Что такое findslide.org?

FindSlide.org - это сайт презентаций, докладов, шаблонов в формате PowerPoint.


Для правообладателей

Обратная связь

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Яндекс.Метрика

Презентация на тему КӘСІПОРЫННЫҢ КАПИТАЛЫНЫҢ АЙНАЛЫСЫ

Содержание

Ақша айналымға пайда түсіру үшін, яғни бастапқы жұмсалған сомадан артық сома алу мақсатында жұмсалған жағдайда капитал болады. Капитал айналымының жалпы формуласы мынадай: А-Т-А’; мұндағы А’=А+DА, ал DА – ақша өсімі. Ақша нарықтық қатынастарға көше бастаған қоғамдарда
КӘСІПОРЫННЫҢ КАПИТАЛЫНЫҢ АЙНАЛЫСЫКапитал[ (немісше kapіtal, ағылшынша capіtal, латынша capіtalіs – басты нәрсе‚ басты Ақша айналымға пайда түсіру үшін, яғни бастапқы жұмсалған сомадан артық сома алу Капитал органикалық құрылысы - құн тұрғысынан өндіріс құралдары көлемі мен өндіріс үрдісіне салынған еңбек Сауда мен өсімқорлық капитал Қазан төңкерісінен бұрынғы кезеңде Қазақстанда да өзіндік ерекшеліктерімен біршама кең Кәсіпорын іс-әрекетінің негізгі қорытындысы қордың айналымы — инвестициялық ресурстардың (өндірістік факторлар) құндық Айналым мен айналыс бip-бipiмен экономикалық жағынан байланысты. Олар бір-бірімен тепе-тең емес. Айналым Айналымды жүзеге асыратын — өндірістік капитал болып табылады (К.Маркс оны өнеркәсіп капиталы Қызмет ету мерзімінде негізгі капиталдың өз құнын жасалған тауарлардың құнына ауыстыру процесін Өндірістік процеске тікелей қатысатын және дайын өнімге өзінің бағасын біртіндеп көшіретін материалдық Амортизация нормасы — деп амортизацияға ұсталған жылдық соманың негізгі өндірістік капиталдың жылдқң Айналым уақыты — өндіріс уақытына және айналыс уақытына бөлінеді. Айналым жылдамдығы белгілі Амортизация қоры өндіріс процесінде табиғи және моральдық тозған негізгі капиталдың элементтерін орнына Айналмалы қорлар мен айналыс қорларына жұмсалған ақша қаражаттары айналым қаражаттарын құрайды.Айналым қаражаттарын Инвестиция (лат. Investire < нем. Investiton) күрделі қаржының әрқилы түрлері. Әртүрлі өлшемдер Әр түрлі экономикалық мектептер капиталға өзінше анықтама берді. Олардың негізгілері:1- заттық немесе Монетаристік көзқарас бойынша капитал – процент әкелетін ақша. Бұл көзқарас монетаристік бағыттан Капиталға мазмұны жағынан көлемді түсінік берген К.Маркс концепциясы.Ол бір жағынан капиталдың мәнін, Капитал айналымы уақытпен, жылдамдықпен өлшенеді. Айналым уақыты ресурстардың өндіріс, айналым сфераларынан өтіп, бастапқы ақша  Басты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы! НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Слайды презентации

Слайд 2 Ақша айналымға пайда түсіру үшін, яғни бастапқы жұмсалған

Ақша айналымға пайда түсіру үшін, яғни бастапқы жұмсалған сомадан артық сома

сомадан артық сома алу мақсатында жұмсалған жағдайда капитал болады.

