Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Тахауи Ахтанов 1923-1994

Содержание

Тахауи Ахтанов25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып, майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы, әскер
Тахауи Ахтанов 1923-1994“Боран” мен “Шырағын соңбесін” романдары Тахауи Ахтанов25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік ШығармашылығыБаспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі - Тахауи Ахтановтың суреткерлік дүниетаным әлемінің поэтикалық ерекшеліктері (әдеби тілдік қорының байлығы, кейіпкерлер Сыншыл суреткер Тахауи Ахтанов прозасындағы сырты бүтін, бірақ ішкі жан ділі бойынша Қ. Шаңғытбаев пен Т. Ахтановқа арналған ескерткіш “Боран” романыЗерттеушінің «Боран» романы бойынша жасалған талдауларынан туындаған тұжырымы да әлеуметтік психологияның Т.Ахтанов  романында табиғат көрінісі  қаһарманның көзімен,  көңіл  түйсігімен  орайлас   Қысқаша мазмұны:   Мейірімсіз дала боранының ішінде жалғыз қалған Қоспаңға өмірдің, КейіпкерлеріҚоспан - шопан;Құмар - колхоз председателі;Жаңыл - әйелі;Қасболат - әр түрлі қызметтегі адам;Қаламұш - Мінайдар шалдың кіші «Шырағың сөнбесін» романыРоманның күллі оқиғасы әйелдің көзімен тізілгендіктен де шығар, мұнда әйелдер Шынайылығымен сендіретін тағы бір образ – Сәлімбек қыртпыш.«– Қап, сен қатынды ма...– Роман басталғанда Нәзираның түсінде жылқы кісінейді. Түсінде ала-дүбір шабыс көреді. Түс жорушылар Назарларыңызға рахмет!!!Орындаған: Кенжебаева Н.Б. 12 “МС” тобының студенті
Слайды презентации

Слайд 2 Тахауи Ахтанов
25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған. 1940

Тахауи Ахтанов25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ

жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Екінші

курста оқып жүргенде өзі сұранып, майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы, әскер қатарынан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері "Жастар дауысы" деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдеби-сын мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі жарияланды. Әйтсе де, жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары - проза мен драматургия.


Слайд 3 Шығармашылығы
Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі - "Күй

ШығармашылығыБаспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі -

аңызы". 1956 жылы "Қаһарлы күндер" атты романы жарық көрді.

1968 жылы жазылған "Сәуле" драмасы, одан кейінгі "Боран", "Ант", "Әке мен бала" драмалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. "Махаббат мұңы", "Күтпеген кездесу" драмалары, "Арыстанның сыбағасы", "Күшік күйеу" комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында көрінді. А.Н. Толстойдың "Азапты сапарда" трилогиясын, М. Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.
"Көркем әдебиет" баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда сценарий бөлімінің бастығы. "Әдебиет және искусство" - "Жұлдыз" журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, көркемөнер бас басқармасының бастығы, республикалық кітап палатасының директоры сияқты жауапты қызметтер атқарды. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған. Қаламгерге Қазақстанның Халық жазушысы атағы берілген.


Слайд 4 Тахауи Ахтановтың суреткерлік дүниетаным әлемінің поэтикалық ерекшеліктері (әдеби

Тахауи Ахтановтың суреткерлік дүниетаным әлемінің поэтикалық ерекшеліктері (әдеби тілдік қорының байлығы,

тілдік қорының байлығы, кейіпкерлер ішкі сырларының психологиялық тереңдіктері, психологиялық

портрет, психологиялық шиеленіс пен психологиялық көңіл күй, монолог, диалог, түптұлға (прототип) мен көркем бейне, пейзаждың поэтикалық қызметі, т.б.) жазушының прозалық туындылары мәтіндері бойынша саралана көрсетілген. Қазақ сөз өнеріндегі оқырмандар ықыласын иеленген туындылардың әлем әдебиеті классиктері шығармалары (Э.Хемингуэйдің «Қош бол, қару!», М.Шолоховтың «Отан үшін от кешкендер» романдары) бейбіт өмірдегі адам болмысы мен қасіреті, ешқашан мезгілмен, мекенмен санаспайтын еркек пен әйел махаббатының күрделі қайшылықты сипаты мәселелері бойынша сабақтастырыла, салыстырыла талданған.

