Слайд 2
1- қателік:
Ғылыми жобаның тақырыбын таңдауда жіберілетін қателіктер
Слайд 3
- Жарты немесе бір жыл ғана жұмыс істеп,
аяқталмаған жобаны қорғауға ұсыну.
Аталған қателіктер жоба жазушының да, ғылыми
жетекші мұғалімнің де өз уақыттарын босқа өткізуіне, ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмауға әкеліп соқтырады.
Слайд 4
2- қателік:
Жұмыстың құрылымын білмеу
Слайд 5
Әдетте ғылыми жоба жазар
алдында оның кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды деген үш бөліктен
тұратыны жайлы жалпылама пікірден басқа, болашақ жұмыстың қандай болуы керектігі жөнінде нақты болжамдар аз болады.
Слайд 6
Бұл көпшілік жағдайда жұмыстың теориялық, практикалық тарауларының арасындағы
тепе-теңдіктің
бұзылуына алып келеді.
Слайд 7
Мұғалімнің оқушыға ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізуге бағыт беру технологиясы
Слайд 10
3- қателік:
Ғылыми жұмыстың логикасын дұрыс түсінбеу
Слайд 11
Ғылыми жұмыс жазуды жаңадан
бастаған адамдар жиі жіберетін қателік.
Ал шын мәнінде ғылыми
жұмыстың басты логикасы - жұмыстың болжамын (гипотеза) нақтылап алудан және оны ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеуден тұрады.
Слайд 12
БОЛЖАМ ДЕГЕНІМІЗ –
таңдап алынған тақырыпты толық зерттеп
шыққан кезде қол жеткізетін
соңғы нәтижені алдын-ала сезу,
түйсіну
деген сөз.
Слайд 13
ГИПОТЕЗА –
шынайылылығы əлі дəлелденуі қажет теориялық негізі
бар болжамдар жиынтығы.
Слайд 14
4- қателік:
«Кіріспе» бөліміне дұрыс көңіл бөлмеу.
Слайд 16
Көп жағдайда «Алдымен жұмысты жазып
алайын, кіріспені соңынан жаза салуға болады», «Жұмыс дайын болсын,
кіріспені кейін жазамыз» деген пікірлерді естиміз.
Бұлай ойлау – ең басты қателік.
Адам алдына нақты қандай мақсат қойылғанын, қандай міндеттерді шешуі керек екенін білмей тұрып, жұмысты дұрыс жаза алмайтыны белгілі. Сондықтан кіріспені алдымен дайындап алмау жұмыстың созылып кетуіне, орынсыз шатасуларға алып келеді.
Слайд 17
Сонымен, кіріспе алдымен жазылуы
керек. Бұл, әрине, оны кейін мүлде өзгертуге болмайды деген
сөз емес. Жоба жазушы өзін соңғы мақсатты болжамы, мақсат, міндеттерін ең әуел бастан дұрыстап нақтылап алса, оның жұмыс істеуі әлдеқайда жеңілдейді.
Слайд 18
Әсіресе жұмыстың мақсаты айқын
болуы тиіс.
Ол ең алдымен
нақты орындай алатындай қолжетімді болуы керек.
Егер жұмыстың мақсаты жалпылама түрде «Зерттеу…», деп берілсе, оған қол жеткізу үшін шексіз уақыт қажет болады.
Слайд 19
Жұмыстың мақсаты мен міндеттерін
дұрыс жаза алмау да жиі кездесетін қателердің бірі.
Әдетте
болжамды (гипотезаны) тексеру мен дəйектеуге арналған зерттеу мақсат-міндеттері белгіленуі керек.
Слайд 20
Жұмыстың мақсаты
оның тақырыбымен,
міндеттері тиісті тараулар мен
тармақтарының атауларымен
сәйкес келуі қажет.
Слайд 22
5- қателік:
Алдымен практикалық бөлігін жазып алып, жұмыстың теориясын
соңынан жазамын деп ойлау
теориялық әдебиеттермен жұмыс істеуден гөрі жұмыстың практикалық бөлігіне бірден
кірісіп кету жеңіл көрінеді.
Әзірге кітапханаға баратын мүмкіндік жоқ, теориялық бөлігін соңынан жаза саламын деген ойлар болатыны рас.
Алайда ол жұмыстың сапасын төмендете түсетін басты қателік болып табылады.
Кез келген ғылыми жұмыс ең алдымен ғылыми теорияға негізделуі қажет.
Слайд 24
Ғылыми логикасы айқын болмаған жұмыс ешқашан дұрыс жазылмайды.
Яғни теориялық мәнін түсінбегеннен кейін, адам практикалық бөлігінде қателесуі
мүмкін.
Слайд 25
6- қателік:
Жұмыстың тек қана теориялық материалдардан тұруы немесе
практикалық бөлігінің болмауы
Слайд 26
Әсіресе жеңіл жол іздеушілер уақыт
аз қалғанда кірісіп, жобаны тез арада аяқтау керек деп,
асыққан кезде, осындай қателікке ұрынады. Бұл - алдымен тақырыпты толық меңгермеген адамның ісі.
Әдетте, ондай жобалардың негізгі бөлімі түгелдей тек қана теориялық материалдан тұрады, жұмыстың өзіндік талдауы, яғни, практикалық бөлігі болмайды.
Слайд 27
Ал тұтасымен теориядан тұратын жұмыстың қайдан алынып, жазылатыны
өз-өзінен белгілі. Әрине, кітаптан тұтасымен көшірілген дүние болып шығады.
Оқушының өзіндік еңбегі сіңбеген ондай жұмысты тексеруші комиссия мүшелері бірден байқайды.