Капитал айналымының жалпы формуласы мынадай: А-Т-А’; мұндағы А’=А+DА, ал DА – ақша өсімі. Ақша нарықтық қатынастарға көше бастаған қоғамдарда капитал ретінде, яғни өсім алу мақсатында қолданылған, яғни бұл қоғамдарда капиталдың ежелгі саудагерлік және өсімқорлық түрлері болған. Саудагерлер тауарларды сатып алу-сату арқылы баға деңгейінің ауытқуынан пайда түсіріп, капиталын арттырып отырған. Өсімқорлар ақшасын шаруаларға, қолөнершілерге, ақсүйектерге қарызға беріп, олардан осы ақшаның төлемдік өсімін алып, қаражатын молайтқан. Екі жағдайда да ақша қосымша ақша әкеліп, өзін-өзі өсіреді.
Өндірістік капитал екіге бөлінеді: 1 НЕГІЗГІ 2 Өзгермелі Негізгі капитал-өндірісте ұзақ мерзім бойына қатысатын өндірістік капитал үлесі ол өз құнын дайын өнімге біртіндеп аударады. Оған өндірістік ғимарат, еңбек құралы,машина,техника және т.б жатады. Өзгермелі капитал- бұл өз құнын жаңадан жасалған өнісге бірден толық мөлшерде аударатын өндірістік капитал үлесі. Ол ақшалай формада өз иесіне 1айналым кезінде қайтарылады. Оған шикізат, жанармай т.б жатады Кәсіпкерлер негізгі капиталды сақталып қайта қалпына келуге ерекше мүмкіндік береді. Негізгі капитал тозуы амартизация деп аталады.

Слайд 3 Капитал органикалық құрылысы - құн тұрғысынан өндіріс құралдары

Капитал органикалық құрылысы - құн тұрғысынан өндіріс құралдары көлемі мен өндіріс үрдісіне салынған

көлемі мен өндіріс үрдісіне салынған еңбек арасындағы қатынастар. Сәйкесінше, бұл тұрақты

және айнымалы капитал арасындағы қатынастар. Маркстың талдауындағы осыған жақын ұғым - капиталдың техникалық кұрылымы (машиналар мен зауыттардың еңбекке қатынасы), шамамен қарапайым болып табылатын сияқты, бірақ шын мәнінде өлшемге келмейді.

Слайд 4 Сауда мен өсімқорлық капитал Қазан төңкерісінен бұрынғы кезеңде Қазақстанда да

Сауда мен өсімқорлық капитал Қазан төңкерісінен бұрынғы кезеңде Қазақстанда да өзіндік ерекшеліктерімен біршама

өзіндік ерекшеліктерімен біршама кең тараған. Саудагерлер тауарды қарызға ұсынып,

қарыз мал басымен есептеліп төленетін. Мысалы, адамның бір мал басына тең қарызы болса, бір жылдан соң ол малды төлімен бірге қайтаруға мәжбүр болған. Сауда мен өсімқорлық капитал тауар-ақша айналымында ғана өріс алып, өндіріс саласына бармаған, Капиталдың бастапқы нысаны болып табылатын ақша капиталы – каптал құнының ақшалай өлшемдік көрінісі, сонымен қатар ол қолда бар қаражат қоры. Маркстің теориясына сәйкес, капталдың екінші нысаны өндіргіш капитал. Оның негізгі қызметі – қосымша құн өндіру. Сауда капиталның міндеті – өндірілген тауарларды сатып өткізу. Нақты капитал – тұрақты бағамен көрсетілгенкапитал. Ол негізгі және айналым құралдарынан тұрады. Негізгі құралдарға бірнеше өндіріс кезеңдерінде пайдаланылатын үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, аспаптар жатады, айналым құралдары өндірістің тек бір кезеңінде ғана толық тұтынылады немесе өңделіп өзгереді, оларға өзіндік немесе нарықтық құны бойынша бағаланатын тауар-материалдық құндылықтар (өндірістік босалқы қорлар, дайын өнім, т.б.), ақшалай қаражат (дебиторлық берешек, қысқа мерзімді қаржы салымы, т.б) жатады. Қаржы капиталы кәсіпорынның нақты К-на меншік құқығын беретін бағалы қағаздар құнының ақшалай өлшемдік көрінісі. Ол акцияларды иелену немесе басқадай міндеттемелер арқылы ( банк несиесі бойынша) кәсіпорындарды өзіне бағындырып, басқарады. Акционерлік капитал акционерлердің салымдарынан құралатын, яки серіктестікке оның иелері салым түрінде толық пайдалануға берген барлық қаражат.

