Слайд 2
Банк жүйесі - банк операцияларының бірыңғай ұлттық немесе халықаралық жүйесіне
біріктірілген банкілердің жиынтығы, яғни бір-бірімен және сыртқы ортамен тығыз
байланыстағы банкілердің жиынтығы.
Слайд 3
АҚШ банктік жүйесі 1776 жылы өзінің тәуелсіздігін
жариялаған күннен бастап пайда болды.Банк құрудың бірінші әрекеті 1781
жылы жасалынды.Ол-Солтүстік Америка Банкі.Бірақ оның өмірі ұзақ болмады.1971 жылы Англия банкіндей ұйымдастырылған бірінші банк құрылды ,оның өкілеттілігі 20 жылға созылды.
Слайд 4
1816 жылы екінші банк құрылды ,олда 20
жыл өмір сүрді.Бұдан соң банк анархизмі басталып,азаматтық соғыстың(1861-1865)аяғына дейін
созылды.Банктік анархия соңын 1863 жылғы ұлттық банктің акті жалғастырды.Бұл акт ұлттық банктерге,яғни федералдық заңға бағынатын банкерге ,банктік эмиссия құқығын берді.
Слайд 5
АҚШ-та коммерциялық банктер ұлттық және штаттық деп екіге
бөлінеді.Біріншісі федералды заңдарға бағынады және ФРЖ-ға кіреді,соңғысы бөлек штат
заңдарына негізделген және ФРЖ-ға өз еріктерімен кіреді.
Слайд 6
“Орталық банктің құрылуы туралы” 1913 жылы қабылданған
заңға сәйкес,осы уақытқа дейін жұмыс істеп отырған 3 деңгейлі-Басқарушылар
кеңесінен,Федералды резервтерге мүше банктерден тұратын Федералды Резервтік жүйе қаланды.
Слайд 7
Федералды резервтiк жүйенiң бас функциялары болып табылады:
— мекемелердiң
заңсыз қаржылық қызметiн реттеу және қадағалау;
— мемлекеттiң банктiк және
қаржы өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыру.
Слайд 8
ФРЖ 12 федералдық резервтік банктерден және оған
мүше коммерциялық банктерден тұрады.ФР банктердің пассивтері a)банк мүшелерінің үлестік
жарналарынан құрылған өз капиталынан b)банкноттық эмиссиядан c)банк депозиттерінен тұрады
Слайд 9
АҚШ президентiмен он төрт жыл мерзiміне белгiленетiн
жетi мүшеден тұрады. ФРС-тың әр түрлi округтерiнен тең өкiлдiк
қамтамасыз етiледi. Олардың кандидатурасы АҚШ Сенатымен белгіленеді.
Слайд 10
Федералды резервтік банктің функцияларына кiредi:
— (банкноталар, ақша және
ұсақ тиын) ақшалардың эмиссиясы;
— банктердiң сөзсiз резервтерiнiң сақтауы;
— сауда
банктерiнiң несие беруi;
— АҚШ қаржы мекемесiнiң қаржы қызмет көрсетуi.
Слайд 11
АҚШ аумағы 12 федералды резервтегi округтерге бөлiнген.
Олардың шекарасы штаттардың шекараларымен дәл келмейдi. (Бостонда, Сент- Луис,
Канзас,Чикаго, Даллас, Сан-Франциско, Ричмонд, Нью-Йорк, Кливленд) әрбiр округтiң бас қаласында Федералды резервтегi банктердiң бөлімшелері бар. Мұндай бөлiмшелер 25 .
Слайд 12
Әр резервтік банкті 9 директордан тұратын Кеңес
басқарады.Директорлар 3 топқа бөлінеді:A классы,Б классы,С классы.А және Б
класының директорлары ФРЖ-ға мүше банктерден сайланады,біреуі орташа,біреуі ірі банктен сайланады.С классының директорын ФРЖ-ның Басқару кеңесі тағайындайды.
Слайд 14
АҚШ-та банк қаржы тапшылығына үшыраған жағдайда салым иелері
қорықпауына болады. Себебі салушыларға ақшаны мемлекеттік банктік-сақтандыру агенттігі, яғни
Федералдық депозиттерді сақтандыру корпорациясы төлейді, ондағы қаражат сол банктердің өздерінен түскен сақтандыру салымынан құралады. Қажет болған жағдайда депозиттерді күйреуден сақтандыру үшін үкімет жалпы салық түсімдерді пайдалана алады.