Слайд 5 Сыншыл суреткер Тахауи Ахтанов прозасындағы сырты бүтін, бірақ

Сыншыл суреткер Тахауи Ахтанов прозасындағы сырты бүтін, бірақ ішкі жан ділі

ішкі жан ділі бойынша атақ құмар, сатқын («Қаһарлы күндердегі»

– Уәли Молдабеков), дарынсыз, ынсапсыз, әйел махаббатын тәлкек етуші («Махаббат мұңындағы» – Нияз), өктем билеу жүйесінің озбырлығы мінез-құлқын өзгерткен солақай, әділетсіз басшы («Борандағы» бұрынғы адал командир, қазіргі аудан басшы -Қасболат), қызметін жеке бас пайдасына жаратқан, сырты адал, іші, ісі зұлымдық иесі («Борандағы» жауыз белсенді - Жаппасбай), т.б. – бәрі де сыншыл суреткердің туындыларындағы өмір шындығының қарама-қайшылықты сипаты психологиялық талдаулар жүйесімен аңғартады.

Слайд 6 Қ. Шаңғытбаев пен Т. Ахтановқа арналған ескерткіш

Қ. Шаңғытбаев пен Т. Ахтановқа арналған ескерткіш

Слайд 7 “Боран” романы

Зерттеушінің «Боран» романы бойынша жасалған талдауларынан туындаған

“Боран” романыЗерттеушінің «Боран» романы бойынша жасалған талдауларынан туындаған тұжырымы да әлеуметтік

тұжырымы да әлеуметтік психологияның көркем прозадағы бейнеленуіне берілген шынайылығымен

баурайды: «Романның идеялық-көркемдік бітімінде табиғат ортасы мен мінезі, жер-су көрінісі, құбылған ауа райы айрықша қызмет атқарады. Қысқы даланың үскірік аязы мен ақ түтек бораны – шығарманың басты кейіпкерлеріне үлкен қиындық әкеліп, әрқайсысының жан дүниесіне қозғау салады. Сыртта табиғат дүлейі ысқырына соқса, кейіпкерлердің ішкі әлемі де мазасыз: ішкі-сыртқы аласапыран бірін-бірі толықтырып, күшті тартыс арнасын құрайды.
Жазушы табиғат құбылысын осындай көркемдік мақсатта, әдеби фон ретінде алады. Боран – әрекет, қимыл-қозғалыс. Боран – характердің ашылу кілті. Боран – символ кілті. Табиғат үскірігі – бір кездері халыққа ауыр тиген заман ызғырымен де астарлас секілді. Қырылған қой – бір кездегі солақай саясат салдарынан боса көшкен бүтін бір халықтың тағдырынан да елес беріп өткендей» .


Слайд 8 Т.Ахтанов  романында табиғат көрінісі  қаһарманның

Т.Ахтанов  романында табиғат көрінісі  қаһарманның көзімен,  көңіл  түйсігімен  орайлас  

көзімен,  көңіл  түйсігімен  орайлас   беріледі.   Баяндау  мен кейіпкердің  көңіл 

күйлері астарласа,  қатарласа  жүріп отырады.  Көлемі шағын роман бірталай тұлғаның өмір тәжірибесі, тағдыры, күрес - тайталасы, өзара араласу тарихы, кейіпкерлердің сыртқы, ішкі кескінін көрсететін гармониялы   бірлікте   берілген. Қаһарманың бүгінгісі мен бұрынғысын ұжымдастырып көрсетуі шынайы шеберлікті  дәлелдейді. Европа романдарының  жаксы тәжірибесін  творчестволық  жолмен  пайдалана  білу,  көркем, қою тіл, суреттеп отырған оқиға мен ситуацияны жеке тексеріп   білгендік, азаматтык  тұрғының  беріктігі, характерлерді әлеуметтік тип дәрежесіне көтеріп, жан-жақты мінездеу - жазушы романын бүгінгі әдебиеттің жаңа, жаксы жетістігі. 


