Слайд 2
Ұсынылған тақырып бойынша құжат түрімен студенттерді таныстыру;
Келісімшарттың жазылу
ерекшелігін меңгерту;
Келісімшартты жазу кезінде қолданылатын дайын үлгілер
арқылы білімін кеңейту;
Құжат толтыру сауаттылығын арттыру;
МАҚСАТЫ :
Слайд 3
Құжатты дұрыс жаза білуге үйрету ;
Құжат құрылымын дұрыс
құрастыра білуге үйрету ;
Құжатты жеке басына орынды қолдана білуге
үйрету ;
Міндеті :
Слайд 4
Келісімшарт - жеке түлғалардың
және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді
және тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландырылатын ресми құжат.
Слайд 5
Екіжақты келісімшарт
Көпжақты келісімшарт
КЕЛІСІМШАРТ :
Слайд 6
Шарт мынадай жағдайларда
жасалады:
1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер:
а) түрғын үйді сатып алу
— сату туралы;
ә) түрғын үйді сыйға беру туралы;
б) түрғын үйді ауыстыру туралы.
2. Жер учаскелері туралы мәмілелер:
а) жер учаскесін сыйға беру туралы келісім-шарт;
ә) жер учаскесін ауыстыру туралы келісім-шарт;
б) жер учаскесін сатып алу - сату туралы келісім-шарт.
3. Көлік қүралдары жөніндегі мәмілелер:
а) автомашинаны сатып алу — сату жөніндегі келісім-шарт;
ә) автомашинаны кепілге беру жөніндегі келісім-шарт;
б) автомашинаны сыйға беру жөніндегі келісім-шарт.
4. Ақша қаражатын қарызға алу — қарызға беру жөніндегі мәмілелер:
а) пайыз төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт;
ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт.
Слайд 7
1
Бас жағында келісім жасалған мекенжай және
айы, күні,
жылы
Тараптардың аты-жөні, мекен - жайы,жеке куәліктерінің
нөмірі, сол куәлікті
берген мекеме атауы
Келісімшарт мәтіні жазылады.
Мазмұндық – құрылымдық жүйесі.
2
3
4
Соңында келісімшарт нотариалдық кеңседе
куәландырылады.
Слайд 8
Автомашинаны сату — сатып алу туралы келісім-шарт.
Алматы қаласы,
Қонаев кошесі, 91-үй, 46-пәтер, бір мың тоғыз жуз тоқсан
сегізінші жылғы жиырма бірінші қыркүйек
(келісім-шарт жасалған мекен-жай және дата сөзбен жазылады)
Біз, төменде қол қоюшылар, Алматы қаласы "Жетісу" шағын ауданы, 28-үйде түратын азамат Өмірбаев Асқар Өмірбайүлы, жеке басыньщ куәлігі № 548796, Қазақстан Республикасының ІІМ берген. Алматы қаласы, Райымбек даңғьглы, 83-үйде түратын азамат Қайырбаев Серік, жеке басының куолігі № 478926, Қазақстан Республикасы IIМ берген, мына туралы осы келісімшартты жасадық:
1. Мен, азамат Өмірбаев Асқар Өмірбайүлы, "Жигули" маркалы
жеңіл автомашинаны сатамын, кузовның типі_____, шығарылған типі
______, шасси нөмірі ______, двигатель нөмірі ______, мемлекеттік
нөмірі.
Мен, азамат Қайырбаев Серік, көрсетілген автомашина-ны сатып аламъгн.
2. Көрсетілген автомашина Мемлекеттік автоинспекция 1995 жылғы 7 қаңтарда берген номірі 46327 техникалық паспортгың негізінде маған, Өмірбаев Асқар Өмірбайүлына тиісілі.
3. Автомашина___________________теңгеге сатылады
(бағасы толық жазылады)
көрсетілген соманы келісім-шартқа қол қою кезінде азамат Қайырбаев Серік төлейді. Тараптардьщ қолы
1998 жылы 21 қыркүйекте осы келісім-шартты мен, Асқарова Бақыт, Алматы қаласының нотариусы куәландырды.
(нотариалдық кеңсенід атауы, нөмірі, лицензияның нөмірі көрсетіледі)
Осы келісім-шартқа менің қатысуым кезінде Тараптар қол қойды, Тараптардьщ жеке басы анықталды, олардың қүқықтық іс-әрекетке қабілеті жоне автомашинаның Омірбаев Асқар Өмірбайүльша тиесілі екендігі тексерілді.
Сату-сатып алу жөніндегі келісім-шартың мотіні дауыстап оқылды.
Нөмірі 6 тізбегі тіркелген.
Тариф бойынша________________теңге салық алынды.
Нотариус (қолы)
Слайд 9
НЕГІЗГІ СӨЗДІК
шарт
- договор
қол қоюшылар - подписавшиеся
төменде қол қоюшылар - нижеподписавшиеся
сату — сатып алу - купля-продажа
маған тиеселі - принадлежащий мне
жеке басы - личностъ
қүқықтын іс-әрекетке қабілетті - дееспособность
анықталды - установлен
тексерілді - проверен
тіркелді - зарегистрирован
қол қойылды - подписан
мәміле -сделка
мекенжайда түратын -проживающий по адресу
берілген -выданный
жекеменшік қүқығы бойынша -по праву собственности
келісімшарттың негізінде -на основании договора
жалпы пайдалы ауданы -общая полезная площадь
шаршы метр -кв. метр
күрайды -составляет
осы уақытқа дейін -до настоящего времени
тыйым салынбаған -под адрестом не состоит
Бағалау - оценивать
Слайд 10
МӘТІНДІ ОҚЫҢЫЗ. КЕЛІСІМШАРТТЫ ТОЛТЫРЫҢЫЗ.
