Слайд 2
Ақын прозаик
Тарихшы
Философ
Лирик
Композитор
музыкант
Аудармашы
Слайд 6
Шәкәрім 1858 жылы ескіше 11 июльде дүниеге келген.
Құдайберді
1866 жылы 37 жасында дүниеден өтіп, Шәкәрім жетім қалады.
Жеті
жасында жазған өлеңі:
Өлтірдің не таптың сен онан пайда,
Өмір сүріп жүруші ем жазда сайда.
Өлімнің қандайлығын көзің көрді,
Кешегі тірі жүрген әкең қайда?
Менің де жетім қалды балаларым,
Олар да жылайды іздеп аналарын.
Өзің жетім, жетімді аясаңшы,
Жоқ екен басыңда ми саналарың ...
Слайд 7
“Ойыма не келсе, соны істеп дегенде, ерке жетім,
жас бала Шәкәрім не істеген?
... Он жасыма келген соң,
Домбыра, гармонь білген соң
Мылтық атып жүрген соң,
Аңшы боп түстім азапқа.
Өзгеше болмақ сүйгенім,
Осыған басты игенім,
Киімді бөтен кигенім,
Ұқсатпай орыс, қазаққа.
Слайд 8
Шәкәрім оқыған кітаптар .
Құранның ескі қол жазбасы.
Құран.
Слайд 9
Ескінің көзіндей бұл ғимараттар Абай, Шәкәрім, Мұхтар заманының
куәгерлері.
Слайд 14
XIX ғасырдағы медресе шәкірттері.
Слайд 16
Құдайбердінің әкесі Құнанбай қажы. Жанында отырған - тоқалы
Нұрғаным.
Слайд 17
84-жылдың сайлауында, Шәкәрім болыс болып сайланады.
Слайд 18
Болыстар мен аға сұлтандардың медальі.
Слайд 19
Кітап, ғылым, ой алмаққа,
Маған жол болды сол
жаққа,
Жұмылдым Мекке бармаққа,
Тыныш ұйықтап, іше алмай шай.
Осы оймен Мекке барғамын,
Әр түрлі кітап алғамын,
Ақылға сыймас жалғанын
Алмадым сынай келгенде.
Слайд 20
Шәкәрім Меккеге “қажы” деген атақ-дәреже алайын деген оймен
бармаған. Ол толық қажы атануы үшін, Мұқаммет пйғамбардың жерленген
орнына, Мединаға да барып тәуіп етуі керек еді.Бірақ, ол онда бармаған, басқа үлкен қалаларда- Стамбулда, Парижде болған.
Слайд 21
Пароходта жүрдім жолда,
Әр елден кез келіп молда,
Он үшке күн боп Стамбулда,
Керек кітап табылғаны-ай!
Слайд 22
Парижда да оқыған жан,
Түрік, шеркеш һәм үндістан,
Араб, башқұрт,
қызылбастан,
Переводчик – түрік, ноғай.
Слайд 23
Шәкәрімнің таспиғы.
Шәкәрімнің
тақиясы.
Слайд 24
Сарыкөл. Жағалауын қамыс пен құрақ көмкерген бұл көл
туралы сан түрлі аңыз бар. Абай, Шәкәрім, Мұхтар Сарыкөлден
талай рет құс аулаған.
бүркіт баптадым,
Масыл боп
үйде жатпадым.
Елу бес жыл таптадым,
Мезі болды тау мен тас.
Көп бейнеттен құтылтқан,
Бар қайғыны мұтылтқан,
Сүйегімен жұтылтқан,
Тынышты көрім, аузыңды аш.
Слайд 26
19 жасынан қазақ шежіресін жаза бастаған. 1911ж. "Түрік,
қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі"
Слайд 27
Танбаймын, шәкіртімін
Толстойдың,
Алдампаз, арам сопы, кәпір қойдың,
Жанымен сүйді әділет, ардың жолын.
Сондықтан ол иесі терең ойдың.
Толстой кәпір емес, кәпір өзің,
Дін емес, бәрі алдау айтқан сөзің.
Көңілің соқыр надансың, бейілің қара,
Нұр жарығын қалайша көрсін көзің.
Слайд 28
Шәкәрімнің жарияланған еңбектері
және
бір шығармасының
қолжазбасы.
Слайд 29
1891ж. “Еңілік-Кебек” поэмасын жазады.
Бір-бірін сүйгені үшін қуғынға ұшыраған
Еңілік пен Кебекті жасырған, олардың азғана қызығының куәсі болған
Үйтас. Екеуін осы тастың түбінде қолға түсіріп, Ералы бойында атпен сүйретіп өлтірген. Бұл күнде олардың басына орнатылған ескенрткіштерге халық жиі келеді.
Слайд 31
Шәкәрімнің 1907 жылы Азербайжанның ұлы ақыны Мұхаммед Сүлейменұлы
Физулидің (1494-1563) бүкіл әлемге әйгілі “Ләйлі-Мәжнүн” (1537) поэмасын еркін
аударған.
Слайд 32
Біле ме біздің қазақ ғашық
жайын,
Ұқсаңыз білгенімше сипаттайын.
Ғашықтық
махаббаттың ең күштісі,
Жүрекке қатты орнығар басқан сайын.
Әркімде ондай ғашық жаралмайды,
Шын асыл көп халыққа таралмайды.
Мәжнүннің Ләйліменен сыры қиын,
Еш адам байыбына бара алмайды.
Талай жан оның сырын ұға алмаған,
Ойсыздың жүрегіне жұға алмаған.
Слайд 33
Қодар өлімі.
Ой қозғайды
оңаша таудың басы, Өткеннің ойға түсіп тамашасы. Қолтығына қабағын
түйіп қарап, Әне, тұр Қодар өлген құз-жартасы.
Шәкәрім.
Слайд 34
Шәкәрім 1909-1910 ж. ел ортасынан "Саят қорасына" кетеді.
Шақпақ іші. Қарашоқы бөктері.
Мен кеттім, сендер елде қойдың
қалып,
Ешкімнің кеткенім жоқ малын алып.
Елу бес жыл жинаған қазынамды,
Оңашада қорытам ойға салып.
Слайд 36
Шәкәрім оқ тиіп,
жараланып дүние салады. Бұл сұмдық оқиға 1931 жылы 2
қазан күні болған. Сөйтіп, Шәкәрім ақын 73 жасында жазықсыз оққа ұшып, қызыл империяның қара жүрек, қанды қол жендеттерінің қолынан қаза табады. Жендеттер ақынды атып өлтіргеннен кейін, оның сүйегін ессіз даладағы ескі бір құдыққа апарып тастап, кете барады.Тек, 1961 жылы 7 август күні қабірі қазылып, 8 август күні Абай зиратының қасына жерленеді.