Слайд 9 Қысқаша мазмұны:
Мейірімсіз дала боранының ішінде

Қысқаша мазмұны:  Мейірімсіз дала боранының ішінде жалғыз қалған Қоспаңға өмірдің,

жалғыз қалған Қоспаңға өмірдің, адамдықтың, достықтың, адалдықтың бағасы мен

қадірі ерекше екшеліп елестейді; ол өткен емірінің белестеріне ой жүгіртіп қана қоймайды, істерінің сипатына да сын көзімен қарайды. Осындай кезде оның өмірінің ең нәрлі, мәнді тұстары қайта тізіліп келеді, жақсы дегенінің, жаман дегенінің, айырым, парқы таразыға түседі. Оңашада өз ойымен өзі қалғанда, көлденең куә жоқ жерде жалғыз үкімші сана мен ар ғана болады. Бейнеті, қиындығы көп өмірдің қай беткейін алып қарағанда да, Қоспанның ешқашан ұжданын саудаға салмағандығы, адал өмір кешкендігі көрінеді. Ол майданда сылтау дегенді білмейтін таза жауынгер болыпты. Өз командирі Қасболатты аман қүтқару үшін оққа кеудесін төсеп, жауды кідіртуге қалып қояды. Тұтқында жүргенде ол Отанына оралу үшін қолдан келген әрекетің бәрін жасайды. Еліне келгеңде ол «бұрынғы тұтқыннан» үркіп, қызмет бермегендерге жалынбайды; үнсіз, іштей шерленіп, маңдайына жазғанды болаттай берік сабырмен көтереді. Онын басынан кешкен хикаялар өз аузымен ешкімге айтылмаған. Ол өмірдің қандай да болсын кездейсоқтығына үйреніп, сырын сыртқа шашпайтын, жағдайдың шытырманын санамек пайымдап, ең қарапайым жолмен жүруге дағдыланған адам. Қоспанның жүрегіне жазылған тарихы әлгіндей боран сұрапылы кездесіп, өлім табалдырығы жақындағанда ғана еріксіз айтылған өсиеттей, ыршып шыққан сырлар, ақтық адал түйіндер мен бағалар.
«Боран» - характерлер мен жағдайды нанымды бірлестікте көрсете алған татымды туынды.


Слайд 10 Кейіпкерлері
Қоспан - шопан;
Құмар - колхоз председателі;
Жаңыл - әйелі;
Қасболат - әр түрлі қызметтегі

КейіпкерлеріҚоспан - шопан;Құмар - колхоз председателі;Жаңыл - әйелі;Қасболат - әр түрлі қызметтегі адам;Қаламұш - Мінайдар шалдың

адам;
Қаламұш - Мінайдар шалдың кіші баласы; Жаңылға көбірек үйір боп,

бауыр басып кетті; Қоспанды аға, Жаңылды апа деп өз үйінен гөрі көбіне осылардың қолында болды; сол кезде елуден асқан өз әкесі Мінайдарды ата дейтін; шын аты — Ғалымжан; еркелетіп кішкентайында Қаламүш деп атаған, биыл он тоғызға шықса да сол атымен келе жатыр;
Мұрат - Атын әкесі қойған; Үй ішін қуанышқа толтыра келген бала; Өзі толық және сүйегі ірі болғандықтан шомбал қара; Өскен сайын әкесінен аумай барады; Ол да Қоспан сияқты томпақ, қой көзді; Тек көз құйрығында бір қуақы ұшқын жылтырап тұрады; Мінезі сотқар, ойнап жүрген балаларды сабап тастайды; Мұрат тентек болғанымен ақкөңіл, бауырмал; Қолындағы кішкентай нанын бірге ойнап жүрген балаларға бөліп береді; өзі зерек;

Слайд 11 «Шырағың сөнбесін» романы
Романның күллі оқиғасы әйелдің көзімен тізілгендіктен

«Шырағың сөнбесін» романыРоманның күллі оқиғасы әйелдің көзімен тізілгендіктен де шығар, мұнда

