушының іс-әрекеті
өнімді, шығармашылық, ізденіс сипат таситын окыту әдістері;
оқушының
танымдық іс-әрекетін ынталандырушы және қандай да болсын мәселенің шешу жолдары жөнінде еркін пікір алмасуды көздейтін диалогқа құрылған әдістер. Оларға әңгіме, диспут, тақырыптың семинар, іс ойын, тренинг жатқызуға болады.
Слайд 10
Active learning is a form of
learning in which teaching strives to involve students in the learning
process more directly than in other methods.
The term active learning "was introduced by the English scholar R W Revans (1907–2003).Bonwell (1991) "states that in active learning, students participate in the process and students participate when they are doing something besides passively listening."
Слайд 11
Active learning is a method
of learning in which students are actively or experientially
involved in the learning process and where there are different levels of active learning, depending on student involvement.In the Association for the Study of Higher Education (ASHE) report the authors discuss a variety of methodologies for promoting "active learning".
Слайд 13
Дискуссиялық әдістерді (discussion method)- тиімді
түрде жүзеге асырудың бір жолы пікірталасқа түсушілердің алдын ала
білікті дайындығы болып табылады. Оған көтерілетін мәселе бойынша қажетті білімді жинақтау, өз ойын шұбалаңқы емес, қысқа да нұсқа жеткізе білу, өзінің эмоциясын бақылай білу, сұрақты нақ әрі анық қою, оппоненттің ой-тұжырымына құрметпен қарау т.с.с. жатады.
Дискуссиялық әдісті тек гуманитарлық пәндерді жүргізу барысында пайдаланған ұтымды деген пікір жаңсақ, өйткені бұл әдісті тарих, әлеуметтану, этика, әдебиет сынды пәндермен қоса химия, физика, биология т.б. пәндерді өткізу үшін қолдануға әбден болады. Бұл жағдайда дискуссия ғылыми-танымдық пікіралысуға айналу керек.
Слайд 14
Бұл әдістің тәрбиелік мәні де
жоғары. Оның көмегімен білім алушылардың мінез-құлқы, темпераменті, есте сақтау
және ойлау қабілеті сияқты танымдық процестерді диагностикалаумен қатар, олардың тәртібін, әрекетін, өзін-өзі ұстай алу қабілетін тәрбиелеп, дамытуға мүмкіндік туады.
Слайд 16
Қорыта айтқанда, оқытудың белсенді әдістері
-. оқушының іс-әрекеті өнімді, шығармашылық, ізденіс сипат таситын окыту
әдістері, оқушының танымдық іс-әрекетін ынталандырушы және қандай да болсын мәселенің шешу жолдары жөнінде еркін пікір алмасуды көздейтін диалогқа құрылған әдістер. Оларга әңгіме, диспут, тақырыптың семинар, іс-ойын, тренинг жатқызуға болады