Слайд 28
7- қателік:
Ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасаудағы қателіктер
Слайд 29
Таптаурын болған пікірлер, ескі көзқарастағы еңбектерге сілтеме жасау;
-
Тақырып бойынша ең басты деген әдебиетті қалдырып кету;
Слайд 30
Әдебиеттерге талдау жасау кезінде өзіндік тұжырымдардың болмауы;
Цитаталарды
дұрыс бере алмау;
- Жұмысты жаза бастаған алғашқы күннен бастап
әдебиеттер тізіміне мұқият қарамау.
Слайд 31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
жобаның құндылығын танытатын басты көрсеткіш болып табылады. Әдебиеттер тізіміне
бір қарап шықанда-ақ, жұмыстың сапасы туралы алғашқы пікір қалыптасады.
Слайд 32
Оқушы библиографиялық көрсеткіштермен жұмыс
жасағанда, конспект жасаған, оқып шыққан әрбір еңбектің
ТОЛЫҚ БАСЫЛЫМДЫҚ
КӨРСЕТКІШТЕРІН
(автор(-лар)ы, кітаптың, мақаланың аты, журналдың аты, жылы, нөмірі, цитата алынған беттері, кітаптың толық бет саны, томы, баспаның аты т.б.)
жеке блокнотқа жазып алып жүруі керек.
Слайд 33
Кейде кітапханадан ксерокөшірмесін алған материалдың басылым көрсеткіштерін жазып
алуды ұмытып кетіп жатады.
Жобаны қорғауға ұсынар алдында, соңғы
рәсімдеулер кезінде ол кемшіліктер алдыдан шығады, материалдарды екінші рет ақтарып іздеуге, артық күш жұмсауға әкеледі.
Слайд 34
8- қателік:
Зерттеу әдіс-тәсілдерін дұрыс меңгермеу
Слайд 35
БАҚЫЛАУ ӘДІСІ келесі кезеңдерде жүреді:
міндеттері мен мақсаттарын
айқындау;
2) бақыланатын объект, оның элементтерін жəне ситуацияларын таңдастыру;
3) бақылау жəне оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы əрі тиімді тəсілдерді іріктеу;
4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру;
5) жинақталған ақпараттарды өңдеу жəне дəйектеу.
Слайд 36
СҰХБАТ ƏДІСІ –
қажетті ақпаратты алу немесе бақылау
барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мəнін аша түсу мақсатымен дербес
не қосымша қолданылатын зерттеу тəсілі.
Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері жасалған жоспармен орындалады.
Слайд 37
САУАЛНАМА ЖҮРГІЗУ ӘДІСІНІҢ ТАЛАПТАРЫ:
алынатын ақпараттың сипатын анықтап
алу;
қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болуы;
сауалнаманың бірнеше
жоспары түзіліп, алғашқы тексеруден өткізілуі;
сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырғы редакциясының ұсынылуы.
Слайд 38
ИНДУКТИВТІ ЖƏНЕ ДЕДУКТИВТІ ƏДІСТЕР –
Индуктивті əдіс –
ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуін байқаса,
дедуктивті –
жалпы пікірден жеке қорытынды жасауға қолданылады.
Слайд 39
9- қателік:
Жұмысты жазу барысында тараулар, тармақтар арасындағы логикалық
байланыстың болмауы
Слайд 40
Бұл типтес қателіктер әдетте
жұмыстың мақсат-міндеттері айқын болмаған кезде жиі ұшырасады.
Содан келіп, жұмыстың өн бойында өріліп тұруы тиіс идеяның айқын көрінбеуі, жалпы тақырыптың ашылмауы тәрізді кемшіліктер орын алады.
Слайд 41
10- қателік:
Жазылған жобаны қорғап тұрған оқушының жұмыстың ішінде
кездесетін кейбір терминдерді білмеуі
Слайд 42
Бұл қателік ең алдымен оқушының тақырыпты толық меңгермегендігін
көрсетеді.
Оқушы сол терминдер кездесетін сөйлемдерді бір жерлерден көшіріп
жазды делік, олай болса, олардың мағынасын да түсінуге күш жұмсасын.
Слайд 43
11- қателік:
Жобаның жазылу тілінде кететін қателер
Слайд 44
Ғылыми стильмен жазылмауы
Ғылыми стильді жақсы меңгеру үшін оның
анықтамасын оқып шығу жеткіліксіз. Ғылыми әдебиеттерді көп оқып, біртіндеп
ғылыми мақала, тезис, хабарлама тәрізді шағын ғылыми жұмыстарды жаза берген сайын, оқушының ғылыми стилі қалыптаса береді.
Слайд 45
Ұғымға ауыр тиетін құрмалас сөйлемдерді, күрделі фразалық тұтастықтарды
жиі қолдануы
Жұмысты жазу барысында бірнеше рет қайталап оқымаса,
өзі де, жетекшісі де түсінбейтін, қабылдауға ауыр тиетін күрделі абзацтарды қайта қарап, түсінікті, нақты етіп, жеңілдету жағын ойластыру қажет.
Слайд 46
Орфографиялық, пунктуациялық қателердің болуы
Әсіресе тіл мен әдебиеттен
жазылатын жұмыстарда орфографиялық, пунктуациялық қателердің болуы ешқашан кешірілмейді. Ондай
қателерді көп жағдайда компьютерге жауып жатамыз, адамның өзі болмаса, ол машина қайдан қате жіберсін? Сондықтан, жобаны жазып, теріп болғаннан кейін бірнеше рет тексеріп, қателерін мұқият қарап шығу қажет.