де шығар, мұнда әйелдер бейнесі – психологиясы, әсіресе, әсерлі

шығыпты. Дуня апай, Қамқа әжей, Нәзираны қосқанда (бұл екеуін – Света мен Нәзираны бөліп қарау мүмкін емес) Света бейнелері толыққанды, кәдімгі тірі тұлғалар. Күлегеш Мусяның өзі әдемі. Жазушы мақсатының өзі осы – эвакуацияға ұшыраған әйел, бала-шағаның хал-күйін көрсету. Бірақ автордың «мені» – Нәзираның ғана етегінен ұстап, еріп кеп отырса, кітап мұнша қызғылықты оқылмас еді. Орынды-орынды шегіністер арқылы автор көп-көп жайлардан хабардар етеді. Соғысты суреттеп отырып ауыл тірлігіне ауысады; бүгінгіден өткенге, өткен күннен одан арғыға, одан қайта оралғанда айтылмыш оқиғаның (сюжеттің) жігі білінбейді. Кешегі мен бүгінгінің бірінен соң біріне «секіріп» көшкенде – арасында сына қағар саңылау қалмайды. Бәрі орынды. Зорлық жоқ, күллісі өзінен-өзі туындап жатқан жайлар.
Романда Носовец, Қасымбек т.б. жігіттер бар. Бұлар да нанымды шыққан тұлғалар. Соғыс секілді қым-қиғаш өмірде бұл адамдар көбіне көп, уставтан тыс қимыл танытпауы да заңды жағдай. Света мен Нәзираға ұсап құлаш-құлаш диалог сөйлейтін уақыттары да жоқ. Кетолек алып жүгіріп, солдат-тардың ауыздарынан шығып қалатын бірер асығыс сөздердің өзі күллі уақыт, жағдай рухын паш етуге жарап жатыр.
Носовец – басшы, саяси басшы. Евдокия Герасимовнаның ұсталып кеткен баласы – Павелдің бұрынғы досы. Павелге кезінде «ара түсе алмағанын» айтып қынжылады. Өзінің көріп жүрген күні де – шамалы-ақ: өлмелі кемпір Евдокия Гера-симовнаға қызмет сала келіп отыр. Павелдің ақтығына, адалдығына, осының өзі-ақ айғақ. Өйткені Носовецті бір көрген, бір сөзін естіген адам құлай сенеді. Сенім! Жеңістің өзі – сенімнің арқасы.


Слайд 12 Шынайылығымен сендіретін тағы бір образ – Сәлімбек қыртпыш.
«–

Шынайылығымен сендіретін тағы бір образ – Сәлімбек қыртпыш.«– Қап, сен қатынды

Қап, сен қатынды ма...– деп кіжініп тұрды да, кенет,

асығыс шешіне бастады». Әйелін қамшымен бір тарту үшін шалбарына шейін шешеді. Жүгіріп келіп шыбыртқымен шып еткізеді де, тұра кеп қашады. Осы қылығын екі-үш мәрте қайталағанша әйелі бүлк етпейді. «Алпамсадай әйеліне әлі жеткен соң, көңіліне жел кіріп масаттанып кеткен Сәкең осы жолы әйеліне тым жақын келіп қалды ма, білмеймін, қайтадан керегесін шанди берген Ақкүміс ірі денесіне оғаш, оқыс қимылмен жалт бұрылып, шап етіп Сәлімбектің дамбалынан ұстап алды. Сәкең байғұс өрмекші торына түскен шыбындай дызылдады да қалды:
– Ойбай-ай, ойбай-ай, Сейілхан-ай, жетсейші. Жынды қатын өлтіреді ғой!» Осы кішкене эпизодпен-ақ Сәлімбектің «шаруасы бітіп» кетеді. Автор бұл кейіпкеріне қайтып оралмайды.
Шығармада жеке-жеке тоқталуды керек ететін кейіп-керлер толып жатыр. Бірақ бәрін бірдей көзінен тізіп көшіріп жату – мүмкін де емес, міндет те емес.
Роман желісіне – оқиғаға бірнеше ұрпақтың өкілдері қатысады. Осының өзі романға үлкен ауқым, кең тыныс беріп тұр. Олардың әрқайсысы өзінше, өз әлдерінше бас кейіпкер. Әрқайсысы өз орындарында Бас кейіпкер. Сол бастардың Басы – Нәзира, автордың қалап алған адамы. Роман үшін ол шашлық таяқшасының ролін атқарған. Оқиғаның, не түрлі мінез-құлықтардың бәрін көзінен тізіп, оқушының көз алдына әкелетін сол. Оның өзі басында жап-жас келіншек, ауылдың аңғырт қызы еді. Күйеуінің тілегін тілеп қана отыратын отбасының «осал пендесі» болатын. Аз ғана уақыт ішінде өсіп, қатайып кетеді. Қайраттың өзін қиындық пен қасірет қазып шығарады ғой. Нәзираның да қайраты көрінеді. Қайрат жүрген жерде қаталдық болмай қалмайды. Ол қаталдық алдымен, ұғым-түсініктен көрінеді. «Қазақтың көңілшек қатындарының көз жасы қиын емес-ау, менің көз жасым қиындап кетті» дейтін секілді дәрежеге көтерілу үшін Нәзираның көргенін көру керек. Кітаптың аяғында Қамқа әжейдің ерке, сүйікті немересі осындай халге жетеді. Сол кездің жалпыға ортақ шындығы, ащы шындығы осы.