АВТОМАШИНАНЫ САТУ-САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ
КЕЛІСІМШАРТ
Алматы қаласы, Қонаев
көшесі, 91-үй, 46-пәтер, бір мың тоғыз жүз тоқсаныншы жылғы жиырма бірінші қыркүйек
Біз, төменде қол қоюшылар, Алматы қаласы, «Жетісу» шағынауданы, 28-үйде тұратын азамат Өмірбаев Асқар Өмірбайұлы, жеке басының куәлігі 5514522; Қазақстан Республикасы IIМ 1978 жылы 6 маусымда берген.
Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 83-үйде тұратын азамат Қайырбеков Серік, жеке куәлігі 4522155; Қазақстан Республикасы IIМ берген, мыналар туралы осы келісімшартты жасадық:
Слайд 11
1. МЕН, АЗАМАТ ӨМІРБАЕВ АСҚАР ӨМІРБАЙҰЛЫ, «ЖИГУЛИ»
МАРКАЛЫ ЖЕҢІЛ АВТОМАШИНАНЫ САТАМЫН, КУЗОВТЫҢ ТИПІ ---------------------------------------------------------------------------------
ШЫҒАРЫЛҒАН ЖЫЛЫ-------
ШАССИ
НӨМЕРІ....................................., ДВИГАТЕЛЬ НӨМЕРІ............................................................
МЕН, АЗАМАТ ҚАЙЫРБЕК СЕРІК, КӨРСЕТІЛГЕН АВТОМАШИНАНЫ САТЫП АЛАМЫН.
2. КӨРСЕТІЛГЕН АВТОМАШИНАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК АВТОИНСПЕКЦИЯ 1995 ЖЫЛҒЫ 7 ҚАҢТАРДА БЕРГЕН НӨМЕРІ 45152. ТЕХНИКАЛЫҚ ПАСПОРТТЫҢ НЕГІЗІНДЕ МАҒАН, ӨМІРБАЕВ АСҚАР ӨМІРБАЙҰЛЫНА ТИЕСІЛІ.
3. АВТОМАШИНА ..................................................................ТЕҢГЕГЕ САТЫЛДЫ.
(БАҒАСЫ ТОЛЫҚ ЖАЗЫЛАДЫ)
Слайд 12
СӨЗ ТІРКЕСТЕРІН АУДАРЫҢЫЗ
Келісімшарт жасау, мәміле барысында, пәтерді сату
–сатып алу туралы келісімшарт, осы уақытқа дейін, тараптардың қолы,
жүзеге асырылады, төмендегілер туралы, тұрғын үйді пайдалану ережелеріне сәйкес, пәтерді сатып алдым, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі, келісімшартты ресімдеу, дау-таласта болған жоқ, жекеменшік құқығы бойынша, жалпы пайдалы аумағы
Слайд 13
СӨЗДЕРДІҢ ТҮСІНДІРМЕСІН ТАБЫҢЫЗ
_________ келісімшарт а) ақша не зат түрінде
орнына келмеген байлық түрі
____________тарап б) мемлекеттік қаржының көзі
____________құқықтық
іс-әрекетке қабілеттілік в)
сатуға, айырбастауға, иеленуге рұқсат ету
_________________тұтқынға
алынған жоқ г) жеке тұлғаның заң алдында жауапкершілігін анықтау
_______________салық д) белгілі бір міндеттер мен талаптарды жүйелейтін құжат
_______________шығын е) қарым-қатынасқа түсуші жеке немесе заңды тұлға
Слайд 14
БЕРІЛГЕН СӨЗДЕРДІ ПАЙДАЛАНЫП СӨЙЛЕМ ҚҰРАҢЫЗ
Екіжақты
Көпжақты
Сатып алушы
Сатушы
Қол қоюшы
Куәландырушы
Салық
шығын
Слайд 15
ИЕ, КУӘ, КӨМЕК, АЙНАЛУ, КҮН СӨЗДЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН
ТУЫНДЫ СӨЗДЕРДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН ТАЛДАҢЫЗ.
Ие – иелік
– мемлекет иелігінде
Куә – куәлік – куәландыру – куәгер
Көмек – көмектесу – көмектескеніңіз
Айналу – айналым – айналымда болу
Күн – күнделік – күнделікті – күнтізбе
Слайд 16
ТӨМЕНДЕГІ ЖАҒДАЯТ БОЙЫНША КЕЛІСІМШАРТ ТҮРЛЕРІН ЖАЗЫҢЫЗ.
Келісімшарт бойынша үйдің иесі
Р.Б.Исаева.
Ол қоныс аударуына байланысты үйді Садықова Алмаға
сатып кету керек. Үйді сату келісімшартын жасаңыз.
Қандай келісімшар түрі жасалады?
Слайд 17
СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ
Келісімшарт қандай құжат?
Ол қандай жағдайларда жасалады?
Қатысатын
адамдар санына қарай қандай келісімшарттар жасалады?
Келісімшарттар қайда куәландырылады?
Келісімшарт неше
дана етіп жасалады?
Көлік сату-сатып алу туралы келісімшартта қандай мәліметтер беріледі?
Слайд 18
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА :
Сіз «Атакент» сауда орталығында орналасқан
бутигіңізді сату – сатып алу туралы келісімшарт жасасыңыз.
ЖШС
мекемені сату үшін қандай келісімшарт жасар едіңіз?