аспектілерінің жиынтығы болып табылады.
Зерттеу объектісі ретінде Қазақстан салық жүйесі алынды.
Жұмыс тақырыбы
бойынша қолданылған зерттеу әдістерін ашуды қысқаша түрде мазмұндау талап етіледі. Бұл жерде автордың жеке зерттеуі бойынша қорытындысы, ұсыныстары, жасалған әдістерді көрсету өте маңызды.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы әдетте экономикалық үрдістердің құрамдас бөліктері, олардың жекелеген түсініктерін нақтылауда көрініп, автордың зерттеу проблемаларын шешуге қосар үлесін сипаттайды (түсініктердің авторлық ұсынысы, жүйеленуі, жіктелуі, зерттеулерді жүргізу әдістемесі, нарықты сегменттеу және т.б.).
Диплом жұмысының негізгі бөлігінде, орындалған дипломдық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен диплом жұмысының негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі, ол жекелеген бөлімдер мен параграфтардан тұрады.
Дипломдық жұмыстағы зерттеу объектілері.