КАПИТАЛ ӨЗГЕШЕЛІКТЕРІ


Слайд 5 Кәсіпорын іс-әрекетінің негізгі қорытындысы қордың айналымы — инвестициялық

Кәсіпорын іс-әрекетінің негізгі қорытындысы қордың айналымы — инвестициялық ресурстардың (өндірістік факторлар)

ресурстардың (өндірістік факторлар) құндық қозғалысына өндіріс және айналыс факторлары

арқылы үш сатылы жүйесі іске асады:  өндірістік, ақша және тауар формалары жағдайында.

Слайд 6 Айналым мен айналыс бip-бipiмен экономикалық жағынан байланысты. Олар

Айналым мен айналыс бip-бipiмен экономикалық жағынан байланысты. Олар бір-бірімен тепе-тең емес.

бір-бірімен тепе-тең емес. Айналым айналысқа қарағанда кең, себебі өндірістік

қорлардың кейбір элементтері өзінің қозғалысын әр түрлі жылдамдықта жасайды, алғашкы формасында авансталған құнын қайтарады. Біp бөлігі әрбір кейін, мысалы: қолданылған шикізаттар мен материалдар бірнеше  айналымнан кейін, мысалы: шикізаттар мен материалдар, кейбірі бірнеше айналымнан кейін, мысалы: үй, ғимараттар, құралдар. Нәтижесінде барлық авансталған күн құрал жабдыққа қайталанады, бірнеше айналыстан кейін айналыс қорын құрайды.
Айналымды жүзеге асыратын — өндірістік капитал болып табылады (К.Маркс оны өнеркәсіп капиталы деп атады).

Слайд 7 Айналымды жүзеге асыратын — өндірістік капитал болып табылады

Айналымды жүзеге асыратын — өндірістік капитал болып табылады (К.Маркс оны өнеркәсіп

(К.Маркс оны өнеркәсіп капиталы деп атады).
Томаға тұйық өндіріс циклінде

қызмет ететін құндық нышандары бар өндіріс факторларын өндірістік капитал деп айтады.
Өздерінің натуралды — заттай құндарын көшірy тәсіліне байланысты қолданылған өндірістік капитал екі топқа — негізгі және айналмалы капиталға бөлінеді.
Негізгі капиталға — өндіріс  үйлері, ғимараттар, жабдықтар және т.б. жатады. Олар бірнеше өндірістік циклдерде пайдаланылады және өз құндарын өнімге бөлшектеп ауыстырады.
Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар, жұмыс күші жатады. Олар бip өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық түгелімен ауыстырады.

Слайд 8 Қызмет ету мерзімінде негізгі капиталдың өз құнын жасалған

Қызмет ету мерзімінде негізгі капиталдың өз құнын жасалған тауарлардың құнына ауыстыру

тауарлардың құнына ауыстыру процесін және оның шоғырланып, амортизациялық (өтелім)

қорға айналуын — амортизация (өтелім) деп атайды.
Амортизациялық мерзім — өндіріс құрал-жабдықтарының құнын белінген амортизациялық қаржы есебінен толық өтеуі қажет. Көпшілік елдерде амортизациялық мерзімді мемлекет реттеп отырады.
Амортизациялық қор — негізгі қорларды жай және кеңейтіп көбейтуге арналған ақша қаражаты: экономикалық табиғаты екі түрлі, яғни тозған негізгі қорлардың орнын толтыру процесіне және оларды кеңейте отырып, кебейту процесіне біp мезгілде қызмет көрсетеді.
Амортизация (лат. Amoctisatio — орнын толтыру) — негізгі қорлардың құнын сол қорлар арқылы өндірілетін өнімдер мен қызметтерге бірте-бірте көшіру, ақша қаражатының мақсаты -шоғырландыру және оларды тозған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану, құнын жоғалту. Өндірілген өнім өткізілгеннен кейін алынған кірістің бip бөлігі — негізгі қорларды қалпына келтіруге арналған арнаулы амортизациялық қорға аударылады.

