бол” деп жырлаған болатын. өмiрде адам неғұрлым ақылды, мейiрiмдi
болған сайын, соғұрлым өзгенiң жақсылығын да бағалағыш келедi. Адам мiнезiнiң түрлерiн адамгершiлiк, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жiктейдi. Абайды үлгi еткен өнер-бiлiмдi, адамгершiлiк iзгi қасиеттердi өзiне ұран тұтқан.
Ш.Құдайбердиев балаға қатарыңнан қалма, өтiрiк, өсек айтпа, ұрлық-зорлыққа әуес болма, жалқаулықтан, жамандықтан қаш, өнерлi, өнегелi елдердiң жастарынан үйрен, оқу оқып, бiлiм ал, талаптан деп өсиет айтады.
С.Қожахметов шәкiрттердiң адамгершiлiк пен әдеп, саналы тәртiпке тәрбиелеу мәселелерiне байланысты бiрнеше еңбек жазды. Автор өз еңбегiнде дүниежүзiлiк педагогиканың классигi Ян Амос Каменскийдiң “Тәртiп жоқ мектеп – сусыз диiрменмен тең” дейтiн афоризмiн эпиграф етiп алады.
“Ұлттық тәрбиенiң негiзi – адамгершiлiк, еңбек тәрбиесi”-дейдi М.Жұмабаев. Адамгершiлiк тәрбиесiн сәби шақтан озық түрде баулу керек.
Ұлы педагогтардың
«адамгершілік тәрбие» жөнінде