Слайд 13 Роман басталғанда Нәзираның түсінде жылқы кісінейді. Түсінде ала-дүбір

Роман басталғанда Нәзираның түсінде жылқы кісінейді. Түсінде ала-дүбір шабыс көреді. Түс

шабыс көреді. Түс жорушылар мұндайды – жаугершілікке жорушы еді.

Мына секілді оқиғалы шығармаға осының өзі авансцена-увертюра ретінде қызмет атқарып тұр. Романның соңында да жылқы кісінейтін тұс бар: «әлі де сақ болыңдар» дегенді аңғартатын сияқты.
«Шырағың сөнбесіннің» тілі шұрайлы-ақ. Бейнелі сөздер, орынды қолданылған мақал-мәтелдер жиі ұшырайды. Жеңіл, жақсы оқылады. Оқушы көңіліне қанат бітіреді. Тұсамайды. Тек қайсыбір тұстарда, сирек те болса, әттеген-ай дегізетін сөздер, сөз тіркестері кезігеді. Мәселен: «...айғырлардың алқына шыңғырып кісінеген айқайы» (5-бет), «сөйлегенде жұқалау еріні тісіне жабысып, ауызын шымшып сөйлейді» (11-бет), «е, бәсе, кеше уысым қышып еді» (15-бет). «Кісінеген айқайы емес, «Аузын шымшып» емес, ерінін шымшып, бүріп деу дұрыс. «Уысым қышып» емес, алақаным қышып. Бой салыстырып тұрған екі бала біріне-бірі: «Мә, сен аяғыңды ұшынан баспа». Мұндайда «ұшынан баспа» демейді «Өкшеңді көтерме» дейді. «Шүңіректеу біткен өткір көзін шүйіре қарады» (97-бет). Көз шүйірілмейді, ерін шүйіріледі», «...қолын бүріп, маңдайына тигізіп шоқынды» (100-бет). Саусақтарының басын бүрсе – бір сәрі, қолын бүрді деген келмейді. «Жазған құлда шаршау бар ма» (103-бет) Дұрысы: «Жазған құлда жазық бар ма» болу керек. Біреулердің бет пішінін суреттегенде автор «сопақ бет» дегенді көбірек қолданады: Дуня апай – сопақ бет, Шура – сопақ бет, Прохор – сопақ бет. Бұлар аралары жап-жақын тұрған кейіпкерлер – бәрінің бірдей сопақ бет болғаны үйлеспейді. Сол сықылды, «тән» деген сөзді де жиірек қолданады. «Дененің» көбі «тән» боп кеткен. Байқап қолданбаса, қазақта «тәннің» басқа да мағынасы бар...
Бұның бәрі түртіп қана түзетуге болатын ұсақ-түйектер. «Шырағың сөнбесін» секілді ірі туындының құнын кеміте алмасы хақ. Әйткенмен айту парыз тәрізді.



  • Имя файла: tahaui-ahtanov-1923-1994.pptx
  • Количество просмотров: 166
  • Количество скачиваний: 1