Слайд 9 Өндірістік процеске тікелей қатысатын және дайын өнімге өзінің

Өндірістік процеске тікелей қатысатын және дайын өнімге өзінің бағасын біртіндеп көшіретін

бағасын біртіндеп көшіретін материалдық құнды заттар жиынтығы. Бұлар еңбек

құралдарының экономикалық формасы ретінде өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады.
Физикалық тозу — еңбек өндірісі құралдарының біртіндеп өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолдануы арқасында тозуы, тозу механикалық, металды зат болу және тозу деп металдың тозуы, майысуы және ғимараттардың қирауын айтады.
Материалдық тозу деп — құнның екі себепке өзгеруіне қарай, яғни:
1) ұқсас, бірақ арзан еңбек құралдарын жасауға,
2) өнімділігі жоғары, бірак бағалары бірдей еңбек құралдарын жасап шығаруға байланысты жаңартылуды  айтады.

Өндірістің негізгі қорлары


Слайд 10 Амортизация нормасы — деп амортизацияға ұсталған жылдық соманың

Амортизация нормасы — деп амортизацияға ұсталған жылдық соманың негізгі өндірістік капиталдың

негізгі өндірістік капиталдың жылдқң орташа құнына қатынасын айтады, ол

пайызбен анықталады. Ол бірнеше жылдан кейін негізгі капиталдың құны өтелетіндігін көрсетеді. Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында жабдықтардың қызмет ету мерзімі қысқарады, сондықтан да өтімді жеделдету проблемасы пайда болады. Оны реттеу үкімет құзырында.
Айналым қаражаты — өнім өндіру мен өткізудің жоспарлы және үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістің айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға арналған ақшалай қаражатының жиынтығы. Қосымша керек ететін қаржы банк есеп шоты арқылы қамтамасыз етіледі.
Айналыс қорлары — өндірістің бip кезеңінде түгелімен пайдаланылатын өндірістік қорлардың бip бөлігі.

Табиғи және материалдық тозуды есептеу үшін амортизация нормасының маңызы зор.


Слайд 11 Айналым уақыты — өндіріс уақытына және айналыс уақытына

Айналым уақыты — өндіріс уақытына және айналыс уақытына бөлінеді. Айналым жылдамдығы

бөлінеді. Айналым жылдамдығы белгілі бip уақыт кезеңінде ресурстардың жасаған

айналым санымен анықталады:
N = O/t
Мұнда:
n — бip жылдағы айналым саны;
о — қабылдаған уақыт өлшемі (бip жыл);
t — белгілі ресурстардың айналым уақыты.
Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар, жұмыс күші жатады. Олар бір өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық  түгелімен ауыстырады. Қызмет ету мерзімінде негізгі капиталдың өз құнын жасалған тауарлардың құнына ауыстыру процесін және оның шоғырланып, амортизациялық қорға айналуын — амортизация деп атайды.

Слайд 12 Амортизация қоры өндіріс процесінде табиғи және моральдық тозған

Амортизация қоры өндіріс процесінде табиғи және моральдық тозған негізгі капиталдың элементтерін

негізгі капиталдың элементтерін орнына келтіру үшін қажет.
Негізгі капиталдың табиғи

тозуы деп- оның тұтыну құнының жойылуын айтады.
Негізгі қорларды пайдаланудың кең тараған көрсеткіші қайтарым қоры болып табылады.
 
