Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему Қыран қазақ презентация, тәрбие сағаты

Содержание

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өшпес ерліктер туралы мағлұмат бере отырып, Отанын сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу; Дұрыс сөйлеуге, жауапкершілікке, ойын ашық, еркін жеткізуге, ұжымшылдыққа баулу;
Қыран қазақТәрбие сағатыЖаңақала аудандық білім беру бөліміМ.Жүнісов атындағы ЖОББМ6 б сынып жетекшісі: Бақыт Тоғжан Салауатқызы Сабақтың мақсаты:Оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өшпес ерліктер туралы мағлұмат бере отырып, ӨмірбаяныТалғат Жақыпбекұлы Бигелдинов - Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» Бұрынғы Ақмола-Қараөткел төңірегіндегі атақоныс, қазіргі Астана әуежайының орнындағы ескі Майбалық ауылында, Бигелді Батырдың балалық шағы қалай өтті дегенде, соншалықты бір тауқымет, қиын­шылық көрді деуге Осындай шыныққан шымыр жасөспірімнің Фрунзе аэроклубында үздіктер қатарында болуы таңданарлық та жайт 1940 жылы Аэроклубта тамаша тәжірибеден өтіп, ұстаздарының оң көзіне түскен талапты жігіт Осы арада Талғаттай қыранның пырағы – ИЛ-2 ұшағына сипаттама берудің кезі келген Харьковтегі жау аэродромын шабуылдау кезінде жағдайдың аса күрделі қиын­дығына қарамастан, Талғат Бигелдинов Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. Соғыста ерлік көрсеткіші жауға келтірілген шығынмен есептеледі. Тек Днепрдің оң жағалауынан плацдарм 1945 жылы 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста Марапаттары КСРО «Алтын Жұлдыз» медалі (КСРО) Шығармалары«Илы атакуют» — Алматы: Қазақстан, 1966.«Пике в бессмертие» — Алматы: Жазушы, 2000. — ISBN 5-605-01716-0«305 Тек сонау қаһарлы соғыс жылдарында Сталиннің жарлығы бойынша 80 жауынгерлік ұшуды табысты Бір өзі алғашқы он ұшу жорығында-ақ дұшпанның Демьян тобындағы 10 автомәшинесін, 2 ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, Екі мәрте І дәрежелі Отан соғысы орденіСоғыс жылдарында Екі рет Қызыл Ту ордені, Александр Невский ордені, ІІІ дәрежелі Даңқ, “Қызыл Жұлдыз”, . “Жеңіс” ордендерімен, Поляк Әскерінің “Алтын Кресімен” марапатталып үлгерді 1944 жылдың 26 қазанында КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Талғат Бигелдиновке Кеңес Дәл Жеңіс күні, 9 мамырда соғыстың соңғы нүктесін қою құрметі де қазақ 1956 жылы денсаулығына байланысты демалысқа шығады. КСРО Жоғарғы Кеңесінің үш мәрте депутаты Соғыс біткеннен кейін Талғат Жақыпбекұлы Әскери-әуе академиясында оқып, кеңес армиясындағы бөлімдер мен Қазақстандағы азаматтық авиацияның жай-күйі мүлдем нашар еді. Республика басшылары Мәскеуге бару үшін Осы арада Талғат Бигелдиновке тәңір тарапынан ерекше бақыт бұйырғанын тағы бір қайталап Бұдан соң құрылысқа құсы түскен Бигелдинов тағы да Үкімет тапсырмасымен Лисаков кен 2014 жылы 9 қарашада Алматы қаласында дүниеден өтті. Қазақстаннан майданға 1 млн 200 мыңнан астам адам кетіп, оның 600 мыңнан Ерлік білектен емес, жүректен.Елін сүйген ер болар.Ел үмітін ер ақтар,  Ер
Слайды презентации

Слайд 2 Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өшпес ерліктер

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өшпес ерліктер туралы мағлұмат бере

туралы мағлұмат бере отырып, Отанын сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу;
Дұрыс

сөйлеуге, жауапкершілікке, ойын ашық, еркін жеткізуге, ұжымшылдыққа баулу;

Слайд 4 Өмірбаяны
Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов - Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының

ӨмірбаяныТалғат Жақыпбекұлы Бигелдинов - Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры,

екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері.
1922 жылы 5-тамызда

Сарыарқаның кең-байтақ даласында, Ақмола облысының өзен-көлі тасыған, емдік суы атқылаған Майбалық ауылында туған.





Слайд 5 Бұрынғы Ақмола-Қараөткел төңірегіндегі атақоныс, қазіргі Астана әуежайының орнындағы

Бұрынғы Ақмола-Қараөткел төңірегіндегі атақоныс, қазіргі Астана әуежайының орнындағы ескі Майбалық ауылында,

ескі Майбалық ауылында, Бигелді қарттың әулетінде қазақтың болашақ даңқты

ұшқышы Талғат Бигелдинов дүниеге келеді. Сол бір аумалы-төкпелі заманда Майбалықтан басталған хикая Қордайдан асып, қырғыз жеріне қарай бет алады. Ғали деген татар байының көп малын айдаған Бигелді балалары Жүсіпбек пен Жақыпбек Пішпек қаласының маңына жетеді.
Ғали байдың өзі жоқ, қашып кеткен. Малшылардың бастығы ағайынды жігіттер сол арада қызыл әскербасы Михаил Фрунзенің корпусына тап келіп, өзіне жолығады. “Ғали байдың малын айдап келдік, өзі жоқ, малды не істерге білмей тұрмыз” дейді.
“Сендер кімсіңдер?” десе, “Бигелді балаларымыз” дейді. Фрунзе: “Ғали бай Қытайға қашып кетті, малды бізге тапсырыңдар” дейді. “Олай болса, мейлі, алыңыздар, – дейді Жүсіпбек, – тек, әй, русский нәшәндік, бізді мал берді деп пиши бумага, пиши бумага!”.
Фрунзе сөзге келместен дереу: “Я, главнокомандующий Туркестанским военным округом М.В.Фрунзе, принимаю скота Гали бая от чабанов Бегельдиновых Жусупбека и Жакупбека и других, в составе: 20 тыс. овец, 500 крупного скота” деген мағынадағы қолхат жазып, мөрін басып береді.
Малшыларды да қанатының астына алып қолдарына бір-бір мылтық ұстатады, етік, шинель, буденновкамен жарылқап, әскерше киіндіріп қойып, малды одан әрі қаратады. Сойыс-мұқтажға мал сұраса беріп тұрыңдар деп тапсырады. Ал мұның нағыз әуселесі басқада. Тағдыр жазуының ғажабына қараңызшы, қызыл сардар Фрунзенің нақ осы қолхаты он сегіз жыл өткенде жасөспірім Талғаттың ұшқыштар мектебіне оқуға қабылдануына бірден-бір шарапат-септігін тигізген ақжолтай құжат болды.

Слайд 6 Батырдың балалық шағы қалай өтті дегенде, соншалықты бір

Батырдың балалық шағы қалай өтті дегенде, соншалықты бір тауқымет, қиын­шылық көрді

тауқымет, қиын­шылық көрді деуге келмес. Ел қатарлы күн кешті.

Бәлкім, басқа құралпыластары­нан бақуаттырақ та болған шығар. Атасы Жүсіпбек “Кожа-Синдикат” мекемесінде жұмысшы боп, кейін мал базарында істеді, әкесі Жақыпбек арбакеш болды. Екі отбасы Пішпектің шет жағында, бөлектенбей, бір қорада тұрды. Асып кетпегенмен, ашқұрсақ емес. Береке-бірлікте, тату-тәтті. Мейір де жеткілікті. Төрт-бес бала. Ең кішкентайы Талғат. Райхан, Рахима, Кәрім деген бауырларымен ойнайды. Сол кезде Пішпекте орыс, ұйғыр, татар мектептері болып, қырғызша және қазақша мектептер болмаған екен. Сөйтіп, Талғат татар мектебіне барып тіл сындырады. Осы жағдай қазақшасына ара-тұра қырғыз және татар мәнерін араластыра сөйлейтін Талғат ағамыздың лексиконынан әлі күнге байқалады. Әрі сонысы, батырдың тағы бір ерекшелігіндей, құлаққа әуезді де жағымды естіледі.
Бигелді атасының 101 жасап қайтқан қарындасы – Қадиша әжесі кішкентай Талғатты керемет жақсы көрді, бар мейірімін төге тәрбиеледі. Әкелері 1931-1932 жылдардағы ашаршылық қысыңқыраған уақыттарда еттірілік танытып, колхоздан жалға жер алып, тау жақтағы ай далада пияз, жүгері екті. Үй іші алты ай жаз бойы тайлы-тұяғымен түгелдей егістік басында болады. Сонда әжесімен бірге қалып үйді қарайтын, бие мен сиырды бағып, сауатын да Талғат еді. Өстіп еңбекке, елгезектікке баулынды. Қара жұмысқа қаршадайдан қатып-пісіп шынықты.


Слайд 7 Осындай шыныққан шымыр жасөспірімнің Фрунзе аэроклубында үздіктер қатарында

Осындай шыныққан шымыр жасөспірімнің Фрунзе аэроклубында үздіктер қатарында болуы таңданарлық та

болуы таңданарлық та жайт емес-тұғын. Тек аэроклубтың ұшу даярлығы

жөніндегі бастығы Цурановтың: “Тамаша ұшады. Нағыз жас қыран! Барлау авиациясы мектебіне жіберсе, тіптен жақсы” деп қолдап мақтағанына қарамастан, ұшқыштар мектебіне іріктеу үшін келген комиссияны басқарушы капитан шалбары жамау, көзге қораштау бұған қарап: “Ей, ты, байский сын, тебя не возьмем!” дейді. “Какой я байский сын” деп жылап жіберердей тұра жүгірген бойы құстай ұшып үйіне келеді. “Әке, сен бай болған екенсің ғой! Мені алмай жатыр анда!”. “Айналайын, балам-ау, ана күзгінің артында қағаз бар, соны апарып көрсетші”, дейді әкесі Жақыпбек. Сол арада Талғат Фрунзе берген қолхатты тауып алып, аэроклубқа қайтадан жүгіреді. Екі лейтенантымен бірге әлгі капитан отыр екен, алқынысы басылмай: “Никакой я байский сын! Вот! Скот сдавал советской власти. На-те!” деп дауысы қаттырақ шығып, қолхатты алдарына атып ұрады. Аналардың көздері адырайып кетті дейді. Қолхатты бірінен соң бірі алып оқып, бір-біріне қарап, ұзақтау үнсіздіктен кейін капитан айтады:
– Бигельдинов, ты принят в летную школу!

Слайд 8 1940 жылы Аэроклубта тамаша тәжірибеден өтіп, ұстаздарының оң

1940 жылы Аэроклубта тамаша тәжірибеден өтіп, ұстаздарының оң көзіне түскен талапты

көзіне түскен талапты жігіт Талғатты Саратов әскери-авиация мектебіне оқуға

жібереді. Ондағы қатаң сұрыптаудан жанарының оты бар жігіт аман-есен өтеді.
1942 жылы Саратовтағы ұшқыштар мектебін екі жыл оқып, сержант шенімен бітірген соң, Чкаловтағы бомбалаушы ұшқыштар мектебін аяқтайды.
1942 жылы қан майданға аттанар алдында Ижевск қаласынан «ИЛ-2» штурмовигімен ұшуды үйреніп шығады. Сол күннен бастап әскерилер арасында «ұшқыш танк» деп аталып кеткен «Илюшаға» басы бүтін бауыр басып, майданға аттанады.

Слайд 9 Осы арада Талғаттай қыранның пырағы – ИЛ-2 ұшағына

Осы арада Талғаттай қыранның пырағы – ИЛ-2 ұшағына сипаттама берудің кезі

сипаттама берудің кезі келген сияқты. Жалпы авиация шабуылдаушы, қырып-жойғыш,

бомбалаушы, барлаушылық деп бірнеше түрге бөлінеді ғой. Соның ішінде шабуылдаушы авиа­цияның негізгі міндеті жер бетіндегі жаудың адам күші мен техникасын құрту бо­лып табылады. Осы міндетті атқарушы ИЛ-2 ұшағы екі зеңбірек, екі пулеметпен жабдықталған. Жеткілікті мөлшерде “Катюша” атымен реактивті снарядтары мен бомбалары бар. Зеңбірек гашеткаларын басып оқ атқан кезде сырт-сырт еткен фотоқондырғылар қоса жұмыс істейді. Сөйтіп, ол кездегі ИЛ-2 дегендеріңіз алапат күш-қару саналып, оларды көргенде жаудың үрейі ұшатын.

Слайд 10 Харьковтегі жау аэродромын шабуылдау кезінде жағдайдың аса күрделі

Харьковтегі жау аэродромын шабуылдау кезінде жағдайдың аса күрделі қиын­дығына қарамастан, Талғат

қиын­дығына қарамастан, Талғат Бигелдинов зениткалардан жауған қалың оқтың ара­сынан

аман өте біліп, жеке өзі фашистік екі истребительді жойып, бірнеше бом­балағышын зақымдап, қатардан шығарды.
Осы Харьковтың түбінде өз ұшағы құла­тып түсірілгенде тіршілік тайталасындағы қыңбас қайсарлығы тағы танылды. Жау тылында адаса жүріп, азапқа төзген жаралы сайыпқыран өзін әлдеқашан өлдіге санаған үйіріне қайта қосылып, сауыққан соң шайқас көгінде, сайыс төрінде қайтадан қиқулап самғады, жау көзіне әзірейілдей көрініп, ажал төндірді. “Мені атып түсірген ер кім, соны көрсетіңдерші” дейтін неміс офицерінің сол кездерде Талғаттың өнеріне табынды демесек те, таң қалғаны шындық.
Бигелдинов бара-бара ұрыстарға штурмовиктердің үлкен топтарын бастап шығатын болды. Қиян-кескі қатал ұрыстардың от-жалынында шыныға түсті, шайқастағы шеберлігін шар­болаттай шыңдай түсті, шабуыл соққысының нағыз сойқан көкдауыл перісіне айналды. “Ұшатын танк” атандырып, ИЛ-2 ұшағына да дем салып, даңқын шығарушылар осы Талғаттар.
Ал неміс солдаттары ИЛ-2-лерге “Қара ажал” деп ат қойған екен.

Слайд 11 Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк

Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат

жүзінде 500 сағат болады.
305 рет әскери шабуылға шығып,

жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады.
Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған.

Слайд 12 Соғыста ерлік көрсеткіші жауға келтірілген шығынмен есептеледі. Тек

Соғыста ерлік көрсеткіші жауға келтірілген шығынмен есептеледі. Тек Днепрдің оң жағалауынан

Днепрдің оң жағалауынан плацдарм алу жолындағы ұрыстарда ғана Т.Бигелдинов


10 танкті,
32 автомәшинені,
18 атарбаны,
8 зеңбіректі жоқ қылып,
180 неміс солдатын жер жастандырды,
әскери қоймаларда жойқын өрт шығарды.
1943 жылдың желтоқсанында Талғаттың звеносы Шевченко қаласы маңында 16 истребитель қорғаған, әскер, техника мен қару-жарақ әкеле жатқан үш эшелонды талқандап, жау ұшақтарының үшеуін құлатты. Жол істен шығарылып, пойыздар қозғалысы тоқтап, соның нәтижесінде дұшпанның белгілеген қарсы шабуылын болдырмай тастады.

Слайд 13 1945 жылы 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте

1945 жылы 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп,

батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран

қазақ қан майданнан аман-есен оралады.

Слайд 14 Марапаттары
КСРО
«Алтын Жұлдыз» медалі (КСРО)

Марапаттары КСРО «Алтын Жұлдыз» медалі (КСРО)     Кеңес

Кеңес Одағының Батырлары

№ 4619
«Алтын Жұлдыз» медалі (КСРО)
Кеңес Одағының Батырлары № 6554
Ленин ордені
2 рет Қызыл Ту ордені
Александр Невский ордені
I-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені
II-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені
Алтын Жұлдыз ордені
III дәрежелі Даңқ одені
Медальдары
Қазақстан
Отан ордені (2007)
1-ші дәрежелі Даңқ ордені
«Астанаға 10 жыл» медалі (2008)


Слайд 15 Шығармалары
«Илы атакуют» — Алматы: Қазақстан, 1966.
«Пике в бессмертие» — Алматы:

Шығармалары«Илы атакуют» — Алматы: Қазақстан, 1966.«Пике в бессмертие» — Алматы: Жазушы, 2000. — ISBN

Жазушы, 2000. — ISBN 5-605-01716-0
«305 рейдов» — Фрунзе, 1966.

Талғат Бегелдинов туралы

шығармалар
С.Морозов. «Дважды Герой Советского Союза Т.Я. Бегельдинов» (Москва, 1948)
С.Бакбергенов. «Талғат» (1950)
«Талғат Бегельдинов» (1965)
«Отан үшін от кешкен» (1985)
А.Сергеев. «Звездное небо Талгата» (1997)
А.Н. Бедельбаев «Тринадцатый, на взлет» . – 1-2 т. Повесть о Бегельдинове Т.Я. ( 2004)
К.Абенов. «Великая Отечественная война в моей жизни: 60 лет спустя» (2008)
Б.Омарұлы. «Жүректiң көзi» (2011)

Талғат Бегелдинов туралы фильмдер
2014 — «Әуеге көтерілу» — РОО «Генералдар кеңесі».



Слайд 16 Тек сонау қаһарлы соғыс жылдарында Сталиннің жарлығы бойынша

Тек сонау қаһарлы соғыс жылдарында Сталиннің жарлығы бойынша 80 жауынгерлік ұшуды

80 жауынгерлік ұшуды табысты орындаған ұшқышқа Батыр атағы берілетін

болып белгіленген екен.
Талғат ағамыз болса, 305 мәрте жауын­герлік тапсырмамен ұшып шығып, жауға соншама рет ойран салып шайқасқан, соншама рет өліммен беттесіп, арпалысып айқасқан.

Слайд 17 Бір өзі алғашқы он ұшу жорығында-ақ дұшпанның Демьян

Бір өзі алғашқы он ұшу жорығында-ақ дұшпанның Демьян тобындағы 10 автомәшинесін,

тобындағы
10 автомәшинесін,
2 зеңбірек,
4 дзотын,
100 шақты

гитлершіл мен
бір жойғыш-қырғиын құртып жіберген.

Сол ерлігі үшін ең алғаш рет Екінші дәрежелі Отан соғысы орденін алды.

Слайд 18 ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені,

Екі мәрте І

ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, Екі мәрте І дәрежелі Отан соғысы орденіСоғыс жылдарында

дәрежелі
Отан соғысы ордені
Соғыс жылдарында


Слайд 19 Екі рет Қызыл Ту ордені,

Екі рет Қызыл Ту ордені,

Слайд 20 Александр Невский
ордені,

Александр Невский ордені,

Слайд 21 ІІІ дәрежелі Даңқ,
“Қызыл Жұлдыз”,
.

ІІІ дәрежелі Даңқ, “Қызыл Жұлдыз”, .

Слайд 22 “Жеңіс” ордендерімен,

“Жеңіс” ордендерімен,

Слайд 23 Поляк Әскерінің
“Алтын Кресімен”

марапатталып үлгерді

Поляк Әскерінің “Алтын Кресімен” марапатталып үлгерді

Слайд 24 1944 жылдың 26 қазанында КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының

1944 жылдың 26 қазанында КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Талғат Бигелдиновке

Жарлығымен Талғат Бигелдиновке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді,






1945 жылдың 27 маусымындағы Жарлық оның төсіне екінші Жұлдызды жарқырата тақты.

Слайд 25 Дәл Жеңіс күні, 9 мамырда соғыстың соңғы нүктесін

Дәл Жеңіс күні, 9 мамырда соғыстың соңғы нүктесін қою құрметі де

қою құрметі де қазақ қыранының пешенесіне жазылыпты. Сол күні

ертемен Талғат комдив Дольченкодан: “Бүкіл эскадрильяңмен Праганың күнгей шетінен жер бауырлап ұшып өт!” деген шұғыл жауынгерлік тапсырма алады. Сөйтсе, қаланың оңтүстік жағына орнығып алған бір эсэс дивизиясы “сөзсіз тізе бүгуді” мойындамай, қарсыласып жатқан көрінеді. Үстерінен қара бұлттай төніп Талғат эскадрильясының болат беренді сұңқарлары шүйіле қаптап ұшқанда жау жүйкесі бырт-бырт үзіліп, қолдарын көтеріп беріле бастады. Оқ жұмсамаған психологиялық әуе шабуылы діттеген мақсатына осылайша жетті. Сонда құлақтағы радиоқондырмадан: “Молодец, Бигельдинов! Задание выполнено! Возвращайся домой!” деген командирінің саңқылдаған шат дауысын естіген Талғат сұңқарларын соңынан ертіп, соғыстың соңғы нүктесін қойып, Дрезден түбіндегі тұрақтарына жеңіс жалауын желбіретіп оралып еді.

Слайд 26 1956 жылы денсаулығына байланысты демалысқа шығады. КСРО Жоғарғы

1956 жылы денсаулығына байланысты демалысқа шығады. КСРО Жоғарғы Кеңесінің үш мәрте

Кеңесінің үш мәрте депутаты болып сайланады.

1957 жылдан 1970

жылға дейін азаматтық авиацияны басқарып, Алматы, Ақмола, Арқалық, Қызылорда, Қарағанды, Тараз сынды көптеген қалаларда аэропорт салу ісіне өлшеусіз үлес қосады.

1968 жылы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын бітіріп, мемлекеттік құрылыс саласында да қызмет атқарып, әсіресе, Алматыдағы небір тамаша зәулім ғимараттардың бой көтеруіне атсалысады.

Слайд 27 Соғыс біткеннен кейін Талғат Жақыпбекұлы Әскери-әуе академиясында оқып,

Соғыс біткеннен кейін Талғат Жақыпбекұлы Әскери-әуе академиясында оқып, кеңес армиясындағы бөлімдер

кеңес армиясындағы бөлімдер мен құрамалар командирі, штаб бастығы мәртебесін

еншілеткен диплом алып шықты.
Әскер қызметінде реактивті ұшақтарды игерумен шұғылданды.
Бір жолғы сынақ ұшуы кезінде апатқа ұшырады, алты ай бойы ажалмен арпалысты. Асыл тек бұл ретте де арымады.
Екінші топтағы соғыс мүгедегі болса да, бейбіт өмірден өз орнын табуға құлшынды.
Фрунзеден лайықты жұмыс бере қоймағасын, онсыз да туған ел, туған жерге бүйрегі бүлкілдей бұрып аңсап жүрген Талғат ағамыз ордалы отбасымен қотарыла көшіп, Алматыға келген.
Бейбіт өмірдің де ой-шұқыры соғыстағыдан көп болмаса аз емес қой.
Ақыры, Кеңес Одағының Азаматтық авиация бас басқармасына жағдайын айтып хат жазуға мәжбүр болған.
Сөйтіп, Қазақстанның Азаматтық авиация басқармасы бастығының орынбасары болуға Талғат Жақыпбекұлының келісімін сұраған сәлем­хат та көп ұзатпай келіп қалды.
Иә, әрине, келіседі!
Бұл 1956 жыл болатын. Сөз басында айтқанымыздай, Бигелдиновтің маңдайына бұйырған ерекше тағдырдың екінші бір арналы тарауы, аса маңызды саласы осы тұста, туған елінің төрінде бастау алды.

Слайд 28 Қазақстандағы азаматтық авиацияның жай-күйі мүлдем нашар еді.
Республика

Қазақстандағы азаматтық авиацияның жай-күйі мүлдем нашар еді. Республика басшылары Мәскеуге бару

басшылары Мәскеуге бару үшін сағатына 200 шақырымдық ЛИ-12 ұшағымен

әуелі Ташкентке жетеді. Ондағы әуежайда сағаттап сарыла күтіп, билет алып, содан кейін ғана ИЛ-18 ұшағымен Мәскеуге ұшады. Қайтарда тағы солай. Себебі, Алматыда ИЛ-18 ұшып-қонатын асфальтты, бетонды берік алаң жоқ.
Бұл жағдайға намыстанбаса Бигелдинов бола ма! Батырлығына баспай тұра алмады. Басшыларға тынымсыз талап қойды. “Мынау сұмдық қой” деді Жұмабек Тәшеновке. Республиканың басқа басшыларына да мән-жайды баяндап, тиісті ұсыныспен шықты. Сөйтіп, көп ұзамай батырдың қамшылауымен, белсенді бастамасымен Үкімет республикада азаматтық авиацияны өркендетудің, оның негізін құрудың жоспарын әзірледі.
Құдіреттің бұйрығымен осы тағдыршешті жоспарды жүзеге асырушы да еліміздің бас ұшқышы, бас қыраны Талғат Бигелдинов болғандығына қайран қалудың өзі де қисынға келмес. Оның басшылығымен һәм тікелей қатысуымен ауыр ұшақтарға арналған Алматы аэродромының, ондағы ұшатын және қонатын жолтабанның құрылысы қолға алынды.
Жұмыс жоғары сапада, жедел қарқынмен жүргізілді. Жолтабан салу жөніндегі үкімет тапсырмасын мерзімінен бұрын табысты орындағаны үшін 1958 жылдың 18 қазанында Талғат Жақыпбекұлы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Батыр ағамызға Тәшенов сынды атпал тұлғаның қолынан алған осы бір грамота тым ыстық, Батыр Жұлдызынан кем санамайды.
Осылайша Алматыдан Мәскеуге тікелей әуе жолын тартудың да бастауында Бигелдиновтің тұрғаны тегін емес, жазмышты нышан демеске лажымыз қайсы.

Слайд 31 Осы арада Талғат Бигелдиновке тәңір тарапынан ерекше бақыт

Осы арада Талғат Бигелдиновке тәңір тарапынан ерекше бақыт бұйырғанын тағы бір

бұйырғанын тағы бір қайталап айтпай кете алмаймыз.
Ақмола төңірегін

зерттеп, тексеріп қарай келгенде әуежай құрылысын салуға барлық параметрлері бойынша Талғат ағаның туған ауылы Майбалықтың маңайы сәйкес боп шықты.
Құдай әдейі аэродром салуға арнап жаратқандай! Құрылысын да қыран перзентінің өзі жүргізді.
Мәскеуден алғаш ИЛ-18 ұшағы келіп қонғанда Майбалық ауылының кемпір-шалда­рын, келіншектері мен балаларын ұшаққа отырғызып, Ақмола аспанында серуендеткен сері күндер-ай десейші!
Еліміздің бас қаласы Астананың әуежайы халқымыздың бас ұшқышы, батыр қыранының ауылына осылай орнаған. Мұны қалай тәңірдің бұйрығы, тағдырдың сыйы демессің

Слайд 34 Бұдан соң құрылысқа құсы түскен Бигелдинов тағы да

Бұдан соң құрылысқа құсы түскен Бигелдинов тағы да Үкімет тапсырмасымен Лисаков

Үкімет тапсырмасымен
Лисаков кен байыту комбинатының құрылысына кірісті,
одан

соң Жамбыл суперфосфат комбинатын,
Алматыдағы Республика сарайын,
республикалық кітапхана ғимаратын салды.

Слайд 35 2014 жылы 9 қарашада Алматы қаласында дүниеден өтті.

2014 жылы 9 қарашада Алматы қаласында дүниеден өтті.

Слайд 36 Қазақстаннан майданға 1 млн 200 мыңнан астам адам

Қазақстаннан майданға 1 млн 200 мыңнан астам адам кетіп, оның 600

кетіп, оның 600 мыңнан астамы оралған жоқ.
Екінші дүниежүзілік

соғыс жылдарындағы ерліктері үшін 11 600 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, оның ішінде 497 қазақстандық бар, оның 97-сі қазақ;
Оңың төртеуі Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры: Т.Бигельдинов, С.Луганскйй, Л.Беда, И.Павлов 110 қазақстандық ІІІ дәрежелі “Даңқ” орденімен марапатталды.


  • Имя файла: Қyran-қazaқ-prezentatsiya-tәrbie-saғaty.pptx
  • Количество просмотров: 211
  • Количество скачиваний: 4