ФО = П/Фнегізгі
Мұнда:
ФО – қайтарым қоры;
П — жасалған өнім;
Фнегізгі -негізгі өндірістік қорлардың құны.
Айналмалы қорларды (капиталдарды) пайдалану материал сыйымдылығымен (ME) анықталады:
 
ME – М   . 100
Q
Мұнда:
ME — материал сыйымдылығы, %
М – пайдаланған шикізаттар, отын, энергия, материалдар және жартыдай фабрикаттар құндары, тең
Q — өндірілген өнімнің құны
 
Файналым/П — айналмалы қорлар;
П — жасалған өнім құны;
 
Негізгі және айналмалы капиталдардан басқа, өндіріс салаларында қызмет ететін, фирмалар үшін сатып өткізу процесін жүзеге асыратын айналыс қорлары кажет.

Слайд 13 Айналмалы қорлар мен айналыс қорларына жұмсалған ақша қаражаттары

Айналмалы қорлар мен айналыс қорларына жұмсалған ақша қаражаттары айналым қаражаттарын құрайды.Айналым

айналым қаражаттарын құрайды.
Айналым қаражаттарын пайдалану тиімділігі, айналымдылық  коэффициенті арқылы

анықталады, ол бip жылда сатып өткізілген өнім құнының айналым қаражаттарының орташа қалдығына қатынасымен өлшенеді.
2. Айналым — уақыт пен жылдамдық арқылы өлшенеді.
Капиталдың айналым уақыты деп шектеулі ресурстардың өндіріс пен айналыс аясынан өтіп, өзінің бастапқы нысанасына қайтып оралу кезеңін айтады.
Өндірістік қордың құрылымы оның айналыс жылдамдығына үлкен әсер етеді. Оны анықтау айналыс санын (N) белгілі бір кезеңдегі жасалынған (О) әдетте жыл, не бір айналыстың ұзақтығына байланысты.
N=;О=;
Ағындының айналыс уақыты (β айналым) өндіріс уақыты (β n) және айналыс уақыты, себебі өндірістік қор өзінің қозғалысында өндіріс және айналыс сатысынан өтеді.
(β об )= (β n )+(β o )

Слайд 14 Инвестиция (лат. Investire < нем. Investiton) күрделі қаржының

Инвестиция (лат. Investire < нем. Investiton) күрделі қаржының әрқилы түрлері. Әртүрлі

әрқилы түрлері. Әртүрлі өлшемдер бойынша инвестиция мемлекеттік және жеке,

тура сондай-ақ портерльдік болып, негізгі материалдарға және тауар-материалдық қорға, үйлер мен ғимараттарға, машиналар мен жабдықтарға тұрғын үй құрылыстарына бөлінеді.

Инвестор (ағыл. Investor — күрделі қаржы салушы) жеке серіктестіктер мен мемлекет шығаратын облигация акцияларына және басқа да бағалы қағаздарға қаржы жұмсайтын жеке адам немесе фирма.

Инвестициялық саясат — күрделі қаржының негізгі бағыттарын айқындайтын шаруашылық шешімдердің жиынтығы, күрделі қаржыны шешуші учаскелерге шоғырландыру шаралары, қоғамдық өндірісті дамытудың жаңа қарқынына қол жеткізу, экономиканың теңдестірілуі мен тиімділігі, шығынның әрбір теңдесіне шаққанда мейлінше мол өнімін алу — осы шараларға байланысты.

Слайд 15 Әр түрлі экономикалық мектептер капиталға өзінше анықтама берді.

Әр түрлі экономикалық мектептер капиталға өзінше анықтама берді. Олардың негізгілері:1- заттық

Олардың негізгілері:
1- заттық немесе натуралистік концепция деп аталады;
2- ақшалай

немесе монетаристік концепция;
3- «Адам капиталы» ілімі.
Натуралистік концепция бойынша капитал - өндіріс құралдары немесе сатуға арналған товарлар. Адам Смит капиталды затттың жинақталған қоры деп есептейді, Давид Рекардо өндірістік құрал-жабдықтар дейді. Альфред Маршалл ілімі капитал өндірістің құрамдас бөлігі болып табылатын заттар, ал Кларктың ойынша капитал өндірістік игіліктің қоры. Поль Самуэльсон капиталды ірі фабриканың өндірістік құрал-жабдықтары, дайын өнім қоймалары және жартылай фабрикаттар деп түсіндіреді.

Слайд 16 Монетаристік көзқарас бойынша капитал – процент әкелетін ақша.

Монетаристік көзқарас бойынша капитал – процент әкелетін ақша. Бұл көзқарас монетаристік

Бұл көзқарас монетаристік бағыттан бастау алды.
ХVIII-ХIХ ғасырларда натуралистік бағыттың

немесе классикалық мектептің ығысуымен II орынға түсті.
Д.М.Кейнс ілімдерінде несие, ақша ролі жоғарлады. Кейінгі монетаристер капиталды ақша деп немесе несиелік ақша деп түсіндірді. Енді біреулері капиталды кіріс немесе табыс алумен байланыстырады.
 «Адам капиталы» ілімі бойынша жасалған тұжырымдар ғылыми-техникалық революция жағдайындағы адам факторының ролінің дамуымен байланысты болды. Бұндай тұжырымды Б.Беккер, Д.Минцер,Т.Шульц және т.б. неоклассикалық бағыт қайраткерлері қалыптастырды. Олардың ойынша өндірісте физикалық капитал мен адам капиталы жұмыс істейді. Адам капиталының мөлшері сол адамның потенциалды кірістерімен есептеледі. 

Слайд 17 Капиталға мазмұны жағынан көлемді түсінік берген К.Маркс концепциясы.
Ол

Капиталға мазмұны жағынан көлемді түсінік берген К.Маркс концепциясы.Ол бір жағынан капиталдың

бір жағынан капиталдың мәнін, екінші жағынан көріну формаларын қарастырды:
1.өндірістік

құрал-жабдықтар тұрақты капитал ретінде қабылдайды;
2.жұмысшы күші – ауыспалы;
3.ақша – ақша капиталы;
4.товар – товар капиталы
.
К.Маркстің ойынша ақша да, өндірістік құрал-жабдықтарда өз бетінше капитал бола алмайды. Капиталға айналу үшін ақысы төленбеген бөтен біреудің еңбегін иемдену қажет.Сондықтан:
1.капитал – зат емес, белгілі бір қоғамдық қатынас, затқа спецификалық қоғамдық сипат береді;
2.капитал – барлық элементтердің үздіксіз қозғалысы, қозғалаыс үстінде ғана ақша капиталға айналады;
3.капитал – жалдамалы жұмысшылармен қалыптастыратын өздігінен өсетін құн. Осы 3 элемент капиталдың мәнін сипаттайды.

Слайд 18 Капитал айналымы уақытпен, жылдамдықпен өлшенеді. Айналым уақыты ресурстардың өндіріс, айналым

Капитал айналымы уақытпен, жылдамдықпен өлшенеді. Айналым уақыты ресурстардың өндіріс, айналым сфераларынан өтіп, бастапқы

сфераларынан өтіп, бастапқы ақша формасына қайтып келу уақыты.Айналым жылдамдығы жыл

ішінде ресурс айналым санымен өлшенеді.
Негізгі капитал құрал жабдықтар мен ғимараттар, олар өндірістік циклға бірнеше рет қатысып өз құнын біртіндеп товарға аударады.
Айналым капиталы  шикізаттар мен материалдар, олар бір өндірістік циклда толық пайдаланылып, құнын өткізеді.
Негізгі капиталдың қызмет көрсету мерзімі бойында өндірілген товарға құнының өтуі кезінде тозу амортизация деп аталады. Амортизациялық қор негізгі капитал элементтерін қалпына келтіруге арналады. Физикалық тозу тұтыну құнының жоғалуы. Моральдық тозу салыстырмалы арзан құралдардың немесе өнімділігі жоғары құралдың пайда болуымен байланысты болуы мүмкін.
 

Слайд 19  Басты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы!

 Басты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы!

  • Имя файла: kӘsІporynnyҢ-kapitalynyҢ-aynalysy.pptx
  • Количество просмотров: 147
  • Количество